Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту



Pdf көрінісі
бет51/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

Франклин Делано Рузвельт
 (1882-1945) – американдық мемлекеттік-саяси қайраткер, 
АҚШ-тың 32-ші президенті, ең жоғарғы мемлекеттік қызметке 4 мәрте тағайындалған, 
мемлекет тарихындағы жалғыз ғана президент. Құрама штатқа Ұлы тоқыраудан шығуға 
кӛмектескен «Жаңа бағыт» атты экономикалық бағдарламаның авторы. Сонымен қатар, 
БҰҰ-н құру мәселесін шабыттандырған бірден-бір тұлға болып табылады.
Ф. Рузвельт – қиын-қыстау кезеңде бүкіл халықты бір мақсатқа жету үшін бір жұдырыққа 
жұмылдыра алатын қабілеті бар кӛшбасшы. Ауыр кеселді басынан ӛткізіп, мүгедек арбасына 
таңылған саясатшы, кӛптеген мамандардың басын біріктіре отырып, экономиканы 
сауықтыруға бағытталған реформаны конгрессте колдауға қол жеткізді. Рузвельт әкімшілігі 
Германиядан келген еврей-босқындарына баспана берді. Айрықша батылдыққа, 
мақсаттылыққа ие және қатаң мінезді қайраткер, ХХ-ғасырдың 30-шы жылдары және 40-
жылдардың бірінші жартысында халықаралық саясатқа үлкен септігін тигізді.
 «Бақыт дегеніміз – белгілі бір мақсатқа қол жеткізген кездегі және шығармашылық 
кҥш-жігерді шынайы сезінген кездегі қуаныш»
Нельсон Ролилахла Мандела
 (1918-2013) – Оңтүстік Африка Республикасының 8-ші және 
алғашқы қара нәсілді президенті, адам құқығын жақтаушы және апартеидке қарсы танымал 
тұлға. Ӛзінің әрекеті үшін 1962 жылдан 1990 жылға дейін 27 жыл түрмеде отырған. 1993 
жылы әлем сыйақысының Нобель иегері, халықаралық деңгейдегі 50 университеттің 
құрметті мүшесі.
Н. Мандела – транзакциялық кӛшбасшының керемет үлгісі. Ол, бүкіл ӛмірін ОАР қара 
нәсілді халқының ақ нәсілділермен тең құқықты болуына арнай отырып, бейбітшілік 
транформацияға жақтасты. Дегенмен, Африкалық Ұлттық Конгресстің (АҰК) қарулы 
күштерімен диверсиялық актілер жүргізе отырып, әділбікті дәлелдеуден тайсалмады. 
Мандела 1994 жылы президенттік сайлауда жеңіске жете отырып, Ұлттық партияның басты 


158 
саяси оппоненті Ф. Де Клеркті ӛзінің бірінші орынбасары етіп тағайындады. Оған 90-
жылдары басталған бірыңғайлау процесін аяқтауға тапсырма берді. Қазіргі таңда бұл саяси 
қайраткер, ВИЧ-СПИД-ке қарсы тұрған бірден-бір беделді тұлға болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет