У ұйымдарында ОҚу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет3/34
Дата31.12.2019
өлшемі3,55 Mb.
#53902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына (www.nao.kz) орналастырылған.

Мектеп әкімшілігінде МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының бір данадан қағазға шығарылған нұсқасы болғаны жөн.

Педагогтердің МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс істеулеріне болады.

Барлық оқу пәндері бойынша 1-10-сыныптарға арналған орта мерзімді жоспарлар жүйелік-әдістемелік кешенде (сілтеме: smk.edu.kz) орналасқан.



11-сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар әзірленуде және 1-10-сыныптарға да әзірленуі мүмкін.

Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды әр сабаққа әзірлейді және электронды не қағаз түрінде ұсына алады.



Назар аударыңыз!
ҚР «Білім туралы» Заңының 31 бабына сәйкес 1-сыныпқа балалар алты жастан қабылданады.

Мектепке қабылдау ережелері «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазанда № 564 бұйрығымен реттелген.

Ережеге сәйкес бірінші сыныпқа алты жастағы балалар және ата-анасының қалауы бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толған балалар, ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші негізінде дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады.

Ата-аналар баланың мектепке қашан баратынын шешуге құқылы және оны жеке өтініш арқылы ресімдейді. Ешқандай айыппұл санкциялары қарастырылмаған.

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін, төмендегідей құжаттар қажет:

1) баланың ата-анасы немесе басқа да заң өкілдерінің өтініші (еркін түрде);

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) «Баланың денсаулық паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 026/у-3 нысаны бойынша № 2423 болып тіркелген);

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 063/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

5) 3х4 көлеміндегі екі дана фотосурет.

(«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы).

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау кезінде қосымша құжаттарды сұратуға жол берілмейді.

Сондай-ақ мамандандырылған ұйымдар, гимназиялар мен лицейлерден басқа, білім беру ұйымының бірінші сыныбына балаларды қабылдау емтихандарын, тестілеуді, сынақтарды, конкурстарды өткізуге жол берілмейді.



Мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін дайындық курстарын ұйымдастырады.
2019-2020 оқу жылының ерекшелігі еліміздің білім беру ұйымдарының 4, 9 және 10-сыныптарында жаңартылған білім мазмұнын енгізу болып табылады.

4-сыныпта оқытудың ерекшелігі білім алушыларды білімді жетілдіре отырып «белсенді оқуға» белсенді тарту болып табылады. Оқыту процесінде білім алушылардың жаңа білімді өз бетінше іздестіруі үшін жағдай жасау маңызды. «Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде.

9-сыныптардың оқу бағдарламасының ерекшелігі базалық білім беруді аяқтауға бағытталғандығы болып табылады.

9-сыныптардың оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға, толыққанды қарым-қатынас жасауға қажетті және тұлғаның дамуына ықпал ететін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытатын социумдағы өмір үшін маңызды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бұдан басқа, оқыту процесінде тоғызыншы сынып оқушыларының оқытылатын оқу материалдарын талдау, жіктеу, жүйелеу, жинақтау және оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді бағалау дағдыларының қалыптасуына назар аудару маңызды.

9-сыныпта дамытушы оқыту әдістерін (іскерлік ойындар, өзін-өзі оқыту және өзара оқыту, пәнге «тез арада» ену әдісі, процестерді модельдеу, басқа пәндік салалармен интеграция, мәтінмен жұмыс жасау, пәндік тілді дамыту және т.б.), жобалық әдістерді (зерттеу топтық және жеке жобалар, танымдық, конструкторлық, әлеуметтік жобалар, қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді жобалар, контент-талдау және т.б.), коммуникативтік әдістерді (практикалық жағдаяттарды талдау, білім алушылардың командалық жұмысы және басқалар) белсенді қолдану ұсынылады.



10-сыныпты оқытудағы басты ерекшелік білім алушыны нақты мамандануға және оның болашақ кәсіби қажеттіліктері мен болашақта таңдауы мүмкін мамандығына сәйкес стандартты және тереңдетілген деңгейлердің оқу пәндерін таңдауға бағыттау болып табылады.

10-11-сыныптардың үлгілік оқу жоспарлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген.

10-сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес оқу бағытына қарамастан барлық білім алушыларға ортақ пәндер тізімі анықталды.

Жаңа ҮОЖ-да «бейіндік» деген термин қолданылмайды, себебі қоғамдық-гуманитарлық бағыт (бұдан әрі – ҚГБ) және жаратылыстану-математика бағыты (бұдан әрі – ЖМБ) – бейіндер емес, бағыттар болып табылады.

Стандартты және тереңдетілген деңгейдегі пәндерді таңдау арқылы бейінді білім алушылардың өздері анықтайды,

10-сыныпта Үлгілік оқу жоспарында міндетті пәндер саны қысқарды, білім алушыларға олардың жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерінің дамуын қамтамасыз ететін пәндерді таңдауға максималды құқық берілді.

Тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті және стандарттық деңгейдегі 2 міндетті пәнді таңдау енгізілді.

Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар үшін оқу пәндерінің орналасуы әртүрлі.

Осылайша, 10-сынып оқушылары болашақ мамандығына назар аудара отырып ҮОЖ-дағы 19 академиялық пәннен 14 оқу пәнін таңдай алады.

10-сыныпта оқушылардың таңдауы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» жаңа пәндері енгізілсе, «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне өзгерістер енгізілді.



«Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде.

Назар аударыңыздар!

2019-2020 оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптарда – 32 апта, 1-сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)-сыныптарда – 34 апта.



«Орта білім беру ұйымдарында 2019 - 2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығымен 2019-2020 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді:

2019-2020 оқу жылының басталуы – 2019 жылдың 1 қыркүйегі. Оқу жылының аяқталуы - 2020 жылдың 25 мамыры.



1-11(12)-сыныптарда:

күзгі каникул –7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса алғанда),

қысқы – 10 күн (2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда),

көктемгі – 13 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);



1-сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).

Назар аударыңыздар! Мектепалды сыныптарда:

күзгі каникул – 7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса алғанда),

қысқы – 14 күн (2019 жылғы 27 желтоқсан – 2020 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),

көктемгі – 15 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

қосымша каникулдар: 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).

Сабақтарды өткізу мерзімі мереке күндерімен, ауа райының қолайсыздығына және карантин енгізілуіне байланысты актіленген күндермен сәйкес келген жағдайда, тақырыбын/оқу мақсаттарын оқу пәні бойынша жақын/ұқсас тақырыптармен/оқу мақсаттарымен біріктіріп/тұтастырып, кіріктіруді ескере отырып көрсетілген күндерге дейін немесе кейін аздаған сағат санымен оқыту қажет. Бұл ретте, қосымша сағаттар бөлінбейді. Журналдарда біріккен сабақтар тақырыбы бір жолда көрсетіледі. Бұл жағдайлар мұғалімдердің жалақысына әсер етпейді, оқу сағаттары берілген деп есептеледі.

Бұл ретте оңай мақсаттарды қарастырып, жазба жұмыстарын жоспарламаған жөн. Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл өзгерістерді электрондық журналдар жүйесінде техникалық қолдау арқылы көрсетіледі.

Сыртқы және ішкі бақылауды жүргізу кезінде осы бұйрық негіз болады.



Назар аударыңыздар!

Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарларындағы вариативтік компонентті қоса алғанда, жалпы білім беретін мектептерде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі 1-сыныпта – 24 с., 2-сыныпта – 25 с., 3-сыныпта – 29 с., 4-сыныпта – 29 с., 5-сыныпта – 32 с., 6-сыныпта – 33 с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-сыныпта – 39 с., 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.

Оқу жүктемелерін қысқарту Педагогтер кеңесінің шешімі негізінде білім беру ұйымдары таңдай алатын қысқартылған оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарында қарастырылған (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығы). Білім беретін ұйымдар ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңесінің келісімімен күнделікті өткізілетін сабақтар санын белгілейді.

Қысқартылған ҮОЖ-ды таңдаудағы басты шарт – білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету. Егер оқу пәндерінің қиыстырылуын (комбинациясы) таңдау 7-сыныпта жасалса, онда таңдалған оқу пәндерінің қиыстырылуына (комбинациясына) сәйкес келесі сыныптарда (8-9-сыныптарда) оқуды жалғастыру қажет.

Жалпы білім беретін мектептердің 7-9-сыныптарына арналған ҮОЖ-да ескертпе берілген, онда инвариантты компоненттен таңдау бойынша бейінді оқу пәндерінің комбинациялары жазылған.

Бейінді оқу пәндерінің қиыстырылуы (комбинация) ҰБТ аясында пәндерді таңдауға бағытталған.

Гимназиялар/лицейлерде де жүктеме өзгерді. Бастауыш сыныптарда гимназия компонентін 8,5 сағаттан 4 сағатқа дейін, 5-11-сыныптарда 5 сағатқа қысқарту ұсынылады.

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында мектеп бағытына байланысты білім беру ұйымының өзі айқындайтын мамандандырылған компонент енгізілді.



Осылайша, еліміздің білім беру ұйымдары, соның ішінде гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған лицейлер/гимназиялар да жүктемесі қысқартылған ҮОЖ-ды таңдауға құқылы.

Бескүндік оқу аптасында оқу процесін ұйымдастыру

Бескүндік оқу аптасына көшу жаңартылған білім мазмұнына көшумен қатар жүргізіледі және түрлеріне, типтеріне, меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін.

Бірқатар оқу пәндері бойынша сабақтарды оқу мақсаттарына және сабақ тақырыптарына сәйкес, кестеде өткізілетін орынды көрсете отырып, музейлерде, театрларда, кітапханаларда, кәсіпорындарда және басқа да ұйымдарда өткізу ұсынылады.

Егер мектеп бес күндік оқу аптасына көшсе, мұғалім сенбі күнді өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. Бұл ретте мектеп әкімшілігі сенбі күні айына бір рет педагогикалық, әдістемелік кеңестердің мәжілістерін және басқа да ұйымдастыру іс-шараларын қоя алады.



2019-2020 оқу жылында 4, 9 және 10 сыныптарда информатика пәнінен жаңа оқу бағдарламасы енгізіледі. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына сәйкес "Жалпы білім беретін ұйымдарға арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: ....5-тармақ. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, мыналарды қоспағанда: "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәні бойынша осы бұйрыққа 4-қосымшада 7 және 21-тармақтарды, бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-сыныптар үшін, 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2 және 3-сыныптар үшін, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4-сыныптар үшін қолданысқа енгізілетін болады.

Назар аударыңыздар!

2019-2020 оқу жылында Педагогтер кеңесінің шешімімен мектептер мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын (спортзалдар, аудиториялық қор), білім алушылар контингенті, кадрлармен қамтамасыз ету және т.б. ескере отырып, жеке пәндерді оқытуда сыныптарды топтарға бөлу туралы дербес шешім қабылдайды.



1-4-сыныптарда қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндер бойынша топтарға бөлінеді:

  • оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;

  • оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;

  • шетел тілі;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

  • өзін-өзі тану.

Негізгі орта мектеп бойынша білім алатын сыныптарда топтарға бөлу төмендегі пәндерді оқыту барысында қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:

  • оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;

  • оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;

  • шетел тілі;

  • информатика;

  • дене шынықтыру;

  • көркем еңбек.

Жалпы орта мектеп бойынша білім алатын сыныптарда топтарға бөлу төмендегі пәндерді оқыту барысында қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:

  • оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;

  • оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;

  • шетел тілі;

  • информатика;

  • дене шынықтыру.

2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша оқытылатын 11-сыныптардың білім алушылары қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:

  • оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;

  • оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;

  • қазақ/ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс тілі;

  • шетел тілі;

  • информатика;

  • бейіндік пәндер;

  • технология;

  • дене шынықтыру.


Білім алушылардың таңдауына сәйкес стандартты және тереңдетілген деңгейдегі таңдау пәндері бойынша 10-сынып білім алушыларын топтарға бөлуге болады.

Үш тілде оқыту
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2015 жылғы 23 сәуірдегі ХХІІ сессиясында берілген Мемлекет басшысының тапсырмасын және Ұлт жоспарының «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» 79-тармағын орындау мақсатында 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 5 қарашадағы № 622, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 344 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы №1066 бұйрығына сәйкес) Жол картасы бекітілді.

Жол картасына сәйкес, оқыту процесінде қолдануға қажетті Үш тілді оқытудың бірыңғай тілдік стандарты әзірленді (https://nao.kz/) (2016ж.). Тілдік стандарт Қазақстан мектептерінің барлық түрлерінде үш мақсатты тілді оқытудың жалпы шегін (тәсілдері, принциптері, стратегиялары) анықтайтын негіздемелік құжат болып табылады.

Сонымен бірге «оқыту тілі» және «мақсатты тіл» ұғымдарының мәнін ажырату маңызды.

Жалпы білім беретін мектептердің оқыту тілдеріне: қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік жатады.



Мақсатты тілдер болып: қазақ тілі екінші тіл ретінде, орыс тілі екінші тіл ретінде және шетел тілі үшінші тіл ретінде саналады.

Төменде 1-кестеде үш тілде оқыту бойынша бойынша қазіргі жағдай көрсетілген.


1-кесте. Үш тілде оқыту.




Бірінші тілдер



Оқыту тілдері



Қазақ тілі

Орыс тілі

Ұйғыр тілі

Өзбек тілі

Тәжік тілі

Екінші тілдер



Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні (Т2)

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі «Орыс тілі» пәні (Т2)

Үшінші тілдер

Шетел тілі (Т3)

Үш тілді білім берудің мақсаты білім алушылардың үш мақсатты тілді, атап айтқанда: қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде оқитындар үшін қазақ тілін, орыс тілінде оқытпайтын мектептерде оқитындар үшін орыс тілін және шетел тілін меңгеру үшін қажетті жағдайлар жасау.

Сондай-ақ, Қазақстанда этникалық топтардың ана тілдерін дамытуға айтарлықтай көңіл бөлінуде. Осыған байланысты көптілді білім беретін мектептер бар.

Қазақ, орыс және шетел тілдерін жеткілікті мөлшерде оқыту қазақ тілінде оқытатын мектептерде де, орыс тілінде оқытатын мектептерде де үлгілік оқу жоспарларында көзделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет