9- сынып Кіріспе



Дата02.11.2019
өлшемі24,63 Kb.
#51010
9- сынып

   


Кіріспе

        Егеменді ел азаматын тәрбиелеудегі тіл мамандарының бірден бір алдына қойған міндеті – оқушыны тіл мәдениетіне байланысты теориялық білім бере отырып, оны өмірде орынды қолдана білуге баулу болып табылады.

Тіл мәдениетін қалыптастырудың жолы – тілдің халықтық қасиетін ауыз әдебиеті үлгілері, көркем әдебиеті арқылы бала бойынша сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көркем етіп жеткізуге білу де-тіл мәдениетін меңгерудің бірден бір шарты. Әрбір оқушы өз халқының,ана  тілінің мұрагері болуға тиісті.   Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін — өнердің өнері, «Өнер алды — қызыл тіл» деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар.

Жаңадан «тіл мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті» деген күрделі ұғым-түсініктер пайда болды, кейін оның арнасы кеңейіп, өзіндік бір мақсаты бар жеке ғылымға айналды. «Тіл мәдениеті» дегеніміз мағыналық өрісі кең дүние.

Қысқасы, санай берсек, сөздің беретін ұғымы өте кең. Сондықтан «тіл мәдениеті» дегенді — «сөйлеу мәдениеті», «сөз мәдениеті» деп те айта береміз. Сөз — тілдің қолданыстағы көрінісі болса, «тіл мәдениеті» тілдің жеке элементтерін, тұлға-тәсілдерін, оның тәжірибе елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. «Тіл мәдениеті» — тілдің фонетиканың нормаларын бұлжытпай сақтау ғана емес, айтайын деген ойымызды тыңдаушыға жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келген», әсерлі ұғымды дәл жеткізу жайын қамтиды.

Тіл мәдениеті — тілдік нормаларының, тіл тәсілдерінің жетіп, ширап даму дәрежесі. Тіл мәдениеті негізінен сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Сөйлеу коммуникативтік қызмет атқарумен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығарып, жан сарайын танытады



Мақсаты:

  1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас

құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру;

оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза

білуге  жол ашу.
Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.

 

Міндеті:



  • Сөз адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, байыптылығын, ақыл-парасатын көрсететінін ұғындыру

  • Сөйлеу мәдениетіне қай уақытта болса да ерекше мән бергенін, қай халық болса да қатты бағалағанын түсіндіру

  • Сөйлеу мәдениеті сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесінің тазалығына да, сөз өнеріне де қатыстылығын ескере білу

  • Сөзге шешен адам мәдениетті әрі шебер сөйлей білу керек екеніне түсінік беру. Мәдениетті, ой-өрісі жоғары, өмірге сенімді, адал адамдардың сөйлеу тілі де жоғары болуға тиістілігін аңғарту

  • Тіл — адамның ішкі жан дүниесінің айнасы екенін ұғындыру.

 Күтілетін нәтиже:

 


  • 9 – сынып оқулығы бойынша берілетін лексикалық тақырыптар бойынша білімдерін дамыту.

  • Тіл мәдениетін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған оқушы

  • Ұлттық  мәдениетін құрметтей білетін, рухани адамгершілігі мол, отансүйгіш азаматы

Білім – білік дағдылары

  • Лексикалық нормаларды білу.

  • Жалпы халыққа бірдей жиі қолданылатын сөздері тануы;

  • Қосымшаларды таңдап, талғай жалғай білуі;

  • Сөйлем мүшелерін орнымен қолдана алуы;

  • Сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін білуі;

  • Сөздердің байланысу тәсілдерін білуі;

  • Сөздердің байланысу түрлерінің (қиысу, матасу, меңгеру қабысу, жанасу) бір-бірінен ерекшелігін білуі.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Тіл мәдениеті «Тілдің көркі -сөз» факультатив



бағдарламасының мазмұны

 


  1. Тіл мәдениеті туралы түсінік. (1 сағат)

  2. Тіл және сөйлеу. (1 сағат)

  3. Ауызша сөйлеу мәдениеті. (1 сағат)

  4. Сөйлеу мәдениеті.      (1 сағат)

  5. Тіл ұстарту. Зат есім. (1 сағат)

  6. Әдеп. (1 сағат)

  7. Деңгейлік тапсырмалар арқылы зат есімді пысықтау. (1 сағат)

  8. Өнер алды- қызыл тіл. (1 сағат)

  9. Мазмұндама: Қарлығаштар қайтқанда. (1 сағат)

  10. Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту. (1 сағат)

  11. «Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті.» ( 1 сағат)

  12. «Әдептілік, ар — ұят — адамдықтың белгісі.» (1 сағат)

  13. Жұмбақтар, жаңылтпаштар. (1 сағат)

  14. Мәтіндік тапсырмалар (1 сағат)

  15. Салалас құрмалас сөйлемдерге деңгейлік тапсырмалар. (1 сағат)

  16. Синонимдер мен антонимдер. (жарыс ойыны)    (1 сағат)

  17. Мәтіндік тапсырмалар (1 сағат)

  18. Достық» іскерлік ойын (1 сағат)

  19. «Достық қымбат өмірде»тренинг сабақ (1 сағат)

  20. Мазмұндама: «Бейтаныс бала» (1 сағат)

  21. Отбасы құндылығы (1 сағат)

  22. Деңгейлік тапсырмалар арқылы сын есімді пысықтау. (1 сағат)

  23. Адамгершілік. (1 сағат)

  24. Шығармашылық диктант. (1 сағат)

  25. «Қазыбек би мен Бұқар жырау.» (1 сағат)

  26. « Еңбек етсең емерсің.» (1 сағат)

  27. Сан есімге тіл ұстарту. (1 сағат)

  28. Сын есімге мәтіндік тапсырмалар. (1 сағат)

  29. «Қазақ халқының киелі сандары.» (1 сағат)

  30. «Табиғат таң қаламын тамашаңа.»  (1 сағат)

  31. Мазмұндама : «Әкемнің әңгімесі» (1 сағат)

  32. Мұқағали өлеңдері  (1 сағат)

  33. «Мемлекеттік тіл- менің тілім». (1 сағат)

  34. «Өмір сүргім келеді» (Б.Бұлқышев)   (1 сағат)

 

Тіл мәдениеті    «Тілдің көркі –сөз»   факультатив  сабақтың күнтізбелік  жоспары

 


рет сан

Тақырыптың атауы

Сағат саны

Уақы

ты

Мақсаты

1.

Тіл мәдениеті туралы түсінік.

1

 

      Оқушыларға ті мәдениеті жайлы толық мәлімет     беру.

2.

Тіл және сөйлеу.

1

 

Тіл және сөйлеу туралы білімдерін тереңдету.

3.

Ауызша сөйлеу мәдениеті.

1

 

Тіл мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

4.

Сөйлеу мәдениеті

1

 

Ситуациялық сұрақ, дидактикалық ойындарды оқушыларға ұсыну.

5.

Тіл ұстарту. Зат есім.

1

 

Тіл ұстарту туралы лингвистикалық білім беру.

6.

Әдеп

1

 

Мақал — мәтелдерді пайдалана отырып, адамгершілікке

тәрбиелеу.



7.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы зат есімді пысықтау.

1

 

Оқушыларды жылдам ойлауға, кез — келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.

8.

Өнер алды- қызыл тіл

1

 

Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру.

9.

Мазмұндама:

Қарлығаштар қайтқанда



1

 

Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойларын дұрыс әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.

10.

Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту

1

 

Тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сауаттылығын арттыру.

11.

Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті

1

 

Оқушыларға ұлттық үрдіс және тіл мәдениеті арасындағы байланысты түсіндіру.

12.

«Әдептілік, ар — ұят — адамдықтың белгісі»

1

 


 

Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу.

13.

Жұмбақтар, жаңылтпаштар.

1

 


 

Жаңылтпаш пен жұмбақ арқылы оқушыларды  зерделілікке  баулу.

14.

Мәтіндік тапсырмалар

1

 

Оқу барысында алған білімдерін нығайту.

15.

Салалас құрмалас сөйлемдерге деңгейлік тапсырмалар

1

 

Ойын еркін жазуға үйрету.

16.

Мәтіндік тапсырмалар

1

 

Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру.

17.

«Қазақ тілінің білгірі»

1

 

 «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту.

18.

«Достық» іскерлік ойын

 


1

 

Оқушылардың пікірі мен көзқарасының қалыптасуына, ойын  айтуға ықпал ету.

19.

«Достық қымбат өмірде»тренинг сабақ

1

 

Сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа,адалдыққа  тәрбиелеу

20.

Мазмұндама:

«Бейтаныс бала»



1

 

Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойларын дұрыс әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.

21.

Отбасы құндылығы

1

 

Отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту

22.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы сын есімді пысықтау

1

 

Тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

23.

Адамгершілік

1

 

Адамгершілікке,бауырмалдыққа тәрбиелеу.

24.

Шығармашылық диктант

1

 

Оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар беріп өз беттерімен ізденуге, орындауға дағдыландыру.

25.

Қазыбек би мен Бұқар жырау

 


1

 

Ой — саналарын оятып, жақсы мінезге, байқағыштыққа, зерек болуға үйрету.

26.

Еңбек етсең емерсің

1

 

Еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту.

27.

Сан есімге тіл ұстарту.

1

 

Өз беттерімен ізденуге, орындауға дағдыландыру.

28.

Сын есімге мәтіндік тапсырмалар.

1

 

 Өз ойын жеткізуге үйрету,ойлау қабілеттерін арттыру.

29.

Қазақ халқының киелі сандары.

1

 

Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру.

30.

«Табиғат таң қаламын тамашаңа»

1

 

Оқушының тілін,қиялын еркін ойлауға , ой қорытуға баулу.

31.

Мазмұндама.

«Әкемнің әңгімесі»



1

 

Сөйлеу тілдерін байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу.

32.

Мұқағали өлеңдері

 


1

 

Оқушының тілін,қиялын еркін ойлауға , ой қорытуға дағдыландыру,шығармашылық ізденіске баулу.

33.

«Мемлекеттік тіл-менің тілім»

1

 

Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.

34.

  «Өмір сүргім келеді»

(Б.Бұлқышев)



1

 

Сөйлеу мәдениеті мен ойлау әрекетін дамыту.

 

                                                                         

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Әдебиеттер тізімі:



 

  1. Қазақ тілі оқулықтары  (5,6,7 сыныптарға арналған)

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті  журналдары – (әр жылғы сандарынан)

  3. «Ұлағат» — журналдары 2005 ж. №3

  4. қазақ әдебиеті оқулықтары ( 5,6,7 – сыныптарға арналған)

  5. этнопедагогика 2005 жыл № 2

  6. Бағыты білім беру — М. Айтбекова қазақ тілі мен әдебиеті журналы № 3, 2005ж.

  7. Тіл мәдениеті — Г.Сүлейменова

  8. «Нәтижеге бағдарланған білім беру мазмүның дамытудың түжырымдамалық негізі».

  9. «Атамекен» Қарағанды обл. Энциклопедиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет