МәШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері



бет15/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#36239
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
    Бұл бет үшін навигация:
  • І жақ
Ғ/Қ, К/Г дыбыстарының кейінгі ықпалдық әсерінен өзгергені байқалады: тұрағыңыз, пырағыңыз, тілегін, желігін, серігін, өлігін, әділдгі, жағы, бағып, жағып, қағып, пырағыңыз, жемтігін т.б.
Т/Д дыбысына: мұратыңыз б/п: көкбары, көбейтіп, неттің /е/ дыбысы кейінгі ықпалдық әсерінен түсіп қалған т.б. Кей сөздердің ықшамдалуы кездеседі бұл да ауызекі айтудан туған дәстүр: болад /ы/, /д/+ ау-жанжал, құр /ы/ қалма, арт /ын/ немен жабады, рас /ы/, ұса /қ/, тағы басқа сөздер керісінше қосалқы дыбыс қосады: көк /о/ рай, ауылына /көбіне алдыңғы буындағы ы дыбысы сақталып жазылады, дауысты дыбыс -ы әсер етпейді, ал, бүгінгі ереже бойынша сақталмайды, ерегістің//ерегестің, құр, рас, лаж, көңілін /і/ /ы/ түсіп қалған күйінде жазылады бұл сөздердің ы дауысты дыбыссыз жазылуы мәтіннің орайына байланысты болып келеді. Өлең /ті/, Шідер /ті/ қосымшалары архаикалық жұрнақтар -лы, -лі-нің бұрыңғы түрі сингорманизим заңына қайшы келген тұлға (Проблемы этимологии тюркских языков. // А.Ж.Мухатаева. Народная и научная этимология этнографических топонимов в казахском эпосе. Алма–Ата «Ғылым» 1990, 357 с.).
М-Ж. Көпеев шығармаларында диалекті сөздер де ұшырасады: жүдә, шаһар, кентке, әшула, ауқат, қорек, дөкей, сыбыртқыны, мосы, қораздарға, жұмыртқа, шиша, бөтелке, пияла, аңқам, әшкере т.б. Бұл сөздердің кейбірі дастандары мен қиссаларынан алынды. М-Ж. Көпеев шығармаларында грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық тұлғалар жырдағы жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы жаңаша рең береді . Мысалы, көптік жалғауының -лар, -лер ешқандай қосымшасыз көптік ұғым беретін сөздерге жалғанып, сөздердің тікелей өз мағынасында емес жанама мағына береді. М-Ж Көпеевте көптік жалғаулары қазақтың өзінің төл сөзіне және кірме сөздерге де қосылады. Бұл жағынан көптік ұғым беретін сөздермен, араб, парсы сөздеріне жалғанған көптік ұғымды сөздер біршама жиі кездеседі. Тәуелдік жалғауының -іңіз, -ыңыз түрінде келетін ауызекі тілде келіп тәуелденетін өзгеше түрі де М-Ж. Көпеев шығармаларынан орын алған. Сол сияқты ІІ жақтың сыпайы түрінін бүгінгі түрінен /-сыз, -сіз/ өзгеше көнерек түрі /-сыңыз, -сыңыздар/ ауызекі сөйлеу формасының үлгісі де М­Ж. Көпеев шығармасынан ұшырасып жатуы кездейсоқ емес болар.
Немесе, жекеше форманың анайы түрінің ІІ жағынан кейін қосылатын -ғын/-қын,-кін,-гін/ көне тұлғасы да М-Ж. Көпеев шығармаларында ара-тұра ұшырасады. Бұндай қолданысты ақын-жыраулардың жырларынан да кездестіруге болады. Бүгінгі әдеби нормаға жат: көпше түрінің І жақ қосымшасы /-лық, -лік/ М­Ж. Көпеевке дейін де орын алып, Махамбет, Ыбырай шығармалары арқылы жеткен. Әдеби тұрақты күйі /-йық, -йік/ тұлғасына ауысқан, /-лық, -лік/ көне форманы М­Ж. Көпеев кей жағдайда өлең ұйқасы үшін де пайдаланған. Бұл орайда бірыңғайлық /-лік/ формасы аллитерация құрайды.
М-Ж. Көпеевтің тілінде жіктік жалғауының ықшамдалған және толық түрі қатар қолданылады. Ықшамдалған формасы сирек қолданылғандығын байқауға болады. Бұндай ықшамдалудың негізі жіктік жалғауының екпін қабылдамауымен түсіндірсе болады. М-Ж. Көпеевтің шығармасындағы жіктік жалғауының ықшамдалған түрі көбіне -ған есімше жұрнағы мен көсемшенің -а, -е, -й формалы І, ІІІ жақтарында жиі кездеседі. М-Ж. Көпеевтің шығармасында екінші үлгі бойынша жіктелетін түрі /өкінбеймін/ /өкінбен/ түрінде болады. Онда -ман, -мен, -бан, -бен болымсыз етістіктің І жағының көрсеткіші сияқты жұмсалады. Тура осы қолданыста көтеріңкі леппен, зілді үн беріп, жыр, өлеңге эмоциялық, экспрессивтік рең жамайды. ІІ жақтағы -ғын, -гін бұйрық мәнінде болғанымен, істі істеушімен келісушілік мағынада жұмсалады, бұл орайда бұйрық райлы сөз ымырашылық танытады. М-Ж. Көпеевте -ғын//-сай синоним тұлғасы қоса жұмсалады. -Сай тұлғасы көбіне диалектілік ерекшелік болып есептеледі. А.Байтұрсынов -сай тұлғалы сөзді «азалы райға» жатқызған. ІІ жақтағы -сай, -сей қалау мәнді жұрнақ шартты райдың -са, -се жұрнағынан тумағандығы байқалады. Ғ//с дыбысының ауызекі сөйлеуде алмасуы бұрыннан бар. Демек, -ғай, -сай қолданысындағы сөз шарттылықтан көрі икемділікті, өтініш пен тілектілікті көбірек береді. Еді көмекші етістігі қосылса істі істеушінің ІІІ жақта баруы көзделеді. Қалай болғанымен М-Ж. Көпеевте кездесетін -игі еді формантымен -сай тұлғасы бір емес, мәтінге орай қолданыс аясы да, жұмсалуы да барынша ашылады. -У//-мақ /тұйық етістік деп жүрміз –у жұрнақты тұлға//көне жарыса қолданылған көрсеткіші -мақ жұрнағы болып есептеледі. Көне қимыл атауы -у-дың орнына -ушы, -уші жұрнақтары жұмсалса, -ар+ға//-у+ға барыс септікті, қимыл есімінің дублеті есебінде қолданылады. Өткен шақтық есімшенің көне жұрнақтары болған -мыш// -міш немесе -мыс//-міс /мұның ішінде Алпамыс/ деген сөздегі -мыс есімше формасы болмаған деп ойлаймыз. Келер шақтық есімше -ар//-ер//-р - дің орта ғасырлық түрі -ұр//-үр тұлғасыда кездеседі. Барадұр /-дұр/ жедел өткен шақ пен дұр // дүр /сырғасы дүрдей/ дегендегі -дүр қосалқы қолданысының бірдей емес. Сол сияқты -ды, -ді жұрнақтары ықшамдалып /бұлар қазір сақталып қалып/ ауызекі сөйлеу тілінде, ақын-жырауларда -дүр мен қатар қолданылғанын байқауға болады. -Тұғын//-тұрған ықшамдалып -тын//-тін толық түрінің -тұғын өте жиі қолданылған, жарыса соңғы варианты да қатар қолданылады.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет