ээээ



Дата05.02.2024
өлшемі62,4 Kb.
#200040
Байланысты:
ээээ
10654-1, Бежевый Коричневый Элегантный Простой Корпоративный Засечки Презентация (1), Аминқышқылдар, 01, Презентация 12. Модуль 2, Лекция 11 мутация 2, Theme #6. Processing of numerical information, editing formulas and creation of charts in spreadsheet editors, Рахат Нурайым 5 СОЖ Кукык

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

БОӨЖ 1
Ғалымдардың сөйлем, сөз тіркесіне байланысты айтқан пікірлеріне талдау жасау

Орындаған: Рахат Нұрайым
Қабылдаған: Балабекова Қатира
Топ: 309
Мамандық: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін даярлау


Алматы, 2024 ж.



Зерттеген ғалымдар

Тұжырымы



Еңбегінің атауы, басылған жылы, жері, тұжырым жасауға негіз болған бет сандары

Менің пікірім

Рахметова Р.



Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өзара сабақтаса байланысуы керек, әрі дербес мағынасы болуы қажет. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің (шылаулардың, көмекші етістіктердің, көмекші есімдердің) тіркесі сөз тіркесін құрай алмайды, өйткені көмекші сөздер өзі тіркесіп тұрған сөздердің мағынасын толықтырады, жетілдіреді, бірақ жаңа бір грамматикалық мағына тудыра алмайды, яғни толықтауыштық, анықтауыштық, пысықтауыштық қатынасты білдірмейді.

“Сөз тіркесінің кейбір мәселелері туралы”. Ақтөбе: АМУ, 2002 жыл, 278/76 бет.



Синтаксистің бірқатар теориялық мәселелерін қозғап, тұжырымдар айтады. Жүргізген зерттеулері мен тұжырымдары, сөз тіркесін жіктеп қарастырудағы тәсілдері тіл білімі саласы үшін құнды дерек көзі деп есептеймін.

Рақыш Әмір

Құрмалас сөйлем-кемінде екі жай сөйлемнен құралады. Құрмалас сөйлемдер мынадай екі ірі топқа бөлінеді:
1) салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлем
2) екі компонетті құрмалас сөйлем және көп компонетті құрмалас сөйлем

“Құрмалас сөйлемдер қазақ тілінің грамматикалық функционплдық жүйесінде” 6-бет.

Құрмалас сөйлемге нақты анықтама беріп, түрлеріне қарай жіктеп қарастырған. Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерге қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Ахмет Байтұрсынұлы

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екеу:
1) бас мүше, 2) баяншы мүше. Сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазық сөзін, сөйлем иесін бас мүше дейміз. Жеңілдік үшін бас мүше – бастауыш деп, баяншы – баяндауыш деп аталады.

“Тіл – құрал”. Қызылорда,
1925 жыл, 42 - бет.

Сөйлем мүшелерінің, әсіресе тұрлаулы мүшелерді бас мүше ретінде қарастыруы сөйлемде маңызды қызмет атқарады.













С.Аманжолов, Н.Сауранбаев

«Сөйлем дегеніміз – тиянақты ойды білдіретін сөз, болмаса бірнеше сөздердің өзара байланысқан тобы»

“Қазақ тілінің грамматикасы”, Алматы, 1989 жыл. 5-бет

Сөйлемде белгілі бір ой айтылады. Егер ой нақтылы немесе байланыссыз болса сөйлем бола алмайды.

С.Жиенбаев

Жай және құрмалас сөйлем мәселелеріне арналған құнды зерттеулерінің қатарында сөз тіркесі бөлек талданбайды. Бірақ “үйірлі мүше” деген атпен қай сөздің қандай сөздермен топ құрай алатыны жөнінде айтқандарының сөздердің толықтауыш, пысықтауыш қызметтерінің айыру жөніндегі дәлелдерінің есімді, етістікті сөз тіркестеріне қатысы бар.

3.М.Балақаев, Т.Сайрамбаев “Қазіргі қазақ тілі” 8-бет. Алматы. 2004 жыл.

Жай, құрмалас сөйлемдерге қатысты құнды деректерді талдап, есімді, етістіктерді талдап көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет