Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»


Ірi қара малдың нодулярлық дерматиті



бет7/18
Дата17.06.2018
өлшемі457,14 Kb.
#43043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

15. Ірi қара малдың нодулярлық дерматиті
Нодулярлық дерматиттiң
профилактикасы
      209. Жануарлардың нодулярлық дерматит ауруының алдын алу бойынша:
      1) ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіруді қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлау;
      3) ветеринар мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру;
      4) ветеринар мамандарға бiрнеше жануар кенеттен қырылған, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ветеринар мамандар келгенге дейін ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдану қажет.
Нодулярлық дерматитпен
(бұлдырмақ ісікпен)
күресу шаралары
      210. Нодулярлық дерматит шыққан кезде шаруашылық жүргізуші субъектiге карантин қойылады.
      211. Карантиннiң шарты бойынша мыналарға:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектiге құстарды қоса алғанда, барлық жануарлар түрлерiн кіргізуге (әкелуге), шығаруға (әкетуге);
      2) шаруашылық жүргізуші субъекті iшiнде ветеринар маманның рұқсатынсыз малдардың орнын ауыстыруға;
      3) ауру және ауру бойынша күдiктi жануарларды союға, саууға және етiн, сүтiн пайдалануға жол берілмейді.
      212. Нодулярлық дерматиттен қырылған жануарлардың өлекселерi терiсiмен бiрге өртеу жолымен жойылуға жатады.
      213. Шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин барлық ауру және ауру бойынша күдiктi жануарларды сойғаннан және қорытынды шаралар жүргізгеннен кейiн алынады.
16. Iрi қара малдың парагрипп-3 ауруы
Iрi қара малдың парагрипп-3 ауруының
алдын алу бойынша
іс-шаралар
      214. Iрi қара малдың парагрипп-3 ауруының алдын алу бойынша іс-шаралары:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектiлердi қоздырғыштың әкелуінен қорғауды;
      2) жануарлардың жалпы резистенттілігін көтеруге бағытталған шаралар кешенін жүргізуді;
      3) осы Қағиданы қатаң сақтауды;
      4) ауруға уақтылы диагноз қоюды;
      5) сыртқы ортадағы вирусты жоюды;
      6) жаңадан келген жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде карантинде ұстауды қамтиды.
      215. Жеткізуші шаруашылық жүргізуші субъектiлерде тасымалдағанға дейін кемінде күнтізбелік 14 күн бұрын бұзауларға парагрипп-3 ауруына қарсы профилактикалық вакцина егеді.
      216. Жануарларды арнайы жабдықталған көлiкпен жеткiзедi.
      217. Шаруашылық жүргізуші субъектiнiң мал шаруашылығы қора-жайларында қажетті микроклиматты қалыпты жағдайда ұстайды және үнемі профилактикалық дезинфекциялауды жүргiзеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектiнi ірі қара малдың
парагрипп-3 ауруы бойынша сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
      218. Парагрипп-3 диагнозы анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеу қояды.
      219. Шектеу шарттары бойынша қолайсыз пунктте мыналарға:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектiге жануарларды әкелуге және басқа шаруашылық жүргізуші субъектiлерге әкетуге және оларды қайта топтастыруға;
      2) жануарларды күтіп-бағуға байланысты емес адамдардың қолайсыз қора-жайларға баруына;
      3) ауру жануарларды күтіп-бағатын персоналдың сау бұзаулар орналасқан қора-жайға кiруiне тыйым салынады.
      220. Клиникалық сау жануарларды сою пунктіне союға арнайы жабдықталған көлікпен әкетуге рұқсат берiледi. Жануарлардың өлекселерін өртеп жiбередi.
      221. Жануарлардың етінде дегенеративтi өзгерiстер болмаған кезде жануарлардың етін шектеусіз сатуға рұқсат етіледі. 221. Жануарлардың етінде азудың өзгерiстері болмаған кезде жануарлардың етін шектеусіз сатуға рұқсат етіледі. Танауының, кеңірдегінің, өкпесiнiң, асқазан-ішек жолының кiлегей қабаттарында қабынған және өлi етке айналған өзгерiстерi анықталған кезде бұл органдар техникалық кәдеге жаратуға жiбередi.
      222. Ауру жануарларды бөлек секцияларға оқшаулап гипериммунды сывороткасымен, спецификалық емес глобулинмен немесе реконвалесценттi сывороткасымен емдейдi. Сонымен қатар антибиотиктер, сульфаниламид, нитрофуран препараттарын қолданады.
      223. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектідегi торларды, станоктарды, күту құрал-саймандарын, жабдықтар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттармен дезинфекциялауды жүргізеді.
      224. Ауыру жануардың сауығуының немесе сойылуының соңғы болған оқиғасынан кейiн күнтізбелік 14 күн өткен, сондай-ақ қорытынды шаралар өткізілген соң шаруашылық жүргізуші субъекті қолайлы деп жарияланады және шектеу алынады.
17. Iрi қара малдың паратуберкулезi
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
өткізілетін профилактикалық
іс-шаралар
      225. Iрi қара малдың паратуберкулезiнiң пайда болуының және оның таралуының алдын алу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектiлер, Ветеринар мамандар, сондай-ақ мал иелерi мыналарды:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге iрi қара малдың паратуберкулезi бойынша қолайсыз аумақтардан жануарларды әкелуге (кiргiзуге) жол бермеу;
      2) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге жаңадан келетiн барлық жануарларды күнтізбелік 30 күн бойы оқшаулап ұстау;
      3) жануарларды жылына екi реттен кем емес клиникалық тексерудi қамтамасыз ету: жайылымға шығару алдында және күзде қыстаққа тұрғызу алдында;
      4) жайылымдарды, суаратын жерлерді, мал шаруашылығы фермаларын, қора-жайларды және жануарларды ұстайтын басқа да жерлердi қалыпты ветеринариялық-санитариялық жағдайда ұстау;
      5) паратуберкулез бойынша қолайсыз пункттердің жануарларымен iрi қара малдармен, жеке қолданыстағы малдармен байланысына, сондай-ақ жануарлардың әртүрлі түрiмен және әртүрлі жастағы топтарын бiрге ұстауға жол бермеу;
      6) жануарлар ағзасының резистенттiлiгiн көтеру үшiн рационды ақуыз, минералды заттар, микроэлементтер мен витаминдер бойынша құрастыру;
      7) жануарлардың рационы қышқылды жеммен күшейтілген бiр жақты жемдеуге жол бермеу қажет.
Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз
пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
      226. Диагноз қойылған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектiнiң аумағында шектеу іс-шаралары қойылады.
      227. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша:
      1) диагноз қойылғаннан кейін барлық жануарларды клиникалық тексереді;
      2) аурудың клиникалық белгiлерi бар жануарларды шығарады және етке союға тапсырады;
      3) қалған iрi қара мал басын паратуберкулезге тексередi;
      4) одан кейiн сауықтырылатын табындағы жануарлардың қан сывороткаларын серологиялық зерттеу мен аллергиялық тексеру жылына 2 рет - көктем мен күзде жүргiзіледi;
      5) мал басын тоқсанына бiр рет клиникалық тексереді, паратуберкулездiң клиникалық белгiлерi бар жануарларды аллергиялық және серологиялық зерттеулердің нәтижесіне қарамастан етке союға тапсырады;
      6) екiншi рет зерттеу кезінде оң немесе күдiктi реакция берген жануарларды етке союға өткізеді, қалғаны жалпы табынға қайтарады;
      7) сойылған жануарлардан алынған материалдарды барлық жағдайда бактериологиялық және гистологиялық зерттеулерге жолдайды;
      8) паратуберкулезбен ауыратын сиырлардан туған бұзауларды етке союға өткізеді, қолайсыз табындағы сау жануарлардан туған бұзауларды үлкен малдардан бөлектейді және 5 (бес) күн уыз береді, сонан кейін осы ферма үшін арнайы бөлінген пастерленген сүтпен және обратпен бағады. Кейін оларда паратуберкулездің бар жоқтығын зерттейді.
      228. Паратуберкулездiк энтерит бойынша қолайсыз пунктте өткізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар:
      1) тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатынсыз малдарды қайта топтастыруға тыйым салады;
      2) мал аулалары мен олардың аумағының айналасының тиісті санитариялық жағдайын қамтамасыз етедi;
      3) мал шаруашылығы қора-жайларын механикалық тазартуды, жануарларды ұстау орындарын, әр зерттеуден кейiн мүкәммал мен басқа да жабдықтарды ағымдағы дезинфекциялауды жүргiзедi;
      4) ауру малдардың және ауру бойынша күдiктi малдардың қиын өртейді, шартты түрде сау малдардың қиын биотермиялық әдiспен зарарсыздандырады;
      5) сауын сауу қондырғысы мен сүт ыдыстарын күнделiктi зарарсыздандыруды қамтамасыз етедi;
      6) сиырлардың бұзаулауын төлдеу қора-жайларында жүргiзедi, шуларды өтпейтiн ыдысқа жинайды және залалсыздандырады;
      7) алғашқы уызды жеке ыдысқа сауады және қайнату арқылы залалсыздандырады, шартты түрде сау жануарлардан алынған сүтті 850С температурада 30 (отыз) минут пастерлейдi;
      8) жануарларды жабық су көздерінен суаруды ұйымдастырады, олардың жануарлардың тезегімен ластануын болдырмау үшiн жайылымдағы бөгеттерді, арықтарды, үлкен шалшықтарды қоршайды.
      229. Ауру жануарды соңғы бөлу жағдайынан кейiн 3 (үш) жыл өткен соң және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейiн шектеу іс-шаралары алынады.
18. Iрi қара малдың обасы
Қазақстан Республикасының аумағын ірі қара малдың обасы
қоздырғышының әкелінуінен қорғау жөніндегі
іс-шаралар
      230. Ірі қара малдың обасына қарсы іс-шаралар ел аумағын шетелден ауру вирусының әкелінуінен сенімді қорғауды, шекара маңындағы аймақта оған сезімтал жануарлардың мал басына жыл сайын вакцина егуді, ал оба анықталған жағдайда – барлық ауру және ауру бойынша күдiктi ірі қара малды сою және жоюды көздейді. Қолайсыз пункттерде қатаң карантин және басқа ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу.
      231. Ерекше профилактика Қазақстан Республикасының аумағын ірі қара малдың обасынан қорғау жөніндегі кешенді іс-шаралардың негiзi буыны болып табылады.
      232. Ірі қара малдың обасы бойынша қолайсыз елдермен шекаралас әкiмшiлiк аудандарда орналасқан барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде осы бөлімде көрсетiлген ұйымдастыру, эпизоотияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
      233. Ветеринар мамандар өздерiне бекiтiлген шекарадағы аймақ учаскесінің эпизоотиялық жағдайының, жайылымдардың, суаттардың, мал айдау жолдарының жағдайын жақсы бiлуге тиiс; қызмет көрсету аумағындағы әрбір елдi мекендердегі және шаруашылықтардағы жануарлардың барлық түрлерінің саны туралы нақты мәліметі болуы тиiс.
      234. Жайылым мерзімінде әрбiр табынға жеке жайылым және суат бекiтiледi және жануарлардың әр түрi бөлек бағылады; әртүрлі табынның жануарларының араласуына, сондай-ақ үй жануарларының жабайы жануарлармен (бұғы, елiк, бұлан, қабан және басқалары) байланысына жол берілмейді.
      235. Жайылымдарда ірі қара малдың обасына сезімтал үй немесе жабайы жануарлардың өлекселерi табылған жағдайда ол туралы тез арада әкiмшiлiк аумақтық бірліктің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына (диагностикалық зерттеулерге) патологиялық материал алу үшiн хабар бередi және өлекселердi көмудi ұйымдастырады.
      236. Шекаралас аумақта ұсталынған жабайы жануарлар немесе атқаннан кейін олардың ұшалары мiндеттi түрде ветеринариялық тексеруге жатады.
      237. Шекаралас аумақта иесiз малдың жүргені туралы ветеринариялық бақылау бекетіне хабарлайды. Мұндай малдар тез арада ұсталып және оқшауланып, оның иесі анықталғанға дейін ветеринариялық тексеруге жатады.
      238. Бiр шаруашылық жүргізуші субъектіден екiншi шаруашылық жүргізуші субъектіге, сондай-ақ шекара аумағынан тысқары жерлерге өткізу клиникалық тексеруден кейiн тек әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
      239. Шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан мал әкелу (әкету) алдын ала сол әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келiсiледi, шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан келген малдарды бордақылау алаңдарына және табындарға орналастыруға тек ветеринариялық тексеруден және оларды күнтізбелік 30 күндiк карантинде оқшаулап ұстаудан кейiн ғана рұқсат етiледi.
Жануарларды ірі қара малдың обасымен
ауыруын жою жөніндегі
іс-шаралар
      240. Диагноз анықталған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз пункт деп жариялайды және карантин қояды.
      241. Ауру және ауру бойынша күдiктi жануарлар қан шықпайтын әдіспен өлтiруге жатады, өлекселерi терісімен бірге жағып жібереді.
      242. Ауырған және өлген жануарлардың жатқан жерін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттар мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттармен мұқият дезинфекциялау қажет.
      243. Қалған (шартты түрде сау) жануарлар (табындағы, топтағы, фермадағы, шаруашылықтағы) жеке қолайсыз топқа бөлiп жыл мезгіліне қарамастан олардың шаруашылық шегінде қайта топтастырылуына жол бермей, оқшаулап қамап ұстау шартында ұстайды.
      244. Көлiктiң барлық түрінің шаруашылық жүргізуші субъектіден шығуына, оған кіруіне, адамдардың тиісті дезинфициялық өңдеусіз шығуына және кіруіне, сондай-ақ шаруашылық аумағынан жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттарын шығаруға тыйым салынады.
      245. Қолайсыз шаруашылық аумағының кiре берiсiне бекеттер және дезинфекциялық ерiтiндiлерi бар ыдыстар қойылады.
      246. Шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететін ветеринариялық маманы мыналарды:
      1) барлық жануарларды клиникалық тексеруден өткiзiп дене қызуын өлшеуді;
      2) ауырған және өлген жануарлардың санын нақтылауды, көршiлес шаруашылықтағы және елдi мекендегі эпизоотиялық жағдайды, ауру қоздырғышын әкелудің мүмкін жолдарын анықтауды;
      3) ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың қатаң орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      247. Карантин соңғы ауыру жануар жойылғаннан күннен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң алынады.
19. Қарасан ауруы
Жануарлардың қарасан ауыруының
профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
      248. Жануарларды қарасан ауыруының профилактикасы мақсатында мынандай іс-шаралар жүргiзiледi:
      1) мал қорымдарын (биотермиялық шұқыр) тиісті санитарлық жағдайда ұстау және оны қоршау жұмыстарын жүргiзу;
      2) қарасан ауыруынан өлген жануарлар көмiлген жерлердiң топырағын зарарсыздандыру;
      3) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлердi құрғату бойынша жұмыстарды жүргiзу;
      4) суаттарды, құдықтарды қалпына келтiру, жануарлар су iшетiн зақымданған немесе күдiктi суаттарды жабу;
      5) ветеринариялық маманның рұқсатынсыз мал союға, шарасыз өлтірілген жануарлардың етiн және ет өнiмдерiн сатуға тыйым салу;
      6) қолайсыз аулаларды, өлген жануарлар жатқан қора-жайлар мен жерлердi тазарту және дезинфекциялау;
      7) 3 айдан 4 жас аралығындағы iрi қара малдың барлық сезімтал басына профилактикалық вакцина егуді жүргізу. Қарасан ауруы тiркелген шаруашылықта 6 айдан жоғары жастағы қойлар вакцина егуге жатады.
      249. Профилактикалық иммундау үшiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттар Мемлекеттік тізілімінде тiркелген вакциналар қолданылады.
      250. Активтігі жойылған вакцинамен профилактикалық егу жануарларды жайылымға шығарғанға дейін күнтізбелік 14 күн кешіктірілмей аяқталуы тиiс. Мал жайылымда 6 айдан артық болатын аудандарда ауруға сезімтал мал басына арасына 6 ай салып жылына 2 рет вакцина егілуі тиіс. Қарасан ауыруына қарсы тiрi вакцинамен жануарларды жылына 1 рет жайылымға шығарғанға дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей егедi.
      251. Жаңа туған төлдердi олардың 3 айлық жасқа толуына қарай жыл ішінде вакцина егедi, кейінгі вакцина егу активтігі жойылған вакцинамен 6 айдан кейiн егедi.Тірі вакцина қолданылған кезде малды қайта вакцина егу 12 айдан кейін егеді.
      252. Қауiп төнген аумақта орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан келген барлық жануарлар мiндеттi түрде вакцинамен егуге жатады. Егу жүргізгеннен кейін 14 тәуліктен соң оларды жалпы табынға қосуға жол беріледі.
      253. Қарасан ауруына қарсы жүргізілген екпе туралы егу жасалған жануарлардың (түрлері бойынша) санын, вакцинаның, препарат шығарған кәсіпорынның атауын, дайындалған күнiн, жұмсалған вакцинаның мөлшерiн, сондай-ақ вакцинаны жүргізген тұлғаның аты-жөнiн және жануарлардың жағдайын қадағалауды көрсете отырып актi толтырылады.
Қарасан ауруын жою жөнiндегi
іс-шаралар
      254. Қолайсыз пункттерде қарасан ауыруына бейiм жануарлар дене қызуы өлшеп клиникалық қаудан өткiзедi. Ауырудың клиникалық белгiлерi (ақсау, iсiну, дене қызуы) белгілері байқалған жануарлар оқшауланады.
      255. Жануарлардың өлекселері терісімен бірге өртеу арқылы жойылады.
      256. Ауру жануарлардан ластаған қи, төсенiш және жем-шөп қалдықтары далаға шығар алдында 10 % ыстық күйдiргiш натрий ерiтiндiсi себiлiп, содан кейiн (мүмкіндігінше сол жерде) өртке қарсы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып өртеледі.
      257. Ауырудың клиникалық белгiлерi жоқ барлық жануарлар тез арада вакцинамен егiледi.
      258. Қарасан ауыруымен ауырған жануарлар клиникалық белгiлерi (ақсау, iсiну, сықырлау) жойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен ерте емес етке союға рұқсат етiледi.
      259. Егiлген жануарлардың дене қызуының көтерiлуi, вакцина егілген жерлерде iсiнудiң немесе ауырудың басқа белгілерінің болуы жағайын қоспағанда, вакцина егiлген сиырлардың сүтi шектеусiз қолданылады. Мұндай жағдайда сүттi тек пiсiргеннен кейiн пайдалануға жол беріледі.
      260. Диагноз анықталған кезде қолайсыз пунктте карантин қойылады.
      261. Карантиннің шарттары бойынша мыналарға:
      1) iрi қара малды және қойды карантин аумағынан шығаруға;
      2) карантин қойылған аймаққа iрi қара мал мен қойларды әкелуге және оларды карантин қойылған аумақ арқылы айдауға;
      3) ірі қара малдар мен қойларды сатуға және айырбастауға және шаруашылық iшiнде қайта топтауға;
      4) карантин қойылған аумақта дайындалған шөптi және басқа азықтарды шығаруға. Бұл азықтарды карантин қойылған пункт iшiнде жылқыларға және егiлген iрi қара малға оларға вакциналық егу прививкаларынан кейін күнтізбелік 14 күннен соң азықтандыру үшін пайдаланылады;
      5) ауырған жануардың сүтiн тамаққа пайдалануға;
      6) ауру жануарларды етке союға;
      7) өлген жануардың өлекселерін ашуға және терiсiн сылып алуға;
      8) бөтен адамдардың қолайсыз фермаға кiруге және аталған фермаға қызмет көрсетумен байланысты емес көліктердің кіруіне;
      9) жануарларды тоғандардан және басқа суаттардан ортақ суаруға;
      10) прививка жасалған және ауыруы асқынған жануарлардың сүтiн тамаққа пайдалануға тыйым салынады.
      262. Шаруашылық жүргізуші субъектіні қарасан ауыруынан сауығудың немесе жануардың өлуінің соңғы оқиғасы болған күннен бастап күнтізбелік 14 күннен кейiн қорытынды дезинфекция жүргiзiлгеннен соң қарасан ауыруы бойынша қолайлы деп жарияланады және карантин алынады.
20. Қой мен ешкiнiң секiртпе ауруы
Қой мен ешкiнiң секiртпе ауруына қарсы
күрес және профилактикалық
іс-шаралары
      263. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге жануарлар ауыруының алдын алу мақсатында мыналар қажет:
      1) Ветеринар мамандармен бірлесіп ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізу;
      2) Ветеринар мамандарды жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабардар ету;
      3) Ветеринар мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру;
      4) бiрнеше жануар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы Ветеринар мамандарға хабарлауға және Ветеринар мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдану.
      264. Секiртпе ауруы анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу шаралары қойылады, бұл ретте:
      1) барлық ауру және ауруға күдiктi жануарларды оқшаулап, емдiк дозамен гипериммунды сарысу және антибиотик егедi, ал керек болған жағдайда симптоматикалық емдеу жүргiзiледi;
      2) сау жануарлар қорада ұстап бағуға ауыстырылады, рационда тек сапалы ірі-тартылған азық, минералды заттардан тұратын қосымша азық қалдырылады және тиiстi вакцина егiледi;
      3) бiрiншi вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң және секіртпеден жануарлардың ауыруы мен өлiмi тоқтағаннан кейiн қой мен ешкі әдеттегі бағу және жемдеу жағдайына көшiредi.
      265. Секіртпеден өлген қой немесе ешкiнiң өлекселерi терiсiмен және жүнi алынбай жойылады. Өлекселерді ашу тек арнаулы жабдықталған орында ғана диагностикалық мақсатта жол берiледi.
      266. Қиды химиялық немесе күйдіру әдісімен дезинфекциялау жүргізіледі.
      267. Шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз деп жарияланған кезеңде мыналарға жол берілмейді:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектіде қой мен ешкіні әкелуге, шығаруға және ауыстыруға;
      2) секіртпемен ауырған қой мен ешкiнi союға және етiн тамаққа пайдалануға;
      3) қой мен ешкiнi саууға және сүтiн тамаққа пайдалануға, секіртпемен ауырғаннан алынған сүт қайнату жолымен зарарсыздандырылады.
      268. Шаруашылық жүргізуші субъекті жануардың ауыруы немесе көрсетілген аурудан өлуі болған соңғы оқиғадан кейін қорытынды шаралар жүргізілгеннен соң күнтізбелік 20 күннен кейін қой мен ешкінің секіртпе ауруы бойынша қолайлы болып саналады.
21. Қой мен ешкiнiң жұқпалы агалактия ауруы
Қой мен ешкiлердiң жұқпалы агалактия
ауруларын жою жөніндегі
іс-шаралар
      269. Қой мен ешкінің жұқпалы агалактия ауыруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз деп жариялап, шектеу қойылады.
      270. Агалактия ауруы бойынша ауру және күдiкті жануарлар тез арада оқшаулауға және емдеуге жатады.
      271. Ауру жануарларды дәрімен емдеумен қатар оларды азықтандыру мен күту жағдайын жақсарту қажет.
      272. Жұқпалы агалактия бойынша қолайсыз отардағы түсік тастаған қой мен ешкілер де оқшауланады. Iш тастаған төл және шу жойылады, ал түсік тастаған жер мұқият дезинфекцияланады.
      273. Барлық бөлінген жануарларды емделiп сауыққаннан кейін 8 ай бойы оқшаулауда ұстайды. Емделуге келмейтiн жануарларды етке союға жiбередi.
      274. Еметiн қозылар мен лақтарды оқшаулап, сау аналықтардың сүтiмен қоректендiредi. Қолайсыз отардағы басқа малдарды жаңа суаттары бар жаңа жайылымдарға ауыстырады, оларға жүйелі түрде ветеринариялық қадағалау белгілейді және үнемі клиникалық тексеру жүргізеді.
      275. Ауыру жануарлар тұрған қора, аула мұқият механикалық тазартылады және дезинфекцияланады. Күтім заттары қайнату немесе күлді сілті ерітіндісімен зарарсыздандырылады. Бөлінген ауыру жануарлардың ластанған төсеніші, азығы мен қиы өртеледі.
      276. Қолайсыз отардағы қой мен ешкіден алынған сүтті сол жерде пастерлейді.
      277. Терiлердi күнге кептiредi де шектеусіз қолданады.
      278. Жұқпалы агалактиямен ауыру және жазылған қошқарлар табиғи немесе қолдан ұрықтандыруға жiберiлмейдi. Жазылған саулықтарды сау қошқарлардың ұрығымен ұрықтандырады.
      278. Инфекциялық агалактиямен ауыратын және жазылған қошқарларға табиғи және жасанды ұрықтандыруға жол берілмейдi. Жазылған қойлар мен ешкілер сау қошқарлардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруға жатады.
      279. Қолайсыз отарлардан асыл тұқымды және өндірушілік мақсат үшін жануарларды шығаруға, сондай-ақ шаруашылықта шектеу алынғанға дейін отарларды қайта топтастыруға жол берілмейді.
      280. Қолайсыз пункттерден шектеу соңғы ауру жануарды жойғаннан (оқшаулағаннан) кейiн күнтізбелік 60 күннен соң алынады.
22. Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық
энтеротоксемиясы
Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясына
қарсы күрес және профилактика
іс-шаралары
      281. Шаруашылық жүргізуші субъектiлер энтеротоксемия ауруының алдын алу мақсатында мыналарды:
      1) Ветеринар мамандармен бiрлесе отырып ауыл шаруашылық жануарларға сәйкестендіруді жүргізуі;
      2) мемлекеттiк ветеринариялық жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төлдер, олардың сойылуы мен сатылуы туралы хабарлауы;
      3) Ветеринар мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру;
      4) бір уақытта бiрнеше жануар ауырған, өлген немесе олардың ерсі қылықтардың жағдайлары туралы Ветеринар мамандарға хабарлауды және Ветеринар мамандар келгенге дейiн ауруға күдiкті жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қабылдауы қажет.
      282. Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауруы анықталғанда, шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз деп жариялайды және мынадай іс-шаралар жүргiзіледi:
      1) барлық ауру және ауруға күдiктi жануарларды оқшаулайды және емдейді;
      2) сау жануарлар қорада ұстап бағуға ауыстырылады, рационда тек сапалы ірі-тартылған азық, минералды заттардан тұратын қосымша азық қалдырылады және тез арада иммундейді;
      3) бiрiншi вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң және қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауыруы мен өлiмi тоқтағаннан кейiн қой мен ешкі әдеттегі бағу және жемдеу жағдайына көшiредi.
      283. Қолайсыз пункт кезеңінде мыналарға:
      1) инфекциялық энтеротоксемиямен ауырған қойлар мен ешкiлердi союға және етiн тамаққа пайдалануға;
      2) ауру қойлар мен ешкiлердiң сүтiн саууға және тамаққа пайдалануға жол берілмейді.
      284. Инфекциялық энтеротоксемиядан өлген қойлар мен ешкiлердiң өлекселерi терiсiмен, жүнiн сылып алмастан жоюға жатады.
      285. Қидың дезинфекциясын химиялық әдiспен немесе биотермиялық зарарсыздандырмай өртеу арқылы жүргізеді.
      286. Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық энтеротоксемия ауруын алдын алу мақсатында жануарларды құнарлы азықпен қамтамасыз ету, рационды бірден өзгертуге жол бермеу, суару мен ұстаудың санитариялық және зоогигиеналық қағидаларын сақтау қажет. Аурудың пайда болу мүмкіндігі кезінде қойлар мен ешкiлердi жайылымға шығарар алдында сапалы азықпен қоректендiруді ұсынады.
      287. Қойлар мен ешкілердің инфекциялық энтеротоксемия ауруы бойынша бұрын тiркелген қолайсыз пункттерде барлық қой мен ешкiлердi аурудың пайда болу кезеңіне дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей немесе жайылымға шығар алдында тиiстi вакцинамен иммундеуге жатады.
      288. Шаруашылық жүргізуші субъекті қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауруы бойынша аурудың соңғы жағдайынан немесе жануарлардың өлгенiнен кейiнгі күнтізбелік 20 күн өткен соң және қорытынды дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін қолайлы болып саналады.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет