§ 6. Етістік. Етістіктің грамматикалық категориялары.
Латын етістіктің клесі грамматикалық категориялары бар:
1. Жекеше және көпше түрі (Singularis et Pluralis)
2. Жақ (1-ші, 2-ші,3-ші)
3. шақ (6 шағы бар, бірақ тек осы шақ -Praesens түсіндіріледі)
4. райлар: ашық рай - indicativus , тұйық рай- conjunctivus, бұйрық рай - imperativus
5. етістер: ырықты - activum , ырықсыз- passivum
Латын етістігі 4 жіктелуге бөлінеді. Жіктелуі етістіктің тұйық райы немесе инфинитив арқылы белгіленеді:
І - ǡre: curǡre -емдеу, dare-беру
II - ḗre: miscḗre - араластыру
III - ȇre: solvȇre - еріту
IY - ire: audire - тындау
Етістіктің бұйрық райы (Imperativus)
Бұйрық райы дереу бұйрықты білдіреді және 2-ші жақ түрінде болады. Рецептурада тек қана бұйрық райдың жекеше түрі қолданылады. Жекеше түрде -re ; алып тастау керек, көпше турде 1,2,4 жіктеуде -te косылады, 3 жіктеуде- ite косылады.
Сөздік түрі
|
негізі
|
Imperativus singularis
|
Imperativus pluralis
|
signo,are 1
misceo, ere 2
recipio, ere 3
audio, ire 4
|
signa-
misce-
recip-
audi-
|
Signa! Белгіле!
Misce! Араластыр!
Recipe! Ал!
Audi! Тында!
|
Signate! Белгілеңдер!
Miscete! Араластырыңдар!
Recipite! Алыңдар
Audite! Тыңдаңдар!
|
Етістіктің шартты райы (Conjunctivus)
Шартты райының құрылымы: 1 жіктеуде етістіктің негізіне -а орнына - е қосылады, 2,3,4 жіктеуге - а қосылады.
етістік сөздік түрі негіз өзгерген негіз
белгілеу signo,are 1 signa- signe-
араластыру misceo,ere 2 misce- miscea-
қайталау repeto, ere 3 repet- repeta-
аяқтау finio, ire 4 fini- finia-
Достарыңызбен бөлісу: |