У ұйымдарында ОҚу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту



бет8/34
Дата31.12.2019
өлшемі3,55 Mb.
#53902
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34

Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту

Ағымдағы оқу жылында қауіпсіз білім беру ортасын құруға, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерін шешуге бағытталған денсаулық сақтау технологияларын қолдануға ерекше назар аударылатын болады. Балалармен, ата-аналармен жұмыс тәжірибесін алмасу, тарату үшін педагогтар қауымдастығының онлайн порталы енгізілді.

Балаларды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу

Қазіргі заманғы жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени құндылықтар негізінде балаларды Қазақстан халқының рухани-адамгершілік мұрасына тарту; ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және тәрбие үдерісіне белсенді қосу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Балаларды құрдастарына мейірбан, достық қарым-қатынас жасауға үйрету; адамгершілік әрекеттерге шақыру; адамдарға құрмет сезімін, мейірімділік, қайырымды іс жасауға ниеттендіру.

Мектепке дейінгі ұйымның және білім беру ұйымының мектепке дейінгі сынып түлегі моделінің мынадай қасиеттері бар:

1) дене бітімі дамыған;

2) білуге құштар,

3) креативті;

4) өзіне сенімді және белсенді;

5) эмоционалды елгезек;

6) құрбыларымен және ересектермен өзара іс-қимыл жасаудың әлеуметтік дағдылары мен тәсілдерін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын меңгерген;

7) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеуметтік орта), мемлекет (ел), әлем және табиғат туралы алғашқы түсінігі бар;

8) 1-сыныпта оқу үшін қажетті білік және дағдыларды меңгерген.

Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының құжаттарын ресімдеуге қойылатын талаптар

Іс жүргізудің жай-күйі мен дұрыс ұйымдастырылуы, құжаттардың уақтылы орындалуы және олардың сақталуы үшін жауапкершілік білім беру ұйымының басшысы мен оқу ісі меңгерушісіне (әдіскерге) жүктеледі.

Тәрбие-білім беру процесін сапалы жүзеге асыру үшін педагогтер ҚР БҒМ 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алуы қажет. Осы тізбеде көрсетілмеген оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, құралдар және басқа да қосымша әдебиеттер білім беру ұйымының педагогикалық процесінде пайдаланылмайды.

2019-2020 оқу жылында мектепалды сыныптар/топтар қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттар тізбесі

1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 "Білім туралы" Заңы. 04.07.2018 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" № 151 заңы

3. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 23-V "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заңы.

4. "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306 Заңы.

5. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы.

6. "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы.

7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 Бұйрығы.

8. 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

9. ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 қазандағы № 556 бұйрығы.

10. ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.

11. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 29 маусымдағы №316 бұйрығы.

12. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары, ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы.



3. 1-4-СЫНЫПТАРда ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


2019-2020 оқу жылында 1-4-сыныптар жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламалары мен жоспарлары бойынша оқитын болады.

Еліміздің жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш мектептерінде оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

ББ МЖМС талаптарын негізге ала отырып, бастауыш білім беру білім алушыларды жан-жақты дамытуды, қоғамда өзіне лайықты орнын табуға қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуы үшін негіз қалауды, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруды, қолданбалы сипаттағы тапсырмаларды шешу үшін алған білімдерін қолдана білуін дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.

Бастауыш мектептегі білім беру процесі ҚР білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жүзеге асырылады (осы материалдың 4-5 беттері).

Оқу пәндері бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларының ерекшеліктері:

- оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни тақырыптар мен сыныптар бойынша білім мен біліктер бірте-бірте өсіп, дағдылар күрделеніп отырады;

- оқыту мен тәрбие бірлігі қағидатын іске асыруды қамтамасыз етеді;

- үштілді білім беруді іске асыру көзделген;

- пәндер бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқу мақсаттарының жүйесі берілген;

- пәндік білім, білік және дағдылардың кең спектрін қалыптастыруға бағытталған: білімдерін функционалды және шығармашылықпен қолдану, сын тұрғысынан ойлау, жобалау және зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдану, жеке және топта жұмыс жасай білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау;

- ортақ тақырыптардың болуы;

- негізгі құндылықтар негізінде кең спектрлі дағдылармен бірлікте жеке тұлғалық қасиетті дамыту: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу».

Жаңартылған оқу бағдарламаларының маңызды сипаттамасы олардың икемділігі мен әмбебаптылығы болып табылады. Мұғалімдерге сағат саны мен бөлімшелерді оқытудың реттілігін, бөлім мен тиісті тоқсан аясында тақырыптарды және оқу мақсаттарын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріледі. Мұғалімдер бірнеше оқу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тапсырмалар әзірлей алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдерге оқу мақсаттарына жетуге жетелейтін жиынтықта бірнеше сабақтың/сабақтардың мақсаттарын орындауда оқу мақсаттарын өзгертуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқу материалдарын қайталау және бекітуді қарастыруы қажет.

Тілді оқытудың негізі білім алушылардың әр оқу пәнінің құралдары – әртүрлі оқу жағдаяттарында біліммен және дағдылармен алмасу, тілдік және сөйлеу нормаларының жүйесін дұрыс қолдану арқылы сөйлеу қызметін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылатын коммуникативтік тәсіл болып табылады.

Тілдерді оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін дамыту арқылы жүзеге асырылады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Мұғалімге білім алушылардың сөйлеуін дамытуға ықпал ететін, оларға жақын табиғи жағдаяттар негізінде оқыту ортасын құру маңызды.

Оқу бағдарламасы пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспарға және ЖӘК сайтында (smk.edu.kz) орналасқан орта мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Ұзақ мерзімді жоспар сыныптар және тоқсандар бойынша оқыту мақсаттарын қамтиды.

Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған бағдарларды нақтылайды. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген мерзімнің негізгі міндеттері тұжырымдалады. Мұнда әр тоқсанның немесе бөлімнің тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді мұғалімнің еркіне қарай өзгертуге болады.

Орта мерзімді жоспарларда дағдылар, оқу мақсаттары, сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері, мұғалімдерге арналған белгілер (оқыту әдістемесі бойынша), оқу ресурстары берілген.

Сабаққа қажетті үлгілік материалдар тізбесі «Ресурстар» бағанында жазылған, мұғалімдердің жұмыста қолдануына көмек ретінде интернет-ресурстарға сілтемелер берілді. Оқу мақсаттары бойынша жұмысты жоспарлау және оларды мұғалім өз сыныбындағы білім алушылардың даму деңгейлеріне қарай дамытуды жүзеге асыруы тиіс. Пән бойынша орта мерзімді жоспарлар ұсыныс ретінде беріледі.

Қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын мұғалімнің өзі әзірлейді. Қысқа мерзімді жоспарды әзірлегенде мұғалімге саралап оқыту тәсіліне және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге назар аудару ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің оқу мақсаттарына тиімді қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылардың оқу материалын меңгеруде туындаған қиындықтары мен оқу жетістіктерін анықтау үшін сабаққа талдау (рефлексия) жасап отырғаны жөн.

Бастауыш сыныптарда сабақтың форматы оқыту процесінде білім алушыларды белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын, өткен материалды талдауын және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалауда пікірлерін айтуын, өзін бағалауды, өзара бағалауды және т.б. болып табылады.

Сабақтың міндетті элементі кері байланыс болуы тиіс, ол мұғалімнің білім алушыны қолдауға бағытталған іс-әрекетін түзетуге мүмкіндік береді және білім беру процесін жетілдіруге себін тигізеді. Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін өздігінен анықтайды.

Оқу процесін ұйымдастыру кезінде мұғалімге пәнаралық байланыстарды іске асыратын ортақ тақырыптарға көңіл аудару қажет. Оқу пәндерінің компонентін кіріктіруші ретінде ортақ тақырыптар да тоқсандар бойынша бөлінген. Әр тоқсан бойынша екі ортақ тақырып берілген, оның әрқайсысына сағат саны шамамен бірдей бөлінеді. Сегіз ортақ тақырыпқа бөлінетін сағат санын мұғалім білім алушылардың дайындық ерекшеліктеріне қарай өзі өзгертіп отырады (6-кесте).


6-кесте. Сыныптар бойынша ортақ тақырыптар




1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1

Өзім туралы

Өзім туралы

Жанды табиғат

Менің Отаным – Қазақстан

2

Менің мектебім

Менің отбасым және достарым

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Құндылықтар

3

Менің отбасым және достарым

Менің мектебім

Уақыт

Мәдени мұра

4

Бізді қоршаған әлем

Менің туған елім

Сәулет өнері

Мамандықтар әлемі

5

Саяхат

Дені саудың жаны сау

Өнер

Табиғат құбылыстары

6

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Атақты тұлғалар

Қоршаған ортаны қорғау

7

Тағам мен сусын

Қоршаған орта

Су – тіршілік көзі

Ғарышқа саяхат

8

Дені саудың жаны сау

Саяхат

Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Болашаққа саяхат

Ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгерту үшін базалық оқулықта, сондай-ақ қосымша ресурстарда (оқу-әдістемелік кешендер, хрестоматиялар және т.б.) ұсынылған әртүрлі жанрдағы мәтіндер пайдаланылады. Мәтінді дайындау мен таңдауда ортақ тақырыптармен байланысына ерекше мән берілуі тиіс.

Ортақ тақырыптар бойынша жұмыс жеке оқу қызметін ұйымдастыруды қажет етпейді, керісінше, пән бойынша және тәрбиелік міндеттерге қол жеткізу үшін оқыту мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, жаңа бөліммен жұмыс істей бастағанда, мұғалім оқушылардың шынайы өмірмен байланыс жасауға мүмкіндік беретін бірқатар негізгі сұрақтарды негізге алады. Бұл сұрақтар мұғалімге оқу міндеттеріне жету үшін ресурстардың кең ауқымын анықтауға көмектеседі. Сұрақтардың саны маңызды емес, нақты сынып пен құрылған оқыту ортасы үшін қандай мәселелер қолайлы екенін түсіну маңызды.

1-сыныпта (СанЕмН) оқу жүктемесін біртіндеп «сатылы» ұлғайту әдісін жүзеге асыру мақсатында бейімдеу кезеңін ұйымдастыру ұсынылады. Бейімдеу кезеңінен сәтті өту үшін қыркүйек-қазан айларында соңғы сабақтар стандартты емес түрде (ойын сабақ, қиял-сабақ, мереке-сабақ, театрланған сабақ, саяхат сабақ, экскурсия сабақ, импровизация сабақ) жүргізген жөн. Мектепте білім алушыны оқуға бейімдеу үшін қолайлы орта жасауға ерекше назар аудару қажет, ол білім алушының оңтайлы дамуына, ойдағыдай білім алуына және тәрбиеленуіне ықпал етеді. 1-сыныпта барлық жұмыс кезеңінің міндеті – кіші мектеп оқушысының оқу әрекетіне деген ішкі уәждемесін қалыптастыру.

1-сыныптың бірінші жартыжылдығында жиынтық бағалау жүргізілмейді және үй тапсырмасы берілмейді. Мұғалім өз жұмысын әр білім алушының сабақта қажетті білімді толыққанды меңгеруін қамтамасыз ететіндей жоспарлайды. Алайда, мұғалім біртіндеп жеке және топтық жұмыс бойынша рефлексия дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру арқылы бағалау рәсіміне дайындағаны жөн. Мысалы, «мен жасай аламын ....», «біз дайынбыз....», «мен айтып .... бере аламын», «біз айта аламыз...». Рефлексия кесте түрінде ұсынылуы мүмкін, бұл да бағалау алдында түсіндіру жұмысы болып табылады.

1-сынып білім алушысының көру қабілетін, қолының ұсақ моторикасын дамыту үшін сергіту сәтін уақтылы өткізу керек, 1-сынып білім алушыларын ұзақ уақыт жазу мен сурет салудан жалықтырып алмау керек. 1-сыныпта оқыту кезінде іс-әрекеттің ойын түрлері басым болуы тиіс.

Бірінші сыныпқа ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар, алты жастан бастап және басқа да оқумен қамтылмаған балалар қабылданатынына назар аударған жөн, яғни бір сыныпта әртүрлі жастағы балалар болуы мүмкін. Осыған байланысты білім алушылардың жеке ерекшеліктерін және оқу материалын қабылдауға дайындығын ескеру маңызды.

Бірінші сынып оқушыларының күнделікті оқу жетістіктері бойынша ата-аналарға кеңес беру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

2-сыныптан бастап білім алушылар үй тапсырмасын орындайды, сондықтан сабақ кестесін құруға ерекше назар аудару қажет, сондықтан үй тапсырмасын орындауға едәуір уақыт шығындауды талап ететін пәндерді бір күнге топтастырмау мүмкіндігін қарастыру қажет. Білім алушыларға үй тапсырмалары орындау мүмкіндігін ескере отырып, мынадай шамада беріледі:


2-сыныпта – 50 минут, 3-сыныпта – 70 минут, 4-сыныпта – 70 минут (ҚР БҒМ 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығы). Демалыс және мереке күндері үй тапсырмасын беру ұсынылмайды.

Бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру жүйелі іс-әрекеттік және практикалық бағдарланған тәсілдер аясында жүзеге асырылады. Сабақтың мақсатты бағыты білім алушылардың оқу-танымдық және оқу-практикалық іс-әрекеттерін өз бетінше қалыптастыру және дамыту; белсенді оқыту әдістерін қолдану: проблемалық-диалогтық, ішінара іздеу, іздестіру, жобалау, зерттеу. Білім алушылардың сабақтағы жұмыстары жеке, жұптық, топтық, дара және саралап оқыту арқылы ұйымдастырылады. Жаңа білім беру стандартына бағдарланған сабақтың маңызды белгілері оның мазмұнында бастауыш сынып білім алушыларын кең спектрлі дағдыларға үйрету элементтерінің болуы.

Бастауыш мектептің жаңартылған білім мазмұнына көшуіне байланысты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік жұмыстарының жүйесін құру маңызды орын алады. Бұлар кері байланыс бере отырып, сабаққа қатысу, бақылау және талдау, семинарлар, тренингтер, педагогикалық қауымдастықтардың отырыстары, коучингтер, шеберлік сағаттары, дөңгелек үстелдер мен ББ МЖМС енгізу мен іске асырудың басқа да жекелеген бағыттары бойынша іс-шаралар болуы мүмкін.

Мектептегі әдістемелік қолдаудың формалары сыныптың, сондай-ақ әр оқушының оқу жетістіктерін қадағалау бойынша міндеттерді шешуі керек.

Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, психологиялық-педагогикалық қолдауға назар аудару қажет. Шаршаудың, сколиоздың, жүрек-қан тамырлар жүйесі, көз ауруларының алдын алу мақсатында жаттығулар жүргізуге (динамикалық, тыныс алу жаттығулары, қол саусақтарына байланысты жаттығулар, қол және көзге арналған гимнастикалық жаттығулар және т. б.) көп көңіл бөлу керек.


«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны «Сауат ашу», «Обучение грамоте», «Қазақ тілі» (Т1), «Русский язык» (Я1), «Әдебиеттік оқу», «Литературное чтение», оқыту орыс тілінде емес сыныптарда «Орыс тілі» (Я2), оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда «Қазақ тілі» (Т2), «Ағылшын тілі» оқу пәндері арқылы жүзеге асырылады.

Тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге асыру болып табылады. Коммуникативтік дағдыларды ортақ тақырыптарды оқыту барысында қалыптастыру қажет. Коммуникативтік тәсіл білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатын көздейді, яғни мәтіндерді түсіну және оларға рефлексия жасау қабілетін дамытуға, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануға, білімдерін және мүмкіндіктерін арттыруға, қоғам өміріне белсенді қатысуға бағытталған.


«Сауат ашу» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)

«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы – тілдік және әдебиеттік білімге дайындықтың алдын-ала кезеңі, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып табылады.

Пәнді оқытудың ерекшелігі білім алушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады, ол алған білім, білік, дағдыларын түрлі өмірлік жағдаяттарда пайдалануға мүмкіндік береді.

«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағаттан, оқу жылына 198 сағатты құрайды.

Сауат ашу үш кезеңге бөлінеді: әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең. Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім алушылардың оқу материалын, оқу мақсаттарын меңгеру деңгейіне және әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалімнің өзі реттей алады.

Бірінші жартыжылдықта оқу жылдамдығы тексерілмейді. Екінші жартыжылдықтың соңында оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына
25-30 және одан артық сөзді құрайды. Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.

Бірінші сыныпта буынға бөліп оқудың қалыптасуы тексеріледі: бағдарлама талаптарына сәйкес келетін оқу қарқыны кезінде оқылатын мәтіннің жалпы мәнін түсінуі, жекелеген сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсінуі.

1-сынып білім алушылары:


  1. 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу;

  2. 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас оқу;

  3. сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу;

  4. есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз) жатқа жазу;

  5. жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу;

  6. баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу;

  7. күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-10 сөз);

  8. сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз) тыңдау арқылы жазу;

  9. белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.

Білім алушылардың үлгерімін тоқсан аяқталғаннан кейін және бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша оқу материалының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау үшін ағымдық бақылау жиынтық бағалау түрінде жүргізіледі.

1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан бастап өткізіледі.

Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны берілген.


7-кесте. «Сауат ашу» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сынып

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық бағалау саны



1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1 -сынып

-

-

2*

2*


*Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).

Жиынтық бағалау түрлері әр түрлі болуы мүмкін (диктант, тест, өзіндік жұмыс, мазмұндама, сөздік диктант және т.б.).
«Обучение грамоте» оқу пәні (с русским языком обучения)

Учебная программа по предмету «Обучение грамоте» является подготовительным этапом для дальнейшего языкового и литературного образования, а также представляет собой основу для всего последующего обучения.

Особенностью изучения предмета является формирование функциональной грамотности в процессе освоения навыков аудирования (слушания), говорения, чтения и письма, которая позволяет использовать приобретенные знания, умения и навыки в различных жизненных ситуациях.

Объем учебной нагрузки по предмету составляет 6 часов в неделю,
198 часов в учебном году.

Выделяются три периода: добукварный, букварный, послебукварный. Количество часов на знакомство со звуком и буквой учитель может регулировать сам в зависимости от уровня усвоения учебного материала, достижения целей обучения обучающимися и выполнения задач каждого периода.

В первом полугодии техника чтения не проверяется. Норма скорости чтения во втором полугодии составляет 30-35 и более слов в минуту. В первом классе проверяется сформированность слогового способа чтения: осознание общего смысла читаемого текста при темпе чтения, соответствующего программным требованиям; понимание значения отдельных слов и предложений.

На конец 1-го полугодия ученик должен:

1) писать под диктовку слова, написание которых не расходится с произношением (3-5 слов);

2) писать предложения (из 2-3 слов);

3) списывать с печатного текста (не более 10-15 слов и знаков) на изученные буквы.

На конец 2-го полугодия:



      1. писать под диктовку двусложные слова с безударными гласными, слова с мягким знаком на конце и в середине слова, слова с парными согласными (звонкими и глухими согласными на конце слова), йотированными-гласными (8-10слов);

      2. писать предложения (из 3-4 слов), текст (не более 10-15 слов и знаков);

      3. передавать содержание текста по вопросам (15-20 слов и знаков);

      4. составлять и записывать предложения на заданную тему
        (2-4 предложения).

Текущий контроль успеваемости обучающихся проводится в форме суммативного оценивания для определения и фиксирования уровня усвоения содержания учебного материала по завершении четверти, изучения разделов (сквозных тем).

Суммативное оценивание по предмету в 1-м классе проводится с третьей четверти. Ниже представлено количество суммативных оцениванийза раздел/сквозную тему.
Таблица 8. Количество суммативных оцениваний за раздел
по предмету «Обучение грамоте»


Класс

Количество суммативных оцениваний

за раздел/сквозную тему



1 четверть

2 четверть

3 четверть

4 четверть

1 класс

-

-

2*

2*

* В суммативном оценивании за раздел/сквозную тему объединяются два вида речевой деятельности (например, аудирование (слушание) и говорение; чтение и письмо).

Виды суммативного оценивания могут быть разными - диктант, тест, самостоятельная работа, изложение, словарный диктант и т.д.
«Қазақ тілі» (Т1) оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)

«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.

Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады.

Оқу жүктемесінің көлемі:

1) 2-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты;

2) 3-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты;

3) 4-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:

1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі – әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);

2) дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);

3) зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);

4) саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);

5) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).

Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы білім алушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.

Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және орфографиялық құбылыстары мен фактілері өзара байланыста оқытылады және олардың білім алушыларының сөйлеу практикасында қолдануына бағытталған.

Оқу мақсаты бір тоқсан ішінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша үйлестіріледі. Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) оқу мақсаттарын біріктіре алады. Бір сабақта


әртүрлі негізгі дағдылардың 2-3 оқу мақсатын біріктіруге болады. Білім алушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейіне қарай мұғалім сағат санын өзі бөле алады.

Пән бойынша 2-4-сыныптардағы жазба жұмыстарының көлемі келесі кестеде көрсетілген.


9-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі


Жазба

жұмыстарының түрлері



2-сынып

3-сынып

4-сынып

Сөздік диктант

5-7 сөз

9-12 сөз

12-15 сөз

Диктант

25-30 сөз

35-50 сөз

55-70 сөз

Көшіру

25-30 сөз

35-50 сөз

55-70 сөз

Мазмұндама

40-60 сөз

60-80 сөз

80-100 сөз

Шығарма

25-35 сөз

35-55 сөз

65-70 сөз

Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыстарды жүргізу мерзімділігі мен түрлерін мұғалім өзі анықтайды.

Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары бар критерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Олар тапсырманы орындаудың қай кезеңінде білім алушы қиындыққа және оларды түзетуге тап болды дегенді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға конструктивті кері байланыс беруге мүмкіндік береді. Төменде критерийлермен жұмыс жасаудың үлгілері ұсыным сипатында берілген.

10-кесте. Жазба жұмыстарының критерийлері мен дескрипторлары






Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар



Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен)

- мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету;

- әріптер мен дыбыстар арақатынасын белгілей біледі;

- грамматикалық тапсырмаларды орындайды;

- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;

- жазу кезінде сөздерді дұрыс жазады;

- сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай біледі.





Сөздік диктант



  • сөздерді қатесіз жазады;

  • ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.



Ескерту диктанты – есту диктантының түрі. Мақсаты – мәтін, сөз жазғанға дейін орфограммаларды түсіндіру арқылы қателерді ескерту. Тақырыпты өтудің бастапқы кезеңдерінде қолданылады. Жазу алдында орфографиялық талдау жүргізіледі – білім алушылар сөздің қалай жазылғанын және неге екенін түсіндіреді.


- тексерілетін емлеге сай ережені біледі;

- сөздерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады;

- өтілген материал аясында тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;

- ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.





Еркін диктант мәтінді жазу барысында білім алушылар жекелеген сөздерді ауыстыра алады, сөйлемнің құрылымын өзгерте алады. Мәтін әуелі тұтас оқылады, сонан соң бөліктері бойынша (3-4 сөйлем); әрбір бөлігі қайталап оқығаннан кейін жазылады. Білім алушылар мәтіннің әр бөлігін есте сақтау арқылы жазады. Бұл жұмыс түрі білім алушыларды мазмұндама жазуға дағдыландырады.

- сөздерді мағынасы жағынан таңдай біледі/алмастыра алады;

- мәтіннің бөлігі бойынша есте сақтай отырып, жаза біледі;

- сөздерді жазу кезінде орфографиялық ережелерді қолданады;

- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қоя біледі.






Көру диктанты

Бұл диктант түрі білім алушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады.



- есте сақтау арқылы мәтін жаза біледі;

- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана біледі;

- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;

- жазылған мәтін үлгісі бойынша тексереді.





Суретті диктант (дыбыссыз диктант) – мұғалімі үнсіз пәндік суретті көрсетеді, білім алушылар заттың атауын жазады.

- суреттегі бейнені сөздермен сәйкестендіре біледі;

- бейнеленген суретті сөздермен жаза біледі;

- емлені жазу барысында ережелерді қолдана біледі.




Іріктеу диктанты – есту немесе көру диктантының түрі. Бүкіл мәтінді жазу емес, тек қана оқылған ережелер орфограммасы бар сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді жазғызу. Қосымша тапсырма қоса жүруі мүмкін.

- оқылған орфограммалары бар сөздерді таңдай біледі;

- сөзді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана біледі.





Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, білім алушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.

- белгілі бір сөзді немесе грамматикалық нысанды таңдай біледі;

- сөздерді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана алады.






Дұрыс құралмаған сөйлемдерден байланысқан мәтін құрау

- дұрыс құралмаған сөйлемдерден мәтін құрай алады;

- мәтін құрылымын сақтайды;

- құралған мәтінді қатесіз көшіре алады.




Қысқартулармен көшіру

- сөйлемнің жеңілдетілген түрін жаза алады;

- сөзді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.





Сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді көшіру


- сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді жаза алады;

- сөйлемдерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.





Мазмұндама

- мазмұндау кезінде ойды өзгертпей сақтай біледі;

- орфографиялық нормаларды сақтайды.





Шығарма

  • жоспар құра алады;

  • ой бірізділігін сақтай біледі;

  • орфографиялық нормаларды сақтай біледі.


Пән бойынша жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) және бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын жүргізуді көздейді. Төменде бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны көрсетілген.
11-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық бағалау саны



1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

2-сынып

2*

2*

2*

2*

3-сынып

2*

2*

2*

2*

4-сынып

2*

2*

2*

2*


*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)
«Русский язык» (Я1) оқу пәні (оқыту орыс тілінде)

Учебный предмет «Русский язык» – важнейший компонент школьной программы, поскольку является не только объектом изучения, отдельным учебным предметом, но и средством обучения другим школьным предметам.

Основная цель обучения предмету – заложить основу формирования функциональной грамотности, обеспечить развитие всех видов речевой деятельности: аудирования (слушания), говорения, чтения, письма как показателей общей культуры человека.

Объем учебной нагрузки по учебному предмету «Русский язык» составляет:


  1. во 2 классе – 4 часа в неделю, 136 часов в учебном году;

  2. в 3 классе – 4 часа в неделю, 136 часов в учебном году;

  3. в 4 классе – 4 часа в неделю, 136 часов в учебном году.

При обучении языку используются:

1) коммуникативно-деятельностный подход (определяет такую организацию и направленность уроков по русскому языку, при которой цель обучения связана с обеспечением максимального приближения учебного процесса к реальному процессу общения. На основе учебной деятельности обучающиеся приходят к пониманию необходимости новых знаний);

2) развивающее обучение (обучающийся овладевает системой учебных действий, учится конструировать свою учебную деятельность и управлять ею);

3) исследовательский подход (что я знаю?, что я хочу узнать?, чему я научился?);

4) дифференцированное обучение (постановка задач согласно потребностям обучающегося).

Весь процесс обучения языку подчинен формированию навыков речевой деятельности обучающихся, развитию умений содержательно, четко и ясно выражать мысли и чувства в устной и письменной форме.

Фонетические, лексические, грамматические и орфографические явления и факты языка изучаются во взаимосвязи и ориентированы на применение их обучающимися в речевой практике.

Цели обучения в пределах одной четверти комбинируются по разным видам речевой деятельности. Интегрировать цели обучения по видам речевой деятельности (аудирование (слушание), говорение, чтение, письмо) учитель может на своё усмотрение с учетом потребностей обучающихся. На один урок можно интегрировать 2-3 цели обучения из разных ключевых навыков. Исходя от уровня усвоения цели обучения обучающимися, учитель распределяет количество часов.

Объем письменных работ во 2-4-х классах по предметам представлен
в следующих таблицах.
Таблица 12. Объем письменных работ


Виды письменных работ

2 класс

3 класс

4 класс

1 полугодие

2 полугодие

1 полугодие

2 полугодие

1 полугодие

2 полугодие

Словарный диктант

3-5 слов

5-7 слов

7-9 слов

9-12 слов

10-12 слов

12-15 слов

Диктант

30-35 слов

35-40

слов


45-50 слов

60-65 слов

65-70 слов

70-80 слов

Списывание

30-35 слов

35-40

слов


45-50 слов

60-65 слов

65-70 слов

70-80 слов

Изложение

35-40 слов

40-45 слов

50-55 слов

65-70 слов

75-80 слов

85-95 слов

Сочинение

30-35 слов

35-40 слов

50-55 слов

55-70

слов


75-85 слов

90-100 слов

Периодичность проведения и виды творческих работ обучающего характера определяются учителем самостоятельно.

Для проведения письменных работ учитель составляет критерии с дескрипторами. Дескрипторы к письменным работам должны быть ясными и точными. Они позволяют определить, на каком этапе выполнения задания обучающийся испытывает трудности, и корректировать их. Это способствует предоставлению конструктивной обратной связи обучающимся и родителям. Ниже представлены примерные виды работ с критериями рекомендательного характера.
Таблица 13. Примерные виды работ и критерии с дескрипторами письменных работ




Виды работ

Критерии/дескрипторы

1

Диктант

(с грамматическими заданиями)

  • Записывает текст без искажения: пропуска букв, добавления и перестановок;

  • знает и соотносит звуки и буквы;

  • выполняет грамматические задания;

- умеет расставлять знаки препинания в пределах изученного материала;

  • умеет правильно писать словарные слова;

  • соблюдает орфографический режим при написании слов

2

Словарный диктант


- пишет слова без ошибок;

- умеет правильно писать словарные слова.



3

Предупредительный диктант – вид слухового диктанта. Цель – предупреждение ошибок путём объяснения орфограмм до записи текста, слова. Применяется на первичных этапах изучения темы. Перед записью проводится орфографический анализ – обучающиеся объясняют, как пишутся слова и почему.

- Знает правило на проверяемую орфограмму;

- применяет правила орфографии при написании слов;

- умеет расставлять знаки препинания в пределах изученного материала;

- умеет правильно писать словарные слова.



4

Свободный диктант – в процессе записи текста обучающиеся могут заменить отдельные слова, изменить структуру предложения. Текст диктуется вначале целиком, затем по частям (3-4 предложения); каждая часть записывается после повторного её прочтения. Обучающиеся записывают каждую часть текста по памяти, как запомнили. Данный вид работы подготавливает учащихся к написанию изложений.

- Умеет подбирать/заменять слова подходящими по смыслу;

- умеет записывать часть текста по памяти;

- применяет правила орфографии при написании слов;

- умеет расставлять знаки препинания в пределах изученного материала.



5

Зрительный диктант – вид орфографического упражнения, развивающий орфографическую зоркость, зрительную память и внимание. Записанный на доске текст (слова, предложения) прочитывается учащимися, анализируется, затем стирается. Обучающиеся пишут его по памяти. После записи осуществляется проверка.

- Умеет записывать текст по памяти;

- применяет правила орфографии при написании слов;

- умеет расставлять знаки препинания в пределах изученного материала;

- проверяет записанный текст по образцу.



6

Картинный диктант (беззвучный диктант) – учитель молча демонстрирует предметную картинку, обуучающиеся записывают название изображённого предмета.

- Умеет соотносить изображение со словами;

- умеет записать словами изображенный предмет;

-применяет правила орфографии при написании слов.


7

Выборочный диктант – вид слухового или зрительного диктанта. Предполагает запись не всего текста, а лишь тех слов, словосочетаний, предложений, в которых есть орфограммы на изучаемое правило. Может сопровождаться дополнительным заданием.

- Умеет выбирать слова на изученную орфограмму;

- применяет правила орфографии при написании слов.



8

Творческий диктант – по заданию учителя в диктуемый текст обучающиеся вставляют определённые слова или изменяют грамматическую форму диктуемых слов.

- Умеет подбирать определённые слова или изменять грамматическую форму;

- применяет правила орфографии при написании слов.



9

Составление связного текста из деформированных предложений.

- Умеет составлять текст из деформированных предложений;

- соблюдает структуру текста;

- умеет списывать получившийся текст без ошибок.


10

Списывание с сокращениями.

-умеет записывать упрощенный вид предложения;

-применяет правила орфографии при написании слов.



11

Списывание предложений с добавлением.

- умеет записывать предложения с добавлением слов;

- применяет правила орфографии при написании предложений.



12

Изложение

  • Соблюдает последовательность изложения мысли без искажения;

  • соблюдает орфогрфический режим.

13

Сочинение

  • Составляет план;

  • соблюдает последовательность мысли;

  • соблюдает орфогрфический режим.

Суммативное оценивание по предмету предполагает проведение конкретного количества суммативных оцениванийза раздел (СОР). Ниже представлено количество суммативных оцениваний за раздел/сквозную тему.


Таблица 14.Количество суммативных оцениваний по предмету «Русский язык» за раздел


Класс

Количество суммативных оцениваний

за раздел/сквозную тему



1 четверть

2 четверть


3 четверть


4 четверть


2 класс

2*

2*

2*

2*

3 класс

2*

2*

2*

2*

4 класс

2*

2*

2*

2*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет