А. Жауын-шашынның рН ортасын анықтау.
Ол үшін сынауықтағы сұйықтықтың 1 мл-ін пайдаланады. рН ортасын индикатор қағазын сұйықтыққа батыра отырып және өзгерген түсті индикатор қағазының сыртындағы шкаламен салыстыра отырып анықтайды. Жауын-шашынның төмендегідей рН градациясы ( сатылануы) қабылданады: өте қышқыл (3-4), қышқыл (4-5), әлсіз қышқыл (5-6), бейтарап (6-7), әлсіз сілтілі (7-8), сілтілі (8-9), күшті сілтілі (9-10).
Б. Жауын-шашынның улылығын анықтау.
Жауын-шашынның концентрленген сұйықтығы (5мл шамасында) оның улылығын анықтау үшін қолданылады. Петри табақшасы (150-2000С температурада құрғатқыш жәшікте жүргізуге болады) зарарсыздындырылады да, оның түбіне дөңгелек сүзгі қағаз орналастырылады. Оған 5 мл сұйықтық құйылады. сүзгі қағазға 50 түйір ұсақ тұқым себеді салат, көкнәр, шалқан т.б. Петри табақшасын жауып, +250С - +260С температурада термостатқа орналастырады. Бақылау - сол тұқымдар бар табақша, тек сүзгі 5мл дистильденген сумен ылғалданған. Бақылаудағы тұқым өскеннен кейін 50%-ына есептеу жүргізіледі. Тәжірибелік нұсқадағы өсімі бойынша берілгендер, 100%-деп қабылданған бақылауға пайызбен өрнектеледі. Төмендегі градациялар (сатылану) қолданылады: 100%- улылығы жоқ, 80-90%-өте әлсіз, 60-80%-әлсіз, 40-60%-орташа, 20-40% улылығы жоғары, 0-20% улылығы өте жоғары.
Қаланың экологиялық жағдайын анықтау үшін, бірнеше аймақтардан жауын-шашынның үлгісін алуға болады, мысалы: қаладағы өндіріс орындары орналасқан аудан, қаланың орталық көшелерінің маңы, салыстырмалы таза шет аудандардан. Алынған нәтижелерді салыстыру үшін келесі кесте түрінде жазуға болады.
№ Жаңбыр үлгісі алынған аудан
Жаңбыр суының қышқылдығы, рН
Жаңбыр суының улылығы, %
1 Өндірістік аудан
2 Орталық көшелер маңы
3 Шеттегі таза аудандар
Достарыңызбен бөлісу: |