Зертханалық жұмыс №1


Зертханалық сабақ № 9. Ет консервілерінің сапалылығын анықтау



бет18/20
Дата28.10.2023
өлшемі0,76 Mb.
#188934
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
zerthanal k zhum s 1 2
IOT
Зертханалық сабақ № 9. Ет консервілерінің сапалылығын анықтау.
Сынама алу. Қалбырлардың сапасын зертханалық тексеру жолымен анықтау үшін өнімнің әр партиясынан он орта үлгі таңдалып алынады. Орта үлгі ретінде әр түрлі қатардан немесе жәшіктерден, сиымдылығы 1 литрге дейінгілерден 10, сиымдылығы 1 литрден артқанынан 3 немесе 5 қалбыр алынады. Егер өнім салынған ыдыс бүлінген болса, алынатын үлгінің санын екі есеге арттырады, зертхана осы мекемеде болмаса үлгіні қағазға орап, сүргі салып, басқа зертханаға жібереді.
Қалбырдың сыртын тексеру. Ет консервілерін санитариялық сараптау кезінде, қалбыр сыртының тот басқан, қара дақтарға, керіліп қампиғанына (бомбаж), майысқақтығына, саңылауының бар жоқтығына, этикетка сапасына көңіл аударады. Қампиған бомбаж қалбырлар нағыз және жалған болып бөлінеді. Нағыз бомбаж химимялық және микробты болып келеді. Қалбырдың қаңылтырмен оның ішіндегі қышқыл әрекеттесуі нәтижесінде сутегі пайда болып химиялық бомбаж туындайды. Микробиологиялық бомбаж анаэробты микроорганизмдердің пайда болуы салдарынан туындайды. Микробтардың ферменттер әсерінен белоктар ыдырайды да газ түзеді, ол жиналып қалбырдың түбі мен қақпағын ісіндіреді. Мұндай қалбырларды қолмен қалай басса да қалпына келмейді. Қалбырдың ішіне өнім көп салынса не ол қатып қалса және қалбырды стандартқа сай келмейтін қаңылтырдан жасаса жалған бомбаж пайда болуы мүмкін.
Қалбырдың саңылаусыз жабылуын тексеру. Тексеруді арнайы аппараттарда, су ваннасы арқылы немесе қысымы төмендетілген камераларда өткізуге болады. Су ваннасы арқылы тексеру үшін жуып алып, массасынан 4 есе көп ыстық суға батырады. Қалбыр батырылған су температурасы 850 С төмен болмауы қажет. Ваннада қалбырды ең алдымен түп жағымен сонан соң ауыз жағымен қойып 5-7 минут ұстайды. Тесігі бар жерде пайда болған ауа көпіршігі қалбырда саңылау бар екенін көрсетеді. Қалбыр жабылуындағы саңылау арбитраждық жолмен былайша анықталады. Қалбырды 70-800 С-тағы суда 3 минут ұстап соңынан құрғатып сүртіп дәнекерленген жерлері мен қиюласқан жерлерін бензинге шыланған мақтамен мұқият тазартады. Сонан соң сүзгіш ақ қағазбен орап, резина сақиналармен ұстатып, ауа сорғышпен қосылған герметикалық жабылған ыдысқа орналастырады. Ыдыс ішіндегі ауаны сынап бағанасы бойынша 745-750 мм дейін сиретіп (қалдық қысым 15-10 мм), сол ауа қысымында 2-3 минут ұстайды. Егер қалбырда саңылау бар болса, оралған ақ қағазда сұйық дақтары қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет