Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы



Pdf көрінісі
бет26/29
Дата25.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#133300
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


69 
ІІІ БӚЛІМ 
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӚНІНДЕГІ 
ІС-ШАРАЛАР 
3.1 Жастар саясатын дамытудың халықаралық тәжірибесі және оның 
қолдану аясы 
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы 
жобасында Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын 
дамытуды пайымдау және ағымдағы жағдайды талданған. Осы талдауда 
жастар саясатын жүргізуде әлемдік тәжірибенің оң сипаты қарастырылған. 
Онда халықаралық тәжірибені талдау нәтижесі Еуропа, ТМД, Америка, 
Жапония, Қытай, Индия және Турция елдерінде жастар саясатын іске асыру 
мен әзірлеудің әртүрлі тәсілдерінің бар екендігі туралы кӛрсетілген. Барлық 
елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда шиеленіссіз 
ықпалдасуы мен ӛзін-ӛзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып табылатындығы 
аталып ӛтілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту 
барысында шетелдерде аса жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен 
амалдарды қолдану жӛн саналған. 
АҚШ тәжірибесі жастардың шешім қабылдауға ықпал ету-деңгейін 
арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында ӛзін ӛзі басқару органдарын 
дамыту кӛрсетілген. Сонымен қатар олар қажетті әлеуметтік, мәдени, 
коммуникациялы, басқарушы дағдыларды алу мүмкіндігін-де береді. 
АҚШ-та жастар саясатының бағдарламалары мен жобаларын іске 
асыруға мемлекеттік-жеке 
серіктестің 
үлгісінде 
жеке 
қайырымдылық 
ұйымдарын, коммерциялық секторларды тарту тетіктері белсенді енгізілген. 
Жастар саясатын іске асырудың жапондық тәсілдерінің негізі мемлекеттік 
органдар мен қоғамдық институттардың бірлескен ӛзара тиімді іс қимылы мен 
араларындағы жауапкершілікті нақты бӛлу. 
Арнайы жастар орталықтарының, бюролары мен қызметтерінің жұмыс 
істеуін мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз ету әдістері кең қолданысқа ие. 
Сонымен, 
Турцияда 
ірі 
қалаларда, 
ақпараттық және мәдени 
жастар 
орталықтары, Германияда жастар, ақпараттық консультативтік бюросы қызмет 
етеді. Аталған орталықтар желілерге қосылған, қызмет кӛрсетудің стандарттық 
базасы, ақпарат алмасу және оны жаңарту желісі бар. 
Португалия мен Испанияда жастарға әлеуметтік кӛмек кӛрсетудің қоғамдық-
мемлекеттік қызметі енгізілген. 
Швецияда 
соңғы жылдары 
мемлекеттік 
органдардың 
қызметін 
тұжырымдау мен шешім қабылдау кезеңінде үйлестірумен айналысатын 
арнайы құрылым қалыптасқан. 
Ресейде жастар саясатын іске асыру әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-
саяси 
бағыттар 
бойынша 
ірі 
жобалар жүйесі 
арқылы жүргізіледі. 
Соңғы жылдары федералдық және ӛңірлік-деңгейде жастар саясаты басқармасы 
құрылымы нығайтылған. 


70 
Қазақстандық жас мамандарға айтарлықтай қолдау кӛрсететін, жүзеге 
асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалардан басқа мәселені шешуде 
халықаралық тәжірибеге назар аудару керек. Түлектерді жұмысқа алатын 
жұмысберушілерге салық жеңілдіктерін немесе қаржылай кӛмек кӛрсету 
ұтымды құралдардың бірі болып табылады. Бұндай шара Францияда кеңінен 
қолданылады. Осылайша, «Жастарды жұмысқа орналастыру жӛніндегі 
қызметті дамыту туралы» француз декретіне сәйкес жұмысберушіге жыл сайын 
қаржылай кӛмек кӛрсетіледі, бұған қоса ол тиісті жұмыс орнын құрған 
мерзімнен бастап 5 жыл бойы беріледі. Польшада салықтық жеңілдіктер жыл 
бойы тек жұмысберушіге ғана емес, сонымен қатар түлекке де беріледі. 
Чехияда салықтық жеңілдіктер ЖОО түлектеріне жаңа жұмыс орындарын 
ашқан жұмысберушілерге беріледі. 
Тұтастай әлемдік тәжірбиеде жастар саясатын жүзеге асыруда екі модель 
басым еуропалық- онда жастар саясаты саласында мемлекет басым, англо-
саксондық-жастар ұйымадары жұмыстарына мемлекеттің жүйелі түрде 
қатыспай оларға толықтай еркіндік беру негізінде жасалған. 
Халықаралық тәжірибені талдау нәтижесі Еуропа, ТМД, Америка, 
Жапония, Қытай, Индия және Турция елдерінде жастар саясатын іске асыру 
мен әзірлеудің әртүрлі тәсілдерінің бар екендігі туралы кӛрсетті. 
Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда 
шиеленіссіз ықпалдасуы мен ӛзін-ӛзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып 
табылады. 
Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында 
шетелдерде аса жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен амалдарды 
қолдану жӛн саналады. 
АҚШ тәжірибесі жастардың шешім қабылдауға ықпал ету деңгейін 
арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында ӛзін ӛзі басқару органдарын 
дамыту кӛрсетілген. Сонымен қатар олар қажетті әлеуметтік, мәдени, 
коммуникациялы, басқарушы дағдыларды алу мүмкіндігін де береді. 
АҚШ-та жастар саясатының бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға 
мемлекеттік-жеке серіктестің үлгісінде жеке қайырымдылық ұйымдарын, 
коммерциялық секторларды тарту тетіктері белсенді енгізілген. 
Жастар саясатын іске асырудың жапондық тәсілдерінің негізі мемлекеттік 
органдар мен қоғамдық институттардың бірлескен ӛзара тиімді іс қимылы мен 
араларындағы жауапкершілікті нақты бӛлу. 
Арнайы жастар орталықтарының, бюролары мен қызметтерінің жұмыс 
істеуін мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз ету әдістері кең қолданысқа ие. 
Сонымен, Турцияда ірі қалаларда ақпараттық және мәдени жастар 
орталықтары, Германияда жастар ақпараттық консультативтік бюросы қызмет 
етеді. Аталған орталықтар желілерге қосылған, қызмет кӛрсетудің стандарттық 
базасы, ақпарат алмасу және оны жаңарту желісі бар. 
Португалия мен Испанияда жастарға әлеуметтік кӛмек кӛрсетудің 
қоғамдық-мемлекеттік қызметі енгізілген. 


71 
Швецияда соңғы жылдары мемлекеттік органдардың қызметін 
тұжырымдау мен шешім қабылдау кезеңінде үйлестірумен айналысатын 
арнайы құрылым қалыптасқан. 
Ресейде жастар саясатын іске асыру әлеуметтік-экономикалық және 
қоғамдық-саяси бағыттар бойынша ірі жобалар жүйесі арқылы жүргізіледі. 
Соңғы жылдары федералдық және ӛңірлік деңгейде жастар саясаты басқармасы 
құрылымы нығайтылған. 
Қазақстанға қай моделді таңдау керек? Ең тиімдісі Жапония секілді 
екеуінде ұштастыра білу қажет. Еуропалық мемлекеттерінің басым 
кӛпшілігінде (Германия, Австрия, Ирландия, Ұлыбритания т.б) қаржыландыру 
аймақтық қажетіліктер бойынша орындалады. Оны Қазақстанда қолдану бой-
ынша жастар әркелкі, мысалы Алматы, Нұр- Сұлтан секілді ірі қалаларда жас-
тар кӛп шоғырланған оларға соған байланысты қаржыландыру да басым болу 
керек, ұйымдасыру сияқты әкімшіліктегі жастар саясаты мамандары да 
деңгейге сай болу қажет. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының жастар 
саясаты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты болып отыр. Елбасы айтуынша, 
тӛрт базалық элемент – кәсіби жақсы білім, жақсы тӛленетін тұрақты жұмыс, 
отбасы құруға арналған жеке үйі, салауатты ӛмір салтын жүргізуге арналған 
мүмкіндіктің болуы жастар мәселесін шешудің қадамдарының бірі. Қазақстан 
жастар саясатының жеткілікті дәрежеде дамымау себептері неде екенін анықтау 
бұл мәселенің барысын қарастыруға мүмкіндік береді: 
Мәселен, қаржыландыру. Кез-келген маңызды шаруада қаржыландыру 
мәні аса жоғары. Алайда ондағы мәселе, қалай тиімді және жеткілікті түрде 
қаржыландыруға болады. Голландияда, Испанияда тӛменнен жоғарыға қарай
яғни жергілікті аймақтар ӛзіне қажетті ресурстарды үкіметке жібереді, онда 
талқыланып реттеуші шешім шығарылады.Францияда аймақтар мен үкімет 
арасындағы ынтымақтасық және байланыс негізінде реттеледі. Қазақстанға 
қаржыландыру кезінде аймақтардың мұқтажыдықтарын барынша кең ескеру 
керек. 
Әлем мемлекеттерінде жастар ісімен айналыстаын тікелей құрылым бар. 
Қазақстанда Білім және ғылым министірлігі жастар саясаты департаменті, ҚР 
Президенті жанындағы Жастар кеңесі, Мәдениет министірлігі жанындағы 
комитеті секілді құрылымдар айналысады. Жастар саясаты жұмысын бір 
жүйеге келтіру арқылы біріктіру керек. Бұл Қазақстанда Жастар саясаты 
жӛніндегі агенттік құру арқылы болуы мүмкін. Жапония, Сингапур, Малазия 
елдерінде жастар саясатымен құрылымдық-жүйелік түрде жұмыс істеу 
нәтижесінде туған. 
Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында халықаралық жастар 
ынтымақтастығын дамыту да қолға алынған. Бұндай ынтымақтастықтар елдер 
арасында жастар мәселесін шешуге, дамыту ӛз үлесін тигізеді.
Халықаралық жастар ынтымақтастығы шеңберінде Министрлік 12 елмен 
(Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Беларусь, Сауд Арабиясы 
Корольдігі, Грузия, Катар, Германия Федеративтік Республикасы, Египет, 
Иордан Хашимит Корольдігі, Сербия) екі жақты келісімдер жасады. 


72 
Қазақстанның жастар ұйымдары 3 халықаралық ұйымның мүшесі болып 
табылады: 
1) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жӛніндегі кеңесі; 
2) Азиядағы ӛзара іс-қимыл және сенім шаралары жӛніндегі кеңестің 
жастар кеңестері (АӚСШК); 
3) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ). 
Министрлік халықаралық жастар ынтымақтастығы аясында бірқатар іс-
шаралар, атап айтқанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының жастар форумын, 
Түркі Кеңесінің Халықаралық жазғы лагерін, Түркі кеңесі мемлекеттерінің 
жастар форумын, ТМД қатысушы мемлекеттердің жастар форумын, «Жастарға 
инвестициялар» халықаралық конференциясын ӛткізді. 
2018 жылдың қыркүйек айында Сербия мен Қазақстан жастары 
мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган арасындағы ынтымақтастық туралы 
меморандумға қол қойылды. 
Кейінгі жылдары шетелде тұрақты тұруға кӛшу немесе уақытша ақша 
табу жағдайлары жиілеп кетті. Интеллектуалды дарынды, дамыған және білімді 
жастар Қазақстанда ӛздерінің қабілеттері мен әлеуеттерін жүзеге асыру 
мүмкіндіктерін кӛрмейді. Демек, шетелдегі ӛмір жастарды несімен тартады? 
Осыған назар аударуымыз керек сияқты. Мысалы біз қарастырған бірқатар шет 
мемлекеттердің тәжірибесі ӛте қызықты, ӛйткені олардың кейбіреуі жастар 
саясатын жүзеге асыруда ӛте жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Сондықтан 
біз олардың біздің еліміз үшін пайдалы, еліміздегі жастар саясатын жүзеге 
асыруда тиімді деген бірнеше тәжірибесін алып қарастырдық.
Біз шет елдердегі жастар саясатының жүзеге асуын талдау барысында
Еуропа (Германия, Швеция) және Азия (Жапония, Қытай) елдерінің 
тәжірибелеріне назар аудардық.
Мысалы, Германияда жастар саясатын жүзеге асыруды реттейтін негізгі 
федералды заңдардан басқа, жастарды әлеуметтендіру мен қолдаудың нақты 
шараларының жыл сайынғы федералдық жоспарлары бар, мысалы, 
адамгершілік тәрбиесі, кедейлік, жұмыссыздық және т.б. Германияда білім беру 
жастарды жұмыспен қамтамасыз етумен қатар жүреді. Мемлекет ӛз 
ӛкілеттіктерін жастар саясаты мәселелерінде қоғамдық жастар ұйымдарына 
береді, осылайша олар жастар белсенділігінің барлық салаларын қамтиды. 
Швецияда білім беру ӛте қызықты түрде жүргізілуде. Білім (орта және 
жоғары) ақысыз, бірақ тұрғын үй мен оқу құралдарына арналған стипендия 
қарыз түрінде беріледі, оны жұмысқа орналасу кезінде тӛлеу керек (жалақының 
4%).
Бельгияда жыл сайын «Балалар әлемі» атты іс-шара ӛтеді, оған жүзге 
жуық бала қатысады. Бұл күн олар үшін ерекше, ӛйткені балаларға ӛздерін 
сезінуге мүмкіндік беріледі, жастар әртүрлі мамандықтар бойынша жұмыс 
істейді: бірінші наубайханада жұмыс істейді, екіншісі ӛрт сӛндіру бӛлімінде, 
үшіншісі Парламенттегі пікірталастарға қатысады. Пікірсайыс жоспары алдын-
ала дайындалмағанын ескерген жӛн. Жастардың ӛздері ӛздеріне ең қызықты 
тақырыптарды таңдайды және кездесу соңында нақты дауыс беріп, саяси 


73 
қайраткерлермен талқылайды. Барлық процесс (парламентке саяхат, оның 
жұмысы туралы ақпараттық ескерту, пікірсайыс) шамамен 3 сағатты алады. 
Балалар үшін бұл ӛз елінің саяси жұмысы туралы білуге және тәжірибе жинауға 
үлкен мүмкіндік береді. 
Жапония жастар болашақ елдің басты бет-бейнесі деп санайды. 
Сондықтан олар осы салаға үлкен мән беріп, жастарға ӛздерінің дамуындағы 
барлық кедергілерді жеңіп, қоғамның ажырамас бӛлігі болуға кӛмектесуге 
тырысады. Жапонияда олар балалар мен жастарды ғана емес, олардың ата-
аналарын да қолдауға тырысады. Ол үшін «Ұлттық балалар жоспары» бар. Оған 
мыналар кіреді: - бүкіл ел бойынша жұмыс істейтін және жерсеріктік байланыс 
арқылы таратылатын «Балалар тарату станциясы» балалар теледидары; - 
балалар бос уақытын ӛткізетін «балалар орталықтары» желісі; 
Жапонияда балалардың сырттан алатын ақпарат ағымына үлкен мән 
беріледі (теледидар, БАҚ, Интернет және т.б.). Қажет емес ақпарат пен 
материалдарға қол жетімділік шектелген, балалар порнографиясының қатаң 
таралуы қатаң бақылауға алынған. Жол-кӛлік оқиғаларын азайту мақсатында 
балалар қауіпсіз жол жүру ережелеріне үйретіледі. 
Қытайлық жастар саясатының ерекшелігі - оны сәтті жұмысқа 
орналастыруға бағыттау. Мемлекет ғылыми-зерттеу ұйымдарына, университет 
түлектерін жұмысқа тартуға мүмкіндік беретін шағын және орта 
кәсіпорындарға қарыздар, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер береді; - 
жұмыспен қамту арналарын кеңейту, б.а. ауылдық ұйымдарда, ауыл 
шаруашылығында, халқы аз жерлерде жұмыс істеуге ынталандыру шаралары 
жүзеге асырылады. Осы бағдарламаға қатысқан жастарға әлеуметтік тӛлемдер 
беріледі; - шағын бизнес құру үшін бастапқы капиталды ұсынады. Жақсы 
бизнес-жобалары бар түлектер оларды жүзеге асыру үшін несие алу 
мүмкіндігіне ие бола алады. Сондай-ақ, олар 3 жылға салық тӛлеуден 
босатылып, кәсіпкерлерге арналған тренингтер ӛткізіп, жеке кәсіптерін ашуға 
кеңес береді.
Жоғарыда айтылғандардан әлемнің барлық елдері жастар саясаты 
саласында тиімді жұмыс жасауға бағытталған деп қорытынды жасауға болады. 
Біздің еліміз жастар саясатын жүзеге асыру аясында шет елдердің тәжірибесіне 
мұқият қарау керек, ӛйткені жастар ӛте белсенді дамуда және олармен жұмыс 
жасауда үнемі назар аударуды және үнемі жаңаруды талап етеді. 
Қазақстан үшін ең қызықты тәжірибе, біздің ойымызша, Швецияның 
білім саласындағы тәжірибесі және Жапонияның ақпараттық бақылау 
саласындағы тәжірибесі. Жоғары оқу орындарында бюджеттік орындар 
санының аздығына және келісімшарт негізінде қымбатшылыққа байланысты 
кӛптеген жастар жоғары білім ала алмайды. Сондықтан, Швецияның тұрғын үй 
алуға несие беру шарты бойынша ақысыз білім беруді енгізу тәжірибесі, 
жұмысқа орналасуға ӛтініш берген кезде қайтарылуы қажет оқу құралы барлық 
жастарға жоғары білім алуға мүмкіндік берер еді. 
Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар ғасырында жастардың сырттан 
қандай ақпарат алатындығын бақылау маңызды екенін атап ӛткіміз келеді. Бұл 


74 
жерде Жапонияның тәжірибесі тиіңмді екенін айта кеткеніміз жӛн. Ӛкінішке 
орай, әлеуметтік желілерде суицид, порнография және девиантты мінез-
құлықты насихаттау оқиғалары жиілеп барады. Кейде мұндай теріс әсер 
жастардың азаматтық жағдайына және олардың қоғамдағы әлеуметтенуіне әсер 
етеді. Жастарды олардың зиянды әсерінен қорғау үшін әлеуметтік желілерді 
бақылауды күшейту қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет