Эритроциттер оттекті байланыстырып, берік емес қосылысқа - оксигемоглобинге айналады.
Гемоглобин молекуласы
гем
1 мм3 қанда – 4,5 - 5 млн. эритроциттер болады. Адам организмде орташа 25 триллион эритроцит болады. Тіршілік ұзақтығы 120 күн, содан кейңн көкбауыр мен бауырда бұзылады.
Диаметрі 7-10 мкм, екі беті ойыс диск тәрізді. Мұндай пішін эритроцит бетін 1,5 есе үлкейтеді және газалмасу үшін тиімді. Ядросы жоқ, едәуір көп бөлігін гемоглобин алып тұр.
Қан үнемі ағыста болып, денедегі барлық ұлпаларға зат алмасу үшін қоректік заттарды жеткізу және алмасудың нәтижесінде пайда болатын зиянды заттарды шығару қызметін атқарады.
Сондықтан қанды ішкі зат алмасуды реттеп, тіршілік жүйесін қамтамасыз ететін орта деп есептеуге болады.
И.А.Кассирский "Қан организмнің айнасы, онда клетка мен ұлпалардың әр түрлі өзгерістері өз көрінісін бейнелейді" деп түсініктеме берді.
Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: І, ІІ, ІІІ, ІV. Өз еркімен қан беретін адамды – донор (латынша «donore» – сыйлаушы), донордан қан қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recіpіens» – қабылдаушы) дейді.