Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


Жауаптары: 1.1916 жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зиялыларының саяси көзқарастары



бет8/15
Дата16.10.2019
өлшемі0,78 Mb.
#50047
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
kazakstan-tarihy
0008cbfd-1691e756

Жауаптары:

1.1916 жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зиялыларының саяси көзқарастары.

Жергілікті патша әкімшіліктің анықтамасы бойынша, қазақ даласында біреуі — жұмысшылар бергісі келмейтін, екіншісі — бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды. Байлар мен ауыл старшындары патша Жарлығын жақтап шықты.

Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды. Олар қазақтарды Ресей мемлекетінің бодандары, Отанның перзенті деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: "Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз", — деп жазды. Әлихан Бекейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты: "Бірі — барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі — "бармаймын" деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді.

Қазақ зиялылары өкіметке қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан соң жүзеге асыруды ұсынды. Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын жеңілдетуден және ұлттық автономия құрудан үміттенді. Олар: "қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады" деп қауіптенді. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар", — деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында. Қазақ халқының либералдық-демократиялық ойшыл өкілдері отаршыл империямен парасатты ымыраластық тәсілін жүргізуді, халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады. Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дәлелдеді.

Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл-демократияшыл зиялылардың Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов сияқты өкілдері де қатысты. Күрес барысында әлеуметтік жанжалдарды шешу де әр түрлі топтардың белгілі бір көзқарастары сынақтан өтті.

2. Қазақ қоғамындағы «ақсүйек» және «қарасүйек» ұғымдарының мағынасын түсіндіріп, құрамын салыстырыңыз.

Дәстүрлі қазақ қоғамының қатаң иерархиялық құрылымы болды: ол ақсүйекке және қарасүйекке бөлінді.Шыңғыс ұрпақтары жоғары үстем топты – ақсүйекті құрады. Сұлтандар жүздер жүйесіне кірмеді, қоғамнан жоғары тұрды.Шыңғыс ұрпақтарының балалары сұлтан лауазымына ие болды, яғни өз құқықтары мен артықшылықтарға ие болды. Хандық таққа қатысты құқық Шыңғыс ұрпақтарында ғана сақталды.Олар халықтың таңдаулы тобы болып қалып, ешқандай міндеткерліктерді (әскериден басқа) алмады.Олар тән жазасынан құтқарылып, билер сотына тартылмады.

Ақсүйекке – қожалар мен сейіттер де жатты.Шыңғыс ұрпақтары оларды Жошы мен Шағатай ұлысында ислам ресми дін болып танылған, ХІVғ. артықшылығы бар топ деп таныды.Сейіттер – Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары.Олар әулие болып есептеліп, өлім жазасына кесілмеді.Қожа –алғашқы араб басқыншылары мен араб миссионерлерінің (VІІІғ.)ұрпақтары. Қожалардың Шыңғыс ұрпақтары мен сейіттерден айырмашылығы – олардың ортақ шежіресі жоқ.Қожаларға күш жұмсауға рұқсат етілмеді. Олар сұлтандар мен сейіттер сияқты тұйық оқшауланған бекзаттық топты құрады. Халықтың барлық қалған бөлігі қарасүйек деп аталды. Бұл қазақ қоғамының негізгі және көп санды бөлігі. Қарасүйек өкілдерінде ақсүйекке қарағанда жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну сақталды.Қарасүйектің әр өкілінің қоғамдық жағдайы оның руы мен тайпасының артықшылық деңгейімен анықталды. Қарасүйек қауымының өз арасында бірнеше жоғары саналатын топ бөлінді.Бұлар билер мен батырлар болды. Би-әкімшілік және сот істерін атқарды.Батыр –жеке ерлігі немесе соғыста әскери іс-қимылдарды білгірлікпен басқарғаны үшін берілетін құрметті атақ.Мұндай атақты қоғамның шыққан тегіне қарамай кез-келген еркін мүшесі ала алды.Көшпелілерде сонымен қатар құлдар болды.Шығу көзі –тұтқын және құл саудасы.
3.Қарахан мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.

Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, Шығыс және Батыс - екі иеліктен (хандыктан) тұрды. 1. Шығыс хандық Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан жерін алып жатты. Орталығы Баласағұн қаласына жақын жатқан Орда (оны Қара Орда немесе күз Орда деп атаған), кейін Қашғар каласы болды. 2. Батыс хандық Мауераннахрды биледі. Орталығы алғаш Үзкент, кейін Самарқан қаласы болды.




13- Билет

  1. Ақпан революциясының Қазақстанға әсері.

  2. Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.

  3. Қаңлылардың археологиялық ескерткіштерінің (Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетісасар) орналасқан аумақтарын картаға белгілеңіз.





Жауабы:

1.Ақпан революциясының Қазақстанға әсері.

1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы, ұлттық-демократиялық қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды. Қазақтар патша билігінің құлатылуын құптап, оны өздерінің ғасырлар бойы жүргізген күресінің нәтижесі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысында алға тартқан мақсаттарының қанағаттандырылуы деп таныды.

Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ә.Бөкейханов Минскіден былай деп сәлем жолдады: "Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін — басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет. Құрылтай жиналысы сайлауына әзірлену керек. Бірлік пен елдік жолында күресіңдер!.."

Ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары демократияның, бостандық пен теңдіктің орнатылуына байланысты ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады. Қазақ зиялыларының басым көпшілігі осындай көзқараста болды.

1917 жылғы наурыз, сәуір айларыңда әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Жекелеген қалаларда (Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде, Әулиеатада) қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері пайда болды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады.

Ресейде капитализм дамуының кенже қалып, соның салдарынан буржуазияның қуатты экономикалық және саяси күш болып қалыптаспағанын ескерген Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Алайда монархияның қойнауынан шығып, көп жағынан буржуазия мен помещиктердің саяси және экономикалық мүдделерін білдірген Уақытша үкімет Ресейді қайта өрлетудің нысаналы бағдарламасын ұсына алмады. Ол империялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылғы 20 наурызда ол Ресей азаматтарының белгілі бір дін ұстануына немесе ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеуді жойды.Уақытша үкіметтің бұл шешімі осынау ұлан-ғайыр өңірде ұлттық келісім орнатуға бағытталған еді.

«Уақытша үкімет» бұратана жұмысшы жасақтарын Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.Жергілікті жерде демократиялық күштерді топтастыру үрдісі жүріп жатты.Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы 8-сағаттық жұмыс күнін енгізуге (Верный,Семей, Екібастұз) Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды қосуға күш салды.

1917 жылғы Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді,ұлт саясаты саласында өзінің жалпы азаматтық мұраттарды-бостандықты,халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді.Сөйте тұра,ол шет аймақтардың халқына ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды,отаршылдық басқару органдарын жоймады.Ол аймақтарда ұлтаралық қатынастарды реттеу жөнінде жалтақ қадамдар ғана жасап,орын алып келген шиеленісті сол арқылы ғана бәсеңдетуді көздеді.


2.Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.

Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған америкалық этнолог Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын –жабайылық, тағылық(варварлық), және өркениеттік(цивилизация) деп үш кезеңге бөлді. Жабайылық кезеңде адамзат қалыптасу үдерісінен өтіп, өзара қатынас құрды – сөйлеу тілі пайда болды,отты игерді, балық аулауды үйренді, садақ пен жебені пайдаланды.Тағылық кезеңде адамзат баласы құмыра жасауды, егін егу мен мал бағуды үйренді, темірді пайдалануды меңгерді. Ал, өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққаннан басталады. Л.Г.Морган адам баласы тарихын эволюциялық даму тұрғысынан қарастырып, тарих кезеңдерін материалдық өндірістегі белгілі-бір жетістіктермен байланыстырды.

Адамзат тарихының ең көне дәуірін кезеңдерге бөлуде археологиялық деректер пайдаланылады. Археологиялық дәуірлеу адамзаттың еңбек құралдарын неден жасағанына байланысты бөлінеді. Тас дәуірі (б.з.б. 3млн немесе 2,6 млн - 3мың жылдық)- палеолит (3 немесе 2,6млн -12мың жылдық), мезолит(б.з.б.12-5 мың жылдық), неолит (б.з.б.5-3 мың жылдық)болып бөлінеді, бұл дәуірде құрал-саймандар тастан жасалған. Бұдан соң адамдар еңбек құралдарын жасауда мысты пайдалана бастады. Бұл өтпелі кезеңді энеолит – мысты тас дәуірі(б.з.б.3000-1800ж.) деп атайды. Одан кейінгі кезеңде құрал-сайман қоладан жасалды. Оны қола дәуірі дейміз(б.з.б.2-1 мыңжылдық).Б.з.б. VІІІғ. адам баласы темір қорытуды үйреніп, одан құрал-сайман, қару-жарақ жасай бастады. Бұл тарихта темір дәуірі, дәлірек айтсақ, ерте темір дәуірі(б.з.б.VІІІғ.-б.з.VІ ғ.) деп аталды. Л.Г.Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеудің ұқсастығы кезеңдердің бір-бірінен айырмашылығы еңбек құралдарының бірте-бірте жетілдіріле түсуі мен адам баласының соған сәйкес даму деңгейінің өсіп отыруы.
3.Қаңлылардың археологиялық ескерткіштерінің (Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетісасар) орналасқан аумақтарын картаға белгілеңіз.

Ғалымдар қаңлылар туралы жазғанда, көбіне археологиялық қазба жұмыстарының қорытындыларына сүйенеді. Қазірге дейін археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген корымдар мен коныстарды тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттері деп атады.



Қауыншы мәдениеті - Ташкент төңірегіндегі көгалды аймақта, Отырар-Қаратау - Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған. Ал Жетіасар - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр.

14- Билет
1.Қазақ атауының шығуы.

«Қазақ» сөзінің шығу төркіні туралы сан алуан ғылыми болжамдар мен көзқарастар бар. Нақты дәлелденген пікірлер әлі де айтылған жоқ.

Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда «қазақ» деген атауы Орхон-Енесей жазбаларындағы «қазақ оғлұм» деген сөздегі «ғ» әрпінің түсіп қалуы нәтижесінде тұрақтаған. Алайда түрік тілінің заңдылықтары бойынша бұл пікір де қолдау таппады. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзі «мықты», «берік», «алып» мағынасын берген.
2. Мемлекеттік Дума мен қазақ зиялыларын не байланыстырады? ХХғ. басындағы «Қазақ кадеттері» деген кімдер?Түсініктеме беріңіз.

3.1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша қазақ жерінде құрылған генерал-губернаторлықтар мен олардың құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз және бұл реформалардың зардаптарын анықтаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет