Сыни тұрғыдан ойлау арқылы кәсіби шеберлікті арттыру жолдарын ұсыну. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша жоспар құруға үйрету
Қолданатын модульдер
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, АКТ
Стратегиялар, тәсілдер
Бірлескен оқу, «Ой сергіту» стратегиясы. «Биопоэма» стратегиясы, «Қуыршақ» кері байланыс, постер құру.
Түйінді идеялар
Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған.«Сын тұрғысынан ойлау» деген сөз тіркесінде қолданылатын «сын тұрғысынан» деген термин ойдың мәселені немесе проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда сын сөзі «мақұлдамау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді. Сын тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады. сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Ресурстар
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, Маркер, А4 қағазы,Power Point таныстырылым, топ атаулары жазылған және 3 түрлі кәмпиттер, стикерлер, постерлер, түрлі- түсті қағаздар
Күтілетін нәтиже
Сабақ соңында тыңдаушылар:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы жүйесінде жоспар құра біледі.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданады..
Коучинг сессиясының
бағыттары
Коучинг өткізуші мен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Постерге үш түрлі пәннен (математика, дүниетану, әдебиеттік оқу) таңдалған тақырыпқа сабақ жоспары СТО жүйесі бойынша сабақ жоспарын құру ұсынылады және қорғайды.
Жағдаяттық тапсырма
(5 минут)
Алдарыңызда балалар суретшісі Х. Бидструптың «Кубиктер» суретінде сыни тұрғыдан ойлаудың жүйелері қай жерде сақталды және қай жерде бұзылды?
Мұғалімдер ой бөліседі және белгілі бір қорытындыға келеді.
Рефлексия
(5 минут)
«Қуыршақ» әдісін пайдаланып, коучинг-сессия туралы ой бөліседі. Қатысушы ұстаздар ой бөліседі.