Қазақ тілі, 5 – сынып. Қазақтың ұлттық тағамдары Сабақтың мақсаты



Дата08.06.2018
өлшемі16,53 Kb.
#41552
Қазақ тілі, 5 – сынып.

Қазақтың ұлттық тағамдары

Сабақтың мақсаты:Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру сабақтың негізгі мақсаттарын құрайды.
Көрнекілігі: сызбалар, тағамдар, суреттер
Сабақтың барысы.



І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) амандасу;
2) кезекшінің есебі;
3) сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қазақтың дастарқаны.

Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері: ет тағамдары; сүт тағамдары; нан тағамдар



Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет.

Ет тағамдары: еттен жасалған – даярланған тағамдар: қуырдақ, қазы, шұжық,жая.
Нан тағамдары: бауырсақ, жалпақ нан, таба нан, самса, бәліш.
Сүт тағамдары: қымыз, шұбат; айран, құрт, ірімшік, сарымай, қаймақ, сүзбе.

ІІІ. Жаңа сөздер:



Қонақ – гость
Бесбармақ – мясо по-казахски
Қуырдақ – обжаренное мясо
Бата – благословение
Қымыз – кобылье молоко
Шұбат – верблюжье молоко
Әзірлеу - приготовить 
Тамақ – пища, еда
Құрметтеу – уважать.

(Сөздерді мұғалім оқып, аударады, балалар қайталайды).


ІV. Жаңа сөздермен сөйлем құру.
Мысалы: Қонақ келді. Анам бесбармақ пісірді. Әкем қымыз, шұбат әкелді. Қонақ бата берді.


V.Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
а) мәтінді мазмұндау; б) өлеңдер оқу.


Қымыз
Қымыз – бие сүті ғой.
Ұнаса, тағы іше ғой.
Қымыздан көп пайда бар.
Нағыз қымыз тауда бар.
Қымыз – сусын тамаша,
Бойымызға тараса.


Сүт
Ыстық- ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан.
Бой жадырап кенеттен,
Буы шығар маңдайдан.
(Ө. Тұрманжанов).


VІІ. Мақал жазу, жаттау.


VІІІ. Венн диаграммасын толтыру.
Қазақ халқының тағамы Ортақ тағам. Орыс халқының тағамы
Қуырдақ................................ ......... .нан.............. .............котлет
Қымыз.............. ...............................ет........................... ...борщ
Шұбат.............................. ................қуырады................... квас
Ірімшік............................. ...............пісіреді..................... .кисель
Құрт........................ .........................қайнатады............. ...кисель
Көже........................... .....................ботқа


ІХ. Үйтапсырмасы:«Қазақтың дастарқаны » - мәтінді оқу, мазмұндау.


Х. Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 108f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
108f -> Сабақ бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы; Көлік түрлері және елдің транзиттік әулеті
108f -> Сабақтың тақырыбы: Жердің құрлысы, негізгі ұғымдар
108f -> Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, қызыл, жасыл, сары түсті жетондар Сабақтың түрі: кездесу, практикалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет