58
3.5. Көпмəдениетті ортадағы педагогикалық қарым
-
қатынас
Мəдениеттер
арасындағы қарым
-
қатынас деген ұғымға тоқталар
болсақ, ғылыми əдебиеттерде
көрсетілгендей, ол əртүрлі тілде сөйлейтін
жəне əртүрлі мəдениет иелері арасындағы
қатынастар жиынтығы болып
табылады. Яғни мəдениетаралық қарым
-
қатынас дегеніміз
-
ол əртүрлі
мəдениет өкілдерінің бір
-
бірімен қарым
-
қатынас жасауы.
Австриялық ғалым Х.Ю.Крумның мəдениетаралық қарым
-
қатынас
жайлы еңбектеріне сүйенер болсақ, ол факторлар төмендегідей: жеке бастың
қарым
-
қатынас біліктілігі, сұхбаттасқан адамның жан дүниесін тануға деген
құлшыныс, сол халықтың мəдени құндылықтары жайлы білім .
Мəдениетаралық қарым
-
қатынас
құзіреттілігін қалыптастырудың,
дамытудың алғы шарттары:
а) жат мəдениетті түсініп, өз мəдениетін саналы түрде меңгеру, яғни
рецептивтік іскерліктер: басқа мəдениет өкілдерінің вербальды жəне
вербальды емес əрекеттерін түсіне білу;
б) басқа мəдени орталарда дұрыс əрекеттену іскерлігін дамыту,яғни
продуктивті іскерліктер: сөз туындылары мен вербалды емес əрекеттерді
дұрыс жəне белсенді түрде туындата білу;
в)
жаңа заманның талаптарына орай, бəсекеге қабілетті,
мəдениетаралық қарым
-
қатынас
құзіреттілігі қалыптасқан, кəсіби маман
даярлау бүгінгі білім беру жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: