Дәріс кешені тағамдық биохимия курстың мақсаты және міндеті



бет23/61
Дата08.02.2022
өлшемі209,74 Kb.
#124341
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
Байланысты:
Дәрістер кешені ТБ
Ê?øáàñøûëû? ïåí æåòåêø³ë³êêå ñàëûñòûðìàëû òàëäàó æàñàó, Google Meet қолдану бойынша нұсақаулық, Дәріс. Бөліктеп интегралдау әдісі, 2 Аралық бақылау ББЦТ (1)
Гидролазалар. Гидролаза (гректің "гюдор" — су деген сөзі). Ферменттердін бұл тобына полисахарид, дисахарид, майлар мен белоктарды ыдырататын түрлері жатады. Бұлардың кейбіреулерін казіргі кезде кристалл күйінде бөліп
алған. Мұнда ферменттік реакция тек судың қатысуымен жүреді. Гидролаза класы бірнеше тармакқа бөлінеді. Бүған эстеразалар күрделі эфир байланысын ыдырататын ферменттер, майларды ыдырататын липазалар, тиол және фосфор эфирлерінің гидролазасы жатады. Тиол эфирлерінің гидролазасына ацетил — КоА — гидролаза, фосфор эфирлерінің гидролазасына глюкозо —1— фосфатаза, глюкозо -6- фосфатаза және т.б. жатады. Мәселен, эстеразалар күрделі эфир байланыстарын гидролиздейді де, кышқыл және спирт түзеді.
Күрделі көмірсулар мен гликозидтерді гидролиздейтін ферменттер өсімдіктер мен микроб клеткаларында кең тараған. Пептидаза белоктар мен пептидтердегі пептидтік байланыстарды гидролиздеу аркылы үзеді. Олардың көпшілігі тек жануарлар, микробтар клеткаларында кездеседі. Өсімдіктерден папаин ферменті табылған. Бұл фермент сояның тұқымында едәуір кездеседі.
Аспаргиназа мен глутаминаза аспарагин мен глутаминнің гидролиздік ыдырауын катализдейді. Бұл топка ең алдымен карбогидраза ферменттері жатады. Оны көптеген микроорганизмдер бөліп шығарады. Карбогидраза дақыл дәндерінде мол кездеседі. Солардың кейбір аса маңыздыларына тоқталып өтейік. Амилаза. Крахмалды, гликогенді мальтоза қантына дейін ыдыратады. Ол көптеген зең саңырауқұлақтары мен бактерияларда кездеседі.
Мальтаза-дисахарид. Мальтоза кантын екі глюкоза молекуласына айналдырады. Барлык микроорганизмдерде дерлік кездеседі. ß-фруктофуранозидаза -камыс қантын глюкозаға және фруктозаға ажыратады. Зең, ашытқы саңыраукүлағында, бактерияларда кездеседі. Бұл фермент бұрын сахараза деп аталған. Лактаза Сүт кантын (лактозаны) глюкоза және галактозаға ажыратады. Көптеген сүт қышқылы және басқа да бактерияларда
болады. Оны цитаза деп те атайды. Мұны көптеген анаэробты микроорганизмдер бөліп шығарады. Ол клетчатканы целлобиозаға және жай қант-глюкозаға ажыратады. Пектиназа Өсімдіктердің клеткаларының аралығында кездесетін пектин заттарын ажыратады. Мұнда пектин заттарынан галактоза, арабиноза, ксилоза, сірке, галактурон қышқылдары және метил спирті түзіледі. Бүл ферменттер көптеген бактериялар мен зең саңыраукұлактарында табылған.
Липаза. Майды гидролиз аркылы глицерин және май қышкылдарына ажыратады. Липаза көптеген микроорганизмдерде,өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларында болады. Протеаза.Бүл ферменттер белоктарды пептон, полипептид және амин қышқылдарына дейін ажыратады. Мұның сүтті ұйытатын қасиеті бар. Аталған ферменттер көптеген шіріткіш бактерияларда, өсімдіктерде, асказан сөлінде кездеседі. Бұл топқа көптеген ферменттер жатады: мысалы, пепсин,трипсин сондай-ақ осы топ ішінде де бірнешеферменттер болады.
Лиазалар. Атомдардың түрліше топтарын ажырататын немесе косып алу реакциясын судың не фосфор қышкылының катысуынсыз катализдейді. Мұнда су, аммиак, көмірқышқыл газы т.б. бөлінеді және еселенген байланыстар С—С, C-N, С-О, С—S бойынша түзіледі. Субстрат молекуласындағы қос байланыс бойынша химиялық топтардың косылуын да катализдей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет