Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»



бет14/18
Дата17.06.2018
өлшемі457,14 Kb.
#43043
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

67. Құстың аспергиллезі
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын
құс аспергиллезiнiң профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
      754. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде құс аспергиллезi ауруын болдырмау үшін меншік нысанына қарамастан, осы Қағидаларда көзделген іс-шаралар кешені қатаң орындалады.
      755. Бiрiншi кезекте мыналар қамтамасыз етіледi:
      1) құстарға толыққанды сапалы жем беру;
      2) фермаларға, құсханаға әкелінетiн жем мен төсемдердiң, буып-түю материалдарының және жұмыртқа ыдыстарының санитариялық сапасын мұқият бақылау;
      3) саңырауқұлақтардың әртүрлі түрлерімен жаппай тұқымданбау үшiн жем мен жемшөп қоспаларын сақтау қағидаларын орындау;
      4) кезең аралық профилактикалық үзiлiстерiн сақтау, бұл кезде құсханаға, инкубаторияға, қоймаға, күтіп-ұстау заттарына, жабдықтарға, ыдыстар мен тасымалдау заттарына мұқият түрде механикалық тазалау мен дезинфекция жүргiзіледі;
      5) инкубациялық жұмыртқаларды жүйелi түрде дезинфекциялау;
      6) құсханаларды және құс фабрикаларының өндiрiстiк аймақтарын тазалау, вентиляциялық және басқа да қалдықтардың жиналуын, бұталардың, биiк шөптер мен өсiмдiктердiң өсiп кетуін болдырмау;
      7) құс фабрикасының ауа кеңiстiгi шаңдануының және эрозияның алдын алу мақсатында топыраққа көпжылдық шөптер егу, оларды жүйелi түрде көгал түрінде шабу;
      8) ферма iшiндегi жолдарды, құсхана қабырғаларын, әсiресе құсханаға, көгалға, ағаштарға жақын орналасқан вентилятор, алаң жақтан суару машиналарының көмегiмен су бүрку арқылы жүйелi түрде жуу немесе суландыру.
      756. пайдаланылатын құсханаларда едендi жұмыс күнiнiң бiрiншi және екiншi жартысында сумен ылғалдап отырады, ал 7-10 күнде 1 рет натрий гипохлоридiн (кальций) немесе 1 текше метрге 300 миллилитр есебімен құрамында 0,5 белсендi хлоры бар хлорамин Б ерiтiндiсiн пайдаланады.
      757. Қазақстан Республикасында тіркелген ветеринариялық препараттар пайдаланылады.
Эпизоотикалық ошақтарда және құс аспергиллезi бойынша
қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
      758. Ауру құс анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті аспергиллез бойынша қолайсыз болып жарияланады және шектеу енгізеді.
      759. Құс аспергиллезi бойынша қолайсыз құс шаруашылық жүргізуші субъектiде мыналарға:
      1) құстарды қолайсыз құсханадан (елдi мекеннен, ауладан) сау құсханаға ауыстыруға;
      2) тиісті санитариялық өңдеусіз керек-жарақтарды, жабдықтарды және басқа да заттарды қолайсыз объектiлерден сау объектiлерге ауыстыруға;
      3) қолайсыз құсханада (елдi мекеннен, ауладан) күтіп-бағумен айналысатын персоналдың қолайлы объектiлерге келуіне;
      4) жұмыртқаларға алдын ала дезинфекция жасамай инкубаторияға әкелуге рұқсат етілмейді.
      760. Ауру құс өз шаруашылығында сойылып, кейіннен кәдеге жаратуға жiбередi.
      761. Күрделi эпизоотиялық жағдайда ветеринар маман мен шаруашылық жүргізуші субъектi басшысының шешімі бойынша құс мерзімінен бұрын союға жiберіледi.
      762. Қорытынды іс-шаралар жүргізілген жағдайда, ауру құсты анықтау және құсханадан әкетудің соңғы жағдайынан кейін 3 ай өткен соң шаруашылық жүргізуші субъектiден шектеу алынады.
68. Құстардың Марек ауруы
Құстардың Марек ауруының профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
      763. Аурудан қолайлы құс шаруашылықтарында құстардың осы ауруына шалдығатын әр басына, Марек ауруына қарсы профилактикалық вакцинация жүргiзiледi.
      764. Тауықтардың арасында Марек ауруына иммундық профилактика жұмысын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген вакциналар қолданылады.
      765. Құсханалар мен жабдықтарға толық санация жүргiзе отырып, табынды өсiруде профилактикалық үзiлiс жүзеге асырылады.
Аурудан қолайсыз пункттерде ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
      766. Марек ауруына диагноз қойылған жағдайда, құс шаруашылығына шектеу енгiзiледi, оның шарттары бойынша аурудың өту сипатын ескере отырып, ауруды жою бойынша кешендi ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргiзiледi.
      767. Құс шаруашылығында аурудың таралуы кең ауқымды сипат алмай, аурудың жекелеген жағдайлары болған кезде формальдегидтiң буымен 4 рет дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн, құс шаруашылығының iшiнде жұмыртқаларды инкубациялауға рұқсат етiледi. Құстардың жүнін, мамығын, инкубациялық жұмыртқаларды және мал қораларға кәдiмгi жалпы қабылданған заттармен дезинфекциялау жүргiзiледi.
      768. Марек ауруының эпизоотиялық пайда болуы кезiнде (құстардың жаппай ауыруы және аурудың таралу үрдісінде) мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
      1) инкубациялық жұмыртқалардың және тiрi құстардың сатылуына тыйым салынады;
      2) инкубацияны және құстардың жас балапандарын өсiруге қабылдау тоқтатылады;
      3) қолайсыз құс қораларындағы, цехтардағы, фермалардағы барлық құстар құс шаруашылығының құс сою бөлiмiнде немесе ет өңдеу кәсiпорындарында сойылады;
      4) инкубаторға, құс қорасына, қосалқы қора жайларға, жабдықтарға, құрал-саймандарға, іргелес аумаққа мұқият тазарту және дезинфекциялау жүргiзiледi;
      5) қолайсыз құс өсіру шаруашылықтарында құс қораларына, инкубаторларға, жабдықтарға, құрал-саймандарға, өндiрiстiк аумақтарға, көлiк құралдарына және басқа объектiлерге ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргiзiледi;
      6) саңғырыққа және төсемдерге биотермиялық зарарсыздандыру жүргiзiледi.
      769. Балапандарды өсiруге қабылдау, құс шаруашылығында санация аяқталғаннан кейiн бiр ай уақыт өткен соң рұқсат етiледi.
      770. Өсiруге қабылданған балапандар тәулiктiк жаста Марек ауруына қарсы егiледi (вакцинаны қолдануға арналған нұсқаулыққа сәйкес).
      771. Қолайсыз құс шаруашылығының тауықтарынан алынған жұмыртқалар формальдегид буымен мынадай схема бойынша дезинфекцияланады:
      1) инкубациялық жұмыртқалар: төрт рет - бiрiншi рет жұмыртқалағаннан кейiн 1 сағаттан кешіктірілмейтін уақытта, екiншi рет - инкубаторға салынар алдында, үшiншi рет - инкубаторларда 6 сағат жылытылғаннан кейiн және төртiншi рет - шығарушы шкафтарда жұмыртқалар бiр орыннан басқа орынға ауыстырылғаннан кейiн;
      2) ас жұмыртқалары - сауда көздерiне жiберiлердiң алдында бiр рет дезинфекциялаудан өткiзiледi.
      772. Марек ауруы бойынша қолайсыз құс қораларындағы құстарды сою кезiнде тұтас ұшалар iшкi органдарынан толық босатылады, барлық iшкi органдары кәдеге жаратуға жiберiледi, ал тұтас ұшалар қоғамдық тамақтану желісіне беріледі немесе қайнатылған шұжық, консервiлер дайындауға қолданады. Терiлерiнде немесе бұлшықеттерінде iсiктi жаралар болған жағдайда, тұтас ұшалар техникалық кәдеге жаратуға жiберiледi және ас өнiмдерiн дайындау үшiн қолдануға тыйым салынады.
      773. Марек ауруының классикалық үлгiсiмен құстардың 5-10 % ауырған жағдайда құстардың барлық қолайсыз топтарын сою қажет.
      774. Ауру жаппай таралған жағдайда инкубациялық жұмыртқаларды сатуға және балапандарды өсiруге тыйым салынады. Құстарды жойғаннан кейiн және құс шаруашылығында өндiрiстiң барлық технологиялық буындарындағы санациядан кейiн 1 ай уақыт өткен соң балапандар өсiрiле бастайды. Барлық жас балапандар тәулiктiк жаста егiледi.
      775. Шектеу құс шаруашылығынан 6 айлық жасқа дейiн өсiрiлген құс балапандарының арасында Марек ауруы болмаған кезде алынады.
69. Құстардың жұқпалы бурсалдық ауруы
Құстардың жұқпалы бурсалдық ауруының
профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
      776. Құс шаруашылықтарының ветеринар мамандары профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында:
      1) сырттан індеттің енуiне жол бермеуге арналған іс-шараларды әзірлеуге. Бұл үшiн құстарды, сондай-ақ асыл тұқымды жұмыртқаларды жұқпалы бурсалды аурудан қолайлы шаруашылықтардан ғана алуға;
      2) құстарды зоогигиеналық нормалардың талаптарына сай келетін бағып-ұстауға қолайлы жағдай жасау арқылы құстар организмiнiң жұқпалы ауруларға жалпы резистенттiлiгiн көтеруге;
      3) жұқпалы бурсалдық ауруға қарсы профилактикалық егу жүргiзiлетiн шаруашылықтарда, егiлген құстарға иммунитеттiң тұрақтылығына жүйелi түрде бақылауға міндетті. Иммунизацияның тиiмдiлiгi вакцинаның сапасына және оны енгiзу тәсiлiне байланысты.
Қолайсыз пункттерде ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
      777. Бурсалдық аурудың пайда болуына күдiктену кезінде аурудың таралуын тоқтатуға арналған іс-шаралар жүргiзiледi, құс қоралары бекiтiледi, ауру және ауруға күдiктi құстар сойылады, құс қораларына, инкубаторларға, жабдықтарға, құрал-саймандарға және құстарды серуенге шығаратын аумаққа тазарту жүргiзiледi. Құс қораларына бөгде кiсiлердің кiруіне, құс шаруашылығының iшiнде құстардың орнын ауыстыруға және одан құстарды, жұмыртқаларды шығаруға, сондай-ақ жем-шөпті, құрал-саймандарды, жабдықтарды, саңғырықты шығаруға рұқсат етілмейді.
      778. Диагноз анықталған жағдайда қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
      779. Карантин шарты бойынша мыналарға:
      1) қолайсыз пунктке әкелуге, құстарды және құс шаруашылығы өнiмдерiн оның шегiнен әкетуге;
      2) қолайсыз пункт (ошақ) аумағына бөгде кiсiлердiң кiруiне тыйым салынады.
      780. Ауруды және жұқпалы ошағын жою іс-шараларға мыналар кiредi:
      1) ауру және ауруға күдiктi, құстардың бурсалды ауруына шалдығатын барлық құстарды сою;
      2) өлген құстардың өлексесін және сойылған ауру құстарды термиялық кәдеге жарату;
      3) құс қорасын, жабдықтарды, құрал-саймандарды және ауру құс тұрған аумақты дезинфекциялау арқылы залалсыздандыру;
      4) ауру ошағындағы және қауiптi аумақтағы бурсалды ауруға шалдығатын құстардың арасында вакциналық профилактика жүргiзу.
      781. Жұқпалы бурсалдық ауру бойынша қауiптi құс шаруашылықтарында және елдi мекен пункттерінде мыналарға:
      1) қора-жайдан жұқпалы бурсалды ауруға шалдығатын құстарды шығаруға;
      2) құс фабрикасына бөгде адамдардың кiруiне және көрмелер өткiзуге тыйым салынады;
      3) қызмет көрсетуші персонал санитариялық рұқсатты қолданады.
      782. Карантин соңғы ауру немесе өлген құсты кәдеге жаратудан соң және індет ошағында қоздырғышты жою бойынша қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргiзілгеннен кейiн күнтізбелік 21 күн өткенде алынады.
70. Үйректердiң вирустық гепатитi
Үйректiң вирустық гепатитінен ветеринариялық-санитариялық
қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын
профилактикалық іс-шаралар
      783. Вирустық гепатит профилактикасы үшiн шаруашылық жүргізуші субъектілерді індеттің енуінен қорғаудың, зоогигиеналық жағдайды жақсартудың, жемдеу және құстардың орналасқан жерiн қалыптастыру және құстардың моционының нормаға сай орындалуының үлкен маңызы бар.
      784. Профилактика үшiн тiрi белсендiлiгiн жоятын вакцина қолданылады, оны аналық үйректерге немесе 1-3 күндiк балапандарға егедi. Аналық үйректерге де егедi, 2-3 рет еккен соң аналық үйректер иммунитеттi жұмыртқадан бередi.
Үйректiң вирустық гепатиті бойынша қолайсыз аумақтарда
және эпизоотикалық ошақтарда жүргізілетін
іс-шаралар
      785. Вирустық гепатит диагнозы қойылған кезде (жеке меншiк құс фабрикаларында, аулаларда) карантинге жауып, мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
      1) барлық ауру және ауруға күдікті, әлсiреген және арықтаған үйректердi жояды. Осы құс қорасының қалған сау үйректерiн ары қарай өсуге қалдырады, ал жасы үлкен үйректердi - жұмыртқалағанға дейiн ұстайды, кейiн шаруашылықтың барлық құстарын союға жiбередi;
      2) 2-ден 25 күнге дейiнгi шартты сау үйректердiң барлығына реконвалесценттi қан сары суын немесе гипериммунды қан сары суын терi астына, мойынның астыңғы бөлiгiне, 0,5-1 миллилитр көлемiнде бiр рет енгiзедi;
      3) шартты сау құстарды етке тапсырған соң қорада механикалық тазарту жүргiзедi және құрал-жабдықтарды, қолданылатын заттарды, құс қораның маңайын дезинфекциялайды. Қиды және төсемді жағады немесе биотермиялық залалсыздандыруға шығарады. Залалсыздандыруды араға 10 күн салып формалиннiң 3 % ыстық ерiтiндiсiмен екi рет өткiзедi. Арнайы киiмдердi (халат, т.б.) 15-20 минутке қайнап жатқан суға салады немесе формальдегид буымен залалсыздандырады, аяқ киiмдi 2 % формалин ерiтiндiсiмен залалсыздандырады. Үйректердiң жаңа партиясын қайта залалсызданғаннан кейiн 7-10 күн өткен соң әкелуге рұқсат берiледi.
      786. Карантин талаптары бойынша:
      1) инкубациялы жұмыртқаларды, үйрек пен балапандарды сыртқа шығаруға, оларды халыққа сатуға;
      2) үйректердің вирустық гепатиті бойынша қолайсыз қора-жайлардағы құстарды алмастыруға, олардан жем-шөпті, құрал-жабдықтарды және басқа қолданылатын заттарды қолайлы қора-жайларға шығаруға;
      3) бөтен адамдардың құс фабрикасына (жеке меншік құс фабрикасына, аулалар мен құс қораларына) кіруіне;
      4) вирустық гепатитпен ауырған құстар ұсталған су қоймаларын бiр жыл бойы қолдануға рұқсат етілмейді.
      787. Карантин талаптары бойынша мыналарға:
      1) клиникалық сау үйректер мен балапандарды сою үшін сою пунктiне жiберуге;
      2) шаруашылық жүргізуші субъектінің ішiнде үйректi етке өсiру үшiн жұмыртқаларды инкубациялауға;
      3) үйрек табынын қалыптастыру үшін үйректердің вирустық гепатиті бойынша қолайлы басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерден балапандарды әкелуге рұқсат етiледi.
      788. Шаруашылық жүргізуші субъекті карантин алынғаннан кейін және қора-жайға, құрал-жабдықтарға, құстарды күтетiн заттарға, құс қора-жайларының айналасындағы аумаққа және басқа да қосалқы қор-жайларға қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін қолайлы деп жарияланады.
71. Жоғары патогенді құс тұмауы
Жоғары патогенді құс тұмауының профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
      789. Жоғары патогенді құс тұмауының жұғу қаупi туған жағдайда, оның қоздырғышын енгiзбеу мақсатында ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган тиiстi эпизоотияға қарсы шараларды қолданады, оларға сәйкес:
      1) қолайсыз мемлекеттердiң аумағынан құс және құс шаруашылығы өнiмдерiн әкелуге (әкетуге) шектеу енгiзіледі;
      2) жабайы және ұшып келетiн құстарды аулау реттеледі (жабайы құстарға аңшылық мерзiмiн реттеу, олардың популяциясын және үй құстарымен жанасу жиiлiгiн азайту мақсатында құстарды атудың санын көбейту);
      3) ең алғашқы аурудың пайда болу қаупi төнетiн аумақ анықталады, құс ұстайтын заңды және жеке тұлғаларға енгiзiлген шектеулер туралы тиiстi өкiмдер жiберіледі.
      790. Шаруашылықта (жеке шаруашылығында) құстары бар жеке тұлғалар мынадай талаптарды қатаң сақтауға тиіс:
      1) үй құстарының жабайы, әсiресе суда жүзетiн құстармен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;
      2) аулада құс ұстау қажет болған жағдайда, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың нұсқауы бойынша жабық түрде ұстауға көшiру;
      3) құстың ауру және өлу жағдайы туралы дереу тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлау;
      4) жабайы құстармен бiрге көлдердiң маңайынан радиусi 5 шақырым көлемiнде үй құстарын бағуға немесе жаюға жол бермеу.
      791. Шаруашылықта құстары бар заңды тұлғалар мынадай:
      1) құстардың жабайы, әсiресе суда жүзетiн құстармен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;
      2) радиусi 5(бес) шақырымда құстардан бос аймақ құру;
      3) қажет болған жағдайда, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың нұсқауы бойынша құстарды жабық типтi режимде ұстауға көшiру;
      4) iндеттiк аурулар бойынша қолайлылығы тиiстi ветеринариялық құжаттармен бекiтiлген шаруашылықтардан құстарды енгiзу (шығару, араластыру);
      5) шаруашылық жүргізуші субъектiлерде қолайлылықты сақтау, қажет болған жағдайда оларға дезинфекция жүргiзу;
      6) құстарды өсiру және ұстау технологиясын сақтау;
      7) құстың ауру және өлу жағдайы туралы жедел тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң ветеринариялық санитариялық инспекторына хабарлау;
      8) құстарды әртүрлi жануарлармен, әсiресе шошқалармен бiрге ұстауға жол бермеу талаптарын қатаң сақтауы қажет.
Эпизоотикалық ошақтарда және жоғары патогенді құс
тұмауы бойынша қолайсыз пункттерде өткізілетін
iс-шаралар
      792. Диагноз анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiнiң аумағына карантин белгіленеді.
      793. Ауру шыққан жер, оған енетiн аумақ ауру анықталған жерге (ауру ошағына) қатынасы бойынша ара қашықтығына және вирустың тасымалдану факторлығының болуына байланысты аймақтарға бөлiнедi:
      1) iндет ошағы аймағы - ауру тiркелген және оған енетiн аумақ маңайындағы радиусы 8 (сегiз) шақырымнан кем емес пункт (орын);
      2) буферлік зона - ауру тiркелген пункттiң (iндет ошағы аймағынан) шекарасы маңайынан радиусы 25 (жиырма бес) шақырымнан кем емес аумақ (сыртқы);
      3) байқау аймағы – қауiптi аймақтың шекарасы маңайынан радиусы 50 (елу) шақырымнан кем емес аумақ (сыртқы).
      794. Iндет ошағының аймағында жоғары патогенді құс тұмауының қоздырғышын жою және оның одан ары таралуының алдын алу бойынша шаралар жүргiзіледi. Бұл үшiн шаруашылық жүргізуші субъектiлердегi, елдi мекендегi барлық құстарды (өлексесiн, ауруын, шартты сауын және сауын), олардың түрiне, жасына қарамастан күйдіру жолымен жояды.
      Вируспен ластанған және ластануы мүмкiн жер (құс қоралары, аулалар, соятын жер, тасымалдау, қайта өңдеу) аталған аурудың қоздырғышына қарсы тиiмдi саналатын Қазақстан Республикасында тiркелген дезинфекциялық құралдармен дезинфекцияланады.
      Iндет ошағы аймағынан құс және құс шаруашылығы өнiмдерiн шығару (енгiзу) толықтай тоқтатылады. Iндет ошағы аймағының шекарасына ветеринариялық-санитариялық бекет (карантиндiк) ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда аталған аймақта жануарлардың барлық түрлерiнiң қозғалысы толықтай тоқтатылады.
      795. Буферлік аймақта ауруды шектеу іс-шаралары және аталған аумақтағы құстарға қатаң ветеринариялық бақылау енгiзiледi. Құстар қатаң жабық типте ұстауға ауыстырылады. Жабайы құстардың түрлерiмен байланысына жол берілмейді.
      796. Бақылау аймағында аталған аумақтағы құстарға қатаң ветеринариялық бақылау енгiзiледi. Құстар қатаң жабық типте ұстауға ауыстырылады. Жабайы құстардың түрлерiмен байланысына жол берілмейді.
      797. Тұмаудан өлген ең ақыры өлексенi, құс тұмауына күдiктi немесе ауырған құстарды жойғаннан кейін және қорытынды дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн 21 күннен соң шаруашылық субъектiлерiнен карантин алынады.
72. Тауықтардың жұқпалы бронхит ауруы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын
тауықтардың жұқпалы бронхит профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
      798. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді тауықтың жұқпалы бронхит вирусының енуінен мақсатында құс фабрикаларының басшылары мен мамандары профилактикалық іс-шаралар кешенін орындайды.
      799. Құс фабрикаларының тауықтың жұқпалы бронхитi бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілермен шаруашылық байланыс жасауына рұқсат етілмейді.
      800. Құс шаруашылығын жинақтауда тек қана клиникалық сау құстың инкубациялық жұмыртқаларын ғана қолдануға болады.
      801. Құс ұсталатын барлық құс қораларында ауа алмасу тұрақтылығын бақылау қажет. Зиянды газдардың концентрациясы тиiстi шамадан аспауы тиіс: аммиак 15 миллиграмм кубтық метрге, күкiрттi сутегi 5 миллиграмм кубтық метрге, көмiр қышқылы – 0,25 пайыз көлемi бойынша ауа дымқылдығы 60-70 пайыз болуы тиіс.
      802. Құс қораларын бiр жастағы құстардан ғана жинақтау қажет.
Тауықтардың жұқпалы бронхит ауруы бойынша қолайсыз пункттерде
және эпизоотия ошақтарында өткізілетін
іс-шаралар
      803. Тауықтардың жұқпалы бронхит ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті (құс фабрикасы) тауықтардың жұқпалы бронхиты бойынша қолайсыз деп жарияланады және оған шектеу қойылады.
      804. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде (құс фабрикасында) мыналарға:
      1) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіге инкубациялық жұмыртқаларды және эмбриондарды әкетуге;
      2) тiрi-құсты басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге әкетуге және оны халыққа сатуға;
      3) құсты, жемшөпті және жұмыс құралдарын қолайсыз құс қораларынан қолайлы қораларға ауыстыруға;
      4) құстың жұқпалы бронхитiне бейiм құстарды басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерінен, құс қоралардан әкелуге;
      5) асыл тұқымды табындарды балапан кезінде жұқпалы бронхиттен ауырған құстардан жинақтауға жол берiлмейдi.
      805. Бiрнеше қора-жайда ауру анықталған жағдайда ауру және әлсiз құстар мұқият іріктеледі, оны ет-сүйек ұнға өңдейдi.
      806. Асыл тұқымды шаруашылық жүргізуші субъектілерде тауықтың жұқпалы бронхиты анықталған жағдайда, ауру сақа құстарды союға тапсырады, ал шартты түрде сау құстарды одан әрі союға тапсыра отырып, ет, жұмыртқа алу үшiн қолданады. Тауарлы шаруашылық субъектілердегі аналық табында да соны қайталайды.
      807. Қолайсыз құс қораларының жұмыртқаларын өткiзу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектілерден шығару алдында алдымен формальдегид буымен дезинфекция өткiзедi.
      808. Қолайсыз құс қораларындағы сойған құстың ұшаларын өнеркәсiптiк өңдеуге жібереді. Қолайлы құс қораларындағы құс ұшаларын жалпы сатуға өткізеді.
      809. Қолайсыз құс қораларындағы сойылған құстарының мамығы, қауырсыны кептiру аспаптарында 15 минут бойы 85-90 Цельсий градуста кептiріледi немесе 3 % формальдегид ерiтiндiсiмен 45-50 С0 30 минут бойынша дезинфекцияланады, кейін кептіріліп, мамық өңдейтін кәсіпорындарға жіберіледі.
      810. Қолайлы құс қораларының тауықтарынан алынған инкубатор жұмыртқаларын, шаруашылық ішілік мақсатта пайдалана отырып, формальдегид буымен (25-30 миллилитр формалин, 17-20 грамм марганец қышқылы калий, 12-15 миллилитр су 1 кубтық метрге камера арқылы) екi еселiк дезинфекциядан кейiн балапан өсiруге рұқсат берiледi.
      811. Инкубация қалдықтарын кәдеге жаратады немесе жояды.
      812. Құстардың жұқпалы аурулары бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіден инкубациялық жұмыртқаларды әкелуге инкубациялық жұмыртқаларды мұқият дезинфекциялағаннан және жұмыртқаны жеке инкубациялағаннан кейiн, сондай-ақ балапандарды жеке өсiрген жағдайда рұқсат етіледi.
      813. Шаруашылық жүргізуші субъектіде сау балапандарды жеке өсiру енгiзіледi.
      814. Қи және төсем қи қоймасына шығарылады және биотермиялық тәсiлмен зарарсыздандырылады. Көлiктер күн сайын дезинфекцияланады.
      815. Инкубаторлар, құс қоралары, жабдықтар 2 % улы натрийдің ыстық ерiтiндiсiмен 2 сағат бойынша мұқият механикалық тазаланады және дезинфекцияланады. Құс қораларының айналасындағы аумақ 1 % формалин ерiтiндiсiндегі 3 % улы сiлтi ерiтiндiсiмен дезинфекцияланады.
      816. Қораларды әрбiр 2-3 күн сайын, ал аумақты аптасына 1 рет дезинфекциялайды.
      817. Құстар іште болған кезде құс қоралары құрамында 2 % белсендi хлор бар натрий гипохлоридімен дезинфекцияланады (1 текше метрге 0,5 миллилитр есептегенде: балапандар үшін - 1,0 грамм хлоризвестi, 0,1 миллилитр скипидар, 7 минут экспозиция кезінде; сақа құстар үшін арасында – 2,0 грамм хлоризвестi, 0,2 миллилитр скипидар, 15 минут экспозиция кезінде: сүт қышқылының жоғары дисперсті аэрозольдер (булар тұман) немесе 20 % сүт қышқылы су ерiтiндiсi резорцин немесе триэтиленгликоль есеппен 0,025 грамм дәрiлермен 1 текше метрге ауада 2-3 рет бiр күнде әр 2 сағат интервалмен).
      818. Осы аурудың қоздырғышына қарсы басқа да тиiмдi Қазақстан Республикасында тiркелген дезинфекциялағыш препараттар қолданады.
      819. Ауада дәрiлердiң таралуы үшін аэрозоль агрегатын қолданады.
      820. Ауру құстардың ақырғы қоздырғыш бөлуiнен 3 айдан кейiн шаруашылық жүргізуші субъектідегі тауықты жұқпалы бронхит бойынша қолайлы деп жариялауға болады. Шектеуді алар алдында толық қорытынды дезинфекция жүргізіледі.
73. Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті
Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті
профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
      821. Құстардың жұқпалы ларинготрахеитінің (бұдан әрі - ЖЛТ) профилактикасы үшін:
      1) құс топтары инкубациялық жұмыртқалармен және тәулiктiк балапандармен тек қана ЖЛТ-тен қолайлы шаруашылықтардан толықтырылады;
      2) құстардың әртүрлi жастағы топтары аумақтық бөлінген аймақтарға орналастырылады;
      3) құс қораларын бiрдей жастағы құстардан толықтыру;
      4) құс қораларын мұқият тазарту, сондай-ақ дезинфекция жүргiзе отырып, цикл аралық профилактикалық үзiлiстердi сақтау;
      5) тасымалдап әкелiнетiн асыл тұқымды жұмыртқалар, ыдыстар және оларды жеткiзуге қолданатын көлiк, сондай-ақ киiм, аяқ киiм, жүргiзушi және алып келушi персоналдың қолдары дезинфекцияланады;
      6) өзінің аналық табынынан алынған жұмыртқаларға және құс шаруашылығына әкелiнетiн асыл тұқымды жұмыртқаларға бөлiнiп алынған инкубацияны қамтамасыз ету;
      7) шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа құстарынан бөлек әкелiнген жұмыртқадан алынған тәулiктiк балапандарды өсiру қажет.
      822. ЖЛТ-тi профилактикасы үшін Қазақстан Республикасында тiркелген құстардың жұқпалы ларинготрахеитiне қарсы вакциналар қолданылады.
Қолайсыз пункттерде ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
      823. Құстардың ЖЛТ ауруы анықталған жағдайда, құс шаруашылығы осы ауру бойынша қолайсыз болып жарияланады және бұл жерге шектеу енгiзiледi.
      824. Шектеу енгiзу кезiнде мыналарға:
      1) құс шаруашылығының iшiнде ауру асқынған кезде құстарды ауыстыруға;
      2) қолайсыз құс шаруашылығына кез келген жастағы құстарды әкетуге және олардан әкетуге;
      3) инкубациялық жұмыртқаларды басқа құс шаруашылығына әкелуге;
      4) құс шаруашылығының iшiнде қолайсыз құс қораларынан алынған жұмыртқаларды инкубациялауға қолдануға;
      5) жем-шөпті, жабдықтарды және құрал-саймандарды қолайсыз өндiрiстiк қора-жайлардан және қолайсыз құс шаруашылығы аумақтарынан әкетуге;
      6) қолайсыз құс қораларынан алынған жұмыртқаларды құс шаруашылығының жұмыртқа қоймасына әкелуге және сақтауға;
      7) қолайсыз құс шаруашылығының аумағына және оның аумағынан персоналдың толық санитариялық өңделуiнсiз және киiмдерi мен аяқ киiмдерiн ауыстырмай шығуына тыйым салынады.
      825. Құс шаруашылығының қолайсыздығы кезеңiнде мыналарға:
      1) облыс көлемiнде дезинфекция жасалғаннан кейiн қолайсыз пункттерден ас жұмыртқаларына сауда көздерiне әкетуге;
      2) қолайлы құс қораларындағы құстардан алынған жұмыртқаларды iшкi шаруашылық мақсатта қолдану үшiн мына схема бойынша формальдегидтiң ерiтiндiсiмен жүргiзiлген аэрозольдық дезинфекциядан кейiн: бiрiншi жолы - жұмыртқалағаннан кейiн 1,5-2 сағаттан кем емес уақытта, екiншi - арнайы автомашинадағы ыдыста қорапталған күйiнде немесе инкубаторияның дезинфекциялық камерасында, үшiншi - инкубаторға салынардың алдында таңдалып алынғаннан кейiн; төртiншi - инкубацияның басталуынан 6 сағат өткен соң инкубациялау;
      3) құс шаруашылығында сою цехы болмаған кезде облыстың мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының рұқсатымен аурудан қолайлы құс қораларынан жоспарлы түрде етке союға жататын құстарды, құс етiн қайта өңдеушi кәсiпорындарға әкелуге рұқсат етiледі.
      826. Құс шаруашылығында құстардың ЖЛТ алғаш рет пайда болған кезде аурудың таралуына жол бермеу мақсатында қолайсыз құс қорасындағы барлық құстар етке сойылады. Мұндай жағдайда сыртқы ортадағы аурудың қоздырғышын жоюды қамтамасыз ететiн барлық қажеттi ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргiзiледi.
      827. Ауру басқа құс қораларына таралған жағдайда мұқият таңдау жүргiзiледi және құс шаруашылығының санитариялық сою цехында ауру және әлсiз құстар сойылады.
      828. Барлық клиникалық сау құстарды ЖЛТ қарсы вакцинасымен оны қолдану нұсқаулығына сәйкес иммунизациялайды.
      829. Құс шаруашылығында құстарды жемдеу және ұстауды жақсартады, рационға антистресстiк препараттар (қоспалар) енгiзiледi.
      830. Әрбiр құс қорасына қызмет атқарушы персонал тағайындалады, олар жұмыс киiмiмен, арнайы аяқ киiммен, дезинфекциялаушы заттармен қамтамасыз етiледi.
      831. Құстарды сою, ветеринариялық-санитариялық шарттарды сақтай отырып, ветеринар маманның бақылауымен, кейін сойылған жерге, құрал-саймандарға және жабдықтарға дезинфекция жүргiзiледi.
      832. Қолайсыз құс қорасынан құстардың үлкен партиясын сою қажеттiлiгi кезiнде және құс шаруашылығында күнтізбелік 2 күн iшiнде сою мүмкiндiгi болмаған жағдайда, тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатымен клиникалық сау құстарды еттi қайта өңдеушi кәсiпорындарына әкетуге рұқсат етiледi.
      833. Құстардың тұтас ұшаларына ветеринариялық-санитариялық сараптама және қайта өңдеу жүргiзiледi. Тұтас ұшаларында және органдарында өзгерiстер болмаған жағдайда, қайнатқаннан кейiн қолданады немесе қайнатылған шұжықтар, консервiлер дайындауға арналады.
      834. Қолайсыз құс қораларында құстарды сойғаннан алынған мамықтар және қауырсындар мынадай тәсiлдермен дезинфекцияланады:
      1) ыстық ауамен - кептiргiш қондырғыларда 85-90 С0 температурада 20 мин. ішінде;
      2) 3 %-тi формальдегидтiң ыстық (45-50 С0) ерiтiндiсiнде арнайы ыңғайлы ыдыста 30 минут ішінде;
      3) ыстық суда (85-90 С0) арнайы ыңғайлы металдан жасалған ыдыста 20 мин ішінде;
      4) мамықтарды және қауырсындарды формальдегидтiң ерiтiндiсiмен немесе ыстық сумен дезинфекциялағаннан кейiн мамықтарын және қауырсындарын ылғалдан сығып алып және кептiргiш қондырғыларда кептiредi.
      835. Құстарды етке союға тасымалдағаннан кейiнгi контейнерлер және жәшiктер ет тасылатын ыдыстар, сондай-ақ жұмыртқа әкетуге қолдануға арналған контейнерлер, картон төсемелер, жәшiктер және басқа ыдыстар міндетті түрде тазалауға, сондай-ақ дезинфекциялауға жатқызылады.
      836. Құстарды және жұмыртқаларды әкелуге арналған ағаш жәшiктердi, контейнерлердi дезинфекциялау үшiн улы (өткiр) натрийдің 2 % ыстық ерiтiндiсiн немесе формальдегидтiң 1-2 % ерiтiндiсiн қолданады. Ағаш ыдыстар кальциленген соданың 5 % ыстық ерiтiндiсiмен немесе улы (өткiр) натрийдің 2 % ыстық ерiтiндiсiмен дезинфекцияланады. Металдан дайындалған ыдыстарды кальциленген соданың 5 % ыстық ерiтiндiсiмен дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн оларды мұқият сумен жуады.
      837. Құс шаруашылығының ЖЛТ қолайсыз кезеңi кезiнде мұқият механикалық тазарту, сондай-ақ қолайсыз құс қораларына, инкубаторларға, қосалқы мал қораларға, құрал-саймандарға және жабдықтарға, өндiрiстiк аумақтарға, көлiк құралдарына және басқа объектілерге ағымдағы және қорытынды дезинфекция, дезинсекция, сондай-ақ дератизация жүргiзiледi.
      838. Құстардан босап бос тұрған мал қораларға дымқыл дезинфекция жүргiзу үшiн мынадай препараттардың бiрiн қолданады: улы (өткiр) натрийдің 2 % ыстық ерiтiндiсi, формальдегидтiң 2 % ерiтiндiсi, 2 % белсендi хлордан тұратын хлорлы әктің ашық ерiтiндiсi, жаңа сөндiрiлген әктің 20 % қою сұйығы (арасы 1 сағаттан 2 рет ақтау жолымен), кальциленген соданың 10 % ыстық ерiтiндiсi.
      839. Ауаны және өндiрiстiк бөлмелердiң беткi жақтарын, жабдықтарды құстарды сыртқа шығармай аэрозольдық дезинфекция жүргiзу үшiн йодтриэтиленгликольды, сүт қышқылын, хлорскипидардың буын, гипохлорид натрийін, су тотығының қалыпталған ерiтiндiсiн қолданады.
      840. Саңғырықты және терең төсемені саңғырық сақтағышқа биотермиялық залалсыздандыруға шығарады.
      841. Құс етiн қайта өңдеушi кәсiпорындарда құстардың ЖЛТ пайда болған жағдайда, кәсiпорындағы барлық құстар етке сойылады. Мұндай кезде бұл кәсiпорынға жаңадан келiп түсетiн құстарды тасымалдап әкелуге тек қана, барлық құс шаруашылығы өнiмдерi сатылып болғаннан кейiн және барлық қажеттi ветеринариялық-санитариялық шаралар (мал қораларға және аумаққа механикалық тазарту, дезинфекция, дезинсекция, дератизация, құрал-саймандарға және жабдықтарға дезинфекция) жүргiзiлгеннен кейiн рұқсат етiледi.
      842. Құс шаруашылығындағы құстардың ЖЛТ бойынша шектеу ауру құстың сойылуының соңғы жағдайынан соң немесе құстар ауырып жазылғаннан кейiн 2 ай өткен соң және қорытынды ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргiзiлгеннен кейiн алынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет