Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары



бет1/4
Дата01.12.2022
өлшемі30,9 Kb.
#160768
  1   2   3   4
Байланысты:
Балалар мен жастарды ынтасын дамытуда ы т рбие ж мыстары
www.zharar.com.docx-morf, Дип.-Оқушыларды-кәсіптік-бағдарлау, Реферат та ырыбы Синтаксис терминіні ма ынасы. Синтаксис п нін, Дип.-„Авангард”-сортындағы-күріштің-өнімділігіне-топырақтың-хлорлы-тұздылығы-мен-минералды-тыңайт

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
АҒЫЛШЫН ТІЛІ КАФЕДРАСЫ

БӨЖ
Тақырыбы: Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу және оларға кәсiби бағдар беру




Қабылдаған: Данияров Т.Ә.
п.ғ.к,. профессор
Орындаған:Тураханова Нилуфар
ФАТ-811Б тобының 2-курс студенті
Түркістан – 2019

  1. Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары.

  2. БӨЖ-дің мақсаты мен міндеті: Білім алушылардың өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту

  3. БӨЖ мазмұны:

Жоспар:
1 Кіріспе
Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен мазмұны.
2 Негізгі бөлім
2.1 Еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың педагогикалық жағдайлары
2.2 Оқушыларға кәсіби бағдар беру
2.3 Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру.
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


Негiзгi түсiнiктер: оқу еңбегі, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбек, кәсіптік бағдар беру, кәсіптік диагностика, экономикалық мәдениет.
1 Кіріспе
Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен мазмұны.Баланы еңбекке тәрбиелеу отбасынан басталып, мектепте еңбектің қарапайым міндеттері жайлы түсінік қалыптасады. Еңбек адамның психикасы мен адамгершілік түсініктерін қалыптастыратын құрал болып табылады. Еңбек ету оқушылардың табиғи ақыл-ой және дене қызметінің қажеттілігіне айналуы тиіс. Еңбек тәрбиесі оқушылардың политехникалық дайындығымен тығыз байланысты. Политехникалық білім беру техника, технология және өндірісті ұйымдастыру туралы білім қалыптастырады; оқушыларды жалпы еңбекке қажетті білім, дағдылармен қаруландырады; еңбекке шығармашылық қатынас қалыптастырады; келешекке қажетті мамандық таңдауға көмектеседі. Сонымен политехникалық білім беру еңбек тәрбиесінің іргесін қалайды.
Жалпы білім беретін мектепте еңбек тәрбиесінің мынадай міндеттері жүзеге асырылады:

  • еңбек - өмірдегі ең жоғары құндылық екенін санаға сіңіру және еңбек етудің жоғары әлеуметтік мотивтерін қалыптастыру;

  • білімге танымдық қызығушылығын арттыру, еңбекке шығармашылық қабілеттілік таныту, білімін тәжірибеде қолдана білу;

  • жоғары моральдық сапалар қалыптастыру, еңбексүйгіштік, парыз бен жауапкершілік, алға қойған мақсатты кәсіби біліктілік, адалдықпен орындау;

  • ақыл-ой және дене еңбегінің мәдени дағдыларымен қаруландыру.

Еңбек тәрбиесінің мазмұны алға қойылған міндеттер арқылы шешіледі, жергілікті жердің шаруашылық-экономикалық жағдайымен және мектепте қалыптасқан дәстүр негізінде іске асырылады. Еңбек тәрбиесінің мазмұнына еңбектің мынадай түрлері қамтылады.
Оқу еңбегі ақыл-ой және дене еңбегінен құралады. Ақыл-ой еңбегі қажырлы күш-қуатты, төзімділікті, ыждахаттылықты талап етеді. Күнделікті ақыл-ой еңбегіне әдеттену, басқа еңбек түрлерін меңгеру үшін де маңызды. Еңбек пәні оқу бағдарламаларында шеберханаларда, мектеп учаскелерінде дене еңбегімен шұғылдану ескерілген. Дене еңбегі барысында балалардың адамгершілік, ұжымшылдық, өзара көмек көрсету, адамдарды және еңбек нәтижесін құрметтеу қасиеттері пайда болады.
Қоғамдық пайдалы еңбек ұжым мен жеке тұлғаның қажеттілігіне қарай ұйымдастырылады.Отбасындағы және мектептегі еңбек түрлері (тұрмысқа қажетті еңбек, сыныпты және мектеп ауласын тазалықта ұстау, ағаштар мен гүлзарларды күту, демалыс кезіндегі бау-бақшада, құрылыста атқарылатын жұмыстар).
Өнімді еңбек оқушылардың материалдық құндылықтар өндіруге байланысты еңбек қатынастарына араласуы. Өнімді еңбекке араласу барысында оқушының кәсіби біліктері, бейімділіктері, қажеттіліктері дамып, экологиялық түсініктер мен ұғымдарды меңгереді. Өнімді еңбекті ұйымдастыратын жағдайлары бар мектептер, оқушыларды материалдық құндылықтар өндіруге қамти алады.(42-49)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет