А. Қ.Боранбаева, Г. М. Аштаева, А.Г. Мұхаметжанова
№8 орта мектеп
Құрастырылған әдістемелік кешен мұғалімге арналған бағдарлама мен әдістемелік құрал, оқушыға арналған оқу құралы және жқмыс дәптерінен тұрады.
Бұл бағдарлама 1-сыныптың негізгі әліппе, ана тілі пәнінің мазмұнын басшылыққа алып, «Халық ауыз әдебиеті үлгілері» атты таңдау курсын «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен меңгеруге арналған.
«Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жастарға арналған сөзі ұстаз қауымына зор жауапкершілік жүктеп отыр. Жаһандану үрдісінде әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын, оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім. Әлемдік білім беру жүйесіндегі өзгерістер әр мұғалімнің оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуді қажет етеді. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – сапалы білім берудің кепілі.
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы дегеніміз – білім беру мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылап жүйелеп кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді оқыту – оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырумен қатар өзге пәндердің де мазмұныны аталған талаптарға сәйкес меңгертуді басшылыққа алатын оқыту. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – ұлттық төл технология. «Сатылай кешенді оқыту» – қазақ елінің төл технологиясы дейтін себебіміз біріншіден, технологияның теориялық негізі – А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов т.б. отандық ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдарын басшылыққа алады; екіншіден, Ыбырай, Абай, Шоқан тағы басқалардың ағартушылық ұстанымдарын негіз етеді; үшіншіден, теория мен практиканы ұштастыруда ғалым-әдіскер Ф.Ш.Оразбаеваның тілдік қатынас (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) теориясына негізделеді; төртіншіден, ұрпақтың тілін дамытуға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге үйрету үшін ауыз әдебиетінің бай мұрасынан бастап бүгінгі күнгі сөз зергерлерінің әдеби ой-толғамдарын тіл дамыту, тіл ұстарту жаттығуларына материал етіп пайдаланылады; бесіншіден, белгілі педагог-ғалым Г.К.Селевконың педагогикалық технологияларды топтастыра отырып жасаған “Педагогикалық технологиялар классификациясы” талаптарына сүйенеді.
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны меңгертумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы жан-жақты дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі. Сонымен қатар қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту.
Әдістемелік кешеннің мақсаты: 1-сыныпта Сауат ашу және Ана тілі пәнінің мазмұнын басшылыққа ала отырып, халық ауыз әдебиеті үлгілерін сатылай кешенді талдау арқылы, әдеби жанрлар туралы алғашқы түсініктері қалыптасып, шығармалардағы көркем, бейнелі сөздерді сезініп түйсінуге, мәтінді сатылай кешенді талдауға машықтанады.
Әдістемелік кешеннің міндеттері:
Әр пәннің табиғатын танытуда оқушының жеке мүмкіндігін ашуға ықпал ету.
Пәндердің мазмұнын, ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін және тақырып мазмұнын ашу арқылы танымдық дүниесін қалыптастыру.
Кез келген шаршы топта өз көзқарасын дәлелдей отырып, шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру.
Сол арқылы әр оқушының өз ана тілін, ұлттық құндылықтарын басқаларға таныта, бағалай білуге баулу.
Берілген тапсырманы сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру.
Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту мақсатында әртүрлі пәндердің мазмұнына сай түрлі сөзжұмбақтар, танымдық , ұлттық ойындар үлгілерін кеңінен қолдану және ондай ойындарды олардың өзіне құрастырып, жасауына бағыт-бағдар беру.
Оқушы игеретін құзыреттіліктер:
Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі:
өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға, қажетті жағдайда анықтауға;
өзі тұжырым жасауға, қойылған міндетті орындауға, технологияны таңдауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық құзыреттілік:
ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, өңдеуге, сақтауға;
интерпретациялауға, қазіргі ақпараттық коммуникативтік технологияның көмегімен жеткізуді жүзеге асыруға көмектеседі.
Коммуникативтік құзыреттілік:
байланыстырып сөйлеуге машықтанады;
ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауда стиль мен жанрды таңдай білуге бағыттайды;
үш тілде сауатты, әуезді сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Оқушылар жасай білуі тиіс:
Сөйлеу мәнері белгілі жүйеге түсіп, әуезді сөйлеуге жаттығуы;
Өзі талдап баяндап отырған материалдың ерекшелігін дұрыс ажыратып, жолдастарына, мұғалімге нанымды түрде жеткізуге бейімделуі;
сөйлей білу, өзгені тыңдау, пікір алмасу дағдыларын дамытуы;
түрлі тапсырмаларды орындай алу дағдысының қалыптасуы;
тірек сызбаны сызып, талдай алуы;
шығармашылықпен жұмыс жасау, іздену, зерттеуі.
Күтілетін нәтиже:
тапсырмаларды сатылай кешенді талдай оқи отырып, оқушылар өздігінен жұмыс жасауға үйренеді;
топпен жұмыс жасауда өзара бір-біріне көмек көрсетуге, сыни пікір айтуға, сын көтеруге, бір-бірін тыңдауға, қателік жіберілсе оны түзетудің жолдарын іздестіруге бағыт-бағдар алады;
мұғалімдермен достық қарым-қатынас орнатуға бейімделеді;
өз біліміне, өзіне деген сенімділік орнап, құзыретті тұлға болып қалыптасады;
сауатты жазып, оқып, айтуға дағдыланады;
пәннен өтілген материалдарды жүйелі түрде түсініп, ғылыми тілде баяндауға машықтанады;
оқушылар мүмкіндігіне қарай пәндік олимпиадаларға, зерттеу жұмыстарына қатыса алады.
1. Мемлекеттік стандарт: 1-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Бағдарлама: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №8424 тіркелген оқу бағдарламасы негізінде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының мақсат, міндет ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылды.
Бағдарлама таңдау пәніндегі 33сағатына бейімделіп құрастырылған.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерін сатылай кешенді талдау
Тұрмыс-салт жырлары (4 сағат)
Бұл тарауда оқушыларды тұрмыс – салт жырлары арқылы тіл байлықтарын кеңейтіп, әдебиет сабағына деген қызығушылығын оятады. Сатылап, қарапайымнан күрделіге қарай талданып, талдаудың төрт сатысы меңгертіледі. Айтылым, жазылым іс-әрекеттері жүзеге асырылады. Түрлі жаттамақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдерді оқып үйреніп, сөздік қорлары баиды. Дүниетанымын, ой – өрісін кеңейтіп, өз бетімен әректтенуге үйренеді.
Мақал-мәтелдерді сатылай кешенді талдау (4 сағат)
Бұл тарауда мақал-мәтелдер туралы білім, білігін тереңдетіп, салыстырып, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастырады, мағынасын түсіне білуге үйренеді. Мақал-мәтелдер тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғады.
Тапсырмаларды орындау барысында логикалық ойлауын, ой дәлдігін
дамытады, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, түрлі амал-тәсілдер арқылы ізденеді. Ана тілін ардақтап, бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға қалыптасады.
Жұмбақтарды сатылай кешенді талдау (4 сағат)
Бұл тарауда жұмбақтар және олардың түрлері туралы түсінік алып, әңгімелеп, жұмбақ арқылы оқушылар зерделілік, танымдық, еріктілік ерекшеліктерін ұштайды. Өз беттерімен ізденіс үрдісін, адамгершілік
дағдыларын қалыптастырып, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырады.
Жұмбақтар арқылы ой - өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.
Жаңылтпаштарды сатылай кешенді талдау(4 сағат)
Бұл тарауда оқушыларға жаңылтпаштың халық ауыз әдебиеті шығармасының бір түрі екенін таныстырылып, түсіндіріледі және сатылай
талдау үлгілері беріліп, меңгерулеріне жағдай жасалады.
Ертегілерді сатылай кешенді талдау (6 сағат)
Бұл тарауда оқушыларға ертегі халық ауыз әдебиеті шығармасының бір түрі екенін түсіндіріліп, ертегілердің түрлерімен таныстырылып, және сатылай талдау үлгілері беріліп, меңгерулеріне жағдай жасалады.
Аңыз әңгімелерді сатылай кешенді талдау(4 сағат)
Бұл тарауда ауыз әдебиетінің бір түрі – аңыз әңгімелер екенін түсіндіріліп, аңыз оқиғалары шындық өмірден алынатынын, кейіпкерлері де – өмірде болған тарихта аты белгілі адамдар екенін түсініп және сатылай талдау үлгілері беріліп, меңгерулеріне жағдай жасалады.
Шешендік сөздерді сатылай кешенді талдау(4 сағат)
Бұл тарауда ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнердің алуан сипаттарын, шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұматты тереңдете түсініп, халқымыздың даналығының-шешендік асыл қазынасының тәлім-тәрбиелік сипаттарын, ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп өткен құнды мұра екендігін танытады.
Жат жазу, тест (3 сағат)
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында таныстырылғын тарау бойынша жатқа жазу талабы қойылады. Халық ауыз әдебиеті түрлерін сатылай кешенді талдап, берілген тапсырмалар қай түріне жататынын тауып сәйкестендіру тапсырмалары беріледі.
Шама тілі
А.К.Боранбаева, Г.Е.Аужанова, Б.К.Бектұрғанова
Құрастырылған әдістемелік құрал мұғалімге арналған. Бұл бағдарлама 2-сыныптың негізгі математика пәнінің мазмұнын басшылыққа алып, «Шама тілі» атты таңдау курсын «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен меңгеруге арналған.
Анықтама. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы дегеніміз – қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Сатылай кешенді талдау – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар, баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі.
Шығу тегі. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын жасауға өзге елдің озық ой-пікірлерімен қатар қазақ халқының төл ғалымдарының оқыту, тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдары, әдістемелік кешендері негіз етіп алынады. ОСКОТ-ның теориялық негізін А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов т.б. ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдамаларын басшылыққа алып, ағартушылық негізін – Ыбырай, Абай, Шоқан т.б. ағартушылардың педагогикалық ұстанымдарын технология авторы ұлттық құндылыққа негізелген әдіс-тәсілдер енгізіп, бастауыш сыныптардан бастап төменгідей пәндерге енгізудің жолдарын көрсетті, олар: қазақ тілі, ана тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика, тарих, география, биология, физика, химия, информатика.
Ерекшелігі:
Оқу материалының жүйелілігі, бірізділігі;
Табиғилығы;
Дағдыға басым бағыт беруі;
Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
Оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;
Оқушыларға берілетін білімнің саралануы;
Оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейде кем емес білім алуға еріктілігі;
Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
Жалпы білім беру жүйесіндегі пәндерге «Сатылай кешенді оқыту» технологияны енгізудің мақсаты:
Математика пәнінен оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге машықтандыратын, білімді тек қана белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық-психологиялық қасиеттердің үйлесімді дамуына бағыттталған оқытудың түрі.
Міндеттері: Мұғалім оқушыларға мәселе қояды, ойлаудың жолдарын үйретеді, оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс жасау әрекетіне бағыт-бағдар береді, сондықтан оқушы белсенді субъектіге айналады. Оқушылар өзара заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорытып, бірлескен ұжымдық әрекет жасайды. Олар өзін-өзі, бірін-бірі бақылау, бағалау, пікір айту, баяндау, проблемалық, ізденушілік, шығармашылық, зерттеушілікке бейімделеді. Оқушыларда өз біліміне деген сенімділік орнап, кез келген ортада құзыретті тұлға ретінде түрлі жағдаяттан шығуға машықтанады.
Достарыңызбен бөлісу: |