Қарағанды қаласының «№15 жалпы білім беретін мектебі» коммуналық мемлекеттік мекемесі Тақырыбы: «Орталық Қазақстандағы орта ғасырлық қалалар»



бет1/6
Дата05.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#167511
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Құрал Гүлайым
срсп 11

Қарағанды қаласының «№15 жалпы білім беретін мектебі» коммуналық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
«Орталық Қазақстандағы орта ғасырлық қалалар»

Бағыты: Өлкетану


Орындаушы:
Құрал Гүлайым, 7-сынып,
«№15 ЖББМ» КММ,
Қарағанды қаласы, Қарағанды облысы
Жұмыс жетекшісі:
Әбдіғұл Сандуғаш Нұрланқызы, педагогика және психология магистрі, тарих пәнінің мұғалімі,
«№15 ЖББМ» КММ


2021 жыл
Мазмұны:
І. Кіріспе 4
ІІ. Негізгі бөлім 6
Орталық Қазақстандағы керуен жолдары
Орта ғасырлардағы Орталық Қазақстан қалалары
ІІІ. Қорытынды бөлім 12
Әдебиеттер тізімі 13
Қосымшалар 14

Резюме (аннотация)

Зерттеу барысында біз Орталық Қазақстанның ортағасырлық қалаларының ескерткіштерін археологиялық зерттеу әдістерін қолдандық. Қоныс кешендері туралы жарияланған археологиялық деректер қарастырылды. Жазбаша дереккөздердің мәліметтері зерттелді, талдау арқылы қалалық мәдениетті қалыптастырудың экономикалық, әлеуметтік, саяси алғышарттары анықталды. Археология деректері мен жазба дерек көздерін салыстыру бізге көшпелі қоғамдардың даму барысы мен жолдары мен осы өңірдегі урбандалу процестерінің қалыптасуы туралы жалпы түсінік берді.



Орталық Қазақстандағы орта ғасырлық қалалар

  1. Кіріспе

Орта ғасырлардағы қалалар санының өсуі олардың маңыздылығының артуымен, Шығыс пен Батыстың экономикалық, мәдени байланыстарының дамуымен байланысты болды. Мұның екінші себебі-көшпелі малшылардың қала маңындағы және ішіндегі отырықшы өмір салтына көшуі, бұл қалалар санының өсуіне, сондай-ақ олардың халқының санының өсуіне әсер етті. Біз Қазақстан тарихы пәнінен орта ғасырлардағы қала мәдениетінің даму тарихын өткенде оңтүстік Қазақстан қалаларына көбірек тоқталамыз, сонымен қатар бұл пәнді меңгеру барысында «Өлкетану» материалдарымен де танысамыз. «Өлкетану» оқулығында осы аталған кезеңдегі өз өлкеміздің тарихымен танысу барысында «Басқамыр және Аяққамыр» қалаларымен таныстық.
Ұлы Жібек жолының тармақтары келесідей болып келеді: Жетісудан Тараз арқылы өтетін жол Испиджабқа тарайды: бірінші бағыт Шаш арқылы оңтүстік-шығыс бағытқа Самарқанд пен Бұхараға және сол жақтан батысқа қарай жүрді; екінші бағыт Шымкент, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ арқылы өтті және Баршынлыкент арқылы екі трассаға бөлінді: біреуі оңтүстік-шығысқа Хорезмге қарай жүрді, екіншісі – Жанкент арқылы Арал теңізінің солтүстік жағалауымен және Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауымен батысқа қарай шықты. Жаркенттен Солтүстік Қазақстанға да бағыт келді. Сығанақтан Ақсүмбе арқылы Орталық Қазақстанға бағыт өтті (Қосымша №1).
Яғни, Ұлы Жібек жолының бір бағыты біздің Орталық Қазақстан арқылы өтсе, онда ортағасырлық қалалар бізде қалай дамыған деген сұрақ туындады. Сол себепті мен өз жетекшіммен осы тақырыпты жан-жақты қарасытруды бастадық. Бұған Ұлытау етегіндегі Басқамыр және Аяққамыр қалалары және Кеңгір өзенінің жағасындағы Торайлы және Сарайлы қалалары дәлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет