Алғырлар мен Тапқырлар сайысы Тақырыбы: «Алғырлар мен Тапқырлар»



бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі1,01 Mb.
#33582
  1   2   3
Алғырлар мен Тапқырлар сайысы

Тақырыбы: «Алғырлар мен Тапқырлар» сайысы.

Мақсаты: Балаларды қай пәнге бейім екендігін айқындау.
Балалардың ойлау қабілеттерін, еркін сөйлеуге, ойын толық жеткізуге, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыра түсуге дамыту.
Ұқыптылыққа, жинақылыққа, өзін-өзі көпшілік арасында ұстай білуге және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, әріптер,ТҚЖ


Пән аралық байланыс: музыка, әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру.

Барысы


Жүргізуші:

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,


Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол-еңбектену, жалықпау.

Қымбатты оқушылар, бүгінгі «Алғырлар мен тапқырлар» атты танымдық ойын-думанымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.


Мен бүгін өздерінің ақылды, шеберліктерін, алғырлықтарын, өз бетінше жұмыс жасай алатын, еркін сөйлей алатын көрсеткісі келіп отырған екі топтың оқушыларын ортаға шақырғым келіп отыр.

Олар: І топ «Алғырлар»тобы

Сәлемдесуі:

Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз


Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

ІІ топ «Тапқырлар»тобы

Сәлемдесу:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым


Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым

Жүргізуші: Талапты да, талантты балалардың сайысын бақылап отыратын бақылаушылар

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бүгінгі,білімділер сайысы 6 айналымнан тұрады. 6 айналымның өзі 1, 2, 3, 4 бөлімдерден тұрады. Айналымның барлығын сайыс барысында түсіндіріп отырамын. Әр айналым бойынша әр топқа жеке-жеке сұрақтар қойылады. Берілген сұрақтың жауабын таба алмаса, 2-ші топ

жауап беріп ұпай санын өз қоржындарына сала алады. Сұрақтың жауабын тек алдарыңыздығы белгімен дыбыс шығару арқылы білдіресіздер.


Олай болса, 1-ші айналым 4 бөліктен тұрады.
-1 айналымның 1 бөлімі яғни ширату мақсатында берілген. Олай болса экранға назар аударайық. Шашылған әріптерден сөз құрау.
а)
ШАҒ
МРА
ДАБ
Сөзді сипаттап суреттеу. (Бұл бізге керек, көше реттелісін қадағалауға,машиналардың ретімен жүруіне,адамдардың қауіпсіз жүруіне, оған барлық адамдар қарайды)
(Бағдаршам)
ә) ІІ топ.
ІКД
ЛҮЕ
НК
(Бұл әр оқушыда болады, оны ашсақ кейде күлесін, кейде ашуланып, ұяласың, ол сенің досың)
(Күнделік)

- Ұпай санын анықтау.
- 1 айналымның 2 бөлімі. Мұнда математика пәні бойынша логикалық сұрақ берілген.
І топ.
* Аулада қаздар жайылып жүрді. Дана 6 аяқ санады. Аулада қанша қаз бар?

Жауабы: 3 қаз


ІІ топ
*Ағашта бірнеше құс отырған. Оларда 8 қанат болды. Ағашта неше құс отыр?

Жауабы: 4 құс отыр.


- Ұпай санын анықтау.
-1 айналымның 3 бөлігіне де келіп жеттік. Бұл 3 бөлік өзіміздің әдебиеттік оқу пәнінен берілген. Берілген сөздің мағынасын ашып, түсіндіру. Әр топқа жеке – жеке сұрақ қойылады.
І топ. Әсемпаз сөзінің мағынасын түсіндір...Әсемпаз-сәнқой,әуесқой,көрсеқызар.

ІІ топ.
Егес сөзінің мағынасын түсіндір...
Талас-тартыс,тайталас.

*Топтардың жинаған ұпай сандарын анықтау.

1 айналымның 4 бөлігі: - Мұнда жасырылған әнді тауып алған топ қосымша 2 ұпайды бірден иеленіп, өз қоржындарына сала алады. Жасырылған ән екі топқа да ортақ. Әнді тапқан топ бірден алдарындағы белгіні береді.


*Жасырылған ән: «Ұландар шеруі» әні 1.5 минут
- Олай болса қосымша 2 ұпай саны беріледі. Ал біз барлығымыз экранға қарап «Ұландар шеруі» әнін бірге орындайық.

*Ендеше 2 айналымға да кезек берейік. 2 айналым 2 бөліктен тұрады.

2 айналымның 1 бөлімі. Мұнда кино саласы бойынша. Кинодан үзінді беріледі. Әр топқа тапсырма жеке-жеке беріледі. Ол үшін барлығымыз назарымызды экранға аударайық. Киноны көрсету. «Балалық шағымның аспаны» 39 секунд

І топ
* Сұрақ


- Көрсетілген кино кім,не туралы?
- Дұрыс берілген кинодан үзінді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағы туралы. Елбасымыз ұшқыш болуды армандаған екен. Бірақ елбасымыз өз еліне қызмет ету жолын таңдаған екен. Себебі ұшқыштың оқуы Украина қаласында болғандықтан әкесінің өз

еліңе қызмет ет деген сөзі ақылға салып, кенші оқуына түседі.


ІІ топ «Менің атым – Қожа» киносынан үзінді.30 секунд
* Сұрақ
- Көрсетілген кино кім,не туралы?
- Дұрыс жауап: Қожа деген бала туралы. Ол өзі бұзық болғанымен, шыншыл, жалпы өтірікті жаны сүймейді, әділдікті қалайтын бала туралы. Кейін киноның аяғында Қожа өзінің қателіктерін жояды, тәртіпті, ақылды бала болады.

2 айналымның 2 бөлімі Жасырылған әнді табу. Қосымша 2 ұпайды ұпайы төмен топ тауып өз қоржындарына салуға әбден мүмкіндігі бар.

Жасырылған ән: «Тәуелсіздік» 1 минут
Сонымен, 3 айналымға да келіп жеттік.

3 айналым 1 бөлімнен тұрады. Айналым әдебиеттік оқу пәнімен байланысты. Мұнда топ басшылары менің дайындаған 5 сұрағымды өз топтарына қояды. Сұрақтар тарихта болған адамдар, авторларға, өткен тақырыптарына байланысты. 1 минут уақыт беріледі. Уақыттың басталуын, аяқталуын бақылаушы ханымның белгілерімен бастап, аяқтаймыз.


І топ.
1. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?
Ыбырай Алтынсарин
2. «Манас»қай халықтың жыры?

Қырғыз халық жыры

3. «Ата-ана алдындағы борышың» деген тіркестегі «борышың» сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?
Қарызың
4. Өлең жазатын адамды қалай атайды?
Ақын
5. Уа,туған жер,деп басталатын өлең шумағының авторы кім?
Әбу Сәрсенбаев
- Ұпай санын анықтау.
ІІ топ
1. Біржан сал ауылында....қай романның үзіндісі?
Абай жолы романынан үзінді
2. С.Сейфуллин қай облыста дүниеге келген?
Қарағанды облысында
3. Жасымда ғылым бар деп ескермедім...кімнің өлеңі?
Абай Құнанбаевтың

4. Менің пірім- Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай.

Сырлы сұлу сөздері

Маған тартқан сиындай,-деп жырлаған ұлы ақын

Жамбыл Жабаев

5. Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде атаған бес жаман істі ата.
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ


- Өте жақсы ұпай санын анықтау.
4 айналымға да кезек келді. 4 айналым шағын 2 бөлімнен тұрады.
4 айналымның 1-ші бөлімі.
І топ. Сұрақтар міне өздері де келе жатыр. Алдарыңызға әкелінген сусындарды татып, иіспен, қарап көруге де болады. Ендеше сіздерге берілген сұрақ мынадай. Алдарыңыздағы сусындардың ішінен қымызды табыңыздар?
- Қымызды төрт-түліктің қайсысынан аламыз? Жауабы: Қымызды Жылқы малынан оның ішінде биеден яғни жылқының ұрғашы малынан аламыз. Үйірілген сары алтындай сары қымыз, Ауруға – ем, сауға қуат дәрі қымыз деп Жамбыл атамыз жырлағандай қазақ халқының

дархандығын, байлығын, дастарханның берекесін, мырзалығын дәлелдейтін осы сары қымыз болған. Қымызда С дәрумені көп болған. Сондықтан оның емдік қасиеттері әсіресе туберкулез ауруынан емдеу айрықша жоғары.


ІІ топ:
Сіздердің де сұрақтарыңыз міне өздері де келе жатыр. Алдарыңызға әкелінген сусымалы дәнді-дақылдарды ұстап, қарап көріп алыңыздар. Сіздерге берілген сұрақ мынадай. Осы сусымалы дәнді-дақылдардың ішінен бидайды табыңыздар.
- Бидайдан не жасаймыз? Жауабы: Бидайдан талқан,жент,нан жасайды.«Жерде жатқан бидай дәнін көрсең, түйенің үстінен еңкей де теріп ал!» деп халқымыз бидайды аса құрметтеген.

* Ұпай санын анықтау.


Олай болса, 4 айналымның 2 бөлімі. Әр топқа сұрақ жеке-жеке мультфильм қойылады. Дайын болсақ экранға назар аударайық. Мультфильм көрсетіледі.
І топ.
«Құйыршық» 2минут
- Баланың қолындағы затты ата? Оны не үшін қолданады?
Жауабы: Торсық. Жылқының терісінен 5-10литр шағын ыдысты торсық деп атайды. Торсық 1-2 адамға арналған шағын ыдыстың түрі. Көбінесе торсықты жол жүргенде бірге ала шығады. Ішіне қымыз, айран, шұбат сусындарын құяды.

ІІ топ
«Ақсақ құлан» 3 минут


- Ханға баласының қайғылы хабарын не арқылы жеткізді және жеткізген кім?
Жауабы: Кетбұға жырау.Хабарды қазақтың төл аспабы домбыра арқылы жеткізеді.

Кезек 5 – ші айналымда. 5 айналым шағын 4 бөлімнен тұрады.


- 5 айналымның 1 бөлімі дене шынықтырумен пәнімен байланысады. 5 айналымның 1 бөлімі «Сенемін, сенбеймін» деп аталады. Қойылған сұраққа тек қана сенемін, сенбеймін деп жауап бересіздер. Сонымен қатар қосымша сұраққа да жауап бересіздер.
І топ.
1. Қазақстан Лондон олимпиадасынан 7 алтын медаль алды дегенге сенсіңдер ме?
- Олай болса аттарын атап беріңіздер?
Жауабы:
1. Серік Сапиев
2. Александр Винокуров
3. Мая Манеза
4. Зульфия Чиншанло
5. Илья Ильин
6. Ольга Рыбакова
7. Светлана Подапедова
2. Назарымызды экранға аударайық. Экраннан көрсетілген спортшының аты – жөні кім? Лондон олимпиадасында спорттың қай түрінен қатысты?
Жауабы: С. Сапиев бокстан қатысты.

ІІ топ.
1. Илья Ильин 2 дүркін олимпияда чемпионы дегенге сенесіңдер ме?


Лондон олимпиадасында спорттың қай түрінен қатысты?
Жауабы: Ауыр атлетика штанг
2. Назарларымызды экранға аударайық. Экраннан көрсетілген спортшының аты-жөні кім? Лондон олимпиадасында спорттың қай түрінен қатысты?
Жауабы: А. Винокуров велоспорт

- 5 айналымның 2 бөлімі әдебиеттік оқу пәнімен байланысты.


І топ. Назарларымызды экранға аударайық.

... Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім бар.


- Экранда бір ертегіден үзінді берілген. Ертегінің аты қалай аталады?
- Қандай ертегі түріне жатады?
Жауабы: «Байлық пен ақыл» ертегісі. Шыншыл ертегіге жатады.
ІІ топ.
... Бір күні ойнайын деп бардым. Әбіш кітап оқып отыр екен. Тыңдасам, кітабында жұмбақ, мақал, өлең, басқа да жақсы сөздер көп екен.
- Экранда бір мәтіннен үзінді берілген. Мәтіннің аты қалай аталады?
- Мәтін кім туралы жазылған?
Жауабы: Мәтін «Мен оқуға қалай бардым?» А. Байтұрсынұлы
5 айналымның 3 бөліміне де келіп жеттік. Ол үшін назарымызды экранға аударайық.
І топ.
Домбыра,сенде мін бар ма?

Мінсіз болсаң-тіл бар ма?

Тіл жоқ деуге болама,

Тілден анық үн барда?

Домбыраның күші мол

Көмейінде күй барда- деген өлеңнің тақырыбын және қай автор жазғанын табамыз.


Жауабы: Домбыра. І. Жансүгіров
ІІ топ.
... Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл... деген өлеңнің тақырыбын және қай автор жазғанын табамыз.
Жауабы: «Ғылым таппай мақтанба» А. Құнанбаев.
5 айналымның 4 бөлімі қосымша 2 ұпайды Жасырған әнді тапқан топ иеленеді. «Туған жер» әні 1минут
* Сендерді ұпай сандарыңмен құттықтаймын. Ендеше соңғы шешуші 6 айналымға да келіп жеттік. Мұнда 4 ойыншыға 2 әріптен тиесілі.1 минут уақыт беріледі бақылаушы ханымның уақытты белгісімен бастап, аяқтаймыз. Менің қойған 5 сұрағыма әріптердің көмегімен жауабын шығарады.
І топ. О-Ұ, Т-М, А-Ы, Р-Н
Сұрақтар:
1.... оттанда ыстық ( отан )
2. До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до бұлар? ( нота )
3. «Садись» сөзінің қазақша баламасы?(отыр)
4. Наурыз сөзінің орысша баламасы.... (март )
5. Атадан қалған асыл... ( мұра)
ІІ топ О-А, Р-М, П-С, Ы-А
Сұрақтар:
1. Ұшатын, шағатын, 4 әріпті жәндік? (маса )
2. А. Винокуровтың ұлты? ( орыс )
3. Күннің түсі? (сары)
4. Сникерс, натс, твикс,... шоколадтың түрі? ( марс )
5. Дәнді-дақылдың бір түрі. бидай, күріш, тары,... (арпа)

- Ұпай сандарын анықтау. Жеңіске жеткен топты анықтау. Мадақтау, марапаттау.


«Қазақы дәстүрлер»әні


Алғырлар

мен

тапқырлар

сайысы
Ұлытау ауданының әкімдігі

Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай орта мектебі

Өткізген:С.Н.Акдаулетова

Қарсақбай,2015жыл






Жамбыл Жабаев атындағы

№15 Қарсақбай орта мектебінде

«Өнер»әдістемелік бірлестігінің

үшкүндік аясында ұйымдастырылған

«Алғырлар мен тапқырлар» сайысына қатысып

жүлделі І орынды иеленген

______________________тобының мүшесі

______________________________________



МАРАПАТТАЛАДЫ
Мектеп директоры: А.К.Кемелбекова

Ұйымдастырушы: С.Н.Акдаулетова


Қарсақбай,2015жыл




Жамбыл Жабаев атындағы

№15 Қарсақбай орта мектебінде

«Өнер»әдістемелік бірлестігінің

үшкүндік аясында ұйымдастырылған

«Алғырлар мен тапқырлар» сайысына

қатысқаны үшін______________________

тобының мүшесі__________________________

АЛҒЫС БІЛДІРЕДІ
Мектеп директоры: А.К.Кемелбекова

Ұйымдастырушы: С.Н.Акдаулетова


Қарсақбай,2015жыл



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет