«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Көмекейді және кеңірдекті зерттеу



бет42/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1
аниме 2, 996495
Көмекейді және кеңірдекті зерттеу
Көмейді және кеңірдекті сырттай және іштей зерттеу тәсілдерімен тексереді. Олар сырттай қарау, сипау, тыңдау тәсілдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Қарау кезінде мынадай жағдайды кездестіруге болады, малдың басын төмен еңкейтіп, мойнын жоғары созып тұрғанын, қиналып дем алғанын, кейде көмекей мен кеңірдек аумағы маңындағы ұлпалардың қабынуы салдарынан томпайып тұрған ісікті байқауға болады. Кеңірдекті қарап зерттегенде оның сырт пішінінің өзгерісіне, қисайып майысқанына, жұмсақтығына, кеңірдек сақиналарының сынықтарына және жыртылғанына назар аударады. Сипау кезінде көмей мен кеңірдек аумағының қызулығын, сезгіштігін және кеңірдек қуысындағы түрлі шуылды анықтайды.
Қызудың жоғарылауы және ауырсынуы көмей мен кеңірдеістің қабыну салдарынан болады. Егер кеңірдектің алдыңғы сақинасын, ожау тәріздес шеміршекті саусақпен қысқан кезде, көмей қабынуынан жөтел пайда болады. Көмей мен кеңірдектің қуысы тарылған жағдайда ысқырған, тұншығу, көмей мен кеңірдектің ісігінде, қуыстарда кілегей, фибринді иленка жиналғанда сипау кезінде шуылдар байқалады.
Көмей мен кеңірдекті тыңдау екі тәсілмен жүргізіледі: ол тікелей және аспап көмегімен тыңдау. Дені сау малдарда "X" әрпіне үндес дыбыс естіледі, көмей тұсын тындағанда мұндай дыбыс естілсе, онда оны "көмейлі тыныстану" дыбысы дейді. Аталған дыбыстардан басқа патологиялық жағдайларда мынадай дыбыстар естіледі:
- көмей мен кеңірдектің тыныстану дыбысының күшеюі, көмей мен кеңірдек кілегейлі қабығының қабынуы салдарынан болады;

  • стридор, ысқырғанға немесе пышырлағанға ұқсас дыбыс, ол кеңірдек пен көмейдің қуысы тарылған кезде (гемиплегия, көмей ісігінде, ісікте) пайда болады;

  • қырыл, көмей мен кеңірдектің кілегейлі қабығы қабынғанда болады, ол экссудаттың сипатына қарай ылғалды немесе құрғақ болып бөлінеді.

Көмейді іштей зерттеу, ауыз қуысын ашып көру арқылы жүргізіледі. Тұмсығы қысқа итте, мысықта және құста ол жақсы көрінеді. Көмейді көру кезінде оның түсіне және кілегей қабықшасының ахуалына көңіл бөледі және онда жарық жара немесе басқа жаралар жоқ па соны анықтайды. Ірі малдардың көмейін зерттеу үшін ларингоскоп аспабын қолданады. Ол үшін малдың басын бекем ұстап, матау керек. Ларингоскопты қолдану үшін, оны жылы суға салып жылытады, содан соң маймен майлап, төменгі танау жолымен көмекейге дейін енгізеді. Тексеру кезінде жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығын, дауыс қуысын, дауыс сіңірін, кәкпір (ожау) тәріздес шеміршектің мүйізін көруге болады. Эндоскопияны ысқырықты, тұншығуда көмей шеміршегінің сүйектенгенін, көмей кілегей қабығы қабынғанда ауруды анықтау үшін қолданған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет