Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»



бет10/18
Дата17.06.2018
өлшемі457,14 Kb.
#43043
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

38. Шошқаның везикулярлық ауруы
Шошқаның везикулярлық ауруының
әкелінуiнiң алдын алу
іс-шаралары
      475. Ауру қоздырғыштың әкелінуін алдын алу мақсатында мыналарға:
      1) везикулярлық ауруға қолайсыз елдерден шошқаның терiсiн, шошқа өнiмдерiн және шошқаларды әкелуге;
      2) халықаралық желілерге қызмет көрсететін әуежайлардан, ұшақтардан, пароходтардан, пойыздардан жиналған тамақ қалдықтарын шошқаларға азық ретiнде пайдалануға;
      3) құстардың жаппай ұшу кезеңінде шаруашылық жүргізуші субъектiлердің ашық жайылым алаңдарда шошқаларды ұстауға жол берілмейді.
      476. Шошқаның везикулярлық ауруының негізгі алдын алуы ауру қоздырғышының қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелінуін болдырмау және шаруашылық жүргізуші субъектінің шегінде шошқа басының өткізілуіне бақылау болып табылады.
      477. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерге шошқаның везикулярлық ауруының қоздырғышының әкелінуін алдын алу үшiн:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектіні везикулярлық ауруына қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіден сау жануарлармен толықтыру қажет;
      2) шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелiнген шошқаларды күнтізбелік 30 күн ішінде карантинде ұстау қажет. Карантин кезiнде шошқаларға шошқаның везикулярлық ауруына серологиялық зерттеу жүргізеді.
      478. Шошқаның везикулярлық ауруына күдiктенгенде шаруашылық жүргізуші субъектiсiнің басшысы немесе шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететін ветеринариялық маман тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды және ауру және ауруға күдiктi жануарларға оқшаулауды ұйымдастырады, оларға жеке қызмет көрсететін персоналды бекітеді.
      479. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы, шошқаның везикулярлық ауруына күдiктi деген хабар алғаннан кейін, тез арада сол жерге келiп, эпизоотиялық жағдайды анықтап, оның диагнозын анықтау және аурудың таралуына жол бермеу үшін іс-шаралар қабылдауы тиiс.
      480. Осы мақсатта:
      1) ауру қоздырғышының әкеліну көздерін және жолдарын анықтау бойынша шаруашылықта мұқият эпизоотиялық зерттеу, талдау жүргiзіледi;
      2) айналадағы шаруашылық жүргізуші субъектілерде шошқаның везикулярлық ауруының және басқа ауруларының эпизоотиялық жағдайын нақтылайды;
      3) оқшауда тұрған шошқа басына, аурудың әртүрлі сатысында жануарлардың дене қызу реакциясына назар аудара отырып, клиникалық тексеру жүргізіледі;
      4) патологиялық материалдарды іріктеп, зерттеуге жолдайды.
Шошқаның везикулярлық ауруының қоздырғышының
әкелінуі қаупі бар аймақтағы
іс-шаралар
      481. Қауiптi аймақта мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
      1) тұрғындарды аурудың таралу қаупi және осыған байланысты жүргізілетін іс-шаралар туралы хабардар етедi. Шошқаларға активтілігі жойылған профилактикалық вакцинаны қолайсыз пункттен карантинді алғаннан кейiн 2 жыл бойы егеді;
      2) жануарлардың өсіруін, жануарлардан жасалған өнімдер мен шикізаттардың дайындауын (союын), сақтау мен қайта өңдеуін, сатуын жүзеге асыратын ішкі саудада, қайта өңдейтін кәсіпорындарда, мал сою алаңдарда немесе мал сою пункттерде, өндіріс объектілерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күшейтедi;
      3) қауiптi аймақтан шошқаларды әкелуге және әкетуге (қайта өңдейтін кәсіпорындарды, сою алаңдары мен сою пункттерін қоспағанда) жол берілмейді. Ішкі сауда объектілерінде тірі шошқалардың саудасы Шошқаның везикулярлық ауруына қарсы вакцина еккен кейін күнтізбелік 21 күннен кейiн жүргізеді;
      4) шошқаларды ұстауға және азықтандыруға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау қойылады.
Шошқаның везикулярлық ауруын жоятын
іс-шаралар
      482. Шошқаның везикулярлық ауруының диагнозы анықталған кезде карантин қойылады.
      483. Карантинді шаруашылық жүргізуші субъектілерде мыналарға:
      1) карантиндi аумаққа шошқаларды әкелу және одан тыс шығуға (жануарларды қайта өңдеу кәсіпорындарына, ою алаңдары мен сою пункттерiне шығаруды қоспағанда);
      2) қолайсыз пункттен қайта өңдеу үшін ет комбинаттарына немесе сою пункттерiне әкетуді, сондай-ақ азықтарды, жабдықтарды және құрал-саймандарды қоспағанда шошқаның шикі етін және басқа зарарсыздандырылмаған өнімді алып шығаруға;
      3) Ветеринар мамандардың рұқсатынсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде шошқаларды союға және топтастыруға;
      4) дезөңдеусiз көлiк құралдарына карантиндi аумақтан тыс шығуға;
      5) қызмет көрсететін персоналдың санитариялық өңдеусіз аурудың эпизоотиялық ошағынан шығуына;
      6) жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес тұлғалардың шошқа қора-жайларына кiруiне;
      7) шошқаларды және олардың шикi өнiмдерiн (ет, май, өкпе-бауыр) базарларда сатуға жол берілмейді.
      484. Шаруашылық жүргізуші субъектіде барлық шошқа басын сою тиімсіз болып табылатын қолайсыз шошқа кешендерiнде және репродуктивтi шаруашылық жүргізуші субъектілерде, асыл тұқымды зауыттарда күнделiктi клиникалық қарау жүргізеді, шошқаның везикулярлық ауруымен ауырған және ауруға күдiктi барлық жануарларды сояды және қора-жайларды дезинфекциялайды. Қолайсыз шошқаның везикулярлық ауруынан сау және қауiптi шаруашылық жүргізуші субъектiлерiндегі шошқаларға вакцина егiледi.
      485. Шошқаның везикулярлық ауруымен ауыратын және ауруға күдiктi шошқаларды союды ет комбинаттардың санитариялық сою цехтарында немесе ортақ конвейерде, сондай-ақ вирустың таралуын болдырмайтын қағидаларды сақтай отырып, арнайы жабдықталған сою пункттерiнде (аулаларда) жүргізеді.
      486. Шошқаларды союға немесе олардан алынған өнiмдердi қайта өңдеу үшін ет комбинатына және сою пунктіне сұйықтықты өткізбейтін, тығыз шанағы бар көлік құралымен жеткізеді. Жүру жолында елдi-мекендерде тоқтауға, сондай-ақ шошқаны союға жол берілмейді.
      487. Шаруашылық жүргізуші субъектiден, сондай-ақ ет комбинаты немесе сою пунктi аумағынан шығатын көлiк құралдар мұқият тазаланады және дезинфекцияланады. Жануарларды тиеу және түсiру кезiнде, сондай-ақ жүру жолында шошқаларға қызмет көрсететін қызметкерлердің арнайы киiмдерi және аяқ киімдері дезинфекцияланады.
      488. Жануарларды сою кезінде пайдаланған жабдықтарды жұмыс аяқталған соң мұқият дезинфекциялайды. Құндылығы аз ағаштан жасалынған құралдарды өртейдi. Сою пункттерiн (аулаларды) тазалайды және дезинфекциялайды.
      489. Еттi, қыртыс майды және субөнімдерді пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп-қақталған шұжықтар немесе консервi жасауға қайта өңдейді немесе пiсiруге жiбередi.
      490. Жануарлардың арық ұшаларды барлық iшкi құрылыс мүшелерiмен бiрге, сондай-ақ шошқалардың өлекселерiн өртейді немесе Ветеринар мамандардың бақылауымен техникалық жоюға жiбередi.
      491. Жануарлардың терiсiн сылып алмайды, оларды үйітеді немесе жидiтедi. Ет комбинаттарында немесе сою пункттерiнде жануарлардың зарарсыздандырылатын терiсiн сылып алуға жол беріледі.
      492. Барлық орындалған іс-шаралардан кейін карантиндi алар алдында екi рет қорытынды дезинфекцияны жүргізеді.
      493. Шошқаның везикулярлық ауруын профилактикалау үшiн активтілігі жойылған вакцина қолданады.
      494. Везикулярлық ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру немесе ауруға күдікті барлық жануарларды сойғаннан кейін, сондай-ақ барлық ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды жүргізілген соң күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
      495. Шаруашылық жүргізуші субъектiден карантинді алғаннан кейiн 12 ай мерзіміне шектеу қойылады, бұл уақыт iшiнде:
      1) ет комбинатынан басқа бұрынғы шошқаның везикулярлық ауруына қолайсыз аумақтан тыс шошқаларды және олардың өнімдерін шығаруға және сатуға;
      2) сәлемдемемен шошқадан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды жiберуге жол берілмейді.
39. Шошқа дизентериясы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
шошқаның дизентериясын профилактикалау
іс-шаралары
      496. Дизентерияны болдырмау және таратпау мақсатында жеке және заңды тұлғалар:
      1) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi және шошқа басын азықтандыру мен ұстау технологиясының талаптарын қатаң орындауға;
      2) жабық түрдегi шошқа фермаларын өзінің сауықтырылатын жас мал есебiнен, ал бордақылау шаруашылықтарын жұқпалы аурулар бойынша оның ішінде шошқа дизентериясы бойынша қолайлы (кемінде 2-3 жыл ішінде) бекітілген шаруашылық жүргізуші субъектiлерден әкелінетін мал басы есебінен жинақтауға;
      3) шошқа дизентериясы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлермен шаруашылық байланыстарына жол бермеуге;
      4) бордақылау шаруашылық жүргізуші субъектiлерде көбейту үшін бір реттік шошқаларды және қабандарды пайдалануға қатаң тыйым салуға тиіс.
      497. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiге әкелінетін жануарларды күнтізбелік 30 күн бойы ұстайды.
      498. Фермадағы шошқаларда дизентерияға күдiктi гастроэнтерит карантині пайда болған кезде барлық жануарларды тобы кейіннен қора-жайларды (секцияларды, торларды, станоктарды) санациялай отырып, союға тапсырылады.
      499. Сауықтырылатын жануарларды бір цехтан екiншi цехқа негізгі фермаға ауыстыру кезінде торайлардың тері жамылғысын құрамында 0,5 пайыз күйдiргiш натрий және 1 пайыз формальдегиді бар сiлтiлi ерiтiндiсiмен өңдейді.
Шошқаның дизентериясы бойынша эпизоотиялық ошақтарында
және қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
      500. Ауру жануарлар бөлiнген шаруашылық жүргізуші субъектiге мынадай:
      1) жануарлардың орнын ауыстыруға жол бермеуі;
      2) бөгде адамдардың келуі;
      3) жеке және заңды тұлғалардың дезинфекциялауды жүргiзуі шектеу қойылады.
      501. Емдеу үшiн Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттар қолданылады.
40. Шошқаның классикалық обасы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргізілетін профилактикалық
іс-шаралар
      502. Шошқаның классикалық обасының (бұдан әрі – ШКО) пайда болуын және таралуын алдын алу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектілерге, ветеринария мамандарына, сондай-ақ, жануарлардың иелерiне:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге келіп түскен барлық шошқаларды күнтізбелік 30 күн оқшаулап ұстау;
      2) шошқаларды тамақ қалдықтарымен термиялық зарарсыздандырудан кейiн азықтандыруы қажет.
Эпизоотиялық ошақтарында және қолайсыз
пункттерде жүргізілетін
iс-шаралар
      503. ШКО диагнозы анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектi аумағына карантин қойылады.
      504. Қолайсыз пункттегі (шаруашылық жүргізуші субъектiден) карантинді жануарлардың ШКО-дан өлуінің немесе сауығуының соңғы жағдайынан кейін күнтізбелік 40 күн өткен соң алынады. Шошқаларды шаруашылық жүргізуші субъектiден шығару бойынша шектеулер карантин алынғаннан кейін 12 айдан соң алынады.
      505. Карантиннiң шарты бойынша:
      1) қолайсыз пункттерге шошқаларды (қайта өңдеу кәсiпорындарды қоспағанда) әкелуге (кіргізуге) және олардан әкетуге (шығаруға);
      2) ветеринария маманының рұқсатынсыз шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде шошқаларды союға және қайта топтастыруға;
      3) дезинфекциялық өңдеусіз көлiктiң кез келген түрiн қолайсыз пункттен шығаруға;
      4) шошқаларға қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың шошқа қора-жайларына кіруіне;
      5) қызмет көрсететін персоналдың аурудың эпизоотиялық ошағынан санитариялық өңдеуден өткiзбей жұмыс киiммен және аяқ киiммен шығуына;
      6) қолайсыз пункттен азықтарды әкетуге;
      7) базарларда тірі шошқаларды, сондай-ақ, шикі түріндегі ет өнімдерін (ет, май, өкпе-бауыр және тағы да басқалары) сатуға жол берілмейді.
      506. Эпизоотиялық ошақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілерде барлық шошқалар союға жатады, ал барлық шошқа басын сою орынсыз болатын шаруашылық жүргізуші субъектілерде барлық шошқаларды қараудан өткiзеді және клиникалық сау шошқаларға ШКО-ға қарсы вакцина егіледi.
      507. ШКО бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде аналық шошқаларды ШКО-ға қарсы тiрi вирус-вакцинамен иммунизациялауды ұрықтануға дейiн жүргiзедi. Торайлайтын аналық шошқаларға тiрi вакцина егуге тыйым салынады. Торайлайтын аналық шошқалар арасында ауру пайда болған жағдайда, оларға вирус-вакциналар егедi, алайда кейіннен союға өткізу үшін бордақылауға ауыстыра отырып, одан әрі өсiрудiң циклынан алып тастайды.
      508. Ауру және ауру күдігі бар және ШКО жұқтыруға күдiктi жануарларды сою қайта өңдеу кәсiпорындарда, сою алаңдарында немесе сою пункттерінде жүргізіледі.
      509. Ауру және ауру күдігі бар жануарлар ұсталған қора-жайларға механикалық тазарту және дезинфекциялау жүргiзiледі.
      510. Обадан өлген шошқалардың өлекселерін өртеу арқылы жояды.
Шошқаның классикалық обасынан
қауіп төнетін аумақтағы
іс-шаралар
      511. ШКО бойынша қауіп төнетін аумақта барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлердің барлық шошқаларына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау орнатылады, жүйелі түрде есепке алу және клиникалық қарау жүргiзiлiп, ветеринария мамандарының рұқсатынсыз оларды қайта топтастыруға тыйым салынады.
      512. Бұрын жүргізілген вакцина егу мерзімдерді ескере отырып, барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде ШКО-ға қарсы профилактикалық вакцина егу жүргізіледі.
41. Шошқа тiлмесi
Шошқа тiлмесiнің профилактикасы және
оны жою бойынша ветеринариялық
іс-шаралар
      513. Шошқа тiлмесiнiң профилактикасы бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мыналарды:
      1) шошқаларды тікелей күн сәулесiнен қорғауды қамтамасыз ететін жануарларға жазғы-лагерлік ұстауды жабдықтау жолымен жылу күйзелісінің профилактикасын;
      2) шошқаларды құрама тамақ қалдықтарымен залалсыздандырылмаған күйде азықтандыруға жол бермеуді;
      3) шошқаларды союды қайта өңдеу кәсiпорындарда немесе жануарларды сою бойынша мамандандырылған пункттерде жүргізуді қамтиды.
      514. Шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында диагноз анықталған кезде шектеу қойылады.
      515. Шаруашылық жүргізуші субъектiден шектеу ауру жануардың соңғы сауығу жағдайынан және қора-жайларды, жаю алаңдарын және күтім жасау заттарын мұқият тазартқаннан және қорытынды дезинфекциялау жүргiзгеннен кейін күнтізбелік 14 күн өткен соң алынады.
      516. Шектеудiң шарттары бойынша:
      1) шошқаларды әкелуге (кіргізуге) және әкетуге (шығаруға);
      2) шошқаларды шарасыз союдан алынған зарарсыздандырылмаған етiн шығаруға;
      3) ауру шошқалармен байланыста болған шошқаларды азықтандыруға арналған азықтарды шығаруға тыйым салынады.
      517. Тілмемен клиникалық ауыратын шошқаларды пенициллин қосылған тiлмеге қарсы гипериммунды сывороткамен емдейдi. Аурудан сауыққан жануарларды олар сауыққаннан кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей және барлық шошқаларды тiлмеге қарсы вакцина егілгеннен кейін терi жамылғылары мен аяқтарын дезинфекциялағаннан соң қайтарады.
      518. Қолайсыз эпизоотиялық ошақтарындағы клиникалық сау шошқаларға тiлмеге қарсы вакцина егеді.
      519. Технология бойынша қайта өңдеу кәсiпорындарға өткізуге жататын шошқалар арасында тiлме ауруы пайда болған кезде, ауруларды оқшаулайды және емдейді, ал клиникалық сау шошқаларды тез арада сою үшін жақын жердегi етті қайта өңдейтiн кәсiпорындарға жiбередi. Жiберiлген күнi союды жүзеге асыру мүмкiн болмаған кезде, сау жануарларды сол жерде қалдырып, тiлмеге қарсы вакцина егеді және күнтізбелік 10 күннен кейiн шектеусiз союға тапсырады.
      520. Ауру шошқаларды бөлудің әрбiр жағдайынан кейін, шошқа қораның еденi мен қабырғасын тазартады, жуады және Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттiк тізілімінде тiркелген препараттармен дезинфекциялайды.
      521. Өлекселерден немесе шарасыз сойылған тілмемен ауыратын шошқалардан сылып алынған терiлер дезинфекцияланады. Өңделген терiлердi өткiзбейтiн ыдысқа орайды да терi зауытына жiбередi. Терiнiң дезинфекциялауын ұйымдастыру мүмкiн болмаған кезде, өлексенi терiсiмен бірге жояды.
42. Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтериті
Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтерит
ауруына профилактикалық
iс-шаралар
      522. Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтеритпен ауруының алдын алу және профилактикалау мақсатында шошқалары бар шаруашылық жүргізуші субъектiлер жыл сайын шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтеритін профилактикалау бойынша жоспарлы ветеринариялық iс-шараларды жүргізедi.
      523. Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтеритiн профилактикалау мыналарға:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектiлердiң аумағын инфекция қоздырғышының әкелінуiнен қорғауға;
      2) шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритке қарсы барлық аналық шошқаларға жүйелі профилактикалық вакцинаны тиісті вакцинаны қолдану бойынша басшылыққа сәйкес егуге;
      3) негізгі және сауыққан аналық шошқалардың бөлек торайлануын ұйымдастыру;
      4) шошқалардың торайлануын жүргізген кезде «бос - бос емес» қағидатын сақтауға;
      5) құрал-саймандар мен жабдықтар бар шошқалардың торайлануға арналған қора-жайлардағы профилактикалық үзіліс кезінде мұқият механикалық тазартуды, дезинфекциялауды, жууды, кептiруді жүргізуге негiзделедi.
      524. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді және репродукторларды жинақтау тәртібі шаруашылық жүргізуші субъектінің – сатып алушылар мен жеткізулердің трансмиссивтi гастроэнтериті бойынша эпизоотиялық қолайлығынан шыға отырып белгіленеді.
      525. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiнен бос шаруашылық жүргізуші субъектiні шошқа басымен жинақтауды, осы ауру бойынша эпизоотиялық жағдайы ұқсас шаруашылық жүргізуші субъектiлерген, сондай-ақ күнтізбелік 30 күнде келіп түскен барлық басқа профилактикалық карантин кезiнде мiндеттi түрде шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне серологиялық тексеру жүргізу қажет. Егер, оң әсер ететін жануарлар анықталса, онда шаруашылық жүргізуші субъектiсiн шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiнен бос шошқалардың тобымен жинақтауға жол берілмейді. Бұл жануарлар союға немесе эпизоотиялық жағдайы ұқсас шаруашылық жүргізуші субъектiсiне беруге жатады.
      526. Серологиялық зерттеу кезiнде шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне оң әсер ететін жануарлар анықталған шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнде осындай жағдайдағы шаруашылық жүргізуші субъектiлерiмен немесе аурудан бос шаруашылықтан жинақтау рұқсат етіледі.
      527. Ауруға қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлерiндегі және зерттеу кезiнде шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне оң әсер ететін жануарлар бар шаруашылық жүргізуші субъектiлерiндегі барлық аналық шошқа басына вакцина егіледi.
      528. Шошқа қора-жайларындағы микроклиматтың тиісті технологиялық параметрлерін ұстау қажет.
Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритіне қолайсыз
шаруашылықты сауықтыру бойынша
іс-шаралары
      529. Қолайсыз пунктке шектеу қойылады. Шектеудiң шарттары бойынша:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектiсiне кіргізуге және басқа шаруашылық жүргізуші субъектіден шығаруға;
      2) қолайсыз шошқалардың басын қайта топтастыруға;
      3) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiсiне, жануарларға қызмет көрсетуге байланысты емес адамдарға кіруге жол берілмейді.
      530. Барлық буаз аналық шошқаларды шошқаның вирустық трансмиссивтi гастроэнтеритiне қарсы вакцинасын егеді.
      531. Клиникалық сау жануарларды сою үшін қайта өңдеу кәсіпорындарға, сою алаңдарға немесе сою пункттерге арнайы жабдықталған көлiк құралдармен шығаруға рұқсат етіледі.
      532. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне қолайсыз шаруашылық субъектiлерiнде шошқалар тұрған бөлiмдердi, күтiм құралдарын, көлiк, құрал саймандарды шектеу алынғанша, күн сайын күйдiргiш натрийдiң 3 пайыздық ерiтiндiсiмен немесе жаңа сөндiрiлген әктiң 20 пайыздық тұнбасымен дезинфекциялайды.
      533. Шаруашылық жүргізуші субъектiсi және оның Ветеринар мамандары тез арада осы аурудың өршуіне себеп болған шошқаларды ұстаудың технологиясындағы бұзушылықтарды жоюға іс-шаралар қабылдайды.
      534. Шошқадан, аурудан және шошқаның трансмиссивтi гастроэнтерит ауруы бойынша күдігі бар шошқадан алынған етке және субөнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізгеннен кейін пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп-қақталған шұжық өнімдерін, консервiлерін дайындауға жіберіледі. Шұжық өнімдеріне қайта өңдеу мүмкін болмаса, етті және субөнімдерді қайната отырып зарарсыздандырылады, шикі түрінде пайдалануға жол берілмейді.
      535. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтерит ауруынан өлген жануарлардың өлекселерiн өртейді.
      536. Жануардың соңғы өлу жағдайынан және союға тапсырғаннан немесе ауырған жануарлардың сауықтыруларынан күнтізбелік 21 күннен кейiн және бекітілген іс-шараларды жүргізген соң қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiсi деп жариялайды.
43. Шошқалардың энцефаломиелиті
(Тешен ауруы)
Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитінің
(Тешен ауруы) профилактикасы және жою бойынша
іс-шаралар
      537. Энзоотиялық энцефаломиелиттің негізгі профилактикасы қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерге ауруды қоздырғыштың әкелінуінің алдын алу және шаруашылық жүргізуші субъекті шеңберінде шошқалардың орын ауыстыруын бақылау болып табылады.
      538. Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелиті қоздырғышының әкелінуінің алдын алу үшiн жеке және заңды тұлғалар мынадай iс-шараларды жүргiзедi:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектісін шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелиті бойынша қолайлы сау жануарлармен топтастыруды жүргізеді;
      2) шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелінген шошқаларды күнтізбелік 30 күн ішінде карантиндейді. Шаруашылық жүргізуші субъектінің шошқаларын карантиндеу кезеңінде энзоотиялық энцефаломиелитке серологиялық зерттеуден өткізеді;
      3) клиникалық ауру жануарлар анықталған және шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитіне диагноз зертханалық зерттеулермен расталған жағдайда немесе шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитінің қоздырғышына серопозитивтi шошқалар анықталған кезде энзоотиялық энцефаломиелит вирусының таралуын болдырмайтын шараларды сақтай отырып, әкелінген шошқалардың барлық партиясы сою объектілерінде (сою пункттері мен алаңдары, ет өңдейтін кәсіпорындар) сойылады;
      4) тамақ қалдықтары шошқаларға тек термиялық зарарсыздандырылғаннан кейiн берiледi.
Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитпен
ауруына күдiктену кезіндегі
iс-шаралар
      539. Қолайлы емес пункттерге шектеулер қойылады. Осы мақсатта:
      шаруашылық жүргізуші субъектіде аурудың қоздырғышының көздерін және әкеліну жолдарын анықтау үшiн мұқият эпизоотиялық тексеру жүргiзедi;
      жақын орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілерде және елді мекендерде шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелиті мен басқа аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайын анықтайды;
      аурудың әртүрлі кезеңдерінде жануарлардың температуралық реакциясына ерекше назар аудара отырып, оқшау қорада орналасқан шошқаларды клиникалық қарап тексеруді жүргізеді;
      патологиялық материалды іріктеп алып, зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға жiбередi.
      540. Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитіне диагноз қойылғаннан кейiн карантин белгіленеді.
      541. Карантинделген шаруашылық жүргізуші субъектiлерде мыналарға:
      1) карантинделетін аумаққа шошқаларды әкелуге немесе оның шеңберінен тыс шығаруға (жануарларды өңдейтін мекемелерге, сою алаңдарына немесе сою пункттерiне әкетуді қоспағанда);
      2) қайта өңдеу үшін қайта өңдеу кәсіпорындарына, сою алаңдарына немесе сою пункттеріне әкетуден басқа, қолайсыз пункттен шикі шошқа етін және шошқаны союдың басқа да зарарсыздандырылмаған өнімін, сондай-ақ азықтарды, жабдықтарды және мүкәммалды әкетуге;
      3) ветеринария мамандарының рұқсатынсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлер ішінде шошқаларды союға және қайта топтастыруға;
      4) дезинфекциялық өңдеусiз көлiктің карантин аумағынан тыс шығуына;
      5) қызмет көрсететін персоналдың санитариялық өңдеусіз аурудың эпизоотиялық ошағынан шығуына;
      6) жануарларды бағып-күтуге қатысы жоқ адамдардың шошқа қоражайларына кіруіне;
      7) базарларда тірі шошқаларды, сондай-ақ, сойылған өнімдерін (ет, май, өкпе-бауыр және т.б.) шикі түрінде сатуға;
      8) жәрмеңкелерді және ауруға сезімтал жануарлардың топтасуына байланысты басқа да іс-шараларды өткізуге рұқсат етілмейді.
      542. Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитпен ауруын жою бойынша iс-шараларын жүргiзу кезінде шаруашылық жүргізуші субъектінің өндiрiстiк бағытын, көлемі мен мал басының зақымдану дәрежесін есепке алады.
      543. Қолайсыз ферманың барлық шошқаларын сою орынсыз шошқа шаруашылығы кешендерінде және репродуктивтi шаруашылық жүргізуші субъектілерде, тұқымдық зауыттарда күн сайын клиникалық қарап тексеру жүргізіледі, энзоотиялық энцефаломиелитпен ауыратын және ауру күдігі бар барлық шошқалар, сондай-ақ дамуы жағынан артта қалған жануарлар сойылады, қоралар дезинфекцияланады. Энзоотиялық энцефаломиелит бойынша қолайсыз және қауіп төндіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердегі клиникалық сау шошқаларға вакцина егiледi. 2 айлық жасқа дейінгі кезеңде вакцина егілген торайларға олар 3 айлық жасқа жеткеннен кейін қайта вакцина егiледi. Вакцина егу карантин тоқтатылғаннан кейiн де 2 жыл бойы жалғастырылады.
      544. Энзоотиялық энцефаломиелитпен ауыратын және ауру күдігі бар шошқаларды сою қайта өңдейтін мекемелерде, сою алаңдарында немесе сою пункттерiнде вирустың таралуын болдырмайтын шараларды сақтай отырып, жүргізіледі.
      545. Союға арналған шошқаларды немесе олардың сойылған өнімдерін қайта өңдеу үшін берік, сұйықты өткізбейтін шанақтары бар көлік құралдарымен қайта өңдейтін мекемелерге, сою алаңдарына немесе сою пункттерiне әкелінеді. Жолшыбай елдi мекендерде тоқтауға, сондай-ақ, шошқаларды союға рұқсат етілмейді.
      Көлік құралдары шаруашылық жүргізуші субъектiден, сондай-ақ, өңдейтін мекемелердің, сою алаңдарының немесе сою пункттерiнің аумағынан шығатын кезде мұқият тазартылып, дезинфекцияланады. Тиеуде және түсіруде жұмыс істейтін адамдардың, сондай-ақ, жолшыбай шошқаларды бағып-күтетін адамдардың арнайы киімдері мен аяқ киімдері дезинфекцияланады.
      Жануарларды сойғанда пайдаланылған жабдықтар жұмыс аяқталғаннан кейін дезинфекцияланады.
      546. Ет, май және қосалқы өнімдер пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп қақталған шұжықтар немесе консервiлерге қайта өңделеді немесе қайнатуға жiберіледi.
      Арық жануарлардың ұшалары iшкi құрылыс мүшелерiмен бiрге, сондай-ақ, өлекселер жағылады.
      547. Бас, сирақтары мен құйрықтарды оларды дайындаудың қарапайым технологиялық режимдерін сақтай отырып, ұйыма және іркілдек өңдеп шығаруға пайдалануға рұқсат етіледі.
      548. Жануарлардың терiсі сыпырылмайды, олар ұйытылады немесе ыстық сумен жидiтіледi. Өңдейтін мекемелерде, сою алаңдарында немесе сою пункттерiнде зарарсыздандырылатын терілерді сыпыруға рұқсат етіледі.
Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелиті қоздырғышының
әкелінуі бойынша қауіп төндіретін аймақтағы
iс-шаралар
      549. Қауіп төндіретін аймақта мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
      1) халыққа аурудың тарау қаупi және осыған байланысты өткізілетін iс-шаралар туралы хабарланады. Бұрын жүргізілген вакцина егулерді ескере отырып, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде қолайсыз пункттен карантин алынғаннан кейiн 2 жыл бойы энзоотиялық энцефаломиелитке қарсы инактивтендірілген және тірі вакцинамен шошқаларға профилактикалық вакцина егiледi;
      2) ішкі сауда объектілерінде, өңдейтін мекемелерде, сою алаңдарында немесе сою пункттерiнде жануарларды өсіруді, жануарларды, жануартекті өнімдерді және шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын, шошқаларды союдан алынған өнімдерді және шикізатты дайындайтын және қайта өңдейтін өндіріс объектілерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау күшейтіледі;
      3) қауiп төндіретін аумаққа (өңдетін мекемелерді, сою алаңдарын немесе сою пункттерiн қоспағанда) шошқаларды әкелуге және одан әкетуге рұқсат етілмейді. Ішкі сауда объектілерінде тірі шошқаларды саудалау оларға энзоотиялық энцефаломиелитке қарсы вакцина егiлгеннен кейін күнтізбелік 14 күн өткен соң жүргізіледі;
      4) шошқаларды ұстауға және азықтандыруға мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау орнатылады;
      5) шаруашылық жүргізуші субъектiге қызмет көрсету үшін тұрақты жұмысшылар мен көлік бекітіледі.
      550. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелиті бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден карантин ауру және ауру күдігі бар жануарлар не тиісінше дамуы жағынан артта қалған шошқалар сойылғаннан, сондай-ақ, барлық ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар өткізілгеннен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң алынады.
      Егер, қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiде барлық шошқалар сойылса, онда мұндай шаруашылық жүргізуші субъектiден карантин онда тиiстi ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар және соңғы дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін алынады.
      551. Барлық iс-шаралар орындалғаннан кейін, карантиндi тоқтату алдында 24 сағат аралықпен екi мәрте дезинфекциялау жүргізіледі.
      552. Шаруашылық жүргізуші субъектiден карантин алынғаннан кейін 6 ай мерзiмге шектеу қойылады, сол аралықта шошқаларды және оның сойылған өнiмдерiн әкетуге және сатуға тыйым салынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет