1) географиялық зерттеу әдістері; 2) картография және геоинформатика;
3) табиғатты пайдалану және геоэкология;
4) геоэкономика;
5) геосаясат;
6) елтану;
7) адамзаттың ғаламдық проблемалары.
Оқу пәнінің 10-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны: «Географиялық зерттеу әдістері», «Картография және геоинформатика», «Табиғатты пайдалану және геоэкология», «Геоэкономика», «Геосаясат», «Елтану», «Адамзаттың ғаламдық проблемалары».
Төменде 77-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) саны көрсетілген.
77-кесте. «География» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны
10 сынып
|
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
ЖМБ
|
3
|
1
|
2
|
2
|
ҚГБ
|
3
|
1
|
2
|
2
|
«Биология» оқу пәні
«Биология» оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың заман талаптарына сай білімдері мен біліктерін дамыту; өмірдің мәнін, дамуын, оның түрлі ұйымдасу деңгейлерінде көрініс табуын түсіну; өмірдің ең басты құндылық ретіндегі маңызын түсінетін жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау.
Міндеттері:
1) табиғаттың даму заңдарын түсінуге негізделе отырып, адамның табиғаттағы рөлін анықтайтын маңызды биологиялық білімдер мен біліктер ауқымын кеңейту;
2) табиғаттың даму және тіршілігін жалғастыру заңдарын жаңа білімдерді алу, оларды ары қарай дамыту және тереңдету негізі және құралы ретінде пайдалану;
3) жүйені меңгеру барысында ғылым білім мен дүниетаным негіздерін; шығармашылық дербестік пен сын тұрғысынан ойлау қабілетін; зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру;
4) әдеп мәселелерімен және қоғамның әлеуметтік өмірі мен еңбек әрекетіне тікелей қатысумен байланысты қоршаған шынайылықта еркін бағдарлануға мүмкіндік беретін, бастамашыл тұлғаның қасиеттерін дамыту;
5) білім алушылардың білім алуды және өздігінен білім алуды жалғастыруы үшін қажетті зияткерлік біліктерді дамыту.
10-сыныпта «Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
жаратылыстану-математикалық бағытта– аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат;
қоғамдық-гуманитарлық бағытта– аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Оқу пәнінің мазмұны негнегзгі орта білім деңгейіндегідей 4 бөлімді қамтиды:
Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері:
тірі ағзалардың көптүрлілігі:
қоректену:
заттардың тасымалдануы;
тыныс алу;
бөліп шығару;
қозғалыс;
координация және реттелу.
Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму:
көбею;
жасушалық айналым;
өсу және даму;
тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары;
селекция негіздері;
эволюциялық даму.
Ағза мен қоршаған орта:
биосфера, экожүйе, популяция;
адам қызметінің қоршаған ортаға әсері.
Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар:
молекулалық биология мен биохимия;
жасушалық биология;
микробиология және биотехнология;
биомедицина және биоинформатика.
Жаңа бағдарламада жаңадан қосылған бірқатар тақырыптар бар, олар:
Миелинденген нейрондарда әрекет потенциалын бастамалау және оның трансмиссиясы
Қартаю теориялары
Тереңдетіп оқытуға арналған қосымша тақырыптар да бар:
Бұлшық ет талшықтарының ультрақұрылымы;
Ақуыз трансляциясы мен биосинтезі.
Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының спиральды берілуі.
Негізгі бөлімдер жылдан жылға қайталанып, әрбір бөлім бойынша оқу мақсаттары білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып күрделенетініне назар аудару керек.
Әрбір бөлімдегі оқу мақсаттары білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқудың әр кезеңінде маңызды түсініктер жүйелі түрде қайталанып отырады.
Жаңа оқу бағдарламасы бойынша тәжірибе жұмыстарын орындау кезінде білім алушылар алған деректердің негізінде жаңалықтар ашады, табиғаттағы заңдылықтарды өз беттерінше табады. Толымды тәжірибелерді жүргізу кезінде білім алушылар жоспарлау мен өз зерттеу сұрағына жауап табу мақсатында өзінің зерттеу жұмысын жүргізуді үйренеді.
Төменде 78-кестеде оқу пәнінен зертханалық жұмыс саны көрсетілген.
78-кесте. «Биологияия» пәні бойынша зертханалық жұмыс саны
Зерханалық жұмыстардың саны
|
ЖМБ 10 сынып
|
ҚГБ 10 сынып
|
Зертханалық жұмыс
|
8
|
5
|
Модельдеу
|
4
|
1
|
Нәтижесінде білім алушылар биология сабақтарында практикалық тапсырмаларды орындау үшін білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған қоршаған ортаны зерттейді.
Төменде 79-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) саны көрсетілген.
79-кесте. «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
10 сынып
|
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
ЖМБ
|
2
|
3
|
3
|
3
|
ҚГБ
|
2
|
3
|
3
|
3
|
«Химия» оқу пәні
«Химия» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларға зат және олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, білім алушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.
Негізгі міндеттері:
1) заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру ( фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар);
2) зияткерлік және экспериментальдық және зерттеушілік біліктер мен дағдылар түрінде іс-әрекеттердің танымал әдістерін жүзеге асыру тәжірибелерін қалыптастыру;
3) жаңа проблемаларды шешуде жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген білім және білікті өз бетімен жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс іс-әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, танымал іс-әрекеттер негізінде жаңа әдісін қалыптастыру;
4) қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік проблемасын шешуге әсер ететін, «Химия» пәнінің жиынтық үлесі болып табылатын өзекті және пәндік құзіреттіліктің қалыптасуында көрінетін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін адам әрекетінің объектіге немесе қаражатқа құнды және сындарлы қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.
«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі:
1) 10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағатты;
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады:
1) заттардың бөлшектері;
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3) химиялық реакциялардың энергетикасы;
4) химия және қоршаған орта;
5) химия және өмір.
Қолданыстағы бағдарламада 2013 жылдың бағдарламасымен салыстырғанда бірқатар өзгерістер болды:
1) оқылатын тақырыптардың тәртібі өзгерді
2) "Атом құрылысы. Атом – күрделі бөлшек", радиоактивтілік, энергетикалық деңгейлер және деңгейшелер, кванттық сандар және орбитальдар;
3) "Мерзімділігі" тарауы "элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің өзгеру мерзімділігі" болып өзгертілді.
4) "Органикалық химияға кіріспе" тарауына назар аударыңыз, мұнай, құрамы, өңдеу әдістері және мұнай өнімдері тақырыптары "күтпеген көмірсутектер"тарауына ауыстырылды. Сондай-ақ Циклоалканның жаңа тақырыбы қосылды.
5) "Күтпеген көмірсутектер" тарауына Алкадиен мен Алкинді зерттеу үшін жаңа тақырыптар енгізілді.
10-сыныпқа арналған жаңартылған мазмұнның Типтік оқу бағдарламасы бойынша зертханалық жұмыстар саны 2013 жылдың бағдарламасымен салыстырғанда бірдей. Төменде 80-кестеде химия бойынша практикалық, зертханалық жұмыстар мен демонстрациялар тізімі берілген.
80- кесте. Зерханалық жұмыстар мен демонстрациялар тізімі
Жұмыс түрлері
|
10 сынып
|
Көрсетілім
|
1
|
Зертханалық тәжірибелер
|
9
|
Практикалық жұмыстар
|
4
|
«Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) қарастырылған. Төменде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны көрсетілген.
81-кесте. «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
сыныптар
|
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2- тоқсан
|
3- тоқсан
|
4-тоқсан
|
10 ЖМБ
|
3
|
3
|
3
|
3
|
10 ҚГБ
|
3
|
3
|
3
|
2
|
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім саласы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі тарих пәні өткен тарихты ұғыну және қазіргі әлемде өз орнын, азаматтық ұстанымы және оқиғалар мен құбылыстарға деген қарым-қатынасын анықтап, олардың мәні мен бағытын түсіну арқылы тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сана, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетінің қалыптасуы. Азаматтардың құқықтық санасы қалыптасу үшін құқықтық білімді игеру қажет. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың, қазіргі қоғамдағы құқықтық және саяси қатынастардың субъектісі ретінде, өз құқытары мен міндеттемлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге бағытталған.
2019/2020 оқу жылында 10-сыныпта «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» оқу пәндері бойынша оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
7 наурыздағы № 105бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:
- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/ Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары. Қазақстан тарихы. Дүниежүзі тарихы. Құқық негіздері).
«Қазақстан тарихы» оқу пәні
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мазмұны Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
10-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.
«Қазақстан тарихы» пәні Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады.
Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты патриотизмді қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге дағдыландыру болып табылады.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
білім алушылардың тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, өткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру;
өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту;
әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;
әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдануға бағыттау болып табылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:
10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.
Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық-зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін әр тақырыптық бөлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы берілген:
Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала;
Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы;
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы;
Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды.
Сондықтан осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 82-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
82- кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
10-сынып
|
1
|
1
|
1
|
1
|
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің мазмұны адамзаттық өркениеттің этногенез, политогенез, культурогенез негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
10-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігін терең түсінуге бағдарланған.
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу болып табылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру;
оқиғалар мен құбылыстарды тарихи себептілігі, салыстырмалылығы мен әртүрлі көзқарастар, тарихи оқиғалар және тұлғаларға баға беруде сыни тұрғыдан зерттеу барысында, өткен және қазіргі таңдағы пікірталастық мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту;
тарихи деректердің әртүрлі типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи материалды жіктеу дағдыларын дамыту;
әртүрлі деректерді қолдана отырып жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларынқолдана білу қабілетін дамыту;
коммукативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды пайдалану.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:
қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10- сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылына 102 сағатты;
жаратылыстану -математикалық бағытта 10-сыныпта аптасына
2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.
10-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағытта әр бөлімнен кейін зерттеу жұмысы тақырыптары берілген:
Әлемдік тарих контекстіндегі өркениеттердің өзара әрекеттесу және өзара ықпалдасу тәсілдері;
Әлем тарихындағы этникалық және әлеуметтік процестер;
Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу жолдары;
Мәдениет – адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтарының көрінісі ретінде.
Осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 83-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
83- кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
10-сынып
|
1
|
1
|
1
|
1
|
«Құқық негіздері» пәні
«Құқық негіздері» оқу пәнінің мазмұны құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуге бағытталған.
10-сыныпта «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны білім алушыларға түрлі құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді.
«Құқық негіздері» оқу пәні құқық нормалары, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін білім алушылардың қажетті құқықтық ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі құқықтық сауаттылықты, құқықтық сана-сезім құндылықтарын қалыптастыруға негізделген.
«Құқық негіздері» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
әлеуметтік және құқықтық нормалар жүйесі: адам құқығы, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, заңдылық және құқықтық тәртіп туралы білімдерін тереңдету және кеңейту;
қазақстандық құқық пен халықаралық құқықтың базалық салаларының негізгі түсініктері мен мазмұны туралы білімдерін дамыту;
құқыққа деген оң қөзқарасты қалыптастыру және заңдарды білу мен орындаудың әлеуметтік пайдалылығын түсіну;
қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық құндылықтар, гуманизм мен әділеттілік негізінде тұлғаның құқықтық санасын қалыптастыру;
оқу және тәжірибелік іс-әрекетте құқықтық ақпаратты табу, талдау және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
әртүрлі өмірлік жағдайларда құқықтық нормаларға сәйкес іс-әрекеттерді таңдау кезінде құқықтық білім мен дағдыларды қолдана алу біліктерін дамыту;
қоғамдағы құқықтық қатынастармен байланысты практикалық жағдаяттарды сын тұрғысынан талдау және бағалау дағдыларын дамыту;
қазіргі уақыттағы өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту.
«Құқық негіздері» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10- сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылына 102 сағатты;
жаратылыстану -математикалық бағытта:
10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.
Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық-зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін қоғамдық-гуманитарлық бағытта әр тақырыптық бөлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы тақырыптары берілген:
Мемлекет және құқық формаларының эволюциясы;
Жария құқық салалары ерекшеліктерінің сипаттамасы;
Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі;
Құқыққа қатысты процестер қадамдарының сипаттамасы;
Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар.
Сондықтан қоғамдық-гуманитарлық бағытта осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.
«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 84-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
84- кесте. «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
10-сынып
|
1
|
1
|
1
|
2
|
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер
10-сыныпта «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: «Өркениет: даму ерекшеліктері», «Этникалық және әлеуметтік процестер», «Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан», «Мәдениеттің дамуы» бөлімдерін қамтиды.
Бөлімдер сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқытуда – оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін дұрыс анықтау ұсынылады.
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:
мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;
білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;
білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану;
оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану;
сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану.
Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмаларды қолдану ұсынылады. Мысалы, эссе және есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау (SWOT, PEST, GAP талдаулары) және т.б.
Оқу бағдарламасының оқу мақсаттары мен тәсілдерін тиімді түрде жүзеге асыру үшін «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқыту процесін төмендегідей тарихи концептілер (түсініктер) негізінде ұйымдастыру ұсынылады:
- өзгеріс пен сабақтастық;
- себеп пен салдар;
- дәлел;
- ұқсастық пен айырмашылық;
- маңыздылық;
- интерпретация.
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.
Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).
Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Мұғалімнің сабаққа арнайы әзірлейтін тапсырмалары келесі өлшемшарттарға сәйкес болуы қажет:
түсінікті болуы;
саралаудың ескерілуі;
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі;
проблемалық оқытуға негізделуі;
бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы тиіс.
Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс.
Пәнді оқыту кезінде барлық сынып білім алушыларының жұмыс жасауы және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылады. Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады. Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде әрбір білімалушының қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі міндеттерін анық түсіндіру қажет.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер
Оқу пәнінің білім мазмұны бес бөлімді қамтиды: «Мемлекет және құқық», «Жария құқық», «Жеке құқық», «Іс жүргізу құқығының негіздері», «Халықаралық құқық».
Бұл бөлімдер өз ішінде білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыруды көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен оқушыға келесі қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану ұсынылады:
- оқу тапсырмаларын шешу барысында нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесін қолдану (http://adilet.zan.kz/; http://online.zakon.kz/);
- құқықтық нормалардың мазмұны мен мәнін түсіндіру және анықтау арқылы нормативтік құқықтық актілерді талдау;
- оқушылар проблемаларды анықтауда өз ойларын, пікірлерін айту, дәлелдеу, болжамды ұсыну, зерттеуді жоспарлау қабілеттерін дамытатын ынталандырушы-проблемалық құқықтық ситуациялық жағдаяттарды (кейс-стади) зерттеу.
«Құқық негіздері» пәнін оқыту процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын дамыту үшін жағдайлар жасалуы қажет, соның ішінде ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру.
Құқық негіздері» пәнін оқыту барысында АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері:
- құқықтық деректермен жұмыс жасау: оларды іздеу, сұрыптау және интерпретациялауға байланысты өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
- оқушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды пайдалану;
- белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдау үшін интерактивті тақталарды пайдалану;
- оқушылардың электронды оқулықтарды пайдалануы;
- компьютерлік презентациялардың түрлерін пайдалана отырып, таңдалған тақырыптар бойынша шығармашылық жобаларды жасау;
- оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуы үшін (пікір-талас өткізу және құқықтық мәселелерді талқылау) компьютерлік коммуникация құралдарын пайдалану (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар).
Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны «Рухани жаңғыру» идеясына және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасына сай болуы қажет. Тарих және құқық негіздері пәндері бойынша рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.
Рухани жаңғыру бағдарламасы материалдарын оқу тәрбие процесіне қолдануға арналған әдістемелік ұсынымдар академия сайтында орналастырылған: (https://www.nao.kz /Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету/ Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған интерактивті сабақты өткізу бойынша әдістемелік ұсыным./
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.
Тарих пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
1. Ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдірұлы Әбдіровтің туғанына 100 жыл. (1919 жыл.9 тамыз);
2. Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан);
3. Республикалық «Казахстанская правда» газетінің шыққанына 100 жыл. (1920 жыл.1 қаңтар);
4. ҚҒА Тұңғыш президенті, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл
5. Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетовтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.1 сәуір);
6.Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175жыл. (1845 жыл.10 тамыз)
7. Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл;
8. Ұшқыш-шабуылдаушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, «Ленин», төрт мәрте «Қызыл Ту», «Александр Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Леонид Игнатьевич Беданың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.16 тамыз);
9.Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан).
«Өзін-өзі тану» оқу пәні
«Өзін-өзі тану» пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны төрт негізгі тарауды қамтиды: «Таным жолында», «Тұлғаның қалыптасуы», «Қоғамдағы өмір», «Адамзат әлемі».
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, бір жылға 34 сағат.
Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сәйкес сандық бағалау емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындысы бойынша «сынақ» деген баға қойылады. Оқушы бағдарламада көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың барлығын және ұзақмерзімді жобаны орындаса, оған «сынақ» деген баға қойылады.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Дене шынықтыру» білім саласы бойынша «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері оқытылады.
«Дене шынықтыру» оқу пәні
«Дене шынықтыру» пән ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөл атқарып, оқушының жалпыадамзаттық мәдениет саласында өзін-өзі белсенді шығармашылық көрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Оқу пәннің мақсаты: оқушылардың бойында өз денсаулығына қамқорлықпен қарауға қажеттілікті қалыптастыру, дененің физикалық және психикалық қасиеттерді жүйелі дамыту, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық тұрғыдан қолдану.
Оқу пәннің міндеттері:
1) денсаулықты нығайту, негізгі дененің физикалық сапаларын дамыту және ағзаның қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру; базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық әрекеттерін жетілдіру;
2) өз денсаулығына қамқорлықпен қарау, оны нығайту және сақтау қажеттіліктерін тәрбиелеу;
3) дене шынықтыру және спорттың пайда болу тарихы мен даму ерекшеліктері, салауатты өмір салтын дамытудағы рөлі туралы білім деңгейлерін игеру;
4) оқу және жарыс кезіндегі ұжымдық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты орындау және жеке тұлғаның оң қасиеттерін тәрбиелеу.
Оқу бағдарламаның құрылымы мен мазмұны екі бөлімнен тұрады:
1) «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент);
2) «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).
«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктеріне сәйкес:
1) «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы»;
2) «Қазіргі қоғамдағы спорт және дене шынықтыру»;
3) «Адамның дене мәдениеті» тақырыптарын қамтиды.
«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімде Қазақстандағы спорт пен дене шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуы, қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары және дене шынықтыру құралдарының көмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы мәліметтер енгізілген. Бұл бөлімде дене және спорттық дайындықтардың негізгі түсініктері, өз бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетілген және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.
«Денені жетілдіру және шеберлік» бөлімі білім алушылардың дене шынықтыру және тактикалық даярлықтарын шыңдауға бағытталған және аталған бөлімде арнайы дене дайындығы құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада арнайы құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын базалық спорт түрлерінің (гимнастика негіздері, жеңіл атлетика, спорт ойындары, шаңғы және жүзу) дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылады.
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі спорттық ойындарды тереңдетіп оқыту мақсатында оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын қолдануға және енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонентті нақты білім беру ұйымы, материалдық базасы мен өңірдің орналасу ерекшеліктерін, білім алушының қызығушылықтарын және оқытушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескере отырып дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.
Бағдарлама талаптарына және әрбір білім алушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша білім алушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Бұл тәсілді қолдану дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Орта білім (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім) берудің Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес бағдарламада білім алушыларды гендерлік қағидат бойынша дене шынықтыру сабағын (қалалық жерде – әрбір топта 8-ден кем емес ұлдар (немесе қыздар), ал ауылдық жерде – 5-тен кем емес ұлдар (немесе қыздар) болғанда) жеке оқыту қарастырылған. Оны оқу процесін ұйымдастырған кезде ескеру қажет.
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып.
Төменде 85-кестеде «Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу» бойынша тақырыптық жоспар берілген.
85-кесте. Оқу бағдарламаларының бөлімдері бойынша сағат санын бөлу
Бағдарлама бөлімдері
|
Бағдарлама бөлімдері
|
Оқу тоқсандары. Сағаттар саны
|
1
1
|
2
|
3
|
4
|
Σ
|
Базалық
|
1. Жеңіл атлетика
|
7
|
-
|
-
|
7
|
14
|
2. Спорт ойындары
|
15
|
8
|
15
|
7
|
45
|
Футбол
|
8
|
-
|
-
|
7
|
15
|
Баскетбол
|
-
|
8
|
7
|
-
|
15
|
Волейбол
|
7
|
-
|
8
|
-
|
15
|
3. Гимнастика
|
-
|
9
|
-
|
-
|
9
|
4. Шаңғы дайындығы*
|
-
|
-
|
10
|
-
|
10
|
5. Жүзу**
|
-
|
-
|
-
|
6
|
6
|
Базалық компонент бойынша сағаттар саны:
|
22
|
17
|
25
|
20
|
84
|
Вариативті
|
Вариативті бөлім нақты спорттық ойындарды тереңдетіп оқытуда білім беру ұйымдары футболды, волейболды, немесе баскетболды таңдауы арқылы жүзеге асырылады
|
4
|
5
|
5
|
4
|
18
|
Оқу жылы бойынша сағаттар саны:
|
26
|
22
|
30
|
24
|
102
|
Ескерту:
*– Қарсыз аудандарда шаңғы дайындығы сабақтарының орнына жалпы төзімділікті дамытуға сауықтыру жүгіру сабақтары мен басқа да аэробты жүктеме жаттығуларын қолдану ұсынылады.
**– Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, бағдарламаның жүзу бөлімін іске асыруға арналған уақытты спорттық дағдыларын жетілдіру үшін, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен оның орнына дене шынықтырудың спорттық ойын түрлерін қолдану ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына (www.nnpcfk.kz) және академия сайтына орналастырылған (nao.kz).
Дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:
10-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні – білім алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге баса назар аударады. Бұл бағдарлама білім алушыларды әскери қызметтің дағдыларын меңгеруімен қоса төтенше жағдайларда адамның өмір қауіпсіздік әрекеті мен әскери іс негіздерінен білім беруге бағытталған.
Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен, ҚР БҒМ 2017 жылғы «27» шілдедегі 207-қосымша № 352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және өткізу үшін негіз болып табылады:
Достарыңызбен бөлісу: |