Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы



бет1/4
Дата16.01.2020
өлшемі2,97 Mb.
#55998
  1   2   3   4
Байланысты:
Маметулла Әлішер 401

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Агробиология» факультеті

«Агрономия» кафедрасы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

«Агроуниверситет» оқу тәжірибе

шаруашылығында өткен өндірістік

практиканың

Есебі

Орындаған: Маметулла Әлішер

Агрономия мамандығының 4-курс студенті

Жетекшісі: Аға оқытушы Иманқұлов М.

Қабылдаған: аға оқытушы, Есенбаева Г.Л.

Мырзабаева Г.А.

Жанбырбаев Е.А.

Кеңесова А.



Алматы-2018 ж

Агрономия мамандығының 4-курс студенті

Маметулла Әлішер Күмісбекұлы



Өндірістік практиканы өту есебін бағалау



Көрсеткіштер

Балл

1

Жекелей жұмыс жоспарын орындау (8-18)




2

Материал жинау (7-16)




3

Студенттің мінездемесі (3-5)




4

Өндірістік жетекшінің пікірі (5-6)




5

Есептің жазылу сапасы (5-10)




6

Жұмыстың өз уақытында жазылуы (2-5)







Барлығы 30-60




Ғылыми жетекшісі: Аға оқытушы Иманқұлов М.

Комиссия мүшелерінің бағалауы



Көрсеткіштер

Балл

1

Есептің мазмұны (7-10)




2

Презентация (8-15)




3

Сұрақтарға жауап беруі (5-15)







Барлығы: 20-40




Мінездеме

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті «Агробиология» факультетінің 4 курс студенті Маметулла Әлішер Күмісбекұлы 10.09.2018-13.10.2018ж уақыт аралығында «Агроуниверситет» ауыл шаруашылық өндірістік оқу тәжірибе шаруашылығында өндірістік практикадан өтті. Осы тәжірибе барысында өзіне берілген дипломдық жұмысты жазуға қажетті мәліметтер жинады және тыңғылықты орындады. Тәжірибеге деген ынталығын көрсете білді. Өзіне жүктелген тапсырмаларды тиянақты орындады.

Практикант егіс алқабының жұмыстарына қатысты. Тәжірибе барысында жүгері дақылын суғару, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, арамшөптермен күрес жұмыстарын, зиянды организмдерден қорғау, топырақ құнарлығын сақтау жүйелері бойынша тәжірибе жұмыстарына қатысып, көп еңбек етті. Осы уақыт аралығында ол өзінің жұмысқа деген ынталығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, кішіпейілдігімен, үлкенге деген ізеттілігімен танылды.

Маметулла Әлішер алдыңғы жұмысын уақытылы орындап, қорғап ауыл шаруашылығы өндірісін алға өркендетуге білікті маман иесі болады деген үміттеміз.

Дипломдық жұмысының жетекшісі:аға оқытушы Иманқұлов М.

Мазмұны

Кіріспе

1. Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат .................................................5-6 1.1 Табиғат-климат жағдайлары климаттық жағдайы, жер бедері,топырақ-өсімдік жамылғылары .......................................................................................7-10 1.2 Топырағы....................................................................................................10-13 1.3 Жер түрлері (жыртылған жерлер, шабындықтар, жайылымдықтар және басқалар)................................................................................................................13 1.4 Өндірісті механизациялау деңгейі (ауыл шаруашылық машиналарымен, техникамен қамтамасыз етілуі).......................................................................13-14 2. Шаруашылықтың өндірістік бағыттарын сараптау 2.1 Егіс көлемінің құрылымы...............................................................................14 2.2 Өсірілетін дақылдардың өнімділігі..........................................................14-15 2.3 Дақылдарды ауыспалы егіске орналастыру..................................................15 2.4 Ауыспалы егістерді агроэкономикалық тұрғыдан бағалау.........................16 2.5 Тұқым шаруашылығы.....................................................................................17

3. Негізгі бөлім

3.1 Жүгерінің халық шаруашылығындағы маңызы және ботаникалық сипаттамасы......................................................................................................17-19

3.2Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері.....................................................20-23

3. 3Тұқымды себуге дайындау, себу мерзімі, әдісі және сіңіру тереңдігі.23-24

3.4 Жүгері дақылын өсіру технологиясы......................................................24-26

3.5 Жүгері егісінің фитосанитарлық жағдайы және арамшөптермен күресудегі экономикалық тиімділігі.................................................................................26-30

3.6 Жүгері егісін күтіп-баптау және өнімді жинау....................................................32

4. Еңбек қорғау және азаматтық қорғаныс....................................................33 Қорытынды..........................................................................................................34 Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35

Кіріспе

Бүгінгі нарық жағдайына өтуге байланысты Қазақстан Республикасының агроөнеркәсібінде ұйымдастырушылық-шаруашылық өзгерістер болып өтті. Осыған қарамастан алдағы уақыттарда да ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі өзекті мәселесі астық өндіру болып қала бермек. Республика тәуелсіздік алғаннан бері бұл бағытты ауылшаруашылық еңбекшілері үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Егеменді еліміздің басты байлығының бірі - астық өндірісі. Ауыл шаруашылығын дамытудың зор әлеуеті бар Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде әлемдік көшбасшылардың қатарында бола алады десек, қате айтпағанымыз. Таяудағы 7-8 жылда Шығыс Еуропалық елдердің ауыл шаруашылығының даму деңгейіне жету біздің еліміздің алдағы жоспарларының бірі. Осы мақсатқа жету үшін Отандық ауыл шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет. Қазақстан қазіргі күні әлем бойынша ең мол астық экспорттаушы 5 елдің қатарынан бой көрсетіп отырса, ұн экспорты жөнінен бірнеше жыл бойына бірінші орында келеді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі кезеңінде елдің агроөнеркәсіп кешенінде мәнді нәтижелерге қол жеткізілді: нарықтық қатынастар негізінде өндірістің тұрақты өсуі бақылануда, еңбек өнімділігі мен өндіргіштігі артуда, әсаланың негізгі қорларын жаңарту және инфрақұрылымын жаңарту жүргізілуде, негізгі азық-түлік өнімдері бойынша өздігінен қамтамасыз етуге қол жеткізілді, дәнді, майлы дақылдар экспортының мәнді өсуіне қол жеткізілді.

2013 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі елдің жалпы ішкі өнімінің көлеміне 5,1% құрады, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің еңбек өндіргіштігі 2005 – 2013 жылдар кезеңінде жылына 9,3% орташа жылдық өсу қарқынымен бір жұмыс істейтінге 304,2 мың теңгеден 498 мың теңгеге дейін өзгерді, ауылды жерде шамамен 7,48 млн. адам немесе Қазақстанның жалпы халқынан 45% тұрды.

Қазіргі уақытта әлемдік аграрлық экономика мен демографияның жаңа үрдістері қалыптасуда, өңірдегі ықпалдастыру процестері нақты дами бастады, жаһандық климаттық өзгерістер болуда. Қазақстан Кеден одағына (КО) кірді, таяу кезеңде Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жоспарлануда. Алайда, саладағы еңбек өндіргіштігінің төмен деңгейі, пайдаланылатын технологиялардың жетілмегендігі, өндірістің ұсақ тауарлы болуы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек және басқа ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Осы факторлар отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, бұл ДСҰ мен КО жағдайларында шетелдің өнім импортының басым болуына, жергілікті өндірушілерді өткізу нарықтарынан ығыстыруға әкелуі мүмкін.

Азық-түлік өнімдерін тұтынудың өсуімен және тұтыну құрылымының неғұрлым сапалы өнімдер жағына қарай өзгеруімен ел халқының өсуі орын алуда. Елді азық-түлікпен қамтамасыз ету, елдің еңбекпен қамтылуының өсуі және республиканың экономикалық өсуі үшін ауыл шаруашылығының рөлін Мемлекет Басшысы бірнеше рет, соның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты

2012 жылғы 27 қаңтардағы жолдауында атап өтті.

Ауыл шаруашылығын өркендетуде осы саланың жоғары білікті мамандарының, соның ішінде агрономдар мен инженерлердің алатын орны ерекше. Әсіресе, технолог ретінде, агрономдар бүкіл жаңалықтарды, соның ішінде ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің инновациялық технологиясын ұйымдастырушысы мен жаршысы болуымен қатар, ғылым жетістіктерін және озық тәжірибелерді өндіріске енгізуде белсенділік көрсетулері керек. Келешек агрономдар өсімдіктерді, оларды өсірудің интенсивтік технологияларын, зиянды организмдермен, яғни, өсірілетін ауылшшаруашылық дақылдарының арамшөптері, аурулары және зиянкестерімен күрес жүргізуді білулері қажет..

Соңғы жылдары Алматы облысының тәлімі егіншілігінде жаздық арпаның жергілікті селекционерлері шығарған бір топ сорттары өсірілуде. Оларға Шортанды астық шаруашылығы институты сорты –Целинный 30, Қарабалық тәжірибе стансасының-Қарабалық 150 және Егіншілік ғылыми-зерттеу институты ғалымдары шығарған Арна сорттарын және т.б. атауға болады. Бірақта, аталған сорттар облыста сорттық агротехникасы жасалмай, бұрынғы өсіріліп жүрген одақ сорттары технологиясымен шаблонды түрде өсірілуде.



Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Алматы облысының тау бөктері аймағында тұқым себер алдындағы топырақты өңдеу әдістерінің жүгері танабындағы арамшөптермен күресу тиімділігі.

Зерттеудің мақсаты және негізгі міндеттері:

Алматы облысы суармалы тау бөктері аймағында мал шаруашылығын оның ішінде сауын сиырларды сапалы сүрлемдік мал азықпен қамтамасыз ету.



  • Жүгерінің ауыспалы егістегі аралық дақыл ретінде, топырақтың агрофизикалық қасиеттеріне әсерін анықтау;

  • арамшөптермен ластану дәрежесін төмендету;

  • әр гектардан алынатын сүрлемдік мал азығындағы қорытылатын протейн мөлшерін арттыру;

  • егістіктің әр гектарының экономикалық тиімділігін жоғарлату.

Күтілетін нәтижелер: Алматы облысының суармалы тау бөктері аймағында орналасқан шаруа қожалықтарына сапалы мал азықта сүрлем дайындауды және жылына жоғары өнім алу арқылы экономикалық тиімділікті арттырудың жолдарын ұсыну.
«Агроуниверситет» ОТШ туралы жалпы мағлұмат

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Агроуниверситет» оқу-өндірістік тәжірибе шаруашылығы Алматы облысының солтүстік-батыс бөлігінде Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылында орналасқан. Алматы қаласынан 37 км, ал Есік қаласынан 18 км қашықтықта орналасқан. Абсолюттік белгілері теңіз деңгейінен 550-785 метр биіктікте. Тәжірибе станциясының гидрологиялық қоры ашық су көздерінен, сондай-ақ бұлақтар есебінен түзіледі. Ашық су көздеріне Қайназарка, Есік, Котеличка, Жарылғап өзендері жатады. Жер асты сулары көбінесе минералды, құрамы жағынан карбонатты-кальцийлі және сульфатты-натрийлы болып келеді. Көп жерлерде жер асты сулары 1,4 метр тереңдікте орналасқан, олар егістіктерді суару көзі ретінде пайдаланылады. Зерттеу жұмыстарын жүргізетін тәжірибе станциясында секундына 15-20 л су беретін бірнеше скважина бар, сондай-ақ шаруашылықта арнайы болашақ мамандарға арналған екі қабатты екі жатақхана бар.



1.1 Шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайы, жер бедері, топырақ, өсімдік жамылғылары.

«Агроуниверситет» ОТШ аймағының климат жағдайлары "Есік" метеостанциясы көрсеткіштері бойынша баяндалады (1-кесте). «Агроуниверситет» ОТШ орналасқан аймақтағы климаты өте континентальды, яғни, қысы өте суық, ал жазы өте ыстық болады. Көктемде ауаның 0°С-тен жоғары тұрақты температураға наурыз айының II-ші онкүндігінің соңы мен III-ші онкүндігінің басында, ал күзде қарашаның I-ші онкүндігінің соңымен II-ші онкүдіктің басында түседі. Активті температураның қосындысы-3460-3450°С, ал 10°С-жоғары температура 3100-3400°С аралығында болып келеді. Көктем айларының соңғы үсік сәуірдің III-ші онкүндігінде тоқтамай, ал күз айларында алғашқы үсік қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында түседі. «Есік» метеостанциясының мәліметтері бойынша бұл аймақта күндердің ұзақтығы кестеде көрсетілгендей ылдық жауын-шашын мөлшері 500-600 мм аралығында өзгеріп тұрады. Тұрақтығы өар жамылғысы қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында түседі, 85-100 күндей жатады. Қар жамылғысының қалындығы 25-30 см аралығында. Түскен жауын-шашын мөлшері бөлінуі бірдей емес. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің жартысына жуығы көктемде наурыз-мамыр айларында түседі. Ауауның салыстырмалы ылғалдылығы бұл аймақта температураның жоғарлауына байланысты, маусым айынан бастап 46-48%-ке төмендейді, ал жылдық салыстырмалы ылғалдылық 50-60% араығында болады.

Тәжірибе жүргізген аймақтың ауа-райы жағдайын талдай келе, бұл аймақта күн радиациясының жоғары, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен және жауын-шашын мөлшері аз болатындығын байқауға болады (1-кесте).

Кесте 1- «Есік» метеостанциясы 2017-2018 жж. Қалыптасқан температурасы



Айлар

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Жылдық

Көпжылдық орташа ауа температурасы (С°)

5,1

-3,5

2,4

10,3

15,5

20,6

22,8

21,9

17

9,3

2,5

-2,4

9,3

2016 жылғы орташа ауа температурасы (С°)

-9,8

-3,7

0,3

12,9

16,3

21,3

22,7

22,3

17,8

9,9

3,0

-6,1

8,9

2017 жылғы орташа ауа температурасы (С°)

-13,9

-8,7

5,9

14

20

24

25,7

28,5

22,9

9,8

3,5

6,4

8,7

2018 жылғы орташа ауа температурасы (С°)

-5,2

-3,7

7,4

13,2

18,5

24,1

27,1

26,2

17,9













Ауаның жылдық орташа температурасы +7,7 С° қаңтарда -10,8 С°, ал маусымда +21,2 С°. Жылы күндердің ұзақтығы 149 күн, кей жылдары 101 және 163 күн аралығында ауытқып отырады. 1 кесте мәліметтеріне қарағанда, жаздың екінші жартысы құрғақ әрі ыстық болғандығын байқауға болады. Суық кезеңдердегі орташа суық температура -6,7 С°, ал жылы кездерде +14,9 С° аралығында ауытқиды. Ауа температурасының абсолюттік минимумы -31 С°, ал максимумы +45 С° құрады. Бұл көрсеткіштер аймақтың климатының өте континентальды екендігін көрсетеді.

Ауаның салыстырамалы ылғалдылығы түскен жауын-шашын мөлшері мен ауаның температурасына тікелей тәуелді болады. Ауаның ең төменгі 49-50 % салыстырмалы ылғалдылығы шілде-тамыз айларында байқалады. Аймақтың табиғи-климаттық өзгешелігі жекелеген метеорологиялық элементтердің жылдық режимінде ғана емес, сондай-ақ жыл маусымдары бойынша да байқалады.



Кесте 2 – «Есік» метеостанциясы 2017-2018 жж. Түскен жауын-шашын мөлшері

Айлар

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Жылдық

Көпжылдық жауын-шашын мөлшері (мм)

24,3

42,9

69,9

74,8

102,1

39,1

60,5

28,9

16,5

20,5

31,3

30,7

659

2016 жылғы жауын-шашын мөлшері (мм)

30,5

14,6

89,6

55,7

20,3

22,5

59

38,5

15,8

50

45,5

60

625,2

2017 жылғы жауын-шашын мөлшері (мм)

27,7

23,0

33,4

31,4

28,0

9,4

6,4

7,9

14,3

19,6

30,4

40,3

600,1

2018 жылғы жауын-шашын мөлшері (мм)

42

40

56

54

30

25,4

12,3

7,8

17,0

12,1











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет