Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016



бет3/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 сынып полностью




Тақырыбы: Қандай доп?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: оқушылар саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.2.1.1. Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану.

1.4.1.1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Түстерді (ақ, қара, қызыл, сары, жасыл, қоңыр, көк) атай алады және түстерді сабақта меңгерген зат атауларымен байланыстыра қолдана алады (қызыл қарындаш, жасыл доп).



Оқушылардың басым бөлігі:

Қандай? сұрағына түс атауларын қолданып сұраққа дұрыс жауап бере алады. Қандай да бір заттың түсін атай алады.




Кейбір оқушылар:

Басқа да түстер қатарын атай алады, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.






Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар қандай? деген сұрақ үлгісімен танысады:

- Бұл қандай доп?

- Қызыл доп.

Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде қызыл сөзінің орнына ақ, қара, сары, жасыл, көк, қоңыр сөздерін қолдануға жаттығады. (МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар түстерді басқа заттармен байланыстыра қолдануды үйренеді. Берілген үлгі бойынша қарындаш, доп, текше туралы айтады. Үлгі: Бұл - қарындаш. Бұл -қызыл қарындаш. Яғни, біріншіден, оқушылар заттың атын атайды, екіншіден, оның түсін айтады. Осы тапсырмада осыған дейін үйренген дәптер, кітап, қалам сөздерін де қолдануға болады. (МК, Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушыларды жаңа сөйлем үлгісімен таныстырады: Менде доп бар. Осы сөйлемдегі доп сөзін қарындаш, кітап, дәптер, қалам сөздерімен алмастырып қолдануға үйретеді. Содан кейін затты түсімен айта алуға жаттықтырады. Мысалы: Менде жасыл доп бар. Ол үшін оқушылар осы заттармен байланысты постер дайындайды. Яғни балалар өздері қалаған заттардың (доп, кітап, дәптер, текше, қалам, шар) суретін салады, оны өздері қалаған түске бояйды. Содан кейін осы жұмыстары бойынша үйренген үлгіге қарап сөйлейді.

(Т) Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топтағы оқушылар өздері бір-бір заттан бөліп алады (кітап, дәптер, қалам, қарындаш, доп, текше). Оқушылар өз оқу құралдарын пайдалана алады, ал доп пен текшені мұғалім алдын ала дайындап қоюы қажет болады. Екі топқа дайындалуға 3-4 минут уақыт беріледі (олар заттарды бөліп алуы және оның түсі қандай екенін айтып жаттығуы, бір-біріне көмектесуі қажет). Содан кейін екі топ жарысады. Топтың әр мүшесі өзінің қолында қандай және қандай түсті зат бар екенін айтады. Мысалы: Менде көк қалам бар. Барлығы жақсы айтқан топ жеңіске жетеді.


Оқулық

Аудиодиск:

1.4.1.;

1.4.4.





(Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Ол үшін мұғалім алдын ала екі-үш түсті доп немесе қарындаш, текше дайындап қояды. Бірінші оқушы доптардың қасында тұрады, екінші бала оның қасына келеді. Олар бір-бірімен амандасады. Содан кейін екінші бала бірінші баладан қандай да бір түсті (өзі таңдаған) доп беруін сұрайды. Бірінші бала оған сол допты алып береді (Міне, ал). Екінші бала оған рақмет айтады. Үлгі:

- Сәлем!

- Сәлем!

- Маған сары доп берші. -Міне, ал. -Рақмет!

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


№1 жұмыс дәптері.

Қосымша тапсырма: 1.4.



Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2



1-БӨЛІМ: ӨЗІМ ТУРАЛЫ -САБАҚ


Тақырыбы: Неше доп?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік

нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме және т.б.) ажырату.


Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар:

Неше? сұрағын түсінеді, сұраққа дұрыс жауап бере алады, 1-ден 10-ға дейін санай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Сабақта үйренген цифрларды таниды, заттардың санын айта алады (үш доп т.с.с).



Кейбір оқушылар:

10-нан жоғары сандар қатарын да атай алады, сандарды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар неше? деген сұрақ үлгісімен танысады:

- Сенде неше доп бар?

- Менде бес доп бар.

Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім осы диалог арқылы оқушыларға сандарды үйретеді.

(Т) Мұғалім оқушыларға цифрлар жазылған карточкалар таратады. Оқушылар цифрлардың өсу ретімен бір қатарға тұрып, кезекпен қолындағы цифрды айтуы керек.

(МК, Ұ) 2-тапсырманы орындағанда оқушылардың математикалық терминдерді (қосу, тең) қолдануы қажет емес. Ең бастысы оқушылар заттың жалпы санын дұрыс айтулары керек. Мұғалім бір қолына екі қарындаш, екінші қолына үш қарындаш ұстап тұрып, неше қарындаш болатынын сұраса, жеткілікті.



Оқулық

Аудиодиск:

1.5.1.; 1.5.3.; 1.5.4.

Цифрлар жазылған карточкалар. Доп,

қарындаштар.





(МК) «Есте сақта!» айдарында оқушылар «Сенде доп бар ма?» деген сұраққа қысқа жауап беруді үйренеді. Мұғалім сыныптағы кейбір оқушыларға топ, текше беріп қоюы керек. Сонда сыныптағы оқушылар бұл сұраққа шынайы жауап бере алады. (Ж) 3-тапсырма бойынша оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Ол үшін бірінші баланың қолында 2-3 доп немесе қарындаш, қалам, текше болуы керек. Содан кейін екінші бала бірінші баладан онда неше доп бар екенін сұрайды және бір доп беруін өтінеді. Бірінші бала оған бір доп береді, екінші бала оған рақмет айтады (доптың орнына қалам, қарындаш, текше пайдалануға болады). (МК, Ұ) 4-тапсырмада оқушылар доп туралы тақпақпен танысады. Тақпақты тыңдау, хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі. Тақпақты жылдам есте сақтау үшін, қол, саусақ қимылдарымен қайталатуға болады. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 1.5.



Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



1-БӨЛІМ: ӨЗІМ ТУРАЛЫ -САБАҚ


Тақырыбы: Киімдер

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа

қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет

ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.1.3.1. Тыңдаған мәтінге (баяу қарқында) мұғалімнің көмегімен

иллюстрациялар/суреттер/сызбалар орналастырып, сұрақтарға жауап

беру.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.2.6.1. Тыңдаған/оқыған материал туралы пайымдамасын (ұнайды/ ұнамайды) жасау.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Киімдерді атай алады және олардың түсін айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Киімдерді түсімен ажырата алады, сұрақ қоюды біледі, сұраққа жауап беруде өзін еркін сезінеді.



Кейбір оқушылар:

Басқа да киім атауларын атай алады, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырма бойынша оқушылар киім атауларымен танысады. Сурет бойынша киім атауларын (көйлек, шалбар, жейде, күрте, етік, бәтеңке) тыңдайды, хормен және жеке-жеке қайталайды.

Мұғалім алдын ала киімдерге байланысты карточкалар дайындай алады. Оқушыларға бір-бір карточкадан таратады. Әр оқушы өзінің қолындағы киім түрін атайды.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар түстерді қайталайды. Суреті бойынша көйлектердің түсін атайды. «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға қызғылт, қызғылт сары, көгілдір, күлгін түстерін үйретеді.

(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар өздеріне қандай түсті киім ұнайтындарын айта алуды үйренеді. Орындаған кезде оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларға ақ қағаз таратады. Оқушылар оған өз қалауы бойынша бір




Оқулық

Аудиодиск:

1.6.1.;

1.6.4.


Киімдерге арналған

карточкалар.

Қағаз,

қарындаштар.






киімнің суретін салады, оны өзі таңдаған түске бояйды. Содан кейін тапсырмада берілген үлгі бойынша айтады.

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Ол үшін мұғалім үстелдің үстіне киімнің суреті бар карточкаларды қояды (суретін төмен қаратып қою керек). Бірінші оқушы бір карточканы таңдайды, екінші оқушыдан оның не екенін және қандай екенін (түсін) сұрайды.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 1.6.



Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.




1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?









Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет