5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Жаңа педагогикалық технологиядағы негізгі үш саты



бет3/5
Дата28.11.2016
өлшемі0,8 Mb.
#2765
1   2   3   4   5

 

Жаңа педагогикалық технологиядағы негізгі үш саты:
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады:
- Шақыру
- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну)
- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы)

Мұнда сабақтың базалық үлгісі туралы айтылып отыр. Бірақ сабақта барлық үш кезеңді іске асыру мүмкін емес, мысал үшін, бір сабақ толығымен шақыру түрінде немесе т.б. болу керек.



«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша мақсаттары мен  тәсілдерінің мәліметтер кестесі: 

Кезеңдері

Шақыру

Іске асыру

Рефлексия

Мақсаты

- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету.
- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету.
- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру.
- Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою.

- Оқып үйренушімен жаңа білімді алу.
- Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және білімдерін жүйелеу.
- Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену.
- Шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау.

- Жаңа білімді беру.
- Пән туралы бүтіндей көрініс жасау.
- Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою.
- Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша жұмысы.

Тәсілдері

- «Миға шабуыл» 
- Болжам (сурет, портреті бойынша)
- Қажетті сөздер бойынша болжам
- Альтернативті тест (дұрыс  немесе дұрыс емес пікірлер)
- Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы
- Кластер
- Кесте «Б–Б–Б»

- insert әдісі бойынша белгілеумен мәтінді оқу
- Астын сызу арқылы қажетті сөздерді көрсету

- insert таңбалау кестесі
- Шығармашылық жұмыс – синквейн
қажетті сөздерге,дұрыс және дұрыс емес пайымдауға  қайта оралу.  
- Досына хат жазу, күнделік жүргізу.
- Қажетті сөздерден кластерді бітіру.
- Шатысқан қисынды тізбектер

Нәтижелер

- Маңызды тәжірибе
- Белсендірілген білім
- Қалыптасқан уәж (негіздеме)

- Жүйелі білім
- Шақыру кезеңіндегі баяндалған мақсаттарын нығайту.

- Берілген білім
- Пән бойынша қалыптасқан бүтіндей көрініс
- Келешекте қызмет бабында көтерілуіне қойылатын мәселелер

9 Дәріс. Проблемалық оқыту әдістемесі.



Мақсаты: Қазақ әдебиеті сабағында проблемалық оқыту технологиясын меңгеру тәсілдері. Модульдік технологияны тиімді қолдана білу жолдары

Жоспар:

1. Проблемалық оқыту әдістемесінің сипаты, құрылымы. Проблемалық оқыту әдістемесі арқылы оқытудағы оқушының еркін түрде білім алуы

2. Проблемалық оқыту әдістемесінсабақ үрдісінде қолдану және сабақ жоспарын дайындаудағы ерекшеліктер
Педагогика ғылымының дамуында «проблемалап оқыту» әдісі кең таралған. Бұл әдісте оқыту және таным әрекеттері өзара бірлікте қарастырылады. Проблемалап оқытудың логикалық негізі ойлау формалары болып табылады. Бұл әдістің ьбасты мақсаты – информатика ғылымының негіздерін меңгеріп қана қоймай, информатика сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.

Проблемалап оқыту әдісі – оқушыларға пән мазмұнына байланысты дайын білімнің көшірмесін алуды үйрету емес, олардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамытуға негізделген.

Мұндағы басты міндет – оқушылардың ойлау жүйесін жаттықтыру ғана емес, олардың ойлау жүйесін өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы және игерген білім қорын одан әрі тереңдетуге қажеттіі зейін – зердесін тәрбиелеу болып табылады.

Психологтар адамның ойлау операциясын екі түрге бөледі. Біріншісі - өмірдегі дайын өнімді игеру туралы ойлау операциясы. Мұны дайын өнімді көшірме меңгеру деп атайды. Жалпы алғанда, репродуктивті оқыту әдісі дегенімііз осы. Екіншісі – шығармашылық ойлау операциясы. Мұндай ойлау операциясы адам баласының өз еңбегі арқылы қажетті өнімді өзі жасау үшін қолданылады.

Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1. Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.

2. Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.

3. Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.

4. Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.

Проблемалық мәселелердің дұрыс шешілгендігін тексеру, тиісті қорытындылар жасау.

Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, мазмұнын түсіндіреді, есептер шығартады, талдау жүргізеді, қорытынды жасайды. Ал, оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, керекті әдеьиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны күні бұрын дайындалған күнінде оқушылардың қабылдауын талап етеді. Мұндай оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады.

Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.

Проблемалап оқыту әдісінде мұғалім кейбір теориялық материалды баяндай отырып, тақырыпқа байланысты мәселелерді оқушылардың өздерінің шешуіне жағдай жасайды, яғни проблемалық ахуал туғызады.

Проблемалық ахуал - оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік. Информатика пәнінде оның негізгі көзі берілген есептің математикалық моделін жасау, алгоритмін құру болып табылады. Бұл кезде оқушылардың өзіндік шығармашылық әрекеті орындалады.

Проблемалық ахуалды қамтитын есептерді шығару барысында оқушылар шығармашылық іс - әрекет танытады. Бірақ кез – келген есептің қойылымы проблемалық ахуал болып есептелмейді. Оқу материалы проблемалық болуыы үшін келесі шарттар ескерілуі тиіс, яғни



    • проблемалық түсініклтілігі;

    • оның танымдылығы;

    • проблеманың мазмұны.



4 Модуль. Мектептегі әдебиет апталығы.

10 Дәріс. Мектептегі әдебиет апталығы және оны ұйымдастырудың әдіс – тәсілдері



Мақсаты: Мектептегі әдебиет апталығын өткізу формалары мен апталық барыснда өткізілетін шаралар туралы жалпы мағұлмат беру

Жоспар:

1. Әдебиет апталығының үлгі жоспары

2. Әдебиет апталығын өткізудің маңыздылығы
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер т.б.

Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын – жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби – шығармашылық үйірмелерінің жас ақын – жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби – шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.

Әдеби үйірмелердің бір түріне «Кітап достары» немесе «Кітап – білім бұлағы» деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V – VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, «Құрметтейік те көтерейік ананы!» (8- наурыз қарсаңында), «Менің Қазақстаным» (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, «Ұқыпты бала», «Кітап жанашыры», «Білгір» (кітап көп оқитын), «Шапшаң» немесе «Алғыр» (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады.


11 Дәріс. Әдеби кештер ұйымдастыру жоспары

Мақсаты: Мектептегі әдебиет апталығын өткізу формалары мен апталық барыснда өткізілетін шаралар туралы жалпы мағұлмат беру

Жоспар:

1.Әдеби кештер ұйымдастыру үлгісі


Көркем әдебиетті насихаттаудың, олардың маңызын жалпы танытуда сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі - әдеби кештер. дұрыс жүргізілген әдеби кештер – тәрбие және білім танымдылығы жолындағы тәрбие ісінің басты түрі. Кешті ұйымдастыру, жүргізу мақсаты әр жақты болады. Мәселен, әдеби оқу, сұрақ пен жауап кештері немесе шығарма қаһармандарымен кездесу, шығарманы талдау, жазушы не ақын шығармасына үңілуі, таныстыру. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мектеп кітапханашысымен бірлесе, оқу жылы бойынша жоспарлап, сол жоспарда әдеби кештер өткізеді.

Сынып ерекшелігіне қарай бір жылда үш кейде төрт рет кеш өткізіледі. Пән мұғалімдері жүргізілетін әдеби кештің мақсатын оқушылар білімін тереңдетіп, көркем әдебиет оқуға құмарлығын арттыруға негіздейді. Болатын әдеби кештің мақсатын оқушылар материалы дайындалғаннан кейін, сол пән бірлестігінің отырысында талқыланып, өту тәртібі белгіленеді. Жоспар жасалғанда, кеште баяндама жасайтын оқушы алдын-ала көрсетіледі. Оған әдебиетке икемді, көркем сөз өнерін сүйетін, құрметтейтін оқушыны белгілейді. Кеш болардан он күндей бұрын іріктеліп, хабарландыру ілінеді. Оған қосымша оқушылар кеште не мәселелер туралы сөйлеу керектігін қысқаша жазылады. Кешті әзірлеу, жүргізуде мынадай жұмыстар орындалады.



  1. Хабарлау. Кешке әзірлік, тиісті материалдар жинау, сұрыптау.

  2. Кешті жабдықтау. Жалдайтын шығарманың бірнеше данасын дайындау, нақыл сөз, дәйек сөз жазу, авторға байланысты оның шығармаларынан көрме, сайыс сұрақтар жасау.

  3. Кешті жүргізу.

А) Кешті ашу. (кіріспе сөз)

Ә) Баяндама тыңдау және сол бойынша талдау, пікір айту.

Б) Әдеби викторина: шағын концерт беру, сол шығармалардан көркем сөз оқу.

Г) Автор шығармашылығы туралы әдебиетші, ғалым, қаламдастарының пікірі. Кешке белсене қатысқан, тұжырымды пікір айтқан, шығарманы жан-жақты түсінген оқушыларға кештің қорытындысы бойынша алғыс, мадақтау, ынталандыру сыйлықтары беріледі.


12 Дәріс. Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар

Мақсаты: Әдебиет пәні бойынша сыныптарға сабақтан тыс беруге арналған жұмыс түрлерімен таныстыру

Жоспар:

1. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру жолдары. Сыныптан тыс оқу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізудің іс-жоспары

2. Мектептегі әдебиет апталығы және оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері. Әдебиет үйірмесін құру және оған оқушыларды қамту жолдары
Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.

Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.

Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер т.б.



Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын – жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби – шығармашылық үйірмелерінің жас ақын – жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби – шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.

Әдеби үйірмелердің бір түріне «Кітап достары» немесе «Кітап – білім бұлағы» деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V – VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, «Құрметтейік те көтерейік ананы!» (8- наурыз қарсаңында), «Менің Қазақстаным» (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, «Ұқыпты бала», «Кітап жанашыры», «Білгір» (кітап көп оқитын), «Шапшаң» немесе «Алғыр» (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады.

Үйірмелердің тағы бір түрі – мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драма үйірмесіне мектеп оқушыоары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу – тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты – жекелеген оқушының сан қырлы көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып, көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Әдебиет үйірмесін ұйымдастырғанда ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы мүмкін. Әдебиет пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі тәрбиеге халықтың педагогикаға сүйене отырып мынадай жоспар құруға болады.

3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
1 модуль. Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу, даму кезеңдері.

1 тәжірибелік сабақ. Әдебиет пәнін оқыту тарихы мен теориялық бастау көздері.



Мақсаты: 12 жылдық білім беру әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық – теориялық негіздері туралы мағлұмат беру. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік беру

Жоспар:

1.Қазақ әдебиеті пәні – ғылыми әдістемесі

2. Қазақ әдебиеті әдістемесінің даму кезеңдері

Әдістемелік нұсқау: Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
2 тәжірибелік сабақ. Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі

Мақсаты: әдебиетті оқыту мәселесінің теориялық негіздеріне шолу жасау. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің психология, педагогика, логика, философия ғылымдармен байланысын көрсету. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары туралы білім беру

Жоспар:

1.Озық технологиялық әдістеме жүйесі пәні

2. Дәсүрден тыс оқыту және оның түрлері
Әдістемелік нұсқау. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың жалпыдидактикалық ұстанымдарына қоса, әдебиетті орта мектепте оқытудың жеке ұстанымдары да басшылыққа алынады:


  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті туындыларын Қазақстанның жаңғыруы, ата-бабалар аңсаған еркіндік пен бостандық, патриоттық идея бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін қазақ ұлттық сөз өнері мен оның дамуының, қарыштап қанат қағуының жаңа дәуірі бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін Тәуелсіздік орнағаннан бергі кезең тарихы және тұтас «Тәуелсіздік идеясымен» тығыз байланыстылығы бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі тарихы мен елдің мәдени даму барысы туралы ақпараттарды бірлікте ұстана отырып оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін қазақ ұлттық және жалпыадамзаттық адамгершілік-эстетикалық құндылықтар бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін нақты бір жазушының шығармашылығындағы дәстүрлілік пен жаңашылдықты меңгерту бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін пән ішіндегі проза, поэзия, драматургия, сын салаларының өзара тығыз байланыстылығын сақтау бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін пән тарихы мен теориясына байланысты негізгі ұғымдарды меңгерту бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін жаңа оқыту технологияларын кең арнада қолдана отырып оқыту ұстанымы.


2 Модуль. Қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысындағы амал-тәсілдер

3 Тәжірибелік сабақ. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдері.



Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістерінің түрлерін талдап көрсету. Дидактикалық әдістер және олардың топтастырылуы туралы мағлұмат беру

Жоспар:

1.Шығармашылық, эвристикалық оқу әдісі

2. Зерттеу, репродуктивті әдіс.
Әдістемелік нұсқау. «Әдіс» – әдебиет сабақтарындағы мұғалім мен оқушының бірігіп атқаратын оқу-танымдық іс-әрекеті. Сабақ тақырыбына лайық дұрыс таңдалған әдіс арқылы оқушы жаңа блім мазмұнын игереді, жаңа білік-дағдыларға ие болады, қабілеті жетілдіріліп, белгілі бір дүниетанымдық көзқарасы қалптасады.

Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын сапалы әдістер осы әдістің кішкене құраушы элементтері болып табылатын амал-тәсілдердің алгоритмдік қолданысы арқылы жүзеге асырылып қолданылады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын әдістерді былайша жіктеуге болады:



  • эвристикалық әдіс;

  • ізденіс әдісі;

  • репродуктивтік әдіс;

  • продуктивтік әдіс;

  • шығармашылық әдіс.

4 тәжірибелік сабақ. Сабақ- оқу- тәрбие жұмысының негізгі түрі.



Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудың формалары мен түрлері. Қазақ әдебиеті сабақтары, Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар, сабақты ұйымдастыру жолдары. Қазақ әдебиеті оқулығы. Қазақ әдебиетін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы

Жоспар:

1.Мұғалімге қойылатын талап

2. Сабақтың құрылымдық бөлімдері
Әдістемелік нұсқау. Сабақ – орта мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ оқыту жұмысын ұйымдастырудың мақсатын, мазмұнын, оқытудың әдістері мен жабдықтарын сипаттайды. Негізгі сипаттамалардың ішінде сабақтың мақсаты негізгі роль атқарады. Оқушыларға математикалық білім, білік, дағды қалыптастыру – оқытудың білім беру мақсатынан туындайды. Сабақ беру барысында математиканы оқытуды барынша тиімді түрде ұйымдастыра отырып, жалпы, білім, білік, дағдының қалыптасуына ықпал жасау керек. Мұғалім әрбір сабақтың тәрбие берерлік мүмкіндіктерін барынша мұқият талдауы қажет.
5 тәжірибелік сабақ. Сабақ және оған қойылатын талаптар.

Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудың бір түрі сабақ болып табылады. Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар, сабақты ұйымдастыру жолдары.

Жоспар:

1.Сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарына көңіл бөлу

2. Сабақ талдау үлгілері. Сабақ талдаудың мұғалімнің шығармашылығына, шеберлігіне тигізер рөлі
Әдістемелік нұсқау. Сабақтың мақсаты оның құрылымын анықтайды және сабақтың кезеңдерінің арасындағы байланысты орнатады, сабақтың бір бүтіндігін қалыпқа келтіреді.

Сабаққа қойылатын ең негізгі талаптардың бірі – оның мақсаттылығы.


Математиканы оқыту әдістемесі жөніндегі әдебиеттерден ең алғаш сабақтың
дидактикалық мақсатттары, бұдан соң математиканың мазмұны арқылы
тәрбие берудің, оқушы білімін жетілдіруді көздейтін негізгі мақсаттар
туралы ұсыныстарды табуға болады. Сабақтың мақсаты оқушыға түсінікті
болуы керек. Сабақтың ұйымдастырылуы оқушыны қызықтырып,
белсендігін арттыруы тиіс. Мектеп мұғалімі оқушының танымдық
белсенділігін арттыруға жеткілікті сабақ ұйымдастыруы керек. Сабақтың
жалпы мақсаты, мазмұны мен құрылымы жаңа сабақтарда байқалуы керек.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет