Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама


-параграф. Жүкті әйелдерге және 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасына барудың патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі



бет23/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

2-параграф. Жүкті әйелдерге және 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасына барудың патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі




МСАК жүйесіндегі 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, ведомствоаралық тәсілдемені қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер әзірленетін және енгізілетін болады.
Мобильді қосымшалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тиімділігі мен кері байланыс мүмкіндігін талдай отырып, 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларды оқыту және қолдау жүзеге асырылатын болады.
Перинаталды депрессия, қатыгездік пен зорлық-зомбылық мәселелері бойынша мамандарды даярлауға, стигматизацияны жеңуге, баланың дамуын бақылауға, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуын қолдауға, сектораралық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетін болады.
Қазақстанда алғаш рет мәліметтерді білім беру және әлеуметтік қорғаудың ақпараттық жүйелерімен біріктіре отырып, баланың денсаулығы туралы қажетті ақпаратты емханаға бармай-ақ автоматты түрде алуға мүмкіндік беретін бала денсаулығының электрондық паспорты әзірленіп, енгізіленетін болады.


3-параграф. Балалар ауруларын интеграциялап жүргізу




Қазақстан Республикасында БАИЖ стратегиясын одан әрі іске асыру бойынша жұмысты жетілдіру мақсатында елімізде ДДҰ-ның МСАК бойынша қалта нұсқаулығын дайындау және енгізу бойынша іс-шаралар әзірленетін болады.
ДДҰ-ның ұсынылған әдістемесіне сәйкес балаларға стационарлық көмек көрсететін ДДҰ қалта нұсқаулығын оқыту үшін ЖОО-лардың, колледждердің оқытушылары мен үйлестірушілерінің арасынан жаттықтырушылар командасы даярланады.
Сұрыптау және кезек күттірмейтін көмек көрсету бойынша оқыту бағдарламалары әзірленеді, олардың әрбір балалар стационарларында, сондай-ақ МСАК ұйымдарында жүйелі жүргізілуі қамтамасыз етіледі.
Стационарлық көмектің қалта нұсқаулығына сәйкес сұрыптау және кезек күттірмейтін көмек жүргізу үшін жарақтандырудың ең төмен жиынтығы бекітілді (жасы бойынша бұйымдардың нөмірленуін ескере отырып).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет