32. Жылқылардың сақауы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын жылқылардың сақауының профилактикасы бойынша
іс-шаралар
379. Аурудың алдын алу мақсатында меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар мынадай іс-шараларды өткізеді:
1) ветеринарлық қарап тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді;
2) жануарларды толыққанды азықтандыруды ұйымдастырады;
3) құлындарды үлкен мал басынан бөлек ұстайды;
4) жануарларды жеткізуді және жемшөпті сатып алуды тек қана қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жүргізеді;
5) барлық жаңадан сатып алынған жануарларды күнтізбелік 30 күн профилактикалық карантинде ұстайды;
6) 5 жасқа дейінгі жануарларды жылқылардың сақауына қарсы вакцина егу үшін жыл сайын ветеринария мамандарына көрсетеді;
7) қоражайларды профилактикалық дезинфекциялауды жүргізеді.
Эпизоотиялық ошақтарында және жылқылардың сақауы
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
380. Жануарлардың жылқылардың сақауымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке шектеу қойылады.
381. Шектеудің шарттары бойынша:
1) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағынан жануарларды және жемшөпті шығаруға (әкетуге);
2) жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің ішінде қайта топтастыруға;
3) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.
382. Ауру жануарларды оқшаулайды және емдейді.
383. Барлық мал басының термометриясымен күн сайынғы клиникалық тексеру белгіленеді.
384. Қи, төсем, азық қалдықтары биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады.
385. Жануарлар тұрған қора-жайлар тазаланады және дезинфекцияланады.
386. Қолайсыз пункттен шектеу жануарлардың жылқылардың сақауымен соңғы ауруы жағдайынан және қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады.
33. Жылқы ринопневмониясы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын жылқы ринопневмониясына профилактикалық
іс-шаралар
387. Жануарлардың жылқы ринопневмониясымен ауруының алдын алу мақсатында меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар профилактикалық ветеринариялық тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді.
388. Жануарларға тексеру:
1) жануарларды тұқымдық мақсаттар үшін ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумағынан тыс шығару (әкету) кезінде (жіберуге дейін күнтізбелік 30 күннен аспайды);
2) қайта сатып алынған жануарларға профилактикалық карантиндеу кезеңінде жүргізіледі.
Эпизоотиялық ошақтарында және жылқы ринопневмониясы
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
389. Жануарлардың жылқы ринопневмониясымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке шектеу қойылады.
390. Жылқы ринопневмониясы бойынша қолайсыз пунктте:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (әкелуге) және одан тыс шығаруға (әкетуге);
2) шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға;
3) аталық жануарлардан қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiлерге ұрық беруге жол берілмейдi.
391. Ветеринария маманы шаруашылық жүргізуші субъектiнің қалған жануарларына мұқият клиникалық бақылауды белгілейді.
392. Ветеринария маманы түсік тастаған немесе төлі өліп қалған құлындаған биелердi симптоматиялық емдеуге түсіреді.
393. Шаруашылық жүргізуші субъектiнің ветеринария маманы барлық мал басына жылқының ринопневмониясына қарсы вакцина егуді жүргізеді.
394. Әрбiр түсік жағдайынан кейін ат қора дезинфекцияланады.
395. Тастанды төл қабығымен бiрге өртеледi.
396. Қи, төсем, азық қалдықтары биотермиялық әдiспен зарарсыздандырылады.
397. Жылқы ринопневмониясымен ауыратын немесе күдігі бар жануарлардан алынған ұша қайнатылады.
398. Сүйектер мен iшкi органдар жоюға жiберіледi.
399. Терiні оларды кейіннен таза сумен жуып және кептіре отырып, әк тұнбасы ерітіндісінде (1 килограмм жаңа өшірілген әк 20 литр суға) 12 сағат ұстау жолымен дезинфекцияланады.
400. Жылқылардың ринопневмониясы бойынша қолайсыз пункттен шектеу егер буаздықтың екінші жартысында жануарлар болмаса, соңғы түсік жағдайынан немесе тіршілікке қабілетсіз құлын туылғаннан және қорытынды iс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін екі айдан соң алынады.
34. Жылқылардың маңқасы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
жылқылардың маңқасын сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
401. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумаққа жылқылардың маңқасының әкелінуін болдырмау мақсатында, қолайлы аумақтардан тек қана клиникалық сау және маллеинизацияда теріс реакция берген жануарларды әкелуге (енгізуге) рұқсат етiледi.
402. Қайта сатып алынған жануарлар күнтізбелік 30 күн ішінде оқшауланып ұсталады және маллеинизация мен клиникалық тексеруге ұшырайды.
403. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде жыл сайын жылына бір рет жануарларды маңқаға жоспарлы аллергиялық тексеру жүргізіледі. Жылқылар мына жағдайларда клиникалық тексеруге және маллеинизацияға түседі:
1) басқа шаруашылық жүргізуші субъектiлерге беруге дейін екi аптада;
2) көрмелерге, спорт жарыстарына жiберу алдында;
3) сою алдында.
Эпизоотиялық ошақтарында және жылқылардың маңқасы
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
404. Жануарлардың жылқы маңқасымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
405. Карантиннің шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (әкелуге) және одан тыс шығаруға (әкетуге);
2) қолайсыз пункттiң аумағы арқылы жылқыларды айдауға және оларға мiніп өтуге;
3) шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға;
4) союға, жылқыларды қымызбен емдеу орындарында пайдалануға, ауру және маңқамен ауру күдігі бар жануарларды қаштыруға рұқсат етiлмейдi.
406. Шаруашылық жүргізуші субъектiнің ветеринария маманы барлық жануарларды клиникалық тексеруге және маллеинизацияға түсіреді.
407. Тексеру нәтижелерi бойынша жануарларды төрт топқа бөледi:
1) жылқы маңқасының клиникалық белгiлерi анық байқалған жануарлар;
2) анық белгілері жоқ және маллеинизацияда сезінетін;
3) клиникалық белгiлерi жоқ, бiрақ маллеинизацияда оң әсер көрсететін жануарлар;
4) клиникалық белгiлерi жоқ және маллеинияға әсер көрсетпейтін жануарлар.
408. Осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген жануарлардың өлекселері терiсi сыпырылмай және ашылмай жағу жолымен жойылады.
409. Маңқамен ауырған жануарлардың өлекселерiн ашуға және олардың терісін сылып алуға тыйым салынады.
410. Ауру жұқтыру күдігі бар жануарлар әрбiр күнтізбелік 15 күн сайын пунктті қолайлы деп жарияланғанға дейін маллеинизациялау әдiсiмен зерттейдi.
411. Маңқаны жұқтыру күдігі бар жануарларды осы шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағы шегінде жекеленген жерде жаюға рұқсат етiледi.
412. Қора-жайларды дезинфекциялау әрбiр күнтізбелік 15 күн сайын (әрбір маллеинизациядан кейін) жүргізіледі.
413. Қиға, төсемге және азық қалдықтарына дезинфекциялық ерiтiндi құйып өртейдi.
414. Қора-жайдағы жылқыларды күтуге арналған барлық заттар, абзелдер, шелектер мен басқа да саймандар:
1) металл заттарды күйдiру жолымен дезинфекцияланады;
2) ағаш заттар, арбалар, шаналар 3 % ыстық күйдiргiш натрий ерiтiндiсiмен, 3 % формальдегид ерiтiндiсiмен дезинфекцияланады;
3) абзелдің былғары бөліктері, етiктер, кебiстер 1-3 % хлорамин ерiтiндiсiмен сүртіледi;
4) халаттар, сүлгiлер 30 минут бойы қайнатылып зарарсыздандырылады;
5) қызмет көрсететін персоналдың жеке киімдері параформалинді камерада дезинфекцияланады.
415. Қолайсыз пункттегі карантин көзді маллеинизациялау әдісімен барлық сезімтал мал басын зерттеудің үш есе терiс нәтижелерін алу жағдайында маңқамен ауыратын жылқыларды соңғы анықтаудан кейін қырық бес күн өткен соң және қорытынды дезинфекция жүргiзгеннен кейін алынады.
35. Жылқылардың эпизоотиялық лимфангитi
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
жылқылардың эпизоотиялық лимфангитiне профилактикалық
іс-шаралар
416. Аурудың пайда болуының алдын алу үшiн өсіруге арналған жылқыларды жеткізушілер аумағының және шаруашылықтарының эпизоотиялық жай-күйі тұрақты түрде бақыланып отырады. Шаруашылыққа қайтадан келіп түскен жылқылар профилактикалық карантинде ұсталып, тері және көзге көрінетін шырышты қабыршақтары мұқият тексеріледі. Жылқыларды пайдалану кезінде терi жамылғысының жарақаттануына жол бермеу бойынша іс-шараларға ерекше назар аударылады.
417. Эпизоотиялық лимфангиттің пайда болуының алдын алуға жылқыларды ұстау, күтім жасау және пайдалану жөніндегі ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтай отырып қол жеткiзiледi.
418. Жылқыларға арналған қора-жайлар, құрал-саймандар және күтім жасау заттары мерзімді түрде дезинфекцияланады.
Эпизоотиялық ошақтарында және жылқылардың эпизоотиялық
лимфангитi бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
419. Жануарлардың жылқылардың эпизоотиялық лимфангитiмен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
420. Карантиннiң шарты бойынша шаруашылықта жылқыларды (есектерді, қашарларды) шығаруға, сатуға және көшіруге, жаңа жануарларды кіргізуге, ауру және ауру күдігі бар жануарларды жаюға, сондай-ақ, құлындарды қашыртуға, піштіруге, ауру және ауру күдігі бар биелерден алынған сүтті пайдалануға рұқсат етілмейді.
421. Эпизоотиялық лимфангитпен ауыратын жануарларды қан шықпайтын әдiспен жояды. Өлекселердi терiсiмен бiрге өртейдi.
422. Қолайсыз ферманың сау жылқыларын (есектері, қашарлары) әрбір күнтізбелік 5 күн сайын клиникалық тексеруден өткізеді. Оларды қолайлы фермалардың жылқыларымен байланысты болдырмау шартында шаруашылық ішіндегі жұмыстарға жібереді.
423. Ат қоралар және олардың айналасындағы аумақты тазартады және әрбiр күнтізбелік 15 күн сайын дезинфекцияланады.
424. Абзелдерді бір сағат ішінде 60 С0 температурада формальдегид буымен дезинфекцияланады.
425. Ауру және ауру күдігі бар жануарлардың қиы, төсемі және азық қалдықтары жағылады.
426. Қолайсыз пункттен карантин соңғы ауру жануарды жоюдан, жылқыларды қорытынды клиникалық тексеруден, қора-жайларды тазалап, дезинфекциялаудан кейін 3 айдан соң алынады.
36. Шошқаның атрофиялық риниті
Шошқаның атрофиялық ринитін
профилактикалау және жою
427. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын шошқаның инфекциялық атрофиялық ринитін профилактикалау іс-шаралары мыналарға:
шошқаларды ұстау және азықтандыру бойынша жалпы ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық талаптарды сақтау арқылы шаруашылық жүргізуші субъектісіне инфекцияның әкелінуін алдын алуға;
ветеринариялық құжаттармен расталуы тиіс инфекциялық атрофиялық риниті бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден шошқалардың табынын жинақтауға;
жаңа әкелiнген шошқаларды профилактикалық карантинде күнтізбелік 30 күн ішінде шыдауға;
олардың жасын ескере отырып, шошқалардың бөлек ұстауын сақтауға;
аналық шошқаларды торайлау кезiнде басқа жас топтарынан бөлек ұстауға;
шошқа фермасының аумағына және қора-жайларына көктем мен күзде, кейiннен қиды дезинфекциялап және биотермиялық зарарсыздандыра отырып, механикалық тазалауды жүргізуге;
шошқа қорасының кiрген кезде дезинфекциялық кедергілерді жүйелі орнатуға және дератизация өткiзуге;
инфекциялық атрофиялық ринитi бойынша қолайсыз жеке сектордың және шаруашылық жүргізуші субъектінің шошқаларымен қатынасқа жол бермеуге;
шошқа тұрған қора-жайларға бөгде адамдардың кiруiн болдырмауға;
ветеринарлық мамандардың барлық шошқа басына клиникалық қарауды өткiзуге;
жануарларды күтуге пайдаланылатын заттарды (күрек, айыр, сыпыртқы) күнделiктi тазалауға және дезерiтiндiмен жууға;
әрбір шошқа қорасына сабыны мен сүлгісі бар қолжуғыш орнатуға және олардан арнайы киiмдi шығаруға тыйым салуға;
ветеринариялық зертханаға келіп түскен шошқа өлексесiнiң танау қуысын мiндеттi түрде ашу және инфекциялық атрофиялық ринитке тән өзгерiстердiң болуын зерттеуге негізделген.
428. Ауруға диагнозды белгілеген кезде мынадай іс-шаралар өткiзiледi:
аурудың анық белгiлерi бар ауру шошқалар тобын ортақ шошқа қораларынан оқшаулайды және союға тапсырады немесе шошқа фермасынан тыс аумағына семiртуге қояды;
аурулары табылған шартты сау шошқаның тобын әрбір күнтізбелік 5-6 күннен кейін мұқият жеке клиникалық қараудан өткiзедi және барлық анықталған ауру шошқаларды оқшаулайды және союға тапсырады;
сау шошқаның тобына шошқа қорада қалған барлық шошқа бастарына клиникалық қарау кезінде ауру және ауру күдігі бар жануарлар анықталмаған және олардың жұқтырмаудан қорғау іс-шаралары қабылданған шошқа бастары жатады.
429. Шаруашылық жүргізуші субъектіні сауықтыру кезінде мыналар қарастырылуы тиіс:
1) қолайлы шошқа қоралардан іріктелген үш және одан да көп торайлары бар клиникалық сау аналық шошқалар мен екi жастан асқан аталық шошқалардан топ құру және оларды шаруашылық сауықтырылғанша жеке оқшауланған, құрғақ, ауасы жақсы желдетілетін қора-жайларда орналастыру;
2) осы топтар тұратын шошқа қораларды және айналадағы ортаны тазалау, қажетті жөндеу жұмысын, дезинфекция және дератизация жүргізу;
3) оқшауланып ұсталатын клиникалық сау шошқа топтарын жазғы лагерге шығару және осы шошқа басын күту үшін жеке персоналды бекіту;
4) шошқаның қолайсыз бастарын шошқалардың қолайлы топтарда өсірілген сау аналық баспен ауыстыра отырып, союға тапсыру немесе шошқалардың инфекциялық атрофиялық ринит ауруынан қолайлы басқа шаруашылықтан сау бастарын әкелу.
430. Шошқаның инфекциялық атрофиялық ринит ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні осы ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
431. Шектеу талаптары бойынша мыналарға:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің табынын көбейту үшін толық сауыққанша басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге шошқаларды шығаруға;
2) клиникалық ауру шошқаларды семiрту үшін басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге шығаруға рұқсат берiлмейдi.
432. Шаруашылық жүргізуші субъектіні бiр жыл iшiнде ауру болмаған кезде және шартты қолайлы топтардың негізгі аналық шошқалардан соңғы екi рет торайлану кезінде инфекциялық атрофикалық ринитке қолайлы сау торайлар алынған жағдайда, сондай-ақ қорытынды ветеринариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін инфекциялық атрофиялық ринит бойынша қолайлы деп жариялайды.
37. Шошқаның африкалық обасы
Шошқаның африкалық обасын
профилактикалау және жою бойынша
iс-шаралары
433. Шошқаның африкалық обасы вирусының әкелінуiн алдын алу мақсатында мыналарға:
1) шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден үй және жабайы жануарларды, оларды союдың өнiмдерiнiң және азықтың барлық түрін кіргізуге;
2) Қазақстан Республикасына бағытталған көлiк құралдарының иелерiне Қазақстан Республикасы аумағына шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз мемлекеттерде сатып алынған жануарлар мен олардың тамаққа қолданылатын ет өнiмдерiн (консервiлерден басқа) жеткізуге;
3) Көлік құралдарынан Қазақстан Республикасының теңіз порттары акваторияларына, әуе кеңістігіне, темір және тас жол магистральдары бойынша тамақ қалдықтары мен қоқыстарды тастауға жол берілмейді. Шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден келген кемедегi ағынды су зарарсыздандыруға жатады. Тамақ (ет) өнiмдерi бар сақтайтын тоңазытқыш камералары және теңiз, өзен кемелерiндегi қоймалары Қазақстан Республикасы портында барлық тоқтап тұру кезеңінде пломбалауға жатады;
4) шошқаларды халықаралық әуе, теңiз, өзен порттары және шекаралық темiржол станцияларының аумақтарында ұстауға жол берілмейді.
434. Ветеринариялық бақылау бекеттерiнің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен бiрлесе отырып, шошқалардың африкалық обасы бойынша қолайлылығына тәуелсіз шет елдерден келген теңіз және өзен кемелерінен, ұшақтардан, вагон-мейрамханалардан, рефрижераторлардан және басқа көлiк құралдардан түсiрiлген қоқыстарды, тамақ және басқа қалдықтарды жинауға және зарарсыздандыруға бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұл қалдықтар, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаушы қызметтің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келiсу бойынша қаланың қоқыс тастайтын жерінен тыс арнайы жабдықталған жерлерде жағу арқылы жоюға жатады.
435. Шет елдерден (шошқаның африкалық обасына қолайсыз) келген экипаждың жолаушылар мен мүшелеріне тиесілі жүктер, қол жүктерi, сондай-ақ халықаралық почта жөнелтілімдері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және ветеринариялық бақылау бекеттерінде қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлармен тиісті іс-шаралар қабылдау үшін тексеріп қарауға жатады.
436. Қазақстан Республикасына аурудың вирусын тікелей әкелуінің қаупі кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында аурудың эпизоотиялық ошақтары пайда болған жағдайда, облыстардың, аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары белгіленген тәртіпте шошқаның африкалық обасына қарсы күрес бойынша арнайы комиссия құрады. Комиссия құрамына, сәйкесінше шошқаның африкалық обасын профилактикалау және жою бойынша жүргізілген іс-шараларына бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшiн қажетті жергiлiктi атқарушы органдарының өкілдері енгізіледi.
437. Қазақстан Республикасымен шекаралас аумақта шошқаның африкалық обасы пайда болған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары шекаралас аудандардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қайта өңдеу кәсіпорындардың тұрғындарына шошқа шаруашылығы үшін туындаған қауіптер туралы кеңінен таныстыруды ұйымдастыруы және Қазақстан Республикасының аумағына аурудың вирусының әкелінуiн болдырмау бойынша іс-шараларды қабылдауға тиіс.
438. Шаруашылық жүргізуші субъектiсiндегі ветеринариялық маман шошқаның африкалық обасы ауруына күдiк пайда болған кезде ол туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды.
439. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор шошқаның африкалық обасы ауруына жануарларда күдiгі туралы хабарлама алған кезде, эпизоотиялық тексеру, патологиялық материалдарды іріктеу жүргiзу үшін және эпизоотиялық ошақтың шекарасын, қолайсыз пунктті, аурудың таралу мүмкін жолдарын анықтауға тез арада сол жерге келуге және аурудың таралуын болдырмау бойынша мынадай іс-шараларды қабылдауға тиiс:
1) ауру және ауру күдiгi бар шошқаларды олар болған қора-жайлардан оқшаулау;
2) жануарлардың (құстарды қоса алғанда) барлық түрлерін союға және ет өнiмдерiн (ет, май, терi, қауырсын, түбiт) сатуға тыйым салу;
3) ауру анықталған елдi-мекеннен, шаруашылық жүргізуші субъектіден шығуға және олардың аумақтарына көлік құралдарының кез-келген түрлеріне кіруге, шаруашылық жүргізуші субъектіден тиісті санитарлық өңдеусіз қызмет көрсету персоналына шығуға жол берілмейді;
4) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағынан жануарлардың өнімдерін және шикізаттарын, азықтарын және өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді шығаруға;
5) шошқаның африкалық обасы ауруына күдiк болған кезде тиісті іс-шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, көрші аудандардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларына қабылданған іс-шаралар туралы тез арада хабарлауға;
6) пысықталған патологиялық материалды ветеринариялық зертханаға патологиялық материалдарды іріктеу және қайта жіберудің белгiленген тәртiбін сақтай отырып, шошқаның африкалық обасын зерттеу үшін жiбередi.
Эпизоотиялық ошақта шошқаның
африкалық обасын жою бойынша
іс-шаралар
440. Шошқаның африкалық обасының диагнозын қою туралы материалдарды алғаннан кейін тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы жергiлiктi атқарушы органға карантинді белгілеу туралы ұсыныс енгізеді.
441. Ветеринария саласындағы уәкілеттік органмен бекітілген аумақтарды аймаққа бөлу қағидаларына сәйкес эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтайды және онда аурудың профилактикасы мен жою бойынша қажетті іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады.
442. Карантині салынған шаруашылық жүргізуші субъектілерде, аудандарда және облыстарда мыналарға:
1) жануарлардың барлық түрлерiн, соның ішінде құстарды карантині салынған аумаққа және аумақтан тыс әкелуге және әкетуге, кіргізуге және одан шығаруға;
2) осы аумақта жануарлардың өнiмi мен шикiзаттарын дайындауға және шығаруға;
3) олардың аумағынан өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн шығаруға;
4) карантині салынған шаруашылық жүргізуші субъектіге бөгде адамдарға кіруге, оның аумағына көлiк құралдардың енуiне және шаруашылық жүргізуші субъектіде шошқалардың басын қайта топтастыруға;
5) базарларда және басқа сауда орындарда жануарларды және оның өнiмдерi мен шикізатты сатуға, адамдар мен жануарларды шоғырландырумен байланысты ауыл шаруашылық жәрмеңкелерiн, көрмелердi (аукциондарды), басқа қоғамдық іс-шараларды жүргізуге жол берілмейді.
443. Эпизоотиялық ошақтағы барлық шошқаларды қан шықпайтын әдiсiмен жояды. Өлген, сойылған шошқаның өлексесiн, қиды, азық қалдықтарын, ыдысты және арзан құнды құрал-жабдықтарды, сондай-ақ тозған қора-жайларды, ағаш едендердi, науаларды, қалқаларды сол жерде өртейдi.
444. Жануарлар ұсталған қора-жайларға, қоршаулар мен басқа орындарға мына тәртіпте 3 рет дезинфекцияны жүргізеді: бiрiншi - жануарларды жойғаннан кейiн бiрден жасайды; екiншi - ағаш едендердi, қалқаларды, науаларды алғаннан және тиянақты механикалық тазарту жүргізгеннен кейiн; үшiншi - карантиндi алардың алдында жасайды. Бiрiншi дезинфекцияны жүргізген кезде дезакаризация, дератизация, дезинсекция жасалады.
445. Дератизация жасағаннан кейiн жиналған кемiргiштердiң өлекселерін өртейдi.
446. Барлық қора-жайларға, құрал-жабдықтарға, қоршауларға, мал сою пункттерге және жануарлар тұрған басқа орындарға механикалық тазарту жүргізудің алдында дезинфекциялауға түседі.
Жануарлардың қора-жайларына, қоршауларға, азық алаңдарына, мал сою пункттерге, ет өңдеу кәсіпорындарға және басқа объектілерге ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттар қолданылады.
447. Жануарлардың өлекселерi болған қора-жайлардың жерлерiн (ағаш едендердi алғаннан кейiн), қораларды, орындарды дезинфекциялауды кейіннен 1 шаршы метрге кемінде 10 литр су есебімен сулай отырып, 1 шаршы метрге 2 килограмм есебімен құрамында 25 % активтi хлоры бар хлорлы әкті біркелкі себу жолымен жүргізеді. 24 сағат өткен соң жердiң 10-15 сантиметр қабатын қопарып алады және арнайы қазылған, тереңдiгi кемiнде 2 метр орға көмедi. Топырақ бетiне бiркелкi хлорлы әкті сеуiп, үстiнен су құяды.
448. Нәжіс жинағыштағы қи бөкпесін құрғақ (құрамында кемінде 25 % активті хлор бар) хлорлы әкпен араластырады, 10 литр қи бөкпесіне 1,5 килограмм әк жұмсайды.
449. Жануарлардың қи қоймасындағы қиды құрғақ, құрамында 25 % хлорлы әкпен 0,5 килограмм/метр есеппен сеуiп араластырады, содан 1,5 метр тереңдiкке көмiп тастайды.
450. Қилардың көп мөлшерін биологиялық зарарсыздандыру үшін 1 жылға қалдырады. Ол үшiн, қи қойманың жиегiне 1 шаршы метрге 2 килограмм құрғақ хлорлы әк себеді. Қи қоймасының ішкі жағының периметрі бойынша тікенек сымдардан қоршау орнатады және ор қазады.
451. Көлiк құралдарды және басқа да техникаларды (бульдозерлер, экскаваторлар және басқалар) сол эпизоотиялық ошақтың аймағындағы арнайы бөлінген алаңда мұқият жуып болған соң, дезинфекциялайды, ол үшiн осы Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген дезинфекциялық заттардың бiреуiн қолданады.
452. Дезинфекциялық кедергілерді, дезтөсенiштердi, дезванналарды Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттардың біреуімен толтырады.
453. Эпизоотиялық ошақты душ қабылдайтын кабиналармен жабдықтайды және онда жұмыс істейтін адамнан басқа, барлық мамандар күнде гигиеналық душта санитариялық өңдеуден өтедi. Бұл ретте, сыртқы, iшкi киiмдердi, бас киiмдердi, арнайы жұмыс киiмдердi және аяқ киiмдердi формалиндi бу камерасында 57-600 С температурасымен 1 сағат ішінде зарарсыздандырады, бұнда формалиннiң шығыны 1 метрге 75 миллилитр болуы тиiс. Ошақтағы жұмыс толық аяқталғаннан кейiн пайдаланылған арнайы киiмдердi отқа жағады.
454. Ауаның температурасы 00 С төмен болған жағдайда дезинфекцияның алдында тиянақты механикалық тазарту жұмыстары жүргiзiледi. Ол үшiн дезинфекциялық объектілердің беті ең алдымен дезинфекция ерітіндісінің бiреуiмен суарады, сонан кейiн мұздан, қардан босатады да, қи мен қоқысты тазалайды.
Буферлік аймақта жүргізілетін
iс-шаралар
455. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы шаруашылық жүргізуші субъектідегi, елді-мекендегі барлық шошқаларды дереу есепке алады, шаруашылық жүргізуші субъектiге шошқаларды сатуға, ауыстыруға, қора-жайдан шығаруға, союға жол бермеу туралы жазбаша түрде ескертедi.
456. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi № 407 қаулысымен бекітілген Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесіне сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы қысқа мерзiмде барлық шошқалардың алуды жүзеге асырады. Жануарларды тасымалдау кезiнде жүру жолында қоршаған ортаны вируспен ластамау үшiн тасымалдау көлiктерiнің шанағын жабдықтайды.
457. Шошқаларды түсiргеннен кейiн көлік құралдары арнайы оқшауланған орында механикалық тазартуға және дезинфекциялауға жатады. Көлiк құралына санитариялық өңдеудің жүргізілгені туралы бұл жұмысты есепке алу журналына жазады.
458. Буферлік аймақта шошқаларды союды вирустың таралу мүмкіндігін болдырмайтын осы Қағидаларды сақтай отырып жүргізеді.
459. Сойылған шошқадан алынған етті және оның өнiмдерiн пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп-қақталған шұжықтар немесе консервілерге қайта өңдейдi.
460. Еттердi көрсетiлген өнiмдерге қайта өңдеу мүмкiн емес болса, онда оларды пiсiру арқылы зарарсыздандырады. Өндiрiлген өнiм қолайсыз аумақтың шегінде пайдаланылады.
461. Егер ұшаны сойған кезде бұлшықеттерде, iшкi органдарында және теріде қанталау немесе дегенеративтiк өзгерiстер анықталса, онда оларды барлық ішкі органдарымен өртеу арқылы жояды.
462. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз пункттерден және эпизоотиялық ошақтарынан буферлік аймаққа апаратын барлық жолдарға, буферлік аймақтың және қадағалау аймақтың сыртқы шекарасына апаратын жолдарға тәуліктік карантиндiк-күзеттiк полициялық бекеттері орнатылады.
463. Бекеттердi шлагбауммен, дезтосқауылмен және кезекшiлерге арналған үйшiктермен жабдықтайды.
Бақылау аймағында жүргізілетін
iс-шаралар
464. Базарларда шошқалардың және олардың өнiмдерiнің саудасына жол берілмейді.
465. Шаруашылық жүргізуші субъектiдегi барлық шошқа бастарына қайта есепке алу жүргізіледі. Оларды жаюға жол берілмейді. Шошқаның классикалық обасына және шошқа тiлмесiне қарсы иммундау жұмыстары жүргізіледі.
466. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерде барлық санаттағы шошқалардың денсаулығының жағдайына мемлекеттiк ветеринариялық бақылауды және қадағалауды күшейтедi. Ветеринариялық зертханаларға шошқалардың өлекселерiн және патологиялық материалдарды зерттеу үшін пошта арқылы қайта жiберуге жол берілмейді. Патологиялық материалдарды тиiстi талаптарды сақтай отырып қолма-қол жеткізуге ғана жол беріледі.
Карантиндi және шектеудi
алу
467. Шаруашылық жүргізуші субъектідегі шошқаның африкалық обасы бойынша карантин күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
468. Карантин алынғаннан кейiн 12 ай мерзіміне шошқаларды және оны сойғаннан кейін алынған өнiмдерi мен шикiзаттарын қолайсыз аудандардан, облыстардан тыс шығаруға жол берілмейді.
469. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз аудандардың (қалалардың), облыстардың ішкі сауда объектілерінде және шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнде шошқаны сатуға және тұрғындардан сатып алуға жол берілмейді.
470. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз аудандардың, облыстардың байланыс бөлiмшелерiнде азаматтардан жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттары бар сәлемдемелердi қабылдауға жол берілмейді.
471. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз аумақтар үшін белгіленген шектеулер қадағалау аймақтың шекаралас әкімшілік-аумақтық бірлікке де қатысты.
472. Карантиннің әрекет ету мерзімінде қолайсыз аудандардан, облыстардан тыс шығатын кезде жолдарда карантиндік бекеттер жұмыс атқаруы тиiс.
473. Бұрынғы эпизоотиялық ошақтарында және буферлік аймақтарда карантин алынғаннан кейiн 12 айдан соң, шаруашылық жүргізуші субъектілерді шошқалармен жинақтауға рұқсат берiледi.
474. Ірі шошқа шаруашылығының кешеніне жануарлар басын жинақтау карантин алынғаннан кейiн 12 айдан соң, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органының рұқсатымен жол беріледі. Мұндай қора-жайларға жануарлардың (құстарды қоса алғанда) басқа түрлерін орналастыру карантин алынғаннан кейiн рұқсат берiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |