ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мұғалімі: Байтюбетова Ғалия Қайырғалиқызы
9-СЫНЫП 18.02.2010ж.
Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Шешендік өнер туралы алған білім-дағдыларын бекіту, ойларын ортаға салып қорытындылау;
Дамытушылық: Шешендік сөздерді оқыта отырып, оқушы бойына көркем, әдеби сөйлеу өнерін дамыту, шығармашылық ізденістерін арттыру;
Тәрбиелік: Шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баулу және туған елінің тарихын, әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сөз әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау,
жазылым, тыңдалым, оқылым, сөзжұмбақ шешу, сөздік.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, үш бидің сөзі жазылған
қағаздар, үй жұмысы берілген кітапша, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Өткенге қарайық;
3. «Сөз құпиясы»
4. «Ой қозғау»
5. «Ойланайық, орындайық!»
6. «Есіңе сақта!»
7. «Өзіңді тексер»
8. Қорытынды.
9. Бағалау
10. Үйге тапсырма беру.