Зертханалық жұмыс №1


Тураманы (фаршты) қыздыру арқылы күкірттісутекті анықтау



бет17/20
Дата28.10.2023
өлшемі0,76 Mb.
#188934
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
zerthanal k zhum s 1 2
IOT
Тураманы (фаршты) қыздыру арқылы күкірттісутекті анықтау.
Жалпақ пробиркаға 15-20 гр етті ұсақтап турап салады. Жолақ сүзгі қағазына бір тамшы сірке қышқыл қорғасынын 10% ерітіндісін тамызады. Жолақ қағазды пробиркаға салып, тығынмен ұстатады ( қағаз пробирканын ортасында ілініп туру керек).Содан соң, осылайша дайын болған пробирканы су ванасына (температурасы 50-55 0С) салып қояды да, 15 минуттан кейін қағазды алып, нәтижені тексереді.
Қазының сапасы жақсы болса қағаздағы тамшының түсі өзгермейді, немесе сәл көмескеленуі мүмкін. Сапасы күмәнді қазыда сүзгі жай қоныр түске боялады. Егер сапасы нашар (бүзылған) болса, онда сүзгідегі тамшы қоныр түске боялады.
Қарта
А) Бактериоскопия: сірілі және кілегейлі қабықшаларынан бактериоскопиялық жұғынды жасау.
Б) Зерттеу жүргізу үшін қартаның сөлін дайындау, РН-анықтау.
В) Сорпадағы белоктардың ыдырауынан пайда болған өнімдерді анықтау.
Г) Эбер әдісі бойынша аммиакты анықтау.
Д) Күкіртті сутекті анықтау.
Көрсетілген А, Б, Вжәне Д пункттеріндегі көрсеткіштер қазы көрсеткіштерін анықтау әдістемелігі және ветеринариялық-санитариялық бағалауымен бірдей болады.
Эбер әдісі бойынша аммиакты анықтау
Пробиркаға 1 мл Эбер ерітіндісін құямыз. Пробирканы шайқап аузын тығынмен жауып ішіне басы иілген сымға немесе шыны таяқшаға зерттелетін өнімді саламыз. Зерттелетін өнім мен Эбер ерітіндісінің ара қашықтығы 1 см болуы керек. Егер зерттелетін өнімде газтәрізді аммиак болса онда пробиркада ақбұлт тәрізді нашатыр пайда болады Таяқшаны ары-бері жылжытқанда айқын көруге болады.
Стандарттың талабы бойынша өнімге сәйкес қазы мен қарта технохнохимиялық анализ жүргізу
Мора әдісі бойынша натрий хлорид мөлшерін анықтау
5 г. ұсақ кесілген еттің сынамасына 100 мл дистилденген су құяды да, 40 минуттан кейін (арасында араластырып отыру керек) етті қағаз сүзгісі арқылы сүзіп алады. Колбаға пипеткамен 10 мл еттін тұнық сөлін құйып, оның үстіне 10 тамшы хромқышқылды калий тамызып, азот қышқылды күмістің 0,1Н ерітіндісімен қоныр қызыл түске енгенше титрлейді. Титрленгеннен кейін азот қышқылды күмістің мөлшері тұздалған өнімдегі тұздын проценттік санына тең болады.Тұздалған өнімдегі тұздың мөлшері 3-12 % дейін болу керек Алынған нәтижелерді студенттер жұмыс дәптерлеріне жазып, өнімнің сапалығы мен балаусалығын анықтап, санитариялық тұрғыдан баға береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет