1. Тіл туралы түсінік



бет3/10
Дата08.07.2017
өлшемі0,75 Mb.
#20837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5.Дауыссыз дыбыстар.

Дауыссыздардың жасалуын айтқанда, ол дауыстылардың жасалуымен салыстыра түсіндіріледі, атап айтқанда:



  1. Дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін ешқандай кедергіге ұшырамаса, дауыссыздарда ауа міндетті түрде дыбыстау мүшелерінің бірінде кедергіге ұшырайды. Мысалы а,о,д,т дыбыстарды салыстырып айтып көріңіз;

  2. Дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қатты, жиі, көбірек дірілдетсе, дауыссыздарда баяу, аз дірілдетеді;

  3. Даустыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дыбыстау мүшелерінің барлығына бірдей таралып түссе, дауыссыздарда ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне таралып түспейді;

  4. Дауыстыларды айтқанда, дыбыстау мүшелерінің бәрі дерлік қимылдаса, дауыссыздарда дыбыстау мүшелері бір жақты ғана қимылдайды;

  5. Дауыстылармен ән салуға болса, дауыссыздармен бұлай етуге болмайды;

  6. Дауыссыздармен буын құрай алмаймыз.

Сонымен, айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар, олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, (у), ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Сонымен бірге в, ф, ц, й, ч, щ – қазақ тілінің әсерімен енген дауыссыздар.


6.Дауыссыздардың жіктелуі

Дауыссыз дыбыстар негізінен үн мен салдырдан жасалады. Дауыссыз дыбыстарға салдыр мен үн барлық дауыссыздарда бірдей емес. Мысалы, бай, бас, күн сөздердегі б, й, к дыбыстарын екі құлағыңызды басып тұрып айтып көріңіз. Сонда к дыбысынан ешқандай үн байқай алмаймыз, тек қана салдыр барын байқаймыз. Й дыбысынан, керісінше, ешқандай салдыр байқалмайды, онда үн басым. Б дыбысы екеуіне де ұқсамайды, онда үн мен салдыр қабат байқалады, бірақ салдыр басымырақ болады.

Осы әдіспен дауыссыздардың барлығын тексерсек, дауыссыздар: 1) тек қана салдырдан тұратын 2) салдыр мен үннен тұратын дыбыстар болып екіге бөлінетінін байқаймыз. Оған төмендегі дыбыстар жатады.


Салдырдан тұратындар

Салдыр мен үннен тұратындар

к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ

й, л, м, н, ң, р, (у), б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

Енді қайтадан сол әдіспен салдыр мен үннен тұратын дыбыстарды айтып байқағанымызда, бірқатар дыбыстарда салдырдан гөрі үн басым болса, енді бірқатарында үннен гөрі салдыр басым болып шығады. Сонда олар былай жіктеледі:



Үннен салдыр басым дыбыстар

Салдырдан үні басым дыбыстар

б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

й, л, м, н, ң, р, (у)


Фонетикада тек қана салдырдан тұратын дыбыстарды қатаң, үннен салдыры басым дыбыстарды – ұяң, ал салдырдан гөрі үні басым дыбыстарды үнді деп атайды. Сонымен , қазақ тіліндегі дауыссыздар үнніңқатысына қарай мына төмендегі үшке бөлінеді:


Қатаң:

к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ

Ұяң:

б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

Үнді:

й, л, м, н, ң, р, (у)

Дауыссыздар жасалу орнына қарай мына төмендегіше жіктеледі.




  1. Ерін дауыссыздары: п, б, м, (у);

  2. Тіс пен ерін дауыссыздары: ф, в;

  3. Тіс дауыссыздары: т, д, ц, с, з;

  4. Тіл ұшы дауыссыздары: ч, ж, н, л;

  5. тіл алды дауыссыздары: ш, р, и, щ;

  6. тіл ортасы дауыссыздары: к, г;

  7. тіл арты дауыссыздары: қ, ң, х, ғ;

  8. көмей дауыссызы; һ.

Сонымен бірге айтылу жолына қарай шұғыл: п, б, т, к, г, д, ч, ң, ызың: ф, в, с, ғ, ш, х, з, ж, һ болып екіге бөлінеді.



7.Буын

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың бір ерекшелігі – олардың буын қурайтындығы дедік. Демек, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: а-та, ша-га-ла, ке-ре-мет, т.б. Буынның айтылудағы өлшемі мен жазылудағы түрі бірдей болып келе бермейді. Мәселен, метр, литр сөздері жазылуда бір буын болғанымен, айтылуда – екі буынды сөздер. Сондай – ақ, кооператив сөзі жазылуда – бес буын, айтылуда – төрт-ақ буын. Қазақ тіліндегі екі дауысты қатар келгенде, айтылуда бірінің түсіп қалуы да осыған байланысты. Мысалы: келе алмады, бара алмады дегендер айтылуда ықшамдалып, келалмады, баралмады болып айтылады. Жазуда бұл ескерілмейді.

Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс саны төрт түрлі болады:


  1. бір дауысты буын, яғни жалғыз дауыстыдан тұратын буын: а-ла, ә-ке, о-рақ, ұ-ран, ат, ер, ін;

  2. екі дыбысты буын: бала;

  3. үш дыбысты буын: көз, бал, ұлт, ант;

  4. төрт дыбысты буын: қант, тарс, жұрт;

дауысты дыбыстардың жуан, жіңішкелігімен байланысты буындар жуан және жіңішке болып та бөлінеді. Сөйтіп, айтылғанда үзік – үзікке бөлініп, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буын ашық буын, тұйық буын, бітеу буын болып үшке бөлінеді.

Бір дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан (ол қатаң да, ұяң да, үнді де болуы мүмкін) басталып, дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын дейміз.

Ашық буын

Бір дыбысты ашық буын

Екі дыбысты ашық буын

Е, со-лай-ма?

А, не дей-сің?

А-та, ә-ке, і-ні, а-на.

Па, шіркін! Тамақ же.

Мә, мы-на-ны ал!

Ба-ла, ша-ға-ла


Екі немесе үш дыбыстан құралып және дауысты дыбыстан басталып, бір немесе екі дауыссыз дыбысқа аяқталған буында тұйық буын дейміз.


Тұйық буын

Екі дыбысты тұйық буын

Үш дыбысты тұйық буын

Ат, өт, ор, өр, ер, ұн, үн, ыс, іс

Ант, аңқ, өрт, ұлт

Ортасы дауыста дыбыс болып, екі жағы дауыссызбен келген үш не төрт дыбысты буынды бітеу буын дейміз.


Бітеу буын

Үш дыбысты бітеу буын

Төрт дыбысты бітеу буын

Мал, сол, төс, құс, бұл, қыс, тіс, т.б

Төрт, қалт, жалт, тарс, тырс, мырс, т.б

Егер дауыста дыбысты А әрпімен, ал дауыссызды В әрпімен белгілесек, буынның түрлерін төмендегіше жинақтап көрсете аламыз:




  1. ашық буын – А, ВА

  2. тұйық буын – АВ, АВВ

  3. бітеу буын – ВАВ, ВАВВ




  1. Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Буын түрлеріне ажырат. Үлгі: А-та, ... .

Жаз, жайлау, ұялшақ, Қазақстан, ұйымдасу, ою, төрт, саяхат, қиық, қуаныш, тату, туысқан, Отан, инелік, көгершін, жауқазын, өмірбаян, данышпан, жайлау, халық, төлқұжат, сазгер, әуежай, әнұран, ұжым, көз, оқу, сыйлық, молшылық, куәлік, уәде, мейман, ау.


  1. Бірінші сыңары тұйық буын, екінші сыңары бітеу буын болатын бірнеше сөз ойлап жаз.

Үлгі: Өт-кір, ыс-тық, ... .


  1. Берілген ашық буындарға бітеу буын жалғап жаз.

Үлгі: Ба-қыт, ... .
ма-- кө-- тө-- те--

қа-- бұ-- о-- кү--

са-- ше-- ө-- е--

та-- тұ-- а-- кі--




  1. Бірінші сыңары тек бітеу буыннан жасалған бірнеше сөз тауып жаз.

Үлгі: Сақ-шы, Құр-ақ, ...

  1. Торкөздерді аз буыннан көп буынға көше отырып сөз тауып жаз.


Бір буынды сөз
Екі буынды сөз
Үш буынды сөз
Төрт буынды сөз
Бес буынды сөз
Алты буынды сөз


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет