МәШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері


Мәшһүр-Жүсіп тілінің грамматикалық ерекшеліктері



бет18/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#36239
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
2.5 Мәшһүр-Жүсіп тілінің грамматикалық ерекшеліктері

Көсемшенің -ып формасы арқылы ауызекі айтылатын жырлардың өзіндік ерекшеліктері бар. Айтыста, қолма-қол суырып салғанда ақын-жыршылардың негізгі қаруы да, ұйқас үшін ілігетін түрі де осы -ып тұлғасы болып табылады. М-Ж. Көпеевтің тілінде көптік ұғымды беретін сөздерге көптік жалғауы жалғанатынын айтқанбыз. III жақтағы етістіктің көпше мағынасын - лар жалғауы арқылы білдіру тенденциясы, бірде ортақ етіс тұлғасын ұсынса, бірде түркі тілдерінің байырғы тәсілі -лар аффикісін жалғауды көрсетеді (Р.Сыздықова). Бұндай ерекшеліктер М-Ж. Көпеев шығармаларында ұшырасады. Бұл ретте: шөптер, булар, сулар, шыңдар, микроптар, тозаңдар, ұшқындар, тамашалар, жерлер, зорлар, жұрттар, денелер, тұнжырлар, өнерлер, түздер, дүрлар, тұңғиықтар, омыраулар, пайдалар, тағаттар, армандар, өнерлер, күйінділер/ III жақ/, замандар, тереңдер, мейірбандар, көңілдер, мәжбүрлар, күйгенлер /кетселер ортақ етіс/, уағызлар, нәрселер, ләззатлар/ түркілік тәсіл/ көздер, жүздер, сөздер, жаудыраттар, жазлар/түркілік тәсіл/ /Ы.Алтынсаринде: //желдер/ деген сөз кездесетінін айта кеткен жөн/. Абайда /денелер/ сөзі кездеседі.


Көптік жалғауының араб-парсы сөздеріне жалғануы: хакімдер, пайғамбарлар, періштілер, нәбилер, уәлилар, мүминлер, жұһүдтер, борқандар, ғалымдар, кәпірлер, миғұлалар, шахзадалар, сахабалар, бірәдарлар, ғымалдар, қазылар, зекетшілер, ғазизлар /түркілік тәсіл/ мақұлықтар т.б.
Қазақтың төл сөздеріне көптік жалғауының жалғануы: жерлер, жандар, сарайлар, орнатылар, сіздер, керуендер, үйлер, тастар, нәрселер, жәндіктер, өсімдіктер, жүйріктер, жұлдыздар, іздер, осындайлар, құралдар, шөптер, баршалар, пайдалар, жұлдыздар, тамырлар т.б.
Кірме сөздерге көптік жалғауы жалғанады: ісмерлер, машиналар, микроптар. М­Ж. Көпеев шығармаларынан теріп алынған бұл мысалдар өлең, қисса, дастандарда белгілі бір қызмет атқарып, шығарманың жүгін арттырып, мән – мағынасын асыра көтеріп, өзгеше рең жамап, басқа ақын–жыршылар дәстүрінен өзгеше сипат алатыны бар.
Көптік ұғымды сөз Доспамбет жырауда да ұшырасады:
Қоғалы көлдер, қом сулар,
Қоныстар қонған өкінбес...
Немесе,


Озушылар, озмаңыз,
Озсаңыз бізім бетке бармаңыз...
Болжалды келер шақтың түрленісі өлең жолына ұйқас беріп, айтылар ойды ұштайды: табылмас, қимас, симас, сыймас, аралас, етпеске, келмес, білмес, жараспас, оңдырмас, ашпас, кірмес, айтпас, жаппас, желмес, айнымас т.б. Өздік етістіктер болымсыз мәнді, есімшелі /іл+ме+с+тен/ сөздер бірыңғай шығыс септігінде тұрып, қимыл-әрекеттің себебін білдіреді: сөгілместен, төгілместен, бүгілместен т.б. Бұл арада кейінгі ықпалдың әсері қатты сезіледі.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет