Виртуалды тәжірибелік жұмыстардың химия пәнін оқытудағы тиімділігі С. А. Шитыбаев



бет2/2
Дата04.11.2023
өлшемі18,29 Kb.
#189546
1   2
Байланысты:
Виртуалды тәжірибелік жұмыстардың химия пәнін оқытудағы тиімділігі

Виртуалды зертхана – компьютерде химиялық үдерістерді модельдейтін (үлгілейтін), оның шарттары мен жүргізу параметрлерін өзгертуге мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарлама. Мұндай бағдарлама интерактивті оқытуды іске асыру үшін ерекше жағдай жасайды. Виртуалды зертханалар химиялық реакциялардың жүру шарттары мен белгілерін сапалы деңгейде үлгілеуге мүмкіндік береді.
Сонымен, виртуалды химиялық эксперимент - химиядағы оқу экспери-ментінің бір түрі; оның табиғи эксперименттен басты айырмашылығы - химиялық үдерістер мен құбылыстарды көрсету немесе модельдеу құралы ретінде компьютерлік техника қолданылады.
Қазіргі цифрлік технологиялардың қарқынды дамуына және онлайн білім берудің оқыту үдерісіндегі үлесінің артуына байланысты жаратылыстану пәндерін, оның ішінде химияны тәжірибелік тұрғыдан оқытуда виртуалды зертханалардың маңызы артып келеді. Виртуалды тәжірибелік жұмыстарды
қандай жағдайларда пайдаланған тиімді болып саналады?

  • Химия пәнін өтетін зертханалардағы қажетті химиялық реактивтердің жоқтығы немесе жеткіліксіздігі жағдайда;

  • Қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды, улы заттармен жұмыс жасау керек болған жағдайда оларды қауіпсіз, компьютерлік нұсқасына ауыстыру үшін;

  • Қашықтықтан оқытуда білім алушылар тәжірибелік жұмыстарын орындау үшін;

  • Зертханадағы нақты жұмыстарды орындау алдында білім алушылардың виртуалды жұмыстарды компьютер көмегімен жасап, жаттығуы;

  • Жоғары температура немесе жоғары қысымда жүретін химиялық үдерістердің заңдылықтарын зерттеу үшін;

  • Өндірісте синтезделетін алуан түрлі заттардың заманауи технологиялық тізбектерінің жұмыс жасау қағидаттарын ғылыми негізде түсіну үшін;

  • Микроәлемде жүретін әртүрлі физикалық-химиялық үдерістердің іщкі сырларын (механизмдерін) талдау үшін;

Виртуалды жұмыстарды қолдану оқыту үдерісінің көрнекілігін арттырып және оны қарқындатумен бірге, үдеріс сипатын толығымен өзгертеді, олардың көмегімен зерттелетін нысанның маңызды байланыстарын, оның заңдылық-тарын тереңірек анықтауға болады, бұл материалдың жақсы меңгерілуіне көмектеседі. Оқушылар құбылыстарды зерттеп, олардың параметрлерін өзгерте алады, алынған нәтижелерді салыстыруға, талдауға, қорытынды жасауға болады. Мысалы, әрекеттесетін заттардың концентрацияларының әртүрлі мәндерін еркін өзгерте отырып (химиялық реакцияның жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеуді үлгілейтін бағдарламада), оқушы бөлінетін газдың көлемінің өзгерісін бақылай алады және т.б..
Оқушылар әдетте компьютерлік үлгілеу түріндегі виртуалды зертханалық жұмыстарды ерекше қызығушылықпен орындайды. Мұндай белсенділік олардың алдында үлкен танымдылық мүмкіндіктерін ашады, оқушыларды тек бақылаушы ғана емес, кейбір жағдайларда жасалатын тәжірибелердің белсенді қатысушылары дәрежелеріне дейін жоғарылатады. Компьютерлік зертханалық жұмыстарды орындау алдын-ала дайындықты қажет етеді. Жұмыстың жасалу жолы мен реті компьютер дисплейінде беріледі; ол қысқа және түсінікті жазылуы қажет, артық теориялық мәліметтермен жүктелмеуі керек, демек оқушыда зерттелетін құбылыс туралы толық мағлұмат болуы қажет. Алдын-ала дайындықтың міндетті элементі ретінде өлшеулердің конспектісін (хаттамасын) құру болып табылады. Мұнда жұмыстың мақсаттары мен міндеттері, есептеу формулалары, қолданылатын заңдар тұжырымдалуы қажет, жұмыстың негізгі сатылары, компьютерлік үлгілер арқылы орындау реті, виртуалды тәжірибе нәтижелерін көрсететін кестенің түрі, соңында оқушылардың зерттелетін материалды бекіту және бақылау үшін сұрақтар және тесттік тапсырмалар беріледі.
Білім алушыларды химия пәнін виртуалды химиялық эксперимент арқылы оқытуда өзіміз дайындаған келесі жұмыстарды қолданамыз: "Органикалық шыныны алу", «Аминқышқылдары. Ақуыздар. Ақыздар мен аминқышқылдарының сапалық реакциялары», "Фенолформальдегидті шайырлардың синтезі" . Мысалы, "Органикалық шыныны алу" виртуалды жұмысы Macromedia Flash және Adobe Photoshop X6 бағдарламалары бойынша жасалынған. Жұмыста алдымен сценарий дайындалады. Онда виртуалды жұмыстың мақсаты көрсетілген: органикалық шыныны блоктағы радикалды полимеризация әдісімен метилметакрилат негізінде алу; мұнан соң реакцияға түсетін зат (метилметакрилат) және өнімнің (полиметил-метакрилат), радикалды полимеризацияның инициаторларының (бензоил асқын тотығы) қасиеттері жазылады, осыдан кейін полимерді синтездеу қондырғысының сызбасы берідген, Виртуалды жұмыстың екінші бөлімінде полимерді алудың эксперименті көрсетіледі: Жұмыста пайдаланатын химиялық заттардың (реактивтердің) колбаға кұйылуы, қыздырғыш плиткада жоғары температураның пайда болуы, полимеризация қондырғысының жұмыс жасауы, дайын өнімнің қалыпқа құйылуы, оның тоңазытқышта суытылуы т.б. анимациялық эффектілер Macromedia Flash бағдарламасы арқылы жасалынған. Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтардың суреттері Adobe Photoshop X6 бағдарламасында дайындалды.


Пайдаланылған әдебиет:

1. Шитыбаев С.А. Химия пәнінің зертханалық, сарамандық жұмыстарында виртуалды оқыту әдістемесін қолданудың артықшылықтары. «Білім беруді дамытудың инновациялық бағыттары». Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, 20-23 б.б., Шымкент, 04.12.2013 ж.


2. Гавронская Ю.Ю., Оксенчук В.В. Методика создания виртуальных лабораторных работ по химии // Современные проблемы науки и образования. – 2015.–№2-2.
3. Гавронская Ю.Ю. и др.. Виртуальные химические лаборатории во внеаудиторной самостоятельной работе студента // Современные проблемы науки и образования.– 2016. –№5.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет