У ұйымдарында ОҚу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері тек оқыту тілінде оқытылады



бет4/34
Дата31.12.2019
өлшемі3,55 Mb.
#53902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері тек оқыту тілінде оқытылады.
МЖМБС және 1-11 сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарларында «Ағылшын тілі» оқу пәнінің орнына «Шетел тілі» пәні енгізіледі. Білім беру ұйымдары «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндерінің бірін таңдау құқығы бар. Жұмыс оқу жоспары мен журналда оқытылатын шетел тілі көрсетіледі.

Неміс және француз тілдері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен (10-11 сыныптар); ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығымен (1-4, 5-9-сыныптар) бекітілді.



Шетел тілін оқыту жалпы білім беру жүйесінің барлық сатыларында олардың бірлігін, сабақтастығын және үздіксіздігін қамтамасыз ететін CEFR ("Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment" – «Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігі: оқу, оқыту, бағалау») тілдерді оқытудың деңгейлік моделіне сәйкес жүзеге асырылады.

2019-2020 оқу жылында 10-11 сыныптарда «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» оқу пәндері оқыту тілінде жүргізіледі.
Аталған пәндерді білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының дайындық деңгейіне қарай, ата-аналардың пікірін ескере отырып ағылшын тілінде оқытуға болады. Білім бөлімдерімен келісілуі мүмкін.

Мектептердің педагогикалық ұжымдары пән апталықтарын, мектепішілік олимпиадаларды және зияткерлік конкурстарды ұйымдастыру арқылы үш тілді білім беруді дамытып, қолдауы қажет



ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде кіріктіріп оқытуда CLIL технологиясын қолдану ұсынылады (2-кесте).
2-кесте. Тілді және оқу пәнін кіріктіріп оқыту


Тілдік және тілдік емес пән мұғалімдерінің бірлескен жұмысы көптеген формаларда өткізілуі мүмкін. Шетел тілі мұғалімдері өз сабақтарында тілдік емес ЖМБ пәндерінде оқылған лексиканы пысықтай алады. Білім беру ұйымдарында, мүмкіндігінше, тілдік және тілдік емес пән мұғалімдері бір уақытта бір сабақта жұмыс жасай алады. Сонымен қатар, сабақтың қойылған мақсаттарын, білім алушылардың оқу жетістіктерін және оларға ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқуды жалғастырулары үшін мүмкіндігінше қажетті қолдау көрсету мақсатында педагогтер сабаққа дейін және одан кейін бірлесіп жұмыс жасай алады.

«Шетел тілі» пәнінің мұғалімі пән мұғалімімен оқу тапсырмаларын әзірлеу, оқу материалын іздеу және іріктеу, оның тіл тұрғысынан күрделілігін бағалау, сонымен қатар сұрақтар мен тапсырмаларды құрастыру бойынша бірлесіп жұмыс жасай алады. «Шетел тілі» пәнінің мұғалімі пән мұғалімі дайындаған оқу тапсырмаларының дұрыс құрастырылуын тексере алады.

«Шетел тілі» пәнінің мұғалімі білім алушылардың тілдік емес оқу пәні сабағында жұмыс жасайтын тілдік материалды анықтауға (грамматика, мәтін жанры, терминология, айтылуы қиын лексика және т.б.) көмектеседі және шетел тілі сабағында сол тілдік материалды пысықтайды.

Пән мұғалімдері мен «Ағылшын тілі» пәні мұғалімдеріне 10-сыныпта ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жоспарлау барысында Орта мерзімді жоспарды (ОМЖ) бірлесіп жоспарлауға болады, бұл олардың оқыту тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік береді. ОМЖ-ны бірлесіп құру барысында білім алушылардың да, педагогтердің де тілдік құзыреттіліктерін дамытуға, қосымша ресурстарды іздеуге және қолдануға, сонымен қатар бағалау рәсімін ұйымдастыруға мүмкіндіктер көбейеді. Педагогикалық ұжымдар пәндер бойынша мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің дәстүрлі формаларынан бас тарта отырып, әр түрлі пәндер, соның ішінде тілдік және тілдік емес пән мұғалімдері бірлестігіне біріге алады. Бұл үш тілде оқыту аясында сабақ өткізуде жаңа формалар, әдістер мен технологияларды енгізуге және оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.



Мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастық формалары:

  • әдістемелік секциялар, мұғалімдер қауымдастығы;

  • бір сынып мұғалімдерінің командалық жұмысы;

  • параллель сынып мұғалімдерінің ынтымақтастығы;

  • тіл пәндері мұғалімдерінің ынтымақтастығы;

  • тіл пәндері мұғалімдерінің және тілдік емес пәндер мұғалімдерінің ынтымақтастығы;

  • мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің ынтымақтастығы.

Командалық жұмыс:

  • бірлескен жоспарлау бойынша жүйелі жұмыс (ортақ тақырыптарды жоспарлауды, ҚМЖ, оқу тапсырмаларын және бағалау критерийлерін әзірлеуді және жұмысты талдауды (оқу жетістіктері, оқу үдерісіндегі білім алушылардың қиындықтары және т. б.);

  • ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды анықтауды, осы категориядағы білім алушыларға қолдау көрсету стратегиясын белгілеуді;

  • мұғалімдердің табысты тәжірибелерін таратуды;

  • өзара сабаққа қатысуды;

  • бейнежазба жасауды және сабақты талдауды;

  • оқу материалдарын әзірлеуді;

  • сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастыруды;

  • ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруды;

  • менторлықты іске асыруды, ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді қолдауды көздейді.

Менторлық қолдау түріндегі командалық ынтымақтастық құнды болып табылады. Менторлық немесе менторинг ағылш. – mentoring – оқу пәндерін оқытуда озық тәжірибесі бар, тәжірибелі адамның, сарапшының (жұмыс өтілі маңызды емес) тәжірибесі аз, жұмысты жаңа бастаған педагогпен өзара іс-қимылы.

Ментор – тәлімгер. Физика, химия, биология, информатика пәндерінің мұғалімдеріне ағылшын тілі мұғалімі, сондай-ақ, ағылшын тілінен кем дегенде В2 деңгейі бар ЖМБ оқу пәндерінің мұғалімі ментор бола алады.



Менторлық қолдау көрсету ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жаңа бастаған педагогтің кәсіби іс-әрекетін тексеруші, оған баға беруші, бақылаушы функцияларын атқаруды көздемейді.

Менторлық қолдау көрсетудің бірінші жылынан кейін өзара командалық іс-әрекеттесу тәжірибесін талдау және ары қарай кәсіби өсу үшін бағыттарды анықтау маңызды.



Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет