1. Статиканың негізгі ұғымдары. Механикалық қозғалыс, күш, күштер жүйесі, баламалы күштер жүйелері, тең әсерлі және теңгеретін күштер. Статика



бет1/17
Дата18.12.2022
өлшемі325,05 Kb.
#163138
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1-20 мех (копия)
Үш фазалы тізбек, охт 6 апта, Жанұзақова Айғаным.Пед-011

1. Статиканың негізгі ұғымдары. Механикалық қозғалыс, күш, күштер жүйесі, баламалы күштер жүйелері, тең әсерлі және теңгеретін күштер.


Статика деген сөз грек тілінен аударғанда бір орында тұру, қозғалмау, тыныштықта болу дегенді білдіреді. Статика дегеніміз механиканың күш әсеріндегі материялық денелердің тепе-теңдік шарттарын зерттейтін ғылым саласы.
Статиканың негізгі ұғымдарына күш, центрге және оське қатысты күш моменті және қос күш ұғымдары жатады.
Теориялық механика материялық денелердің өзара механикалық әсерлесуін, олардың тепе – теңдігін, яғни материялық денелердің механикалық қозғалыстарының жалпы заңдылықтарын зерттейді.
Механикалық қозғалыс деп дененің немесе нүктенің уақытқа байланысты кеңістіктегі орын ауыстыруын айтады. Әдетте механика статика, кинематика және динамикаға бөлінеді.
Күш деп денелердің өзара механикалық əсерлерінің өлшемін атайды. Күнделікті тұрмыста, техника саласында күштің денеге əсері оның сандық мөлшері (модулі), бағыты жəне түсу нүктесі арқылы анықталатынын көреміз. Бұдан күшті векторлық шама деп қарастыруға болатындығы шығады. Яғни бұдан шығатыны күштің бағыты бар. Оның өлшем бірлігі Ньютон (Н).
Бір денеге әсер ететін күштер жиынтығы күштер жүйесі (КЖ) деп аталады.
Егер қатты денеге әсер ететін КЖ-н дененің тыныштық немесе қозғалыс қалпын өзгертпей, басқа КЖ-не ауыстыруға болса, олар баламалы күштер жүйелері деп аталады.
Егер берілген КЖ бір ғана күшке баламалы болса, сол күш қарастырылып отырған КЖ-нің тең әсерлі күші (тең әсерлісі) деп аталады.
КЖ денеге түскенде, ол дененің тыныштық немесе қозғалыс қалпын өзгертпейтін болса, КЖ теңгерілген деп аталады.
Дененің бір нүктесіне түсетін күш қадалған күш деп аталады.
Дене көлемінің немесе бетінің бір бөлігінің барлық нүктелеріне түсетін күштер таралған күштер деп аталады.


2. Екі күш тепе-теңдігі туралы аксиома және күштер параллелограмы туралы аксиомалары.

Екі күштің тепе теңдігі турaлы aксоимaсы бойыншa денеге түсірілген екі күш тең және бір түзу бойымен қaрaмa қaрсы бaғыттaлғaнда тепе теңдікте болaды. Бұл күштер жүйесі нөлге эквивaлентті және нөлдік жүйе деп те aтaлaды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет