Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»



бет15/18
Дата17.06.2018
өлшемі457,14 Kb.
#43043
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

74. Құстардың кокцидиозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргізілетін профилактика жөніндегі
іс-шаралар
      843. Құстардың кокцидиозбен ауруының профилактикасы мақсатында:
      1) құстарды топтап өсiруге, қораларда ылғалдылықтың жоғары болуына, жас балапандар мен үлкен құстардың араласуына, жем және ауыз судың қимен ластануына жол бермеу;
      2) құстарды толыққанды жеммен қамтамасыз ету;
      3) құс қораларына құстарды кезектi отырғызуға дайындау кезеңiнде қораларға, серуен алаңдарына, жабдықтарға және құрал-саймандарға дезинвазия жүргiзу;
      4) шаруашылық жүргізуші субъектiлердің аумақтары қидан тазарту және оны биотермиялық зарарсыздандыруды жүргiзу;
      5) құстарға кезең-кезеңімен кокцидиостатиктердi қолдану қажет.
      844. Құстардың балапандары батареялық торларда немесе еденi торланған секцияларда өсiріледi.
      845. Құс қораларын, құралдарды және құрал-саймандарды дезинвазиялау үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген дезинфекциялағыш құралдар қолданылады.
Эпизоотия ошағында және құстардың кокцидиозы бойынша
қолайсыз пункте жүргiзiлетiн жою бойынша
іс-шаралар
      846. Кокцидиоз пайда болған кезде, қолайсыз топтың барлық құс басына кокцидиостатиктер белгіленеді, әлсiз құстар өлтіріледі. Күн сайын қиды жинау, қораларды, жаю алаңдарын және жабдықтарды (науалар, астаулар және басқа құстарға күтім жасауға арналған заттар) механикалық тазарту жүргiзiледi.
      847. Профилактикалық және емдеу мақсатында, тауық балапандары, күрке тауық, қаз және үйрек балапандарына Қазақстан Республикасында тiркелген препараттар қолданылады.
      848. Кокцидиостатиктердi қолданудың ұзақтығы эпизоотиялық жағдайға және құстардың балапандарын өсiрудiң әдiстерiне байланысты.
      849. Құстардың балапандарын торларда өсiру кезiнде препараттар аурудың залдан келесi залға ауыстырылған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде профилактикалық мақсатта белгілеу ұсынылады. Қажеттілігіне қарай 3 күндiк үзiлiстен кейiн препараттарды беру курсы жалғастырылады.
      850. Құстардың балапандарын едендерде өсiру кезiнде кокцидиостатиктер профилактикалық мақсатта күнтізбелік 10-15 күндiк жастағыларынан бастап екi-үш 10-күндiк курстармен аралығында күнтізбелік 3 күннен аспайтын үзiлiспен белгіленеді. Қажеттілігіне қарай препараттарды берудi қайталанады.
      851. Бройлерлерді ауыстырылмайтын терең төсенiште өсiру кезінде кокцидиостатиктердi профилактикалық мақсатта күнтізбелік 10-15 күндiк жасынан бастап күн сайын қолдану және союға 3-5 тәулiк қалғанда қолдануды тоқтату ұсынылады.
      852. Ұзақ уақыт бойы шаруашылықта кокцидиостатиктiң бiр түрiн қолдануға болмайды, өйткені кокцидиилер оған төзiмдiлiк пайда болуы мүмкiн.
75. Құстардың Ньюкасл ауруы
Ньюкасл ауруының профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
      853. Құс шаруашылығының, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринария желісі мекемелерiнiң ветеринар мамандары:
      1) қызмет көрсететін құс шаруашылықтарында, елдi мекендерде арнайы ветеринариялық іс-шараларды жүргiзудi ұйымдастыруға және құстардың жағдайына жүйелi түрде бақылау жүргiзуге;
      2) құс қораларын және құрал-саймандарды улы натрийдің (1,5 %-тi), хлорлы әктің (3 %-тi), креолиннiң (5 %-тi) ерiтiндiлерiмен дезинфекцияға. Бiр мезгiлде аэрозолдық дезинфекция жүргiзуге;
      3) Ньюкасл ауруына қарсы профилактикалық вакцинация жүргiзетiн құс шаруашылықтарында, егiлген құста иммунитеттiң тұрақтылығына бақылау тағайындауға міндетті.
      854. Осы ауру бойынша аурудан қолайлы шаруашылықтарда (аймақтарда) құстарды Ньюкасл ауруына қарсы егудiң орындылығын эпизоотиялық жағдайға байланысты тиісті әкімшілік бірліктің Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлары анықтайды.
Аурудан қолайсыз пунктерде ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
      855. Ньюкасл ауруынан қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
      856. Ньюкасл ауруына карантин қойылған құс шаруашылықтарында және елдi мекендерге:
      1) құс қораларынан Ньюкасл ауруына шалдыққан құстарды шығаруға;
      2) құс шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтарды бөгде адамдардың аралауына;
      3) құстарды және құс өнiмдерiмен сауда жасауға, құстар және құс өнiмдерiн (тұтас ұшалар, жұмыртқа, эмбриондарды, мамықтарды, қауырсындарды) дайындауға, шаруашылыққа әкелуге немесе одан орын ауыстыруға тыйым салынады.
      857. Құстардың Ньюкасл ауруынан қолайсыз құс шаруашылығында ауруды жоюда мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
      1) етке тапсыруға қоңдылығы жоқ жас құстарда ауру анықталған жағдайда, қолайсыз пункт құс қораларындағы барлық ауру және сау балапандар қансыз тәсiлмен өлтiрiледi және жойылады. Мұндай жағдайда ауру қоздырғышының шығып кетуiне және жайылуына жол бермеу үшiн барлық қажеттi шаралар қабылданады, міндетті түрде сыртқа шығарушы желдеткiш сөндiрiледi, терезелер және есiктер жабылады. Етке тапсыруға қоңдылығы жеткiлiктi балапандарда немесе ересек құстарда ауру пайда болған жағдайда, қансыз тәсiлмен өлтiрiледi және тек ауру немесе ауруға күдiктi құстар жойылады;
      2) құс қораларындағы қалған клиникалық сау құстар етке тапсыруға сойылады, егер барлық құстарды етке союмен қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда - оларды Ньюкасл ауруына қарсы егедi. Бұл құстарды қатаң түрде оқшаулап ұстау қажет және құс шаруашылығынан карантиндi алуға дейiн 2 аптадан кешiктiрмей союға тапсыру қажет;
      3) тұтас ұшалар қайнатылады және осы шаруашылық iшiнде халыққа тамаққа қолданылады;
      4) құстардың үлкен партиясы етке сойылғанда, тұтас ұшалары облыстың iшiндегi жақын орналасқан ас дайындаушы кәсiпорындарға өндiрiстiк қайта өңдеу үшiн жiберiлуi мүмкiн немесе қайнатылған күйде қоғамдық тамақтандыру арналарына жiберiледi;
      5) құстарды етке сою ветеринариялық маманның бақылауымен, ветеринариялық-санитариялық шарттарды сақтай отырып және соңынан ет сойылған жерлерге, құрал-саймандарға, жабдықтарға дезинфекция жүргiзе отырып жүзеге асырады;
      6) клиникалық сау құстарды етке сою кезiнде алынған мамық және қауырсындар дезинфекцияланады;
      7) Ньюкасл ауруы шыққанға дейiнгi және карантин кезеңiндегi алынған жұмыртқаларды 10 минуттан кем емес уақыт қайнатады және қолайсыз пункт шаруашылығының iшiнде тағамға қолданады;
      8) жұмыртқалардың үлкен партиясы болған жағдайда оларды аэрозольдық тәсiлмен дезинфекциялайды және жоғары температурада дайындалатын нан немесе кондитерлiк тағамдарға қолдануға, облыс iшiндегi тамақ өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарына жіберуге рұқсат етiледi. Мұндай жағдайда, ауру қоздырғыштарының таралып кетуiн болдырмау үшiн шаралар қолданылады (ыдыстарды, көлiктi, жұмыс киiмдерi және аяқ киiмдердi дезинфекциялау, қызметшiнi санитариялық өңдеу);
      9) Ньюкасл ауруына қарсы бұрын егiлмеген қолайсыз пункт шаруашылығының барлық қалған құстарын вакцинацияланады. Бұрын вакцинацияланған құстарға иммунитеттiң деңгейiне тексеру жүргiзiледi (құстардың қан сары суы зерттеледi), қажет жағдайда қарсы вакцинацияланады;
      10) карантиндi алғанға дейiн жұмыртқаларды инкубациялауды және балапандарды өсiруге қабылдауды тоқтатады.
      858. Елдi мекен тұрғындарының меншiгiне жататын құстардың арасында Ньюкасл ауруы анықталған жағдайда, қолайсыз пункт аулаларындағы барлық ауру немесе ауруға күдiктi құстарды отқа жағу арқылы жояды, ауру құстармен байланысы болған осы ауладағы қалған құстарды, сондай-ақ көршi аулалардағы барлық құстарды етке сояды, тұтас ұшалары қайнатылады және шаруашылықтың iшiнде тамаққа қолданылады. Етке сойылған құстардан алынған мамықтары, қауырсындары және iшкi орындары отқа жағылады.
      859. Қолайсыз елдi мекеннiң ауруға шалдығуы мүмкін қалған құстарды Қазақстан Республикасында тiркелген биопрепараттармен Ньюкасл ауруына қарсы вакцинацияланады.
      860. Көршi қолайсыз құс қораларына, құс қора-жайларына, аулаларға мұқият механикалық тазарту, сондай-ақ дезинфекция жүргiзiледi. Саңғырыққа және терең төсемдерге оқшауланған жердiң бөлiгiнде биотермиялық залалсыздандыру жүргiзiледi.
      861. Құс шаруашылығында және қауiп туғызушы аймақтағы елдi мекендердегі мемлекеттiк ветеринариялық қызмет, ветеринария мамандары және шаруашылықтардың басшылары әкiмшiлiктердiң өкiлдерiмен бiрге, құс шаруашылығын, елдi мекендердi Ньюкасл ауруы қоздырғышының таралып кетуiнен сақтайтын шара қабылдайды және осы мақсатта мыналарды:
      1) құстардың және құс өнiмдерiнiң, жемшөптің, жабдықтар мен құрал-саймандардың аурудан қолайсыз пункттерден шығарылмауы мақсатында, сол аймақтардың шекараларында карантиндiк бекеттер ұйымдастырады;
      2) осы нұсқаулықта қарастырылған, шаруашылықтың санитариялық жағдайына, саңғырықтарды, төсемдерді тазартуға және оларды залалсыздандыруға, сондай-ақ өз уақытында егу және басқа іс-шаралардың жүргiзiлуiне бақылау жүргiзiледi.
      862. Қолайсыз аймақтарда орналасқан құс шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтарда және елдi мекендерде, ауруға шалдығатын әр құс уақтылы және егу бойынша нұсқаулыққа сәйкес Ньюкасл ауруына қарсы егіледі.
      863. Соңғы тiркелген ауру құсты жойғаннан кейiн және ветеринариялық шаралар жүргiзiлгеннен соң күнтізбелік 30 күн өткен соң құс шаруашылығынан карантин алынады.
76. Құстардың шешек ауруы
Құстардың шешек ауруы профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
      864. Аурудан қолайлы құс шаруашылықтарында құстардың осы ауруға шалдығатын әр басына шешекке қарсы профилактикалық егу жүргiзiледi.
      865. Құс қораларына және жабдықтарына толық тазарту жүргiзiле отырып, өсiрiлушi топтарда профилактикалық үзіліс iске асырылады.
      866. Құстардың шешегi профилактикасы үшiн құс шешегiне қарсы Қазақстан Республикасында тіркелген вакцина қолданылады.
Қолайсыз пункттерде ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
      867. Құстардың шешек ауруы анықталған құс шаруашылығы және басқа құс шаруашылығымен айналысушы субъектiлер, қолайсыз пункт деп танылады және ол жерге карантин қойылады.
      868. Карантин шарттарында мыналарға:
      1) құстардың барлық жастағыларын және түрлерiн, оның iшiнде елдi мекендерге балапандарды сатуға (еттi қайта өңдеушi кәсiпорындарға етке тапсыруға тасымалдағанды есептемегенде), көлiкпен тасымалдауға, жекелеген жағдайларда шешектен қолайсыз құс қораларынан инкубация цехтары сенiмдi қорғаныста болған жағдайда және жұқпалы аурудың таралуына мүмкiндiк болмаған жағдайда, эпизоотиялық жағдай ескерiле отырып және ауданның (облыстың) Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатымен, тәулiктiк жастағы тауық балапандарын, күркетауық балапанын, цесаряттарды, қаз және үйрек балапандарын облыс шегiндегi мамандандырылған құс шаруашылықтарына орын ауыстыруға рұқсат етiледi;
      2) жұмыртқаларды тұқымдық мақсатта орын ауыстыруға тыйым салынады.
      869. Карантин шарттары бойынша мыналарға:
      1) жұмыртқаларды дезинфекциядан өткiзгеннен кейiн сауда көздерiне шығарып сатуға;
      2) құс шаруашылығының iшiнде құс өсiру мақсатында аурудан қолайлы құс қораларынан алынған құстардың жұмыртқалары, тiкелей инкубаторға қойылар алдында дезинфекциядан өткен жұмыртқаларды инкубациялауға;
      3) шешекке қарсы егiлген (вакцинациядан кейiн 20 күн өткен соң) суда жүзушi құстар, сондай-ақ тауықтар, фазандар, павлиндер, түйеқұстар және цесаркаларды тасымалдап әкелуге рұқсат етiледi.
      870. Құс шешегiнен қолайсыз пунктте:
      1) құстардың арасында шешек ауруы пайда болған жағдайда барлық ауру және ауруға күдiктi, сондай-ақ әлсiз құстар сол құс шаруашылығының санитариялық ет сою пунктінде етке сойылады;
      2) мұндай құстарды етке өткiзу үшiн еттi қайта өңдеушi кәсiпорындарға әкетуге тыйым салынады;
      3) қалған, аурудың клиникалық белгiлерi жоқ жартылай сау құстарды, экономикалық мақсатын ескере отырып, етке союға немесе еттi қайта өңдеушi кәсiпорындарға өткiзуге ұсынады;
      4) құс етiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзiледi. Бұл ретте ауру құстарды союдан алынған тұтас ұшаларды әкетуге және асқа қолдануға тек қана термиялық өңдеуден өткiзiлгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi. Осындай алдын ала термиялық өңдеуден өтпеген тұтас ұшалар, құс шаруашылығының iшiнде де сатылуға рұқсат етілмейді;
      5) барлық клиникалық сау құстарды шешекке қарсы егеді. Вакцинацияланған құстарға бақылау жүргiзiледi, вакцинациядан кейiн, егер 20 күн iшiнде олардың арасында шешекпен ауыратын құстар анықталмаса (инкубациялық кезеңде егiлгендерден), онда олар етке сойылады;
      6) профилактикасы мақсатында шешектiң таралуына қауiп туғызушы құс шаруашылығында (азаматтарының жеке қолдануындағы құстарды) құстарды вакцинациялайды;
      7) ауру және ауруға күдiктi құстарды етке сою кезiндегi алынған мамықтарды, қауырсындарды формальдегидтiң сiлтiлiк ерiтiндiсiне (улы натрийiнiң 1 % ерiтiндiсiндегi 3 % формальдегид) 1 сағат батырып ұстау арқылы дезинфекциялайды және ветеринариялық куәлiкте (анықтама) шаруашылықтың шешектен қолайлы екендiгiн көрсете отырып, мамық өңдеушi кәсiпорындарда екi рет қапталып, ыдысқа салынып әкетіледі;
      8) қоралардың бөлмелерiне, жабдықтарға, құралдарға және өндiрiстiк аумақтарға мұқият механикалық тазарту, сондай-ақ дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргiзiледi, құс қораларынан алынған саңғырық биотермиялық жолмен залалсыздандырылады; құс қоралары қолайлы және құрғақ ұсталынып және құстардың тығыз тұруына жол берiлмейдi;
      9) құстар құнарлы жемшөппен қамтамасыз етiледi, жем құрамына сүт өнiмдерiн қосу ұсынылады.
      871. Ауру жойылғаннан кейiн 2 ай өткен соң (құстарда шешектiң клиникалық белгiлерiнiң соңғы рет тiркелуi анықталғанда) және соңғы қорытынды дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн қолайсыз пункт шаруашылығынан карантин алынады.
77. Күзеннiң Алеут ауруы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын
күзеннiң Алеут ауруының профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
      872. Қолайлы аң шаруашылықтарында Алеут ауруының профилактикасы күзендердi әкелу қағидаларын қатал орындалуына, қан сарысуының сынамаларын таңдамалы және жоспарлы түрде зерттелуiне, ветеринариялық-санитариялық және шаруашылық іс-шараларының орындалуына негiздеген.
      873. Қолайлы аң шаруашылықтарына күзендi тек аурудан қолайлы шаруашылықтардан қан сарысуын зерттегеннен және терiс нәтиже алынғаннан кейiн әкелуге рұқсат етiледi.
      874. Әкелiнген күзендердiң профилактикасы карантинiнде 30 күн ұстайды және күзендердiң Алеут ауруын жоққа шығару үшiн зертханалық зерттеу жүргізу қажет. Терiс нәтиже кезінде барлық клиникалық сау аңдарды фермаға көшiредi. Егер ауру жануарлар байқалса карантиннiң мерзiмiн олар сауыққанға дейiн ұзартады.
      875. Жұқпалы жағдайын бақылау мақсатында аурудан қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiлерде күзендерден зертханалық зерттеулер үшiн таңдап қан сарысуын алады.
      876. Жұқпалы аурулардан сақтану мақсатында кезең-кезеңмен дезинфекциялау жүргiзiледi.
Эпизоотикалық ошақтарда және күзеннiң Алеут
ауруынан қолайсыз пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
      877. Шаруашылығы субъектiсiне қызмет көрсететiн ветеринария маманы күзеннiң Алеут ауруына күдiк туғанда, ауданның (қаланың) бас ветеринариялық инспекторына хабарлайды және диагнозды анықтау үшiн шаралар қолданады.
      878. Қолайсыз аң шаруашылығы субъектiлерiнде ауруды жою іс-шаралары қан сынамасын жоспарлы және жоспарлы емес зерттеулер, оң нәтиже берген малдарды оқшаулау және iрiктеу, аңдарды топтастыру, дезинфекциялық жұмыстарды жүргiзу қамтылады. Сонымен қатар күзендер көрмеге жiберiлмейдi, күзендердi сау шаруашылыққа шығаруға, өлген күзендермен жемдеуге, күзен майын және қалдық жемін қолдануға тыйым салынады.
      879. Қолайсыз аң шаруашылығы субъектiлерiнде жоспар бойынша Алеут ауруына қанды зерттеу негiзгi табынды топтастыру кезеңiнде, күйлеу алдында, енесiнен бөлу алдында, сатуға арналған күзендердi, сондай-ақ тумайтын ұрғашыларды (ауруға күдiктi) тексередi. Зерттеу нәтижелерiн әрбiр тор бойынша есептейдi. Жоспарсыз зерттеу, серологиялық реакциялар оң нәтиже берген, ауруға күдiктi немесе өлген және ерiксiз өлген күзендер байқалған торларда жүргiзiледi.
      880. Негiзгi табынды топтастыру кезеңiнде асыл тұқымды, үлкен күзендердi, сондай-ақ терiс нәтиже берген аналықтардан алынған төлдер зерттеледi. Оң нәтиже берген аңдарды жүн терiсi шыққанша оқшауханада ұстайды, кейiн терiсiн алу үшiн сояды. Терiс нәтиже берген аналықтардың күшiктерiн топтан ақаулап, кейiн өлтiредi. Кей жағдайда күзендердiң көпшiлiк басы аңғарса, бас ветеринар маманының рұқсатымен бiр жыл iшiнде тек қана оң нәтиже берген күзендердi сояды.
      Ерекше жағдайларда, күзендердің көбі әсер алуына байланысты ауданның бас ветеринарлық инспекторымен келісім бойынша бір жыл ішінде оң әсер беретін күзендерді ғана союмен шектеледі.
      881. Күзгi уақытта оң нәтиже беретiн күзеннiң процентi ортадан жоғары болған шаруашылықтарда негiзгi тобында және ұрыққа қалдырылған тұқымның арасында сою кезеңi бiткенше қосымша зерттеулер жүргізіледі.
      882. Қаңтар-ақпанда, айдау басталғанға дейін күнтізбелік 10-15 күннен кеш емес барлық күзендердi зерттеуден өткiзедi, оң нәтиже бергендерiн сояды және терiс нәтиже берген төлдермен толықтырады.
      883. Айдау аяқталған уақыттан бастап және төлдi енесiнен бөлу алдында барлық негiзгi табынды тексередi. Қанды зерттеудi наурыздың ортасына дейiн бiтiредi, сауылатын аналықтар мен еркектердi - енесiнен айырылғанша тексередi. Оң нәтиже берген тұқымдарды оқшаулайды және жүнi шыққанша ұстайды.
      884. Серологиялық зерттеу нәтижесiне қарап күзендердi әкелу және әкету, шаруашылығы субъектiлерiнiң iшiнде, шаруашылықтар арасында, қала, елдер арасында топтастыру мәселелері мынадай түрде шешiледi:
      1) қолайлыдан - шектеусiзге;
      2) қолайсыз пункттен - терiс нәтижелi аңдарды жұқпалы жағдайы ұқсас немесе одан жақсы торларға, оң нәтижелi аңдардың пайызына қарай орын ауыстырады;
      3) оң нәтижелi және олармен бiрге бiр торда тұрған күзендердi оқшауханаға көшiредi немесе сояр алдында ұстайтын, арнайы сау емес топқа қосады.
      885. Сыртқа шығарылатын күзендердiң тобын күнтізбелік 30 күн карантинде ұстап, күнделiктi клиникалық бақылаудан және серологиялық зерттеуден өткiзедi.
      886. Қолайсыз пункт шаруашылықтардан әкелiнген күзендердi профилактикасы карантинiнде күнтізбелік 30 күн ұстайды және зерттеулер жүргізеді. Серпозитивтi тұқымдарды сояды, ал терiс нәтиже беретiн клиникалық сау күзендердi басқа күзендерден жеке ұстайды.
      887. Ауру және ауруға күдiктi күзендердi сойғаннан кейiн сою пунктiн дезинфекциялайды.
      888. Күзендердің мал басының негiзгi топта және жөндеу төлінде жоспарлы қан зерттеуiнен 3 рет терiс нәтиже шыққанда Алеут ауруынан шаруашылығы субъектiсiн қолайлы деп есептеледi.
78. Үй қояндарының вирустық геморрагиялық аурулары
Үй қояндарының вирустық геморрагиялық
ауруларының профилактикасы жөнiндегi
iс-шаралар
      889. Үй қоянын өсiретiн шаруашылықтардың басшылары мен ветеринариялық мамандары, қояндарды тасымалдау, қабылдау және оның шикiзат өнiмдерiн өңдеу кәсiпорындарының басшылары аурудың профилактикасы үшiн жалпы ветеринариялық-санитариялық сақтық іс-шараларын қатаң сақтауға міндетті.
      890. Үй қоянын өсiретiн шаруашылықтардың, басқа шаруашылығы субъектiлерiнiң ветеринариялық мамандары, қоян өсiрушi-әуесқойлар, елдi мекендерде, шаруашылығы субъектiлерiнде мемлекеттiк ветеринариялық қызмет көрсететiн мамандар, ветеринариялық арнаулы іс-шаралардың жоспарында көрсетiлгенiндей (профилактикасы егулер, диагностикалық зерттеулер) жүргiзуі тиіс, қояндардың геморрагиялық вирустық ауруының профилактикасы, сақтандырудың жағдайын жасайды және қояндарды үнемi бақылауды қамтамасыз етедi.
      891. Үй қояндарының шикiзаттарымен жұмыс iстегенде, ветеринариялық және санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтайды, өндiрiс орнынан шаруашылықтың залалсыздандырмаған қалдықтарының шығуына жол берiлмейдi.
      892. Жемшөп мен терi шикiзаттарының бiр қоймада сақталуына болмайды.
      893. Үй қояндарының және оның шикiзаттарын тасымалдағаннан кейiн автокөлiктi міндетті жуып және оған дезинфекция жасалынады.
Үй қоянының вирустық геморрагиялық
ауруына күдiк туған кездегі
iс-шаралар
      894. Үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруына (бұдан әрі – ҮҚВГА) күдiк туғанда шаруашылығы субъектiлерiнiң басшылары, ветеринариялық мамандар мыналарға:
      1) ҮҚВГА-ға күдiк туғанда аудандық (қалалық) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторға хабарлауға;
      2) қояндардың және оның өнiмдерiн сатып таратуды, тоқтата тұрудың шарасын жасауы;
      3) жануарларды бағып күтушi персоналдың және көлiктiң кiрiп-шығуына шектеу қоюы;
      4) қояндарды шаруашылықта топтастыруға, және жаңадан сырттан әкелуі;
      5) басқа да ауруды таратпаудың тиiстi іс-шараларын қарастыруы тиіс.
      895. Жануарлардың иелерi ҮҚВГА-ға күдiк туғанда жақын бөлiмшедегi ветеринариялық-санитариялық инспекторға хабарлауға міндетті.
      896. Аудандық бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор немесе бөлiмшенiң ветеринариялық маманының ҮҚВГА-ға күдiк туғаны жөнiнде хабарды алғаннан кейiн мыналарға міндетті:
      1) күдiктi жерге келiп эпизоотиялық жағдаймен танысады және ауруды анықтаудың, ауруға диагноз қоюдың іс-шараларын қарастырады;
      2) ауруға тиiстi патматериал, сынама алып, оны ветеринариялық зертханаға немесе ғылыми зерттеу институтының зертханалық тексеруге жiберудi ұйымдастырады;
      3) ауру тарату көзiн және оның жұғу жолдарын анықтайды;
      4) қолайсыз пункттiң және қауiптi аймақтың шекарасын анықтайды, сонымен қатар ауруды таратпаудың нақты іс-шараларын белгiлейдi.
      897. ҮҚВГА жөнiнде диагноз қойылғаннан кейiн, шаруашылығы субъектiлерiне шектеу қойылады.
Үй қояндардың вирустық геморрагиялық
ауруын жою жөніндегі
іс-шаралар
      898. Шектеудiң шарты бойынша қолайсыз пунктте мыналарды:
      1) қояндарды және оның өнiмдерiн: терi, түбiт, мүлiк және қоянның жемшөбін әкелуге және шығаруға;
      2) үй қояндарын қайтадан топтастыруға;
      3) үй қояндарының шоғырлануына байланысты өткізілетін көрмелер және басқа шаралар ұйымдастыруға;
      4) қояндарды және оның сойылған өнiмдерiмен сауда саттық жасауға;
      5) қоян өсiрушiлердiң жануарларды айырбастауына;
      6) қояндарды шағылыстыратын пункттердiң жұмыс iстеуiне;
      7) ауру қояндар орналасқан және оның өлексесi жатқан жерден жемдік жем-шөп дайындауға және олармен қояндарды жемдеуге;
      8) қояндарды базарлардан, қоғамдық тамақтандыру орындарынан, елдi мекендерден алынған залалсыздандырылмаған тағам, өсiмдiк қалдықтарымен жемдеуге;
      9) қоян өсiрушiлердiң жиналыстарын, кеңестерiн өткiзуге тыйым салынады.
      899. Қолайсыз шаруашылықта, пунктте атқарылуы тиiс жұмыстар:
      1) барлық қояндардың толық есебiн жүргiзедi;
      2) ауру жануарларды айырып алу үшiн, мұқият клиникалық тексеру жүргiзедi;
      3) ауру және ауруға күдiктi жануарларды қан шығармай сою әдiсiмен сол тұрған жерiнде өлтiредi және өлексенi кәдеге жаратуға жiбередi;
      4) аурудың профилактикасы және емдiк мақсатта, барлық қояндарды арнайы дайындалған иммундық сарысумен тиiстi нұсқамаға сәйкес егедi;
      5) қалған шартты сау жануарларға вакцинация жүргiзiледi;
      6) вакцина болмаған жағдайда, ауруды таратпау мақсатында, қолайсыз пунктте қояндарды жою қажеттігі жөнiнде сұрақты шешедi. Ауру қояндарды және туғанына 2 ай болмаған қояндарды қан шығармай сою әдiсiмен өлтiрiп терiсiмен қоса кәдеге жаратуға жiбередi;
      7) ересек денi сау қояндарды қолайсыз пункттiң өзiнде шаруашылығықа етке сойылады, аурудың таралмауы қамтамасыз етiлiп, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың қағидалары сақталады және тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының бақылауымен жүргiзiледi;
      8) қояндардың ұшаларын, етiн қайнатқан соң қолайсыз әкiмшiлiк аймағының аумағында шексiз пайдалануға болады, және басы, аяқтары, iшкi ағзаларын, қан және басқа өнiмдерiн күнi бұрын дайындалған дезинфекциялық заттармен өңделiп утильдейдi, күйдіреді немесе 1,5-2 метр тереңдiкте қазып көмедi;
      9) серуендеу алаңдарына, жабдықтарға, сою пункттерiне және жануарлар орналасқан шаруашылығы субъектiлерi мен қоян ұстайтын азаматтардың қора-мал қораларына мұқият механикалық тазарту, сондай-ақ дезинфекция жүргiзiледi;
      10) елдi мекендi, азаматтарға қауiптi аурудың таралуы және шектеу қойылғандығы жөнiнде хабардар етедi;
      11) ҮҚВГА-ны таратпау жөнiнде тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
      12) базарларда, ет комбинаттарында, қояндарды союдан шыққан өнiмдердi өңдеу және дайындау кәсiпорындарында ветеринариялық-санитариялық қадағалауды күшейтедi;
      13) үй қоянына арналған қораларға күнделiктi дезинсекция жүргiзедi (шыбындарды, масаларды және басқа жәндіктерді жояды).
      900. Қолайсыз пунктте дайындалған қояндардың терiлерiн екi қабат тығыз залалсыздандырылған матамен орап, қатқаннан кейiн, қоймалар мен тоңазытқыштарда ұстамастан тiкелей, залалсыздандыру және өңдеу үшiн өңдеу кәсiпорындарына жiбередi.
      901. Үй қояндарының вирустық геморрагиялық ауыруы бойынша қолайсыз пункттерді шектеу қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін алынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет