Күн тәртібінде: Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар


Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары



бет2/2
Дата05.08.2023
өлшемі20,82 Kb.
#179730
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Хаттама 4токсан

Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары 
- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. 
- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. 
- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. 
- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. 
- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. 
- Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз. 
- Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар. 

Күн тәртібіндегі 3- мәселе бойынша сынып «Байлаулы бала» тренинг өткізілді. Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

  2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

  3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

  4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

  5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
Ата-анаға арналған хат, оқушылар алдын ала жазған хаттарын оқып шығады солжайында өздерінің ойларын айтады.
Күн тәртібіндегі 4 - мәселе бойынша, тазалық басқа да ата-аналар тараптан сұрақтар қамтылды, «Тазалық - саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалық жоқ жерде елдің болашағы бұлыңғыр, келешегі күмәнді болары хақ. Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру- күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі.Дені сау бала оқу үдерісіне белсене араласады, әрдайым жайдары, көңіл-күйі жоғары болады. Сондықтан біздің міндетіміз - әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға деген құштарлығын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бала бойындағы қасиеттерін дамыту. Әр мұғалім өз сабағында осы мәселелерді балаға терең жеткізіп отырса, онда нағыз жан-жақты дамыған болашақ жас ұрпақ тәрбиелеп шығарарымыз сөзсіз. Жас ұрпақтың спортты серік етіп, денсаулықтарын нығайта түсуі – бүгінгі күннің басты талабы. міндетті мектептің формасын кию, сабаққа мектеп формасымен келу, оқушылардың ұялы телефонды сабақ үстінде қолданбауын қадағалау.

Қаулы:
« » сыныбы оқушыларының жалпы жиналысы қаулы етеді:

  1. оқу жылында оқушылардың сабақ үлгірімі мен сабаққа қатысымы қадағалап отыру және оқушыларға қойылатын мектеп ережелері мен талаптарының орындалуы сынып жетекші мен ата – аналар тарапынан үнемі қадағалансын.

  2. Оқушылардың тәртібіне аса зор көңіл бөліп, Балаларының жаз мезгіліндегі қауіпсіздік, судағы қауіпсіздік ережесін қадағалап және құқықтық жауапкершілікті сақтау ата – аналарға жүктелсін;

  3. Балаларға үйде ұзақ уақыт көңіл бөліп, әңгімелесіп, қызығушылығына қарай үйірмелерге беру қадағалансын.

  4. Санитарлық ереже, тазалық, ұялы телефон қолдану қатаң қадағалансын , мектеп формасы сақталсын.



Төраға: Хатшы:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет