МәШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері



бет16/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#36239
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Сұрақтар

1. Көне шылаулардың тілдік қолданыс ерекшеліктері?


2. Араб – парсы сөздерінің өзгеріске түсу заңдылығы?
3. Мәшһүр – Жүсіп шығармалырындағы дилекті сөздер?
4. Кейбір морфологиялық тұлғалардың қолданысы?
5. Фонетикалық өзгерстердің заңдылығы және оның әдеби тілге қатысы?


2. 4 Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының лексикасы

М-Ж. Көпеев шығармаларында бірқыдыру сөздер өздерінің лексикалық мағынасынан өзгеше реңкте жұмсалып, жырдың мағынасын аша түседі. Мысалы: ұзын, қоңырау, көңіл, нұр, ұры, садап, душар, сайрап, ауыз, көп, ұйқы т.б.


Абай Құнанбайев:
Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын,
Бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін...
- деп, «ұзын» сөзін «көп» деген мағынада жұмсай, әлеуметтік мағынада айта отырып, өзгеше құрылым жасаған. М-Ж. Көпеев те:
Керең саңырау дегенім құлағы жоқ,
Таусылмайтын үші жоқ ұзын ойын...

Дерексіз затты, түрлендіру бар. Абаймен қосыла отырып, М-Ж. Көпеев көбіне «ұзын» сөзін «күн», «түн» сөздерімен тіркесте жұмсап, анықтауыштық мағынада қарастырады.


М-Ж. Көпеевтің ауыз әдебиеті үлгілерінен жинастырған дүниелерінен: «үрген қарын», «үрген қуық» тіркестерін де ұшыратуға болады:
Дүниеде ауыр екен үрген қарын,
Жалғыз өзім көтердім соның бәрін...
Бұ дүниеде бек ауыр үрген қуық,
Жалғыз өзім көтердім аузын буып...
«Өтірік» өлең құрылымына сай қолданылған тіркестер өз мәнінде жұмсалып, шынайы әзіл қылығынан арылмаған күйді білдіреді. Ал, М.Ж.Көпеев өз шығармасында:
Үрген қуық – бүгінгі жұрттың басы,
Бас болса, болар еді көздің жасы...
Немесе,
Өңшең үрген қарыңға душар болдық,
Зарлап тұрсаң еститін құлағы жоқ...
Метафорлық тіркес жырдың әрін күшейте түсері сөзсіз. Асылы жұртты қайрау, ояту мақсатында немесе қазақ елінің сөз ұқпай, өзге ел қатарына қосылмай, үлгі алмай, ақындарды ашындыратыны бар, сонда Абай:
Адасқан күшік секілді,
Ұлып жұртқа қайтқан ой...
- деп, шекеңнен өткен мұздай су секілді соғып жіберсе, миыңа құйып жіберсе, рухани ұстаз Дулат Бабатайұлының айтары басқаша:
Өксігіңді ойласам,
Ұйқы беріп, қайғы алам...
Немесе,
Су мүйіз болған танадай,
Шыр көбелек айналам...
Немесе,
Бұзауы өлген сиырдай,
Сауын иіп Дулат жүр,
Місе қылып тұлыпты...
Немесе,
Мөңіреп жұртқа ой қайтты,
Бұзауы өлген сиырдай...
Немесе,
Әкеңнің айтқан аз сөзін,
Құтысына көңіліңнің,
Төгіп алма, дәлдеп құй...
М-Ж. Көпеев естігенін қате жібермей, одан әрірек дамытып, сәл көтере, басқа қырынан келетін тұсы да жоқ емес:
Кеңеске қалжың–мылжың тым–ақ ұста,
Суырдың айғырындай шықылдайды...
Немесе,
Ағыздым мен бір бұлақ көзін тауып,

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет