І Негізгі бөлім.
Бордың физико-химиялық қасиеттерін тәжірибе жолымен анықтау.
Ақпарат жинау барысында келесі көрсеткіштер анықталды:
«Бордың негізгі сапалық көрсеткіштері»
Түсі
Үгілгіштігі
Былғағыштығы
Қаттылығы
Химиялық құрамы %:
85-98 CaCO3, 0,2-0,3 MgO, 0,5-0,6 SiO2 , 0,2-0,4 Al2O3,
0,02-0,7 FeO + Fe2O3
Физикалық қасиеттері: Тығыздығы 2,70 – 2,72г/см; салмағы 1,42- 1,56 г/см; ылғалдылығы 30-33%
Мектеп борына сапалық талдау жасау
Бордың негізгі құрамына кальций карбонаты кіреді.Табиғи бордың құрамында ешқандай қоспалар болмайды.Қолданылып жүрген борлардың құрамында крахмал, ғаныш (гипс) сияқты байланыстырғыш заттары болады.
Ал, мектеп борын дайындағанда құрамына қандай байланыстырғыш заттарды қосқанын білу үшін, тәжірибе жүзінде дәлелдеп, сапалық реакция жүрізілді.
-7-
Практикалық жұмыс «Борды сапалық талдау»
Қажетті құрал-жабдықтар: 1)микроскоп; 2)заттық шыны; 3)тамшуыр; 4)сақинасы бар лабораториялық тұрғы; 5)сүзгіш; 6)тығыны бар газ жинағыш құрал; 7)кәрлен келіше,келсабымен; 8)химиялық стакан; 9)сынауықтар; 10)сүзгі қағазы; 11)шыны таяқшалар; 12)мектеп борының үлгілері; 13)дистильденген су; 14)әкті су; 15)тұз қышқылы (сұйылт.); 16)қасық; 17)спиртшам; 18)сіріңке; 19)қысқыш; 20)йодтың спирттегі ерітіндісі.
Карбонат - аниондарды (СО32-)анықтау.
Сынауыққа ұсақталған борды салып,үстіне аздаған мөлшерде HCl тұз қышқылын құямыз.Тез арада сынауықты тығыны бар газ өткізгіш құралға бекітіледі. Құралдың бір ұшын 2-3 мл әк суы бар сынауыққа жібереміз. Бірнеше минут бақылаймыз,егер әк суында көмірқышқыл газының көпіршіктері пайда болса,әк суы лайланып кетеді.Тәжірибе арқылы бордың құрамынадағы карбонат – анионды (СО32-) анықтаймыз.
Крахмалды анықтау. Крахмалды анықтау үшін борды спиртшамның жалынына ұстаймыз. Бордың құрамындағы көмірсуды (крахмалды) анықтаймыз (көмірсуларды қыздырған кезде көмірленеді). Крахмалдың сапасын анықтағанда иод ерітіндісін де қолдануға болады. Зерттелетін бордың түйіршіктеріне 2-3 тамшы иод ерітіндісін тамызамыз. Иод ерітіндісінің әсерінен түсі көк түске боялу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |