Вестник Евразийского национального университета им. Л. Н. Гумилева Серия Юридические науки. 2012 №2-3 (12-13)



бет8/24
Дата15.09.2017
өлшемі6,34 Mb.
#32657
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

Әдебиеттер тізімі:

1. Сәуле Бекенқызы. Құран. Арабша транскрипциясы және қазақша мағынасы. Райымбек қайырымдылық Ислам бірлестігі - Алматы, 2012.

2. Мырзатаев Даулеткелді. Қолжазба. - Көкдөнен. - 2008.

3. Ғалымжан Нұрышев «Жаңа тұрпатты ұстаз жаңарған қоғамға қажет» ЕҚ // № 90-93 (25939) 12 Наурыз жұма, 2010.

4. Игенбаева Р.Т. Жоғары мектеп педагогикасы. - Алматы, 2011.

5. Кукушкин В.С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособие для учителя. (Серия «Учение с увлечением»). – Ростов н/Д: Феникс, 2004. - 384 с.

6. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, 2005.

7. Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке даярлау жолдары. - Өскемен, 2004.

8. Б. Тұрғанбаева. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. - Алматы, 1999.

9. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. - М., 1988.


Хамзина М.Ғ., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – нің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының аға оқытушысы
ҚАЗАҚСТАНДЫҒЫ САЯСМ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
В данной статье были рассмотрены актуальные вопросы о становлении политико- правового режима в Казахстане. Затронуты вопросы политико-правовых средств и способов осуществления государственной власти, выражающих ее содержание и характер.
Ключевые слова: глобализация, реформа, модернизация, независимость
This article analyzed important questions about the formation of political and legal regime in Kazakhstan. The issues of political and legal means and methods of implementation of the government, which express its content and character, were discussed.
Keywords: globalization, reform, modernization, independence
Бүгінгі таңдағы жаһандану дәуірінде мемлекеттің саяси жүйесінің жетілдірілуінде құқықтық дамуының ен негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты.Бұл мәселеге қатысты мысалдарды көршілес ТМД елдеріндегі және Еуропаның ішкі қақтығыстарды шешудегі билік ұйымдарының іс-әрекеттерінен көре аламыз. Саяси режим-әр мемлекеттегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген,саяси райды сипаттайды. Саяси режимнің мән-мағынасын толық айқындау үшін,оның белгілеріне тоқталып өтейік:-саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;

-мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтардың арақатынасы;

-жеке адамның бостандығының кепілі;

-қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шынайы сипаты;

-халықтың саяси билікті іске асыру деңгейі;

-ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі мен мемлекеттік аппараттың ашықтығы,

-мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамының саяси жүйесіндегі орны және ролі;

-заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.

Саяси режим-мемлекетте билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы мәселесінің өзекті екендігін ескеріп,біз мақалада саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына өте терең ықпал жасайтын саяси факторларының дамуының тарихи-құқықтық қырларын зерделедік.

Елімізде құқықтық мемлекеттің қағидаттарын одан әрі бекіту үрдісінде, бір жағынан, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ең жоғарғы ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды. Мемлекетімізде қалыптасқан саяси-құқықтық режимді дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізіліп,саяси шешімдер қабылданып отырады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 17 тамызда «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының шығуы еліміздегі саяси-құқықтық жүйеге қатысты реформалардың қажеттілігін және өзектілігін көрсетеді.

Сонымен қатар мемлекетіміздің саяси-құқықтық оқиғаларына мемлекет басшысының жүйелі түрде талдау жасап, баға беріп отыруының нақты көрінісі.

Ендеше еліміздің зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан жиында Елбасының мемлекеттілікке қатысты: «Бұл – Қазақ елінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп: Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? – деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл әрбір азамат туған елінің, туған халқының тағдыры ешкімдікінен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл – әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз»– деп саяси-құқықтық тұрғыда тереңінен толғауы жалпы жұртшылыққа ой салумен қатар, қоғамдық ғылым салаларына, әсіресе мемлекет және құқық тарихын зерттеушілерге зор міндеттердің жүктеліп отырғандығын көрсетті.

Бүгінгі Қазақстан халқы азат, тәуелсіз елге айналды. Ол - қазақ жұртының ғасырлар бойғы арманы еді. Егемендік алғаннан бергі 19 жыл ішінде Қазақстан Республикасы ғасырларға тән сан-салалы саяси-құқықтық өзгерістерді басынан кешірді. Дүние жүзіне өзімізді бейбітшілік сүйгіш халық, өркениетті саясаты бар,құқықтық мемлекет ретінде танытып үлгердік. Алайда «өзгеге таныту үшін өзімізді тану қажеттігін» билігімізді нығайтып, құқықтық мемлекетті құруды қолға алғанда барып түсіндік. Тәуелсіздік ұзақ жылдардағы ұлтты азат ету,мемлекеттіліктің саяси-құқықтық жүйесін қалыптастыру жолындағы саяси күресінің заңды нәтижесі болғандығын өскелең ұрпақтың мықтап есінде ұстағаны жөн деп ойлаймыз. Қазақ елінің өткен ғасырдың басындағы маңызды оқиғаларының саяси-құқықтық сабақтарына көңіл қойып, зерделеу бүгінгі таңдағы құқықтық мемлекет дамуының мақсаттарынан туындап отыр.

Осынау кезеңдегі саяси-құқықтық режимнің қалыптасу жолындағы күрестің көшбасында халқының ақыл-айнасы, жанашыры болған ұлтымыздың таңдаулы қайраткерлері тұрды. Егер төңкеріске дейін-ақ қазақ жұртының санасына саяси-құқықтық ойдың сәулесін түсіріп, оятқан, азаттық жайлы идеяның негізін қалап бағыттаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатовтардай көсемдері ұйытқы болған Алаш зиялыларының саяси-құқықтық қызметі деп білсек, ізінше 1916-17 жылдардың ұлт-азаттық күресі мен саяси режим төңкерістерінің аласапыранында қалыптасып, шынығып, айқындалып, саяси билікке көтерілген Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, Н.Нұрмақов, Ж.Досмұхамедов т.б. зиялы қауымды көреміз. Алдыңғылар негізінен ағартушылық, саяси-құқықтық қызметімен еліміздің болашақ даму жолын саралап берген болса, кейінгілер кеңес билігі шеңберінде ұлттық мұраттарды жүзеге асыруда бар күш-жігерімен саяси стратегия жасады. Олар жоғалтып алған мемлекеттік белгілерімізді қалпына келтіріп, Қазақстанның шынайы саяси тәуелсіздігінің негізін қалауға орасан зор күш жұмсады. Бөлшектелінген қазақ жерін біріктірді, экономикасының түзеліп, оңтайлы саяси-құқықтық режимнің дамуына жағдай жасады.

Өкінішке орай, ұлтымыздың зиялылары түгелдей дерлік тоталитарлық режимнің қысымын көрді, абақтыға қамалды, елден қуылды, кейінгі қуғын сүргін науқанында репрессия құрбанына айналып, жазықсыз мерт болды.

Алайда, олардың саяси-құқықтық идеялары мен есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен де, озбыр режим олардың өз халқына деген жанпида қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін санамыздан өшіре алған жоқ. Тіпті, қатал саяси-құқықтық режим әлсіреген тұста көпшілігінің ақталғанымен де, олар туралы толық шындықты айтып, ақ-қарасын тануға идеологиялық құрсау мүмкіншілік бермеді. Осылайша, халықтың тарихи жадында сақталып келген сол ұлтжанды заңгерлеріміздің есімдері мен мол мұралары тәуелсіздік тұсында қайта жаңғырды. Бірқатар ғылыми жұмыстың арқауына айналып, жүйеленген саяси-құқықтық тақырыпта немесе жеке саяси тұлға ретінде зерттелді.

Құқықтық мемлекетті модернизациялауда ұлттық заңгерлердің мұрасы өткен мен болашақтың рухани көпірі. Олардың тұлғалық мұратын ақиқаттын бағалаудың өзі, саяси-құқықтық болжам жасауға жарайтын білімі мол үрдіс. Әсіресе елдің әр түрлі саяси-құқықтық режимдер аясындағы қажеттіліктеріне бағыт бағдар жеткізіп отыратын саяси зиялылардың ұлағаты.

Демек, біздің де бұл мақаламыздағы мәселелер Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық режимінің қалыптасуына ықпал еткен ұлт зиялыларының қызметі, демократиялық бағыттағы модернизациялық саяси ойлар мен құқықтық көзқарастардың қалыптасып дамуы, мәні, қоғамымызды ілгерлетудің рөлі мен ерекшеліктері, яғни, оған ат салысқан саяси күштер мен ағымдар, көрнекті саяси қайраткерлерінің жанкешті қызметінің айтылмай, зерттелмей келген олқылығын, саяси-құқықтық талдай отырып толтыру қажеттігінен туындап отыр. Осы орайда біз мақаламызда Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына ықпал ететін үрдістерді зерделеп, талдауға ұмтылыс жасадық.Қазақстан мемлекетінің жүйелік басқаруын модернизациялау билік органдары мен басқаруды халыққа жақындатудың қамтамасыз етілуіне негізделген. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген «биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық» туралы ережесін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарына тікелей немесе билік органдары арқылы өз еркін білдіру құқығы берілген. Сондықтан Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық жүйесін реформа жасау арқылы модернизациялау басты бағыты болып табылады.

Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына,оның саяси-құқықтық қырларының негізделуінде көп еңбек еткен, өткен ғасырдың басында шыққан зиялылардың қоғамды саяси-құқықтық модернизациялау іс-әрекеті халыққа танылды: олар бүгінгі құқықтық саясатпен сабақтас, жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыстың бастауында тұрды. Бұл сол кезеңдегі саяси-құқықтық режимінің талаптарына балама ұсыныстар жасаған , қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған аз ғана тұңғыш заңгерлерінің жаңа сапалы легі жалпыұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Модернизация мақсаты modernity, немесе қазіргі уақыт жағдайы ретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету. Бұл жағдайдың дамыған үлгісі ретінде нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика танылады. Модернизация мен жаһандану үрдістерін байланыстырса, онда қарым-қатынастардың капиталистік жүйесі тек модернизациялық қана емес, сонымен бірге жаһандану үрдістердің де негізінде жатқаны анықталады. Олардың бірі саяси-құқықтық жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы деп дәлелдесе, екіншілері оны өзара қарым қатынас жүйесі деп есептейді.

Қазақстандағы саяси-құқықтың режимді оңтайлы түрде жетілдіруге қатысты принциптердің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының 2010 жылыдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында да атап көрсетілген:«Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін дамыту тиімді де жинақы мемлекеттік аппарат құруға жаңа басқару технологияларын енгізуге,әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформаны құқықтық қамтамасыз етумен тығыз байланысты.Ал бұл-құқықтың әкімшілік тәрізді саласын реттеу аясы, оның маңызды міндеті-биліктің барлық деңгейінде мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету». Қоғамның саяси-құқықтық жүйесін модернизациялау дегеніміз – жалпы алғанда белгілі бір әлеуметтік топтардың, ұлттардың әрқайсысына және бәріне тең мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді. Қоғамның саяси-құқықтық жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгерістерге түсіп дамиды.

С.Хантингтонның саяси құқықтық көзқарасына сәйкес саяси модернизацияның құқықтық тетіктері мен қозғалысын қарастырсақ, модернизацияның бастамасы үшін саяси элитада реформаны бастауды оятатындай ішкі және сыртқы факторлардың кейбір жиынтығы қызмет етеді. Қайта құрулар экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғай алады, бірақ дәстүрлі саяси жүйеге қатысы болмайды. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық модернизацияны «жоғарыдан» әлеуметтік-экономикалық жағынан ескі саяси-құқықтық институттар шеңберінде және дәстүрлі элита жетекшілігімен жүзеге асырудың принципі мүмкіндігіне жол беріледі. Алайда, дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту үрдісі ойдағыдай аяқталуы үшін бірқатар шартты қадағалау қажет, ең алдымен, қоғамның түрлі саласында болатын өзгерістер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету керек. Бұдан басқа билеуші элитаның тек қана техникалық - экономикалық жағын ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі институттардың өзгеріс жағдайларына ыңғайлану үрдісімен қатар жаңасын да құрайтын саяси-құқықтық өзгерістерді жүзеге асыруға дайын болғаны жөн.

Қазақтар арасынан шыққан зиялылардың қоғамды саяси модернизациялау іс-әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыстың бастауында тұрды. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің даму эволюциясында әр түрлі саясат, айла-тәсілдер қолданылды.Бірақ өз заманындағы саяси режимнің қатал талаптарына қарамастан қазақ заңгерлері Ресей Федерациясының Мемлекеттік Дума мінбесінен де тәуелсіз, егемен мемлекеттің күн тәртібіне қойылатын мәселелерді көтерді.

Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» атты мақаласында мынадай жолдар бар: «...Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесепаты әр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай келеміз...Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз...». Осы ғылым мен өнерді керек қылатын «қазақтардың» көбеюі Ахмет Байтұрсынұлының ойынша, халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. А.Байтұрсынұлы РКП(б) қатарына өтерінде: «...азат етілген қазақ халқы қаналған адамзаттың бүкіл басқа бөлігімен бірге ғана, яғни дүниежүзілік революция, дүниежүзілік федерация арқасында ғана бақытқа жете алады» деп жазды.

А. Байтұрсынұлының көрегендікпен айтқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру арқылы ғана бақытқа жететіндігі туралы саяси-құқықтық идеясы бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр. Өздерінің өмірі мен іс әрекеттерін халқына арнаған осындай ұлтжанды азаматтарды ешқандай да саяси режимнің тетіктері тоқтата алмады. 1924 жылдың 5-10 қаңтар аралығында өткен Кеңестердің Бүкілқазақтық IV съезінде Н.Нұрмақов ҚАКСР Конституциясының жобасы жайлы баяндама жасады.

Қазақстанда соңғы жылдары экономист ғалымдармен қатар ірі мемлекет қайраткерлері,заңгерлер де дағдарыстан шығудың жолдарын басты назарда ұстап келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дағдарыстың болу себебі мен дағдарыстан шығудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей келе, тұжырымдап айтқан пікірлері біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде қызу талқылануы, саяси ойлары әлемдік модернизацияға негізделгені байқалады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев саяси-құқықтық жүйені модернизациялауда реформалардың тиімділігінің, харизматикалық типке негізін қалаушы ұлы ойшылдардың – Н. Макиавелли, Ж. Руссо, М. Вебердің саяси-құқықтық ойлары негізінде, мемлекеттің 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Президенттің биылғы Жолдауында 2020 жылға дейін атқарылатын нақты саяси шешімдер, әлеуметтік мәселелер, тұрақты экономикалық даму және «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» негізінде Еуразиялық Одақ құру идеясын жүзеге асыру айқындалған.

Конституциялық реформа аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттігі өсті. Біздің көп ұлтты еліміздің барлық халқының мүдделерін бейнелей отырып, Ассамблеядан сайланған депутаттар Қазақстандағы этносаралық бітім мен келісімді нығайту үдерісінде айрықша рөл атқаруы тиіс.

Қазақстанда қазіргі заманғы саяси-құқықтық жүйені дамыту міндеті тұр. Бұл үдерісте саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиіс. Партиялық тетіктерді нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына,құқықтық мемлекеттің одан әрі жетілуіне халықты саяси-құқықтық үрдістерге кеңінен таратуға жағдай жасайтын болады.

Модернизация мемлекетті әкімшілік реформа саяси және құқықтық реформалар бағдарламасындағы әкімшілік басымдылық ретінде қаралатын жоғарғы дәрежедегі бағалы үрдіс болып табылады. Тіпті Батыстың тұрақты демократиялық елдерінде де күрделі институционалдық проблемалар қалыптасуы мүмкін. Бұл басқа елдерден жай ғана көшіріп алатын мемлекеттік басқарудың ізгі жүйесі болмайтынын дәлелдейді.

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметінде қоғамдағы мәселелер мен қарама-қайшылықтарды ажырататын қоғамдық пікірдің барометрі ретінде шығады. Азаматтық институттар азаматтардың мұқтаждықтары, мүдделері мен үміттерінің бейнесі мен артикуляцияларының формасы ғана емес, сондай-ақ оңай шешімді жасау тетігі. Өз қызметінің секторальдық сипатының арқасында, саяси партиялардан, нарықтық құрылымдардан немесе мемлекеттік биліктен гөрі үкіметтік емес ұйымдар қарапайым азаматтардың шынайы мүдделерінің жедел және дәл рефлексиясы болып табылады.Үкіметтік емес сектордың құрылуы қазақстандық мемлекеттіліктің құрылуымен, әлеуметтік демократиялық,құқықтық мемлекеттің даму кезеңімен сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында, таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз ететін болады. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының шешуші бағыттарын табысты іске асыру үшін тиімді мемлекеттік аппарат қажет. Осыған байланысты мемлекеттік секторды реформалаудың басым бағыттары анықталған. Тиімділік, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарымен әкімшілік реформаларды тереңдету көзделеді.

Елді индустриалды әлемге бейімдеу мемлекет басшысының «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялау жолында», «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауларына байланысты саяси шешімдер қабылдануда.

Қазақстанда саяси-құқықтық режимнің қалыптасуында қоғамдық ойдың модернизациялану мәселелерін салыстырмалы талдай келе ХХ ғасыр басындағы саяси-құқықтық процестерге шолу жасай отырып, ұлт арасынан шыққан зиялылардың іс-әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық саяси қозғалыстың футурологиялық бастауында тұрды деуге негіз бар. Бұл істің басы қасында болған, Ресей университеттерінен білім алған қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған заңгерлері,тұңғыш интеллигенттердің жаңа сапалы легі саяси-құқықтық режимге сәйкес сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Қазақ мемлекетінің зиялылары саяси-құқықтық ойды үздіксіз дамытуға ат салысты. Олар күрестің көшбастауында тұрған саяси тұлғалар болашақ Қазақ мемлекеті туралы бағдарламалардың гносеологиялық негізін қалады.

Жаңа дәуір заңгер-ойшылдары мемлекеттің саяси иниституттарды қалыптастырып саяси-құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіру негізгі екі қағидаға – еркіндік пен теңдік принциптеріне көңіл бөліп, адамның өзіндік құндылықтары мен өкілдік демократия идеяларын негіздеуге талпынды.

Қазіргі кезде коғамды модернизациялаудың атауы бірнеше мағынада: мемлекеттің тұрпаты мен жалпы жүйесін; мүшелерінің теңдігіне; басқару органдарының сайланбалылығына және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның сипатын; қоғамдық құрылымның мұраттарын және соны жақтайтын саяси көзқарастар жемісін бейнелеу үшін қолданылады.

Жергілікті ұлт өкілдері арасынан шыққан қайраткерлер қоғамдағы саяси-құқықтық процесті модернизациялауға ықпал жасай отырып, көпшілікке танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыстың бастауында тұрды.

Саяси-құқықтық ойларын бір жүйеге тұжырымдап, талдап мемлекеттің нығайып дамуын болжап, қандай саяси шешімдер қабылдау керегін түсініп айқындаған.

Осы кезеңде идеялар алмасудың алғашқы түрлері пайда болып, төменнен партия немесе саяси қозғалыс құру қажеттігі туралы ортақ көзқарастар жинақталды. Ресейдегі саяси жағдайдың күрделеніп көп партиялардың қалыптасуының әсерінен, қазақ елінде де «Кадеттер мен эсерлер» партиясы, «Алаш» партиясы және «Үш жүз» партиясы құрылды. Тәуелсіздік алған жылдарында Қазақстанның Социалистік партиясы, Қазақстанның Халық конгресі партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Республикалық Еңбек саяси партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Республикалық социал демократиялық «Отан» партиясы, Қазақстанның Республикалық Халықтық партиясы т.б. партиялар құрылып тәуелсіздіктің нығайуына ықпал жасады.

Мемлекет Конституциясы күн тәртібіне жауап бере алатын жетілдірілген Қазақстан Орталық Азия аймағына саяси-құқықтық модернизация үлгісі бола алады. Экономикалық жағдайдың тұрақталуы және біржолата нарықтық экономикаға көшу биліктің президенттік басқару түрінен президенттік парламенттік биліке көшуге жағдай жасады.

Қоғамды модернизациялау әлемдік ғаламдық үрдіс болса, Қазақстанның саяси-құқықтық жүйені модернизациялауы әлемдік қауымдастықтың даму тәжірибесіне қосылған қомақты үлесі болып табылады. Оған негіз ретінде мына мәселелерге тоқталуға болады.

- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстан төрағалық мәртебелік миссиясын Еуропа мемлекеттерінің қолдауы;

- ЕҚЫҰ ның өзгеде мемлекеттермен бірге Қазақстан қазіргі әлемдік модернизация мәселелерінде Шығыс пен Батыстың арасын түсіністік арқылы жақындастыруға бағытталған;

- 2030 бағдарламаның құжаттары қоғамға қажетті реформаларды дамыта отырып уақыт талабына сай елдің ішкі және сыртқы саясатында әлемдегі өзгерістерді үзбей бақылай алатын биліктің бар екеніне сендіреді;

- Қазақстан сан алуан ұлттар мен діндер өкілдерінің мекені болумен ерекшеленеді. Отанымызда 100 дей этнос 40-тан астам конфессия өкілдері бір шаңырақ астында татулықта тұрады;

- Астанада 2003 жылдан бастап конфессияаралақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үш съезі болып өтті;

- Еуразиялық кедендік Одақ құру жөніндегі бастаманың интеграциялық әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың дағдарыстың болу себебі мен одан шығудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей келе тұжырымдап айтқан пікірлері біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде қызу талқылануы, саяси ойлары әлемдік модернизацияға негізделгені байқалады.

Сонымен, байқағанымыздай, қазақ зиялылары болашақ қазақ мемлекетінің құрылысын парламенттік, өкіметті демократиялық тетіктер арқылы, қоғамдық реформаторлық, яғни модернизациялауды жетілдіруді мақсат етті.

Осылайша, қазақ қайраткерлері қуғын-сүргінге тап болса да ұлттың мұраты жолында өздері мойымайтын, үнемі өсу жолында болатын дара тұлғалар екендігін дәлелдеді, саяси ахуалдың тұрақтанып, елі егемендікке ие болатынына кәміл сеніп аксеологиялық зертеулер жүргізді.

Қоғамды модернизациялаудың ең бастысы Қазақстанда президенттік-парламенттік басқаруға көшу демократияландыру ісіндегі өте айтулы оқиға болды. Ол тіпті де ел Президентінің билігін осалдатпайды. Президент өзіне тән қызметін сақтайды. Ол елдің саясат алаңындағы түрлі биліктік күштердің қарым-қатынасын реттеп отырады.

Нарықтық экономика барысында саяси ойды билікті модернизациялауда өз пайдасына бұрмалайтын қаржы алпауыттарын ауыздықтайын құқықтық құжат пен күшті саясат та қажет. Өкілді иниституттарды ұйымдастыру-әдістемелік, құқықтық, ақпаратттық көмек көрсету бойынша рөлін белсендіре түсу; мәслихаттардың өз құзыреті шегінде заңдарды орындау үшін жауапкершілігін арттыру. Жергілікті өкілді органдардың қызметін жетілдіру мәселелері және мәслихаттардың басқа органдармен өзара қарым-қатынастарын дамыту оның модернизациялауда көпжақты сипаты бар екені анықталды.

Президент Н.Ә. Назарбаев ұстанған саяси стратегиялық бағыттың дұрыстығының арқасында Қазақстанда саяси-құқықтық жүйенің модернизациялық даму жолына түсіп, дүниежүзілік қауымдастыққа танылып отыр. Енді әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 мемлекетінің қатарына қосылу мақсаты осы заманға сай қоғам өмірін жетілдіруді, демократияны одан әрі дамытуды талап етеді.

Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуында саяси-құқықтық ойдың қоғамды модернизациялаудағы рөлі саяси тәжірибесі биліктің жергілікті органдарының дамыған институттары билік құрылымдары болғанымен азаматтық қоғамның маңызды элементі болып табылатыны туралы мәлім етеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі мемлекеттік биліктің жергілікті өкілді органдары қоғамдық басқарудың, қоғамды демократияландырудың аса маңызды құрылымдық бөлігі ретінде қаралады. Орталықтан автономияның маңызды дәрежесі бар биліктің өкілді органдарының болуы, мемлекеттік биліктің нақты фрагментациясына әсер етеді, биліктерді бөлу қағидасының тәжірибеде жүзеге асырылуы, қоғамдағы плюрализмнің бейнесі болып табылады. Қазіргі Қазақстан үшін азаматтық қоғам мен жергілікті басқарудың саласындағы бай және терең салт-дәстүрлері бар дамыған елдердің тәжірибесін ажырағысыз және жауапты бөлігі ретінде зерделеу мен тиімді пайдалану ең өзекті мәселе болып табылады.Қазақстан Республикасындағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына қатысты мәселелер әлі де болса толыққанды зерттеуді қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет