Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»



бет5/18
Дата17.06.2018
өлшемі457,14 Kb.
#43043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

8-тарау. Аусыл ауруы
      79. Халықаралық Эпизоотия Бюросының (бұдан әрі – ХЭБ) Жер үсті жануарларының санитариялық кодексінің ұсынымдарына сәйкес, аусыл вирусының эпизоотиялық штаммы табиғи жағдайда жұқтырылған жануарлардан вакцина егілген жануарларды ажырату мақсатында аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарына қарсы денелерді анықтау бойынша серомониторингтік зерттеулер жүргізіледі.
      Аусыл вирусының эпизоотиялық штаммы жұқтырылған жануарлардан вакцина егілген жануарларды ажырату аусыл диагностикасы бойынша ХЭБ ұсынған әдістермен жүзеге асырылады.
      Аусылға қарсы вакцина егілмеген жануарлардың арасынан аусыл вирусы эпизоотиялық штаммының әр түрлі типті құрылымдық емес ақуыздарына реакция берген жануарлар анықталған жағдайда, ХЭБ ұсынымдарына сәйкес, мұндай жануарлар санитарлық союға жатады.
Аусыл бойынша қолайсыз пунктте жүргізілетін
іс-шаралар
      80. Қолайсыз пунктке карантин қойылады.
      81. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) бөлімшелері ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық инспекциясымен келісім бойынша буферлік зонада және қолайсыз пунктте жануарлардың аусыл ауруына қарсы күрес жөнінде төтенше жоспар жасайды, ол мынаны көздейді:
      1) облыс және аудан орталықтарында ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарын тарта отырып, аусылға қарсы барлық іс-шараларды басқаруға және үйлестіруге жауапты жедел топтарды құруды, сондай-ақ ветеринария саласында уәкілетті орган ведомствосының аусыл бойынша жұмыс тобымен өзара іс-қимылды;
      2) ветеринариялық қызметтің, ішкі істер органдары, кеден және шекара қызметтерінің аумақтық құрылымдарының олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыретін ескере отырып, аусылға қарсы күрес бойынша жедел және келісілген іс-әрекеттерін;
      3) жануарлардың аусыл ауруымен күрес жөніндегі іс-шараларда адами және материалдық ресурстарға, соның ішінде аусылдың таралуын болдырмау үшін басқа облыстардан бар ресурстарды тарту мүмкіндігімен баса назар аударуды;
      4) шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекара арқылы жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен басқа да бақылауға жататын жүктерді заңсыз өткізудің негізі бағыттарын анықтай отырып, аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды жедел бағалауды;
      5) биоматериалдардың сынамасын алуды және одан әрі молекулярлық деңгейде вирустардың сипатын анықтай отырып, зертханалық зерттеулер жүргізуді;
      6) қолайсыз облыстарда және тәуекел дәрежесі жоғары аймақтарда аусылға сезімтал жануарларды тасымалдауды және көршілес мемлекеттермен шекарада орналасқан мал сою пункттері мен мал базарларының жұмысын тоқтатуды;
      7) аусылдың таралуының және аусыл өршуінің мүмкін болатын салдарының әлеуетті ауқымын бағалау үшін ақпарат жинақтау;
      8) жеке аулаларға, шаруашылықтарға, тірі мал сататын базарларға, қайта өңдеу кәсіпорындарына, сою объектілерін инспекциялау жолымен аусыл бойынша тәуекел дәрежесі жоғары аймақтарда белсенді бақылауды жүзеге асыруды;
      9) аусылдың таралуын азайту мақсатында карантин режимін енгізуді және жануарларды тасымалдауды шектеуді;
      10) өтемақы төлей отырып, ауру және ауру малдармен жанасқан жануарларды алып қою және жоюды;
      11) аусыл ошағына дезактивация жүргізуді және ауру қоздырғыштарының механикалық жолмен берілу тәуекелін жоюды;
      12) аусылдың қауіптілігі туралы тұрғындардың хабардар болуын арттыру және аусылды тану бойынша ақпараттық материалдарды (буклеттер, плакаттар және кітапшалар) тарату, ауруды тапқан кезде жануарлардың иелерінің әрекеттері және жануарларды қорғау шаралары жөнінде жұмыстар жүргізуді;
      13) ЖАЖ-технологияның бағдарламалық өнімін пайдалана отырып, аурудың шығуын модельдеуді, деректерді картаға түсіруді және аусыл бойынша молекулярлық зерттеулер жүргізуді;
      14) аусылдың шығу себептерін, ауру таралуының болжамды ауқымын және клиникалық белгілерін белсенді түрде іздеу арқылы вирустардың айналымын анықтау мақсатында аумақтарда, шаруашылықтарда, мал базарларында және жеке аулаларда эпизоотологиялық тексеру жүргізуді;
      15) аусыл бойынша қолда бар ақпараттың негізінде шектеу аймағын, бақылау аймағын және қорғау аймағын картаға түсіру және анықтау;
      16) шектеу аймақтарында аусылға сезімтал жануарлардың барлық түріне күнделікті клиникалық тексеру жүргізуді, бақылау мен қорғауды және аурудың кез келген жағдайы және күдігі туралы хабарлауды;
      17) профилактикалық дауалау жүргізу үшін, шектес мемлекеттермен шекаралас жоғары тәуекел дәрежелі аудандарды анықтауды;
      18) мынадай стандартты жедел рәсімдерді әзірленімдеуді:
      Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа биоматериалдардың сынамаларын беру бойынша;
      жұқтырылған қора-жайларды, анықтау бойынша;
      әкімшілік аудандар мен табиғи шекаралар (өзен, көл, тау) шегінде шектеу аймағын, жұқтырылған аумақтың айналасында диаметрі 3 километр бақылау аумағын және диаметрі 10 километр қорғау аймағын анықтау бойынша;
      өтемақы төлей отырып, ауру және ауру малдармен жанасқан жануарларды бағалау бойынша;
      тәуекелді бағалауға сәйкес, жұқтырылған қора-жайларда ауру жануарларды сою және жою бойынша;
      мал сойылған қора-жайлар мен аумақтарды тазарту және дезинфекциялау бойынша;
      аусылдың клиникалық белгілерін анықтау үшін шаруашылықты инспекциялау бойынша;
      аралығы 3 жыл бойы бірінші рет еккеннен кейін бір айдан кейін, екінші рет егуден кейін 6 айдан кейін етіп қорғау аймағында жануарларға вакцина егу бойынша;
      кейіннен аусыл кезінде шектеу қоя отырып, карантинді алып тастау бойынша;
      19) мыналарды:
      басқа облыстардың қолайсыз аймақтарымен ветеринариялық-санитариялық бекеттер ұйымдастыруды;
      көршілес облыстарда аусыл бойынша эпизооттиялық жағдай қиын болуына байланысты облыс шекарасы бойына карантиндік аймақ орнату туралы шешім қабылдауды;
      мыналарға:
      қол жүктерін физикалық бақылауды қоса алғанда, сауда-экономикалық және тұрмыстық байланыс бойынша өткізу пункттері арқылы көршілес облыстардан адамдардың және автокөлік құралдарының өтуіне;
      облыстық әкімшілік аумақты қорғау жөніндегі мемлекеттік органдардың құзыретін ескере отырып, облыс аумағына көршілес облыстардан жануарлардың заңсыз тасымалдануына;
      облыс ішінде қолайсыз аудандардан қолайлы аудандарға ауру немесе ауырып жазылған жануарларды бақылаусыз өткізуді қадағалауды бақылауды күшейту бойынша бірлескен іс-шаралардың ведомствоаралық жоспарын әзірлеуді және бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының шекарасын қорғау бойынша іс-шараларды.
      82. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшесі «Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығына сәйкес аумақтарды аймақтарға бөлуді жүзеге асырады. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары аймақтарды белгілеу үшін қажетті негізгі параметрлерді көрсете отырып, географиялық картаны жүргізеді.
      83. Қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар мыналарға жол бермеуді көздейді:
      1) аусыл бойынша қолайсыз пункттен жануарлардың барлық түрлерін, оның ішінде құстарды әкелуге (кіргізуге) және әкетуге (шығаруға);
      2) қолайсыз пунктте жануарлардан алынған азық-түліктер мен шикізаттарды, мал азығын, азықтық қоспаларды дайындауға және одан шығаруға, сондай-ақ ауру жұққан мүкәммалды, материалдарды және өзге де материалдық-техникалық құралдарды шығаруға;
      3) ошақтың, қолайсыз пункттің ішінде жануарларды қайта топтастыруға (ауыстыруға);
      4) ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктердің көрмесін, базарларын, жәрмеңкелерін, нарықтарын және саудасын өткізуге, сондай-ақ қолайсыз пункттің аумағында жануарлардың, адамдардың және көліктердің шоғырлануына байланысты басқа іс-шараларды өткізуге;
      5) қолайсыз пункттен сүтті шығаруға және пайдалануға;
      6) жануарларды қолдан ұрықтандыру үшін қолайлы шаруашылықтарға ұрықты шығаруға;
      7) көліктің барлық түрлерінің қолайсыз пункт арқылы өтуіне. Көліктердің межелі жеріне өтуі үшін айналып өтетін жолдары анықталуы және көрсеткіштермен белгіленуі тиіс. Қажет болған жағдайда қолайсыз пунктке арнаулы тағайындалған көліктің кіруіне және шығуына болады. Бұл ретте, қолайсыз пункттен шығарда көлік, шығатын адамдардың сыртқы киімдері және аяқ киімдері міндетті түрде дезинфекциялауға жатады. Осы мақсатта қолайсыз пункттің шекарасындағы бір жолды жеке арнап кіретін адамдардың (немесе шығатын) сыртқы киімін зарарсыздандыру үшін дезинфекциялау камерасын, дезинфекциялау ерітіндісі және аяқ киімді дезинфекциялау үшін щетка бар ыдысты, көлікті дезинфекциялау үшін дезинфекциялық қондырғыны, кезекшілер үшін күзет күркесін және олардың киімдерін санитарлық тазарту кезінде көрсетілген тұлғалардың болуы үшін вагон орнатады.
      84. Аусыл бойынша қолайсыз пункттерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО бөлімшесі мынадай іс-шараларды ұйымдастырады:
      1) пункттен шығатын барлық жолдарды (соқпақтарды) жабады және тәулік бойы кезекшілікте болатын күзет-карантин бекеттерінің қажетті санын қояды, сондай-ақ: «Жүруге тыйым салынады», «Айналып өту», «Міндетті түрде тоқтау», «Тоқтауға тыйым салынады» деген тиісті көрсеткіштерді (жол белгілерін) орнатады;
      2) күзет-карантин бекеттерінде кезекшілікті атқару үшін адамдардың қажетті санын бөледі және олардың міндеттерін анықтайды. Күзет-карантин бекеті бойынша кезекшілерге арнайы куәлік және қолдарына байлайтын таңғышты береді. Бекеттерді шлагбаумдармен, дезинфекция барьерлерімен және кезекшілерге арналған күркелермен жабдықтайды, мүмкіндігінше байланыс орнатады;
      3) барлық жануарларды қамап ұстауға немесе жайылымның арнайы бөлінген оқшауланған учаскесіне ауыстыруды қамтамасыз етеді, қолайсыз пункттегі барлық аусылға сезімтал жануарларды есепке алады;
      4) қолайсыз пункттегі барлық сезімтал жануарларға алдындағы егудің мерзіміне қарамастан міндетті түрде аусылға қарсы вакцинация жүргізеді;
      5) қолайсыз пункттің аумағындағы үй құстарын жабық қора-жайларда, ал иттерді байлауда ұстайды;
      6) ветеринарлық дезинфекция, дезинсекция, дезинвазия және дератизация жүргізу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес, күнделікті мал шаруашылығы қора-жайларына және өндірістік аумақтарға дезинфекция жүргізуді, арнайы киімдерді, күту заттарын, көлік құралдарын және басқа заттарды тазартуды қамтамасыз етеді;
      7) қора-жайларға немесе малға арналған қораларға, жануарлар иелерінің аулаларына, сондай-ақ жануарларды, жануарлардан алынған өнімді және шикізатты дайындауды (сою), өңдеуді, өндіруді, сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде міндетті түрде аяқ киімді және көлікті тазарту үшін, дезинфекция барьерлері орнатылуы тиіс.
      85. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы:
      1) аусыл бойынша қолайсыз пунктке шығуға және сол жерде диагноз қоюдың, аусылды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізудің, ауру бойынша қолайсыз пункттің шекарасын, қолайсыз аймақты, қадағалау аймағы мен қолайлы аймақты белгілеудің дұрыстығын нақтылауы;
      2) ауданның жергілікті атқарушы органының басшысына, облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына, көршілес әкімшілік-аумақтық бірліктердің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларына аусылдың шыққандығы туралы дереу хабарлауы;
      3) қолайсыз пунктте және қолайсыз аймақта карантин талаптарының сақталуы бойынша дереу бақылау орнатуы тиіс.
      86. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан хабар алғаннан кейін Жануарлардың денсаулығын сақтаудың дүниежүзілік ұйымын және шектес мемлекеттердің мемлекеттік ветеринариялық қызметтерінің басшыларына Қазақстан Республикасындағы аусыл бойынша эпизоотиялық жағдай туралы хабарлайды.
      87. Қолайсыз пунктте аусылдың эпизоотиялық ошағын толық оқшаулауды, онда вирусты жоюға бағыталған іс-шараларды үнемі және жоспарлы орындауды, оны тарату жолдарын жабуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатта мынадай іс-шараларды жүргізеді:
      1) өтетін бір жер қалдырып эпизоотиялық ошақтың аумағын қоршайды және онда тәулік бойы күзетшілік бекет қояды;
      2) ошаққа кіре берісті дезинфекция барьері және дезинфекциялайтын қондырғысы бар бақылау-өткізу пунктімен жабдықтайды;
      3) жануарларға қызмет көрсету және ошақтың аумағында басқа шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін тысқары шығу құқығынсыз тұрақты көлікті бекітеді. Мал азығын, азық-түлікті және басқа да қажетті материалдарды тасып жеткізу үшін ошаққа кіре берісте сырттан жүктерді жеке көлікпен жеткізетін қайта тиеу алаңын жабдықтайды;
      4) қолайсыз пунктте бекітілген адамдарды ауыстыратын санитарлық киіммен және аяқ киіммен, орамалмен, сабынмен және қолды тазартуға арналған дезинфекциялайтын ерітіндімен, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек қобдишасымен қамтамасыз етеді. Ошақтан қандай да болмасын заттарды, мүкәммалды, жабдықтарды, азық-түлікті, жем-шөпті және кез-келген заттарды алып шығуға болмайды;
      5) ошақтың шегінде сүтті зарарсыздандыру, сүт өнімдерін өңдеу және сақтау үшін үй-жайларды жабдықтайды. Ошақтағы сиырлардан алынған сүтті қорытқан майға қайта өңдейді. Адамдардың тамағына және жануарларға азыққа 5 минут бойы қайнату немесе 30 минут бойы 850С температурада пастерлеу жолымен зарарсыздандырылған сүтті (сүт өнімдерін) ғана пайдаланады;
      6) ошақтың аумағына және әсіресе, ауру малдар тұрған қора-жайларға, сондай-ақ оларды күтіп-бағу заттарына күнделікті дезинфекциялау жүргізуді ұйымдастырады. Қиларды, мал азығы қалдықтарын және төсенішті биотермиялық жолмен зарарсыздандыру үшін ошақтың аумағында жинайды және үйеді немесе жағып жібереді;
      7) шаруашылық жүргізуші субъектілерде кеміргіштерді жоюды ұйымдастырады, сондай-ақ аусылмен ауыратын жануарларды ұстайтын жерлерге иттердің, мысықтардың, құстардың және басқа жануарлардың кіруіне жол бермеу шараларын қабылдайды;
      8) ошақтағы ауру және қырылған жануарларды өртеу жолымен жояды.
      88. Қолайсыз пунктте ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар:
      1) жануарлардың аусыл ауруы шығуына күдікті жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринар маманын хабардар етуі;
      2) аусыл ауруы бойынша күдікті жануарларды оқшаулауы, оларға қызмет көрсетуге басқа жануарларды күтіп-бағатын адамдармен оның байланысын болдырмай, жеке адам бекітуі. Басқа жануарларды ауру анықталған орнында қалдыру және оларды басқа қора-жайларға ауыстыруды немесе басқа жайылымға айдауға жол бермеуі, жануарларды айдауды, тасуды, жануарларды, жануарлардан алынатын азық-түлік пен шикізаттарды дайындау (сою), өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметін тоқтатуы;
      3) аумақ шекарасына немесе ауру жануарлар орналасқан қора-жайларға кіре берісте «Кіруге тыйым салынады! Аусыл ауруына күдікті!» деген жазуы бар көрсеткіш белгілер қоюы;
      4) аусылдың эпизоотиялық ошағы аумағынан жануарлардан алынатын азық-түлікті және шикізатты, азықты, азықтық қоспаларды қоса алғанда, кез келген заттарды шығаруға (алып шығуға)жол бермеуі;
      5) шаруашылықты қоса алғанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа жеке және заңды тұлғалармен, ең алдымен басқа жануар иелерімен байланысқа жол бермеуі;
      6) жануарлардың аусыл ауруымен ауруына күдік туралы хабарламаны алған кезде ветеринариялық-санитариялық қорытындыны ресімдей отырып, аусылға алдын ала диагноз қою үшін орынға (аусылдың эпизоотиялық ошағына) дереу келуі;
      7) ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын жануарлардың аусылмен ауырғанына алдын ала қойылған диагноз туралы хабардар етуі;
      8) эпизоотиялық ошаққа келген сәттен бастап, аусылдың эпизоотиялық ошағының шекарасын және аусыл бойынша қолайсыз пунктті анықтауы;
      9) аусылға диагнозды растау (түпкілікті диагноз қою) және жануарлардың ауруын қоздырған аусыл вирусының типін анықтау үшін, эпизоотиялық ошаққа келген сәттен бастап ауру жануарлардан патологиялық материал алуы;
      10) келген сәттен бастап, аусылдың вирусын әкелу көзін, сондай-ақ оны таратудың мүмкін болатын жолдарын анықтау мақсатында тиісті эпизоотологиялық зерттеу актісін ресімдей отырып, эпизоотологиялық зерттеу жүргізуі;
      11) киімдері мен аяқ киімдерін мұқият санитарлық тазартқаннан және дезинфекциялағаннан кейін адамдардың аусылдың эпизоотиялық ошағынан шығуын ұйымдастыруы қажет.
      89. Қолайсыз пункттен карантин эпизоотиялық ошақта соңғы ауырған жануардың жазылған, сойылған немесе жойылған күнінен бастап 21 күн өткен соң алынады.
      90. Карантинді алудың алдында:
      1) аусылмен ауырған жануарлар орналасқан барлық қора-жайларды, аумақтарды, мүкәммалды және көлікті тазартуды және қорытынды дезинфекциялауды жүргізеді;
      2) жануарларды ұстау, пайдалану және өсіру жөніндегі өндірістік үй-жайлардың ішінде жаңа сөндірілген әк ерітіндісімен қабырғаларды, бөлінген жерлерді әктейді;
      3) қолайсыз пункттен карантинді алу кезінде қорытынды іс-шараларды жаңбыр, қар жауған және аяз уақытында жүргізген жағдайда, қолайлы ауа-райы болған кезде бұл пунктте қайтадан сыртқы ортадағы аусылдың вирусын толық құртуды қамтамасыз ететін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін (қора-жайларды санитариялық жөндеу, дезинфекция және басқалары) жүргізеді;
      4) қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды орындаудың толықтығын, аусыл бойынша малдың сау екендігін тексереді.
      91. Тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынымы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының шешімімен карантинді алғаннан кейін ветеринария уәкілетті органының ведомствосы Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген және ХЭБ жер үсті жануарларының саулығы жөніндегі кодекспен ұсынылған мерзімге шектеу іс-шараларын бекітеді.
Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды
(союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өндіруді жүзеге асыратын
өндіріс объектілерінде аусыл анықталған кезде жүргізілетін
іс-шаралар
      92. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өндіруді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде (бұдан әрі – Кәсіпорын) аусыл анықталған кезде осы Қағидада белгіленген іс-шараларды жүргізеді.
      93. Кәсіпорындарда аусылдың таралуын болдырмайтын мынадай шараларды қабылдайды:
      1) кәсіпорын аумағындағы барлық жануарларды дереу алады және өртеу жолымен жояды;
      2) жануарлар тасымалданған көлік құралдарын қидан, азық қалдықтарынан және қоқыстардан, жануарларды ұстаған аумақтар мен қора-жайларды, өндірістік үй-жайларды, сондай-ақ мүкәммалды тазартуды ұйымдастырады және оларды мұқият дезинфекциялайды;
      3) қиларды кәсіпорын аумағында жабдықталған көң сақтағыштарда биотермиялық тәсілмен жағып жіберуді немесе зарарсыздандыруды, сондай-ақ ағын суларды зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді;
      4) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің аусыл бойынша қолайсыз партиясын жеткізуге, адамдардың киімдерін және аяқ киімін тазарту, дезинфекциялау, сондай-ақ зарарсыздандыру бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысқан адамдарды санитариялық тазартуды ұйымдастырады.
      94. Кәсіпорындарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқамасы бойынша дереу мыналар көздейтін шектеу іс-шараларын енгізеді:
      1) сою үшін әкелген жануарлардың жаңа партияларын, басқа өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді қабылдау ошақты жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар аяқталғанға және карантин мен шектеулі іс-шаралар алынғанға дейін тоқтату;
      2) кәсіпорынның аумағынан өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді шығаруға, сондай-ақ қалдықтарды және кез келген заттарды зарарсыздандырмаған күйде одан тысқары шығаруға (әкетуге) жол бермеу;
      3) кәсіпорынға тікелей қатысы жоқ бөгде адамдардың кәсіпорынға кіруіне жол бермеу;
      4) кәсіпорынның қызмет көрсететін персоналын санитариялық тазалықтан өткізу режимін күшейту.
Аусыл бойынша қолайсыз аймақта және ветеринариялық-
санитариялық қолайлы аумақта жүргізілетін
іс-шаралар
      95. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жануарлардың аусылмен ауыруының алдын алу бойынша ветеринариялық-санитариялық және профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
      96. Қолайсыз аймақта жануарлардың аусыл ауруының туындауына жол бермеуді қамтамасыз ететін мынадай іс-шараларды қабылдайды:
      1) пункттердің аусыл бойынша қолайсыз пунктпен қатер төндіретін шаруашылық байланысты толығымен тоқтатады;
      2) барлық аусылға сезімтал жануарларды есепке алады және оларды вирустың тиісті типінің аусылға қарсы вакцинасымен иммундайды. Қатерлі аймаққа жаңадан келген барлық жануарларды да аусылға қарсы егеді, оларды күнтізбелік 30 күндік карантиннен кейін, бірақ вакцинациядан кейін күнтізбелік 21 күннен бұрын емес жалпы табынға қосады;
      3) жануарлар орналасқан өндірістік аумақтарға және қора-жайларға бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді;
      4) профилактикалық іс-шараларды жүргізу және елді мекендерде оларға аусыл қоздырғыштарын әкелуден қорғауға бағытталған ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтауға бақылауды жүзеге асыру үшін қолайсыз аймақтың әрбір елді мекеніне ветеринарлық мамандарды бекітеді;
      5) отарлы мал шаруашылығы аймақтарында қолайсыз пункт аумағымен шекараның бойымен 10-15 километр ішке қарай жануарлар жайылмайтын аймақты бекітеді, ол жерден карантин кезінде барлық жануарларды шығарады. Басқа жағдайларда жануарларды азық пен суды әкеліп беретін байлап немесе қамап ұстайды;
      6) шөп маяларын және басқа ірі азықтарды үй және жабайы жануарлардың кіруінен қорғауды немесе қоршауды (айналасын қазады) ұйымдастырады;
      7) аусыл вирусының әкеліну қаупі және аурудың туындауының алдын алу шаралары туралы жеке және заңды тұлғаларға, азаматтарға хабарлайды, тұрғындар арасында осы мәселелер бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізеді;
      8) аусылға қарсы вакцина егілген жануарларды вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 21 күннің ішінде союға жол бермейді.
      97. Жабайы жануарлар (ең алдымен – аша тұяқтылар) ұстайтын жеке және заңды тұлғалар көрсетілген объектілерге кіре берісте (шығатын жерде) дезинфекция кілемшелері және дезинфекция барьер жабдықтарын қоса, инфекция қоздырғыштарының әкелінуіне жол бермеу жөніндегі шаралардың жүйесін жүргізеді, қызмет көрсететін персоналды арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етеді.
      98. Қолайсыз аймақтан жеткізілген сүтті міндетті түрде 850С температурада пастерлейді немесе қайнатады.
Аусыл бойынша қолайлы аймақта жүргізілетін
іс-шаралар
      99. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ЖАО бөлімшесі аусыл бойынша қолайлы аймақта ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомоствосының аумақтық инспекциясымен келісім бойынша аусыл ауруының профилактикасы және онымен күресудің стратегиялық жоспарын жасайды, онда:
      1) аусыл эпизоотологиясын зерделеу бойынша;
      2) тәуекелдерді анықтау бойынша;
      3) тәуекелдерді азайту/төмендету бойынша;
      4) аусылдың таралуын қысқарту және жұғу тәуекелін төмендету бойынша іс-шаралар көзделеді.
      100. Аусыл эпизоотологиясын зерделеу жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді:
      1) аусыл бойынша эпизоотология жағдайын анықтау мақсатында тиісті аумақтағы мал шаруашылығын жүргізу жүйесін (жануарларды және мал шаруашылығы өнімдерін ұстау, өсіру) толық зерделеу;
      2) соңғы 12 ай ішіндегі деректерді жинау және талдау арқылы аусыл бойынша эпизоотология жағдайын зерделеу:
      аусылдың үй жануарлары және жабайы фаунаның аша тұяқты жануарларының арасында таралуы;
      аурудың клиникалық белгілерінің көрінуі;
      жануарларды вакциналау және аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарын анықтау серомониторингі;
      жануарларды және мал шаруашылығы өнімдерін тиісті аумаққа шығару (импорттау);
      көктем-жаз мезгілінде жаңа жайылымдарға жаюды ескере отырып, жануарларды әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағы ішінде орын ауыстыру;
      жеке аулалар, шаруашылықтар, базарлар, қайта өңдеу кәсіпорындарын белсенді бақылау (инспекциялау) деректерінің жиынтығы;
      аусылға қарсы вакцина егілген жануарлар мен аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарының серомониторингі деректерінің жиынтығы;
      жануарларға вакцина егу және серомониторинг жүргізу бойынша есептілікті зерделеу және талдау жолымен пассивті бақылауды жоспарлау;
      ауру тіркелген жағдайда, республиканың аумағында таралған аусылдың серотиптерін (кіші типтерін) анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларының қан сывороткасының сынамаларын ХЭБ халықаралық анықтамалық зертханасына жіберу;
      деректер базасын пайдалану және аусылдың таралу көрсеткіштерін картаға түсіру жөнінде ауруларды қадағалау жөніндегі электрондық интеграцияланған жүйені және жер ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ЖАЖ) қолдану. Ветеринар мамандарды ауру жануарлардан биоматериалдар сынамаларын алуды қоса алғанда, аусылды эпизоотологиялық тексеруге, диагностикасы мен ауру тәуекелдеріне үйрету бойынша семинар-тренингтер өткізу.
      101. Тәуекелді анықтау жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді:
      1) ауру өршіген және/немесе ауруы күдікті болған кезде ақпаратты жедел жинауды жүзеге асыру;
      2) аусылды жұқтыру мүмкін ошақтарды анықтау үшін оларды егжей-тегжейлі сипаттай отырып, аусылдың пайда болуына, таралуына және әкелінуіне ықпал ететін тәуекелдерді бағалай отырып, эпизоотологиялық тексеру нәтижесінің деректерін талдау;
      3) мынадай факторлар мен оларды бағалау әдістері бойынша аусылдың таралуына ықпал ететін тәуекелдерді бағалау, оның ішінде:
      аусыл бойынша қолайсыз пункттерден ауру немесе ауырып жазылған жануарларды көшіру және орнын ауыстыру;
      қолайлы аймаққа адамдардың, көлік құралдарының қозғалысы, азықты (шөп, жем-шөп және басқалар), қолайсыз аймақта қолданыста болған жабдық пен мүкәммалды тасымалдау;
      сапасыз вакциналарды қолдану;
      аусылды жұқтырған жануарлардың сүйектері бар қалдықтармен шошқаларды азықтандыру;
      аусылдың пайда болуының және таралуының мерзімдік факторлары және басқа да әлеуетті тәуекелдері;
      жабайы фауна;
      ауруды қасақана тарату;
      4) тәуекелдерді зерделеу және анықтау негізінде Қазақстан Республикасының аумағында (облыстар бөлігінде) аусылдың таралуына және сау түліктерге жұқтыруға ықпал ететін тәуекелдерді бақылау жоспарын жасау және бекіту;
      5) аусылдың таралуын қысқартуға ықпал ететін тәуекелдерді бақылау шараларын және егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оларды бағалау әдістерін белгілеу;
      6) анықталған жаңа тәуекелдерді ескере отырып, облыс аумағында аусылдың таралуына және сау түліктерге жұқтыруға ықпал ететін тәуекелдерді бақылау жоспарын іске асыру және оны жаңарту.
      102. Тәуекелдерді азайту/төмендету жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді:
      1) аусыл эпизоотологиясын зерделеу мен тәуекелдерді бағалау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
      2) тұрғындар арасында аусылға қарсы күрес шаралары бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      3) вакцинация жүргізу стратегиясын әзірлеу және «суық тізбек» принципін қамтамасыз ету;
      4) жануарлардың аусылды жұқтыруын қысқарту үшін тірі мал сататын базарларда ветеринариялық-бақылау шараларын қабылдау және оған қатысушылар арасында аусылдың жұғу жолдары мен профилактика және онымен күрес шаралары туралы ағарту жұмыстарын жүргізу;
      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жануарлардың орын ауыстыруына бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      6) жеке аулаларда, мал шаруашылығы объектілерінде және тірі мал сататын базарларда гигиена нормаларының сақталуын қамтамасыз ету (өндірістік-тұрмыстық желілердің аса күдікті жерлерін үнемі жинау, тазарту, дезинфекция, дератизация және дезинсекция т.б.);
      7) жануарларға аусылға қарсы вакцина егуді қамтуды бағалауға бағытталған серомониторинг жүргізу;
      8) қолданылатын вакциналардың қажеттігін және оның тиісті аумақта таралған вирус штаммына сәйкестігін растайтын зертханалық зерттеу жүргізу;
      9) жүргізілген және жүргізілетін аусылдың таралуын және тәуекелдерді қысқартуды бақылау шараларын бағалау;
      10) аусылдың өршуін, оның ішінде қолданылған бақылау шараларына қарамастан орын алған аурудың өршуін эпизоотологиялық тексеру жолымен зерделеу;
      11) бақылаудағы нысандарда биологиялық қауіпсіздік және гигиена талаптарының сақталуын тексеруді және инспекциялауды ұйымдастыру;
      12) жеке аулалар мен шаруашылықтарға бару, жануарларды тексеру, биоматериалдардың сынамаларын алу және жануарлардың иелерінен сұрау алу жөніндегі ветеринариялық инспекцияның жедел әлеуетін арттыруға ықпал ететін құқықтық жағдай жасау;
      13) аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу жөніндегі алынған деректерді нақты режимде талдау үшін географиялық байланысы бар деректерді және карта жасауды қамтитын ақпараттық жүйені дамыту;
      14) жануарлардың орын ауысуы мен оларды базарларда сатуға байланысты аурудың таралу тәуекелін қысқарту үшін қажетті құқықтық нормаларды (тірі малды сату жөніндегі нарық жұмысын және оларға қатысушылардың жауапкершілігін реттеу) міндетті түрде қолдану.
      103. Аусылдың таралуын қысқарту және жұқтыру тәуекелін төмендету жөніндегі іс-шаралар мыналарды көздейді:
      1) аусылдың эпизоотологиясын зерделеу, тәуекелін анықтау және бақылау шараларының орындалатындығы мен тиімділігін қамтамасыз ету және тиісті жоспарларға түзету енгізу үшін әрбір шара бойынша алынған деректерді міндетті түрде талдай отырып, тәуекелдерді қысқартуға бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
      2) аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу және тәуекелдерді бақылау жоспарын іске асыру негізінде, мынаны:
      аурудың пайда болуына ықпал еткен инфекция көзі мен факторларын көрсете отырып, аусылдың өршуінің әрбір жағдайын эпизоотологиялық тергеуді;
      аурудың таралуының мүмкін болатын сценарийлерін болжауды және атқарылған жұмыс туралы есеп жасауды;
      аусылдың одан әрі таралуын шектеу жөніндегі жедел шараларды (карантиндік режим, ауру және олармен жанасқан жануарларды санитариялық сою, олардың қозғалысын шектеу, аумақты зоналау, жедел вакцина егу және басқаларын) қабылдауды;
      белсенді және пассивті бақылау деректерін, оның ішінде өршуді зерттеу, ауру көзін анықтау және аусыл бойынша зертханалық зерттеу туралы деректерді талдауды;
      аусыл ауруының таралуының алдын алу мақсатында жануарлардың қозғалысын шектейтін қолданыстағы құқықтық базаны толықтыруды;
      аусылға күдікті жағдайлар туралы міндетті хабардар етуді;
      ауру жануарларды алуды және жоюды, олардың құнын өтеуді қамтамасыз ететін құқықтық жайлар жасауды;
      жануарларды сәйкестендіру және деректер базасын жүргізу жүйесін бір жолға қоюды;
      аусылды жұқтыруды қысқарту үшін жануарларды өсіру мен күтіп-бағудың және мал базарларында сатудың, қайта өңдейтін кәсіпорындарда өнімдер мен шикізатты өңдеу мен сатудың технологиялық сызбасын қадағалауды;
      импорттық жануарларға карантин жүргізуді және импорттық мал шаруашылығы өнімдерін инспекциялауды;
      оларды мерзімдік жазғы жайылымдарға айдауға байланысты жануарлар қозғалысының бағыттарын анықтауды;
      үй жануарларының жабайы фаунаның аша тұяқты жануарларымен мүмкін болатын байланысын болдырмауды;
      әлеуетті және аусылдың таралу қаупі бар аймақтарды ескере отырып, аумақтарды:
      қазақстандық аумақта кемінде 50 километр ішке қарай Қазақстанның мемлекеттік шекарасының бойымен;
      кемінде 30 километр радиусымен (жолдың екі жағы бойынша) облыс аумағымен өтетін ірі автомагистралдардың бойымен;
      елді мекендердің санын және аусылға сезімтал мал басын ескере отырып, аусылдың бұрын анықталған ошақтарының қолайсыз және буферлік аймақтары бойынша;
      жабайы фаунаның аша тұяқты өкілдері арасында мүмкін инфекция көзі бар аймақтар бойынша буферлік аймақтарға бөлуді;
      мыналарды:
      жеке аулаларды, шаруашылықтарды, базарларды, өңдеу кәсіпорындарын инспекциялауды;
      жануарларды аусылға қарсы вакцинациялау серомониторингін;
      аусыл вирусының құрылымдық емес ақуызының серомониторингін;
      жануарларды клиникалық тексеруді қоса алғанда, ауру өршіген және ауруға күдік болған кезде қолда бар ақпаратты жедел жинау және талдау жүргізу жолымен белсенді бақылауды жүзеге асыруды;
      аусыл бойынша есептілікті зерделеу және талдау жолымен пассивті бақылауды жүзеге асыру;
      облыс аумағында таралған аусыл вирусы штаммының сипаттамасын анықтау үшін ХЭБ халықаралық анықтамалық зертханасында биоматериалдардың сынамаларын алу кезінде репрезентативтілікті қамтамасыз етуді;
      ХЭБ-тың Жер үсті жануарларының денсаулық кодексінің бақылау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті аумағында аусылдың таралуын бақылауды көздейтін аусылды жою жөніндегі жоспарды әзірлеу және іске асыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет