Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»


Сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама



бет18/18
Дата17.06.2018
өлшемі457,14 Kb.
#43043
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама
зертханалары жүргiзетiн мiндеттi және қосымша зерттеулердiң
ТIЗБЕСI
      1. Жануарлар мен құстарға мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер (тексеру):
      1) жануарлардың жалпы жай-күйін, көрініп тұрған шырышты қабаттары мен беткі лимфа түйіндерін клиникалық қарау (ф-1 ветеринариялық куәлiгін тексере отырып);
      2) термометрия, тамыр соғысын, демалысын, руминациясын тексеру.
      2. Етті мiндеттi түрде зерттеу:
      1) ұшаны, iшкi мүшелері мен басын, қолжетімді барлық лимфа түйiндерiн ашып қарай отырып және ішкі мүшелерін тіле отырып, органолептикалық қарау;
      2) қайнатып сынау;
      3) финнозға (цистицеркоз) тексеру;
      4) трихинеллезға тексеру;
      5) жылқының басын маңқаға тексеру;
      6) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.
      3. Мiндеттi зерттеулерді жүргізу кезінде ветеринариялық нормативтерден ауытқу анықталған жағдайда, етті қосымша зерттеу:
      1) күдiк туғызған лимфа түйiндерiнен, iшкi мүшелері мен ұшаның бұлшық еттерiнен алынған жағындылардың бактериоскопиясы;
      2) биохимиялық зерттеулер (токсокологиялық зерттеулерді қоса алғанда).
      4. Сүт пен ашыған сүт өнiмдерiне (үйде жасалған) мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер:
      1) органолептикалық зерттеу;
      2) тығыздығын анықтау;
      3) қышқылдығын анықтау;
      4) тазалық дәрежесiн анықтау;
      5) сүттің бруцеллезге сақиналы реакциясы;
      6) маститке мастидин сынамасы;
      7) сынамалардың жалпы радиациялық фонын анықтау.
      5. Мiндеттi зерттеулерді жүргізу кезінде ветеринариялық нормативтерден ауытқу анықталған жағдайда, сүтті қосымша зерттеулер:
      1) майлылығын тексеру;
      2) сүттегі сода қоспасын анықтау;
      3) редуктазды сынама;
      4) сүттің жасандылығын анықтау.
      6. Сары майды (үйде жасалған) тексергенде мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер:
      1) органолептикалық зерттеу;
      2) майлылығын анықтау;
      3) ылғалдығын анықтау;
      4) ас тұзын анықтау;
      5) жасандылығын анықтау;
      6) ірiмшiк, сыр және тағы басқа заттардың қоспасын анықтау;
      7) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.
      7. Ара балын тексергенде мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер:
      1) анықтау және жіктеу;
      2) органолептикалық зерттеулер;
      3) су құрамын анықтау;
      4) механикалық қоспаларды анықтау;
      5) жалпы қышқылдығын анықтау;
      6) шіре балын анықтау;
      7) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.
      8. Мiндеттi зерттеулерді жүргізу кезінде ветеринариялық нормативтерден ауытқу анықталған жағдайда, ара балын қосымша зерттеулер:
      1) диастазалық белсенділігін анықтау;
      2) инвертацияланған қанттың шекті құрамын анықтау;
      3) жасанды инвертацияланған қант қоспасын анықтау;
      4) сахарозаны (қамыс қантын) анықтау;
      5) балдың божығанын анықтау.
      9. Балықтарға мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер:
      1) органолептикалық зерттеу (бүкіл партияның немесе орамның кемінде 10 данасын);
      2) бактериоскопия;
      3) қайнатып сынау;
      4) адамдарға қауiптi инвазиялық балық ауруларына (описторхоз, клонорхоз, гетерофоз, метегонимоз, дифиллиоботриоз, диоктифимоз, нанофиетоз) тексеру;
      5) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.
      10. Жұмыртқаны тексергенде мiндеттi түрде жүргiзетiн зерттеулер:
      1) органолептикалық зерттеу (ф-2 ветеринариялық ілеспе құжаттарды зерттей отырып);
      2) овоскопия;
      3) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.
      11. Қақталған етті (үйде жасалған) тексергенде мiндеттi түрде жүргiзетiн зерттеулер:
      1) органолептикалық зерттеу;
      2) трихинеллоскопия;
      3) ылғалдылығын анықтау;
      4) ас тұзын анықтау;
      5) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.
      12. Мiндеттi зерттеулерді жүргізу кезінде ветеринариялық нормативтерден ауытқу анықталған жағдайда, қақталған етті қосымша зерттеу – биохимиялық зерттеу (токсикологиялық зерттеулердi қоса алғанда).
Ветеринариялық       
(ветеринариялық-санитариялық)
қағидаларға        
3-қосымша         
Ет пен сойылғаннан кейін алынған өнімдерді таңбалауға арналған
ветеринариялық таңбалардың және мөртабандардың
үлгілері
      1. Сопақша нысандағы 1-таңба.

      KZ F 01/U2-0001 – жануарларды сою жүргізілген сою пунктінің немесе ет өңдейтін кәсіпорынның есептік нөмірі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1755 қаулысымен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесіне (бұдан әрі – қаулы) сәйкес беріледі:
      бiрiншi белгi – елдiң коды – КZ;
      екiншi белгi – облыстың литерлiк коды;
      үшiншi белгi – ауданның реттiк нөмiрi;
      төртiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң қызмет түрiнің коды;
      бесiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң реттiк нөмiрi;
      1 – таңба қоятын ветеринар дәрігердің жеке нөмірі.
      Мөлшері: 40(± 5)х60(± 5) миллиметр.
      Жиегінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр.
      Әріптердің және сандардың биіктігі – 10(± 0,2) миллиметр.
      2. Сопақша нысандағы 2-таңба.

      «ЖК ВЕТСАРАПТАМА» – ветеринариялық-санитарлық сараптама зертханасының атауы;
      KZ – Қазақстан Республикасының литерлік коды;
      F 01 – аумағында ветеринариялық-санитарлық сараптама зертханасы орналасқан облыстың және ауданның коды, қаулыға 1-қосымшаға сәйкес берілген:
      1 – таңба қоятын ветеринар дәрігердің жеке нөмірі.
      Мөлшері: 40(± 5)х60(± 5) миллиметр.
      Жиегінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр.
      Әріптердің және сандардың биіктігі – 10(± 2) миллиметр.
      3. Құстардың, үй қоянының, сазқұндыздың және басқа да ұсақ жануарлардың еттерін таңбалайтын сопақша нысандағы (кішірек мөлшердегі) таңба.

      KZ F 01/U2-0001 – сою пунктінің немесе ет өңдейтін кәсіпорындардың есептік нөмірі, қаулыға сәйкес беріледі:
      бiрiншi белгi – елдiң коды – КZ;
      екiншi белгi – облыстың литерлiк коды;
      үшiншi белгi – ауданның реттiк нөмiрi;
      төртiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң қызмет түрiнің коды;
      бесiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң реттiк нөмiрi;
      1 – таңба қоятын ветеринар дәрігердің жеке нөмірі.
      Мөлшері: 25(± 3)х40(± 5) миллиметр.
      Жиегінің ені – 1(± 0,2) миллиметр.
      Әріптердің және сандардың биіктігі – 6 миллиметр.
      4. Тік бұрышты таңба нысаны.

      KZ F 01/U2-0001 – жануарды сою жүргізілген сою алаңының уақытша есептік нөмірі, қаулыға сәйкес беріледі:
      бiрiншi белгi – елдiң коды – КZ;
      екiншi белгi – облыстың литерлiк коды;
      үшiншi белгi – ауданның реттiк нөмiрi;
      төртiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң қызмет түрiнің коды;
      бесiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң реттiк нөмiрi;
      1 – таңба қоятын ветеринар дәрігердің жеке нөмірі.
      Мөлшері: 40(± 5)х70(± 5) миллиметр;
      Жиегінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр;
      Әріптердің және сандардың биіктігі – 10(± 2) миллиметр.
      5. Ветеринариялық мөртабандар.










      KZ F 01/U2-0001 – жануарды сою жүргізілген өндіріс объектісінің есептік нөмірі, қаулыға сәйкес беріледі:


      бiрiншi белгi – елдiң коды – КZ;
      екiншi белгi – облыстың литерлiк коды;
      үшiншi белгi – ауданның реттiк нөмiрi;
      төртiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң қызмет түрiнің коды;
      бесiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң реттiк нөмiрi;
      1 – таңба қоятын ветеринар дәрігердің жеке нөмірі.
      Мөлшері: 40(± 5)х70(± 5) миллиметр;
      Жиегінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр;
      Әріптердің және сандардың биіктігі – 10(± 2) миллиметр.
      6. Қосымша мөртабандар.














      Мөлшері: 20 (± 3)х50(± 5) миллиметр;


      Жиегінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр;
      Әріптердің биіктігі – 10(± 2) миллиметр.
      7. Құс өңдейтін кәсіпорындарда құс ұшаларына қойылатын электротаңба.
1              2              Қ
      1 – бірінші санаттағы құс;
      2 – екінші санаттағы құс;
      Қ – өнеркәсіптік қайта өңдеуге.
      Әріптердің және сандардың биіктігі – 20(± 4) миллиметр.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет