1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.2.1.1. Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану. 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.2.6.1. Тыңдаған/оқыған материал туралы пайымдамасын (ұнайды/ ұнамайды) жасау.
1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Киім атауларын еске түсіреді, киемін/кимеймін сөзін киімдермен байланыстырып қолдана алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Өздерінің қандай киім киетінін/кимейтінін айта алады, киімдерді түсімен атай алады, сұрақты түсінеді, сұраққа еркін жауап бере алады.
Кейбір оқушылар:
Өмірлік жағдаяттарда қандай да бір киімге байланысты өз қалауын (киетін/кимейтінін) білдіре алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың басы (2-5 минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы (6-40 минут)
(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға киемін сөзінің мағынасын түсіндіреді. Берілген тапсырма бойынша киемін сөзін киім атауларымен байланыстырып қолдануды үйретеді. Мысалы: Мен көйлек киемін. Сондай-ақ оқушылар бұл тапсырма арқылы киім атауларын қайталайды, еске түсіреді. (МК, Ж) Мұғалім оқушыларға 2-тапсырмада берілген сұрақты түсіндіреді. Оқушылар «Сен не киесің?» деген сұраққа дұрыс жауап бере алуды және сұрақты басқа біреуге дұрыс қоя алуды үйренеді. Сөйлем тек құрылымдық үлгі түрінде үйретіледі. (МК) Мұғалім «Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға менің, сенің сөздерінің мағынасын түсіндіреді және оқушылардың назарын менің жейдем деген сияқты қолданыста жейде сөзінің өзгеретініне аударады. Оқушыларға мұның тәуелдік жалғауы екенін атап көрсетудің қажеті жоқ. Оқушылар оны тек құрылым ретінде есте сақтаулары қажет.
Оқулық
Аудиодиск:
1.7.1.;
1.7.3.
(МК, Ж) 3-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар өздерінің киімдері туралы (түсі) сөйлеседі. Сондай-ақ түстерді қайталайды, оларды киім атауларымен байланыстыра қолдануға және тәуелдік жалғауын дұрыс қолдана білуге жаттығады.
(Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша не киетіндерін және оның түсі қандай екені туралы сөйлеседі. Үлгі:
- Сәлем!
- Сәлем!
- Сен не киесің?
- Мен көйлек киемін. Менің көйлегім қызыл. Сен не киесің?
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
№1 жұмыс дәптері
Қосымша тапсырма: 1.7.
Сабақтың соңы
41-45 минут
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Қорытындылау
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?
2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:
2:
Тақырыбы: Кел,
қайталайық!
Мектебі:
Күні, айы:
Мұғалімнің аты-жөні:
1-сынып
Сабаққа қатысқан
оқушылар саны:
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет
ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).
1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын
түсіну.
1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
1-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
1-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.
Кейбір оқушылар:
1-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың басы (2-5 минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы (6-40 минут)
(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 1-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогты толықтырып айтады. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты бұл екі тапсырманы керісінше де ұйымдастыруға болады. Мұндай жағдайда оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік алады. Мұның бір тиімді жағы: оқушылар дайын үлгіні қайталауға жаттықпайды, өз жауаптарын дайын үлгімен салыстыруға мүмкіндік алады. Жауапты өздері табу арқылы өз білімдерін көрсете алады, өздеріне деген сенімі арта түседі.
Оқулық
Аудиодиск:
1.8.1.
1.8.2.
1.8.3.
1.8.4.
(Т) Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалогті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.
(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға осы суретте берілген сұрақтарды қояды (өтініш жасайды, амандасады, қоштасады), оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады:
1. Сәлем!
2. Сенің атың кім?
3. Бұл кім? (Мұғалімнің қолында бір адамның суреті болуы керек. Олар: ата, әже, мұғалім, оқушы).
(Ж) Оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді.
Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады. (МК, Ұ) Сондай-ақ бұл сабақта мұғалім түстерді, киім атауларын, сандарды қайталауға арналған қосымша тапсырмалар (ойындар) ұйымдастыра алады. (Қ) Осы бөлімнің соңында оқушылардың:
- өзінің атын айта алу, басқа біреуден атын сұрай алу (Менің атым - .... Сенің атың кім?);
- кім? сұрағына жауап беретін сөздерді атай алу (ата, әже, мұғалім, оқушы);
- не? сұрағына жауап беретін сөздерді (кітап, дәптер, қалам, қарындаш, доп, текше, жейде, шалбар, көйлек, етік, бәтеңке, күрте) атай алу;
- 1-ден 10-ға дейін санай алу;
- түстерді ажырата алу, қандай да бір заттың түсін айта алу (Бәтеңке жасыл);
- өзінде не бар екенін айта алу (Менде доп бар. Менде сары доп бар. Менде екі сары доп бар);
- бір нәрсені сұрап ала алу (Маған кітап берші/ беріңізші);
- алғыс айта алу (Рақмет!);
- өзінің не киетінін/кимейтінін, оның түсі қандай екенін айта алу (Мен көйлек киемін. Менің көйлегім қызыл. Мен шалбар кимеймін) дағдылары қалыптасуы қажет. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
№1 жұмыс дәптері
Сабақтың соңы (41-45 минут)
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Қорытындылау
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?
2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:
2:
Тақырыбы: Мынау - мектеп
Мектебі:
Күні, айы:
Мұғалімнің аты-жөні:
1-сынып
Сабаққа қатысқан
оқушылар саны:
Сабаққа қатыспаған оқушылар
саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).
1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік
нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердердің мағынасын түсіну.
1.4.1.1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Өзінің мектебі қандай екенін айта алады, үлкен, кішкентай сөздерін орынды қолдана алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Сұрақ қою үлгілерін қолдана алады, сұрақтарға дұрыс жауап бере алады, сөйлесу жағдаятында өзін еркін сезінеді.
Кейбір оқушылар:
Мектепті басқа да сөздер қатарымен сипаттай алады, сабақта үйренген сөйлеу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың басы (2-5 минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй калыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы (6-40 минут)
(МК, Ү) Оқулықтағы 1-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын суретке аударады, сурет бойынша оқушылар мектеп, сынып сөздерімен танысады, мұғалім сөйлеу үлгілері бойынша тыңдау, қайталау жұмыстарын жүргізеді. Тапсырмада сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады. (Ж) Сұрақ/жауап үлгілерін сыныптағы оқушылар бір-біріне қою арқылы жаттығады. Сонымен бірге оқушылардың назарын «әдемі» сөзіне аударып, оның аудармасын беріп, бірнеше рет қайталатып, есте сақтау жұмыстары жүргізіледі.
(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар суреттердің көмегімен мектептерді салыстырады, тапсырма бойынша оқушылар «Мектеп қандай?» деген сұрақ үлгісімен және «үлкен - кішкентай» сөздерімен танысады. Оқушылар топтасып, жұптасып бір-біріне суреттерді көрсету арқылы (алдын ала мұғалім суреттерді дайындап, оқушыларға таратып береді) сұрақ пен жауаптарды дұрыс айтуға дағдыланады. (Ж) 3-тапсырмада тілдесім әрекетіне көңіл бөлінеді. Оқушылар осы тапсырмада берілген диалогті тыңдайды, қайталайды, соңың негізінде бір-бірімен сөйлеседі. Диалог арқылы (Мынау не? Мектеп қандай? Сынып қандай?) сұрақ үлгілерін қайталайды. Берілген сұрақтарға жауап беру дағдылары қалыптастырылады.
(МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға «Менің мектебім (сыныбым), Сенің мектебің (сыныбың)» деген үлгілер арқылы тәуелдік жалғауының жекеше түрінің бірінші, екінші жағын түсіндіреді.
(Ж) 4-тапсырмада оқушылар сұрақ қою, сұраққа жауап беру дағдыларын жетілдіре түседі. Жұптасып өзара «Сенің мектебің қандай?» деген сұраққа «Менің мектебім үлкен, әдемі» деп жауап беруге жаттығады. (ОТ) Мұғалім оқушыларға өз мектебінің суретін салу сияқты шығармашылық жұмыс тапсыра алады (постер жасау). Осы арқылы оқушылар сөздерді қайталайды, салған суреттерін үйренген лексика негізінде сипаттайды.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Қорытындылау
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?
2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?