Xix-хх ғғ. –дағы математиканың жаңа бағыттары


Ежелгі грек ғалымы Евклид



бет24/51
Дата27.03.2023
өлшемі149,26 Kb.
#173075
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Байланысты:
мат тарих сессия

Ежелгі грек ғалымы Евклид
Евклид (көне грекше: Εὐκλείδης,Б.д.д. 325 – 265ж) ежелгі дәуірдегі грек математикгі.
Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, Александрия қарамағындағы мектептің тұңғыш математигі. Оның өмірі жайлы деректер жоқтың қасы. Евклидтің басты еңбегі – «Негіздер». Онда планиметрияның, стреометрияның кейбір мәселелері талданған. Сөйтіп, ол өзінен бқрынғы грек математикасының одан әрі дамуының ірге тасын қалаған. Евклидтің «Негіздерден» басқа «Фигураны бөлу туралы», «Канустың қималары» деп аталатын еңбектері бар. Ол астраномиядан, музыкадан, т.б. салалардан да еңбектер жазған. Евклидтің бізге жеткен шығармалары мына басылымда жинақталған: «Eudidis Opera Menge». Онда грекше түр нұсқасы, латыннан аудармасы және кейінгі авторлардың түсініктемелері берілген. Евклид «Негіздерінің» математиканы дамытуда әсері орасан зор болады. Бұл еңбектен тәлім алмаған ірім-ұсақты математик жоқ деуге болады. «Негіздер» орыс тілінде тұңғыш рет 1739 жылы аударылып басталып шықты, ал ең кейінгі жаңартылған аудармасы 1948-1950 жылдары жарық көрді. Математиканы сүйетін әрбір талапкердің ғылымының классикалық бұл еңбегімен танысып аса пайдалы болар еді. "Евклид және оның «негіздері"
Александриялық ұлы математикатердің алғашқы қарлығашы Евклид еді. Ол біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырдың басында Александрияға шақыртылып, онда математикадан сабақ берді. Евклидтің өмірі жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. Ол туралы тек екі аңыз сақталған, оның біріншісі, Птоломей патшаның геометрияны бейнетсіз оп-оңай білдіретіндей жол бар ма? деген сұрағына Евклид «геометрияда патшалар үшін айрықша жол жоқ» деп жауап қайтарыпты. Екінші аңыз бойынша бір шәкірт Евклидтен геометрияны оқу не пайда береді деп сұраған көрінеді. Сонда Евклид қызметшіні шақырып алып: «Оқудан пайда тапқысы келіп тұр екен, мына балаға үш теңге беріңдерші», - депті.
Евклид математика, физика, астрономия, музыка ғылымдары бойынша бірнеше еңбектер жазған оқымысты. Олардың ішінде атақты «Негіздерден» басқа «Берілгендер», «Оптика», «Катоптрика» (айналар теориясы), «Сектио канонис» (музыка теориясы), «Феномондар» (теориялық астрономия) т.б. бар. Алайда ғылым тарихында Евклид ең әуелі «Негіздер» (Начала) деп аталатын математикалық еңбектің авторы ретінде бағаланды. .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет