ҚазақТҰтынуодағЫ


Уильям Стенли Джевонс (1835-1882 жж.)



бет85/94
Дата05.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#1920
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94
Уильям Стенли Джевонс (1835-1882 жж.) еңбектеріндегі маржиналдық субъективтік ойлар, біріншіден, аз күш жұмсап тұтынуды максималды қанағаттандыру, оның ойынша саяси, моральдық факторлармен байланысты емес, тек қана, экономикалық мәселе болып саналады. Екіншіден, функционалды байланыс бойынша тиімділікпен құндылықты қарастыра отырып, тауар бағасы шекті тиімділікпен анықталады деп есептеген. Бұл оның А. Маршалл мен В. Парето жасаған, шығындар мен шекті тиімділіктің өзіндік мағынасын мойындамағаның көрсетеді.
Үшіншіден, У. Джевонс сатушы мен сатып алушының бір-біріне толық байланысты және толық өзара ақпаратқа ие болуына мүмкіндік беретін жетілген бәсеке туралы классиктердің ережесін мойындағаны. Оны маржинализмді бастаушылардың бірі деп есептеуге негіз берді.
У.Джевонс психологиялық категорияларды кейінен қолданып, игіліктерді тұтынуымен байланысты оң тиімділік түсінігін және игіліктерді құру бойынша еңбек күшінің нәтижесінде туындайтын теріс тиімділік түсініктерін енгізеді. Ғалымның ойынша, еңбек -ләззаттануға тікелей қайшы, бұл минус белгісі бар тиімділік, ал тұтынуды қамтамасыз етудегі еңбек шығындары - еңбек ауыртпашылықтары.
Оның ойынша, құн, осы еңбекпен игілікке оң әсер беретін еңбектің соңғы бірлігінің теріс әсерін өлшеуден тұрады. Өнімнің қосымша саны қосымша күштердің шығындарын қайтармайтындығын әрі жалғастыруға тиімсіз екендігін дәлелдеді.
Кембридж мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі Альфред Маршалл (1842-1924 жж.). Ол өзінің «Экономика принциптері» еңбегінде «Саяси экономия немесе экономикалық ғылым адамзат қоғамының тіршілігін зерттеумен айналысады, ол игі жағдайдың материалдық негіздерін құрумен байланысты болып, қоғамдық іс-әрекеттерінің жеке салаларын тексереді», деген ойын айтты.
А.Маршалл нарықтық баға теориясын әзірлейді, сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттерінің проблемаларын зерттеп, «сұраныс икемділігі» деген ұғымды енгізді.
Оның зерттеулерінде маңызды орынды нарықта еркін баға белгілеу мәселелері алды. Ғалымның ойынша , баға екі фактормен анықталады: шекті пайдалылықпен және өндіріс шығындарымен.
Маршалл бойынша нарықтық баға - бұл шекті пайдалылықпен анықталатын сұраныс бағасы мен шекті шығындармен анықталатын ұсыныс бағасының қосылу нәтижесі. А.Маршалдың маңызды еңбектерінің бірі, оның баға, сұраныс және ұсыныс сияқты нарық механизімін құраушылар өзара әсерлерін көрсете білуі болды.
Жекелей алғанда, ол бағаның төмендеуімен сұраныстың өсуін, ал бағаның жоғарлауымен сұраныстың төмендеуін көрсетті. А.Маршалл тұрақты немесе тепе-тең баға деп сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік нүктесін белгілеген бағаны есептеді. Маршалдың болжамы бойынша, егер нарықта баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда ұсыныс сұраныстан артады, баға төмендей бастайды, және керісінше.
Осылармен қатар А.Маршалл «сұраныс икемділігі» туралы тұжырымдаманы ұсынды. А.Маршалл сұраныс пен ұсыныс әрекеттеріне үлкен әсерді уақытша факторлар беретіндігін көрсетті. Экономикалық талдауды А.Маршалл графиктер,формулалар көмегімен іске асырды. Осымен қатар А.Маршалл «өндірістің шекті шығындары»мен «репрезентативті фирма» тұжырымдамаларын жасады.
«Өндірістің шекті шығындары» теориясының дамуына А.Маршалл орташа фирманың көп түрлігі ретінде «репрезентативті фирма» түсінігін енгізді.Соңғысы үшін өндірістің жиынтық көлемі ұлғаюы жағдайында көп табыс алу тән. Осыдан ғалым екі экономиаклық заңдардың әрекет ету қорытындысына келді: ұлғаймалы қайтарым және тұрақты қайтарым.
Маржинализмнің американдық мектебінің негізін салушы Джон Бейтс Кларк (1847-1938 жж.) болды. Оның көрнекті еңбектері: «Байлықтың философиясы» (1886), «Байлықты бөлу» (1899). Оның ғылыми жетістіктерінің бірі өндіріс факторларының шекті өніділік теориясы болып табылады.
Кларктың зерттеу негізі үш принципке негізделген.

  1. Пайдалылықтың кему принципі: қордағы әрбір қосымша зат аз тиімділікке ие.

  2. Шекті өнімділік принципі : өндірістің әр факторы ерекше өнімділікке ие. Бірақ факторладың әр түрі әр түрлі өнімділікке ие.

  3. Еркін бәсекелестік принципі : егерде баға үкіметпен реттелмесе, монополиямен кемітілмесе, онда баға әділ, ол баға шындыққа жақын.

Кларктың ойынша, жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы өнім мөлшеріне сәйкес келеді. Жұмысшыларды жалдағанда кәсіпкер қосымша табыс әкелмейтін жұмысшы санын өсірмейді Яғни шекті өнім шекті табысқа тең болады. Еңбек ақы қоры жұмысшылар санына көбейтілген шекті өнімді түсіндіреді. Кәсіпкердің кірісі - еңбек ақы қоры мен жасалған өнім шамасы арасындағы айырмашылық. Егерде еңбек ақы шекті еңбек өнімділігімен анықталса, онда кәсіпкердің кірісі – капиталдың шекті өнімділігімен анықталады. Кларктың концепциясы бойынша, кәсіпкерлердің кірісі, өндіріс құралдарына жұмсалған капиталдың проценті.
Пайда - капитал иесінің кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі. Кларктың бөлу концепциясының ерекшелігі мынада: ол шығындар принципіне сүйенбейді, ол өндіріс факторларының нәтижелік принципіне негізделеді.

Каталог: attachments -> article -> 712
712 -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет