Морфологиялық құрылыс стильдік қолданыс тұрғысынан сөздік қормен салыстырғанда біршама бейтарап екені айқын. Өйткені морфологиялық кұрылыс стильдік топтардың қай саласына да бірдей, барлығына да тән



бет1/6
Дата01.12.2022
өлшемі34,5 Kb.
#160764
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
www.zharar.com.docx-morf



www.ZHARAR.com
Морфологиялық құрылыс стильдік қолданыс тұрғысынан сөздік қормен салыстырғанда біршама бейтарап екені айқын. Өйткені морфологиялық кұрылыс стильдік топтардың қай саласына да бірдей, барлығына да тән. Сондықтан сөз таптарының немесе сөз тудырушы аффикстер мен сөз өзгерту тәсілдерінің бір-бірінен оқ-шау қолданылу сырлары анық байқала бермейді. Солай бола тұрса да, тілдің морфологиялық тұлғаларының стильдік қолданылу жүйесі мен заңдылықтары бар. Оны мына өзгешеліктерден де байқауға болады. Алдымен стилистика тілдегі синонимдік құбылыстармен ұштасып жатады. Ал біздің тіліміздің морфологиялық құрылысында да мұндай синонимдік қатарлар кездесед.
Әрине, сөз өзгертуші, сөз жасаушы қосымшалардың синонимдік қатарларын айқындау, жіктеу тілдің лексикалық қорымен са-лыстырғанда әлдеқайда қиын жұмыс. Тіпті сөз қолдану тәжірибе-сінде белгілі бір аффикстің’ қай аффикспен синонимдігі барлығын ажырату мүмкін де бола бермейді. Оған себеп: біріншіден, қандай бір аффикс болмасын өзі жалғанған (немесе, біріккен) түбірге қосылып, оның өз мәні айқын жіктеліп тұрмайды. Екіншіден, тілдің грамматикалық құрылысында кез келген аффикс абстрактану .процесіне ұшырайды. Соның салдарынан, оның өзіне ғана тән мән-мәнер бірте-бірте көмескіленіп, өшуге айналады. Қазіргі тіліміздегі бүршік,талшык, келіншек, т. б. сөздерді осы сипатында, осы кү-йінше тұтас ұғынамыз, оны түбір мен қосымшаға жіктеу былай тұрсын, -шік, -шық, -шек аффикстерінің біркезгі кішірейту мәнерін де байқамаймыз. Бірақ түйіншек, інішек, төбешік сөздерінің құра-мында бұлардың, кішірейту мәнері айқын сезіледі. Соңғы сөздер құрамындағы (түбіршік, інішек, төбешік) -шық, -шақ ұзын ша, сұрша сөздері құрамындағы -ша аффиксімен мәндес болғанмен, алдыңғы сөздер (бүршік, талшық келіншек) құрамындағы сондай аффикстермен мәндес деп есептелмейді. Осылар тәріздес, жеке сөздер ыңғайында, бір-бірінен мәнерлік айырмасы бар, бірақ орай-лас мағыналы сөздер жасайтын қосымшалар қатарына сын есім жасайтын -ғыш пен -шақ, -қыр менғыш, -шыл мен -қай, -шыл және -паз, -қор қосымшаларын жатқызуға болар еді. Осылар арқылы жасалған сөзшең мен сөйлегіш, тапқыр мен тапқыш, сауықшыл мен сауыққой, шайшыл, шайқор, ойынпаз, ойыншыл тәрізді сөздер орайлас мағыналы, бірақ бір мәнерлі емес. Осы ыңғайда аталған аффикстердің синонимдік қатар құрай алатындығын көруге болады. Бірақ аффикстер арқылы жақа сөз жасауда кездесіп отыратын грамматикалық шектелу процесі де ескерілуі қажет. Мәселе мынада: сөзшең, сөйлегіш сөздерінің синоним болуы олардың құрамындағы -шең, -гіш аффикстеріне байланысты болғанмен, -шаңаффиксі жалғаса алатын түбірлердің бәріне бірдей -гіш ’ аффиксі қосылып айтыла бермейді. Мысалы, ашушаң, бойшақ, тершең деп айта береміз, бұлардың қайсысы да кісінің белгілі бір ерекшелікке бейімділігін білдіреді. Дегенмен осы түбірлерге -гіш аффиксін тікелей қосып айтуға болмайды. Есім түбір туынды етістікке ай-налғанда ғана (ашуланғыш, терлегіш) жалғанады. Бірак сол түбірге -шыл аффиксі тікелей қосылып, -шең аффиксімен синонимдік қатар құрады: ашушыл, тершіл. Сондай-ақ, тапқыр, тапқыш сөздерінің синоним болуы -қар, қыш, -қыр аффикстеріне байланысты. Бірақ сенгіш, болжағыш, сөйлегіш, байқағыш, аяғыш сөздеріне -қыр аффиксін жалғап айтуға келмейді.


Сонымен, сөз жасаушы аффикстердің синонимдік қатар кұруы кез келген сөз құрамынан байқала бермейді. Аффикстердің сино-нимдігі жайында айтқанда, түбірге қандай аффикс жалғана ала-тындығы ескерілу керек болады.


Сөз өзгертуші қосымшалар ішінде де контекстік қолданыста бір-біріне синонимдес қолданылатындары бар. Мысал үшін М. Әуезов-тің “Абай жолы” романында кездесетін мына сөйлемдерге назар аударайық: Ауыл шаппақ, жылқыға тимек, тұрысатын жерін айтысып бөліспек… Шырағым, Абай мұны істемек болса, ол құпияның ісі емес, әшкеренің ісі ғой… Абай асықпай киініп боп, ен-ді үйге қайтпаққа артына бұрылып еді. Осы сөйлемдер құрамында-ғы -мақ тұлғасымен келген сөздерді (етістік тұлғаларын), егер авторлық қолданысты ескермесек, өзгертіп айтуға да болар еді. Ауыл шауып, жылқыға тиіп, тұрысатын жерін айтысып бөліс-пек…— Шырағым, Абай мұны істейтін болса, ол құпияның ісі емес, әшкеренің ісі ғой… Абай асықпай киініп боп, енді үйге қайтуға ар-тына бұрылып еді. Сөйтіп, бұл жерде -мақ қосымшасының -а, -й, -у тұлғаларының орнына қолданылғандығын көруге болады. Сол сияқты, Абай өлеңдерінде де мынадай қолданыстар кездеседі: Мал жияды мақтанын білдірмекке, көзге шұқып малменен күйдірмекке… Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған ойды кім түртпек? Мұнда да-мақ қосымшасының басқа тұлғалар орнына қолданылғандығы байқалады.


Жеке сөз таптарының өздеріне ғана тән категорияларының ішінде сөз қолданыстың белгілі бір заңдылығы қалыптасқан. Осы ретте көптік жалғауларының қолданылу заңдылығын еске алу қа-жет болады.


Қөптік жалғаулары ең алдымен көптік ұғым туғызу үшін қол-данылатыны белгілі. Өз табиғатында жекелік ұғымға негізделген сөздер көптік жалғаулар арқылы көптік мән алады (тас — тастар, кітап — кітаптар т. б.). Қазақ тіліндегі кей сөздер сол күйінде, қо-сымшасыз-ақ көптік мағына бере алады. Бұлар көбіне топталған, жинақталған заттардың атауы болады. Мысалы, шаш, қас, сақал, жүн, бидай, тары, сұлы, жүгері, шөп, өсімдік, т. б. Бұл сөздерге мағыналық тұрғыдан көптік жалғаудың ешбір қажеті жоқ. Бірақ кейде жазушы не басқа автор өз ойын түспалдап жеткізу үшін жинақты зат атауларына көптік жалғау жалғап та қолданады. Бұндай реттерде зат атаулары өзінің тура мәнінде емес, ауыспалы мәнде айтылады, көп ыңғайда жансыз, зат жандыға айналады.


Көптік жалғау осындай мәнді туғызудың тәсілі болады. Мысалы: Күн көзінің алтын кірпіктері аласа үйлерден асып, биік үйлердің те-резелерін шам жаққандай жарқырата бастады (Ғ. Мүсірепов.) Жа-зушы кірпік сөзін көптік жалғауынсыз да қолдана алар еді, бірақ онда заттық мән айқын болмас еді. Көпбастар шұлғысып, көп сақалдар шошаңдасып қалды. Бұл жүрістің түбі бір жанжалға соғатынын сезінген қу тақымдар шыбындап Игілік тобына өздері қосылып, елден-елге шығарып салып қайтысты (¥. Мүсірепов).


Жинақтық мәнді зат есімдерге көптік жалғауларын қосып қол-дану кеңсе стилінде немесе ғылыми әдебиеттер стилінде кездесе бермейді. Мұндай сөз қолданыстары, әрине, тек көркем әдебиет пен публицистикалық шығармалар тіліне ғана тән.


Кейде көптік жалғау заттын, көптігін білдіру үшін қолданыл-май, оның көп кісіге ортақтығын, теңдігін, қатыстылығын білдіру үшін де айтылады. Ондай зат атауы көбіне сөйлемнің толықтауы-шы, яғни істің объектісі қызметінде тұрады. Мысалы: Сонаи кейін шетіңнен ұрысыңдар, қожаларыңды сыйламайсыңдар деп барлы-ғына да жағалай ұрысып, аяңдап өзінің бөлмесіне қарай тартты (Гоголь). Сөйлем құрамындағы ұрысыңдар, қожаларыңды сөздері көптік жалғаулы болғанмен, мағынасы жағынан бірдей емес. Ал-дыңғы ұрысыңдар сөзі көп кісіні білдіреді де, соңғы қожаларыңды сөзі қожаның көптігін білдірмей, оның (қожаның) біреу болған-мен, көп кісіге ортақтығын, көп кісіге қатыстылығын білдіреді. Сөз қолданыстың бұл түрі тек көптік жалғауларға ғана тән емес. Тілі-міздегі басқа да көптік тұлғаларға тән жәйт. Мысалы: “Былшық басқан көзіміз, тарлан тартқан кезіміз” дегендей, бұлтағы көп бұ-лыңғыр заманыңды шала алмай қаламыз… (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлемдегі көзіміз, кезіміз сөздері де сондай мәнде айтылган.


Егер сөйлем ішінде бірыңғайлас зат атаулары қатарынан, бірінен соң бірі айтылатын болса, сөз жинақы, түсінікті болу үшін көптік жалғауы олардың ең соңғысына ғана жалғанады. Мысалы: Пұ-шарбай, Садырбай, Мұңсызбайлар боп Майбасарға мықтап дүре соқты (М. Әуезов).


Алайда, аталған заттардың әркайсысын мағыналық жағынан даралап, әрқайсысынық көптігін баса көрсету қажет болғанда, көптік жалғауы жеке-жеке жалғанады. Мысалы: Жолдастар, жа-уынгерлер мен командирлер! (А. Бек.) Қазақ сөйлемінде қалып-тасқан норманың бірі — көптік жалғау бір-бірімен синтаксистік қатынасқа түскен, бірі екіншісіне тікелей қатысты екі есім сөздің соңғы айтылған қосарына жалғанады. Мысалы: Қазіргі жастар шетінен білімді. Дегенмен стиль айқындығы үшін, әрқайсысының жеке-жеке қатыстылығын баса көрсету керек болғанда, жоғаргы сөйлем құрамындағы шетінен сөзіне көптік жалғау жалғанады. Мысалы: Қазіргі жастар шеттерінен білімді. Соңғы сөзге көптік жалғауының жалғануы сөзге логикалық екпін түсіріп, әрқайсысын даралай айтуға мүмкіндік береді. Мына сөйлемдер құрамындағы көптік жалғаумен келген сөздер де сондай мақсатпен қолданылған: Қенесарыға ерген жұрттьң Шу мен Сарысу бойында жатқан жылқыларын айдап бұрылды… Кейбір үйлерде құрмет көрсетіп өзінен жоғары отырғызса, кейде сол жоғарыға өзі отырып алып, кэрі биді төменірек сырғытып жібереді (Ғ. Мүсірепов).


Қөз, құлақ, аяқ, бет, қабақ, тәрізді зат атауларының көптік жалғауында қолданылуы айрықша стильдік мән алады. Бұларды көптік жалғауынсыз қолдану — Қазақ тілінің замандар бойы қа-лыптасқан заңдылығы. Қазақ құлақ дегенде бір ғана құлақты емес, екеуін де, сондай-ақ көз дегенде көздің біреуін ғана емес, екеуін де еске алады. Сол себептен көзі көк (адам), көзін көкшитіп деп сөйлейді де, көздері көк адам, көздерін көкшитіп тәрізді сөз қолданыстарын оғаш көреді. Алайда қазіргі әдеби тілімізде мұндай сөздерді көптік жалғауында қолдану мағына айқындығы, ой саралығы үшін қажет тәсіл есебінде қалыптасып бара жатыр. Мына сөйлемдер құрамындағы көптік жалғаулы сөздер сондай процестің нәтижесі:


Рульді көптен бері ұстамағандықтан эбден тосырқап қалған қолдар оны баппен ұстап олай-бұлай бұрай бастады… Мынау қолдар Сталинградта трактор жасаған қолдар (Ғ. Мүсірепов). Ресчи қағаздар тілінде де осы тәріздес сөз қолданыстың жиі кездесуі сол мақсаттан туса керек. І


Қөптік жалғауының тағы да мынадай екі түрлі қызметін атаған жөн. Егер көптік жалғауы сан есімдер мен үстеулерге (мезгіл үс-теулеріне) жалғанса, ол көптік мағына бермей, долбарлы, шамамен алғандағы мөлшерді, мерзімді білдіреді. Мысалы: Әкелері Тұяқбай ерте өлген, шешелері Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы қырық бестердегі кісі (С. Мұқанов). Мұрат ертеңдері келіп қалар. Мұндай сөз қолданыс әрине, ресми қаулы-қарарлар, анықтамалар мен ақпарлар, куәліктер тіліне т,ән емес. Көптік жалғауларының бұл қызметі көркем әдебиет тілінің ерекшелігі. Әдеби шығарма өмір құбылысының образды көрінісі ғана. Сол себептен оған ста-тистидалық мәліметтерді дәл де тура келтіру қажет те болмайды.


Көптік жалғау жалғанган Оспандар, Омарлар, Мараттар сияқты жалқы есімдер есім иесінің көптігін білдірмей, сол және соның айналасындағылар, қасындағылар дейтін ұғымды білдіреді. Мұндай сөз қолданыстың басты мақсаты — оның жинақы болуын және аты аталған кісіні оның айналасындағылардан, қасындағылардан бөлектеп, даралап айту.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет