Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері



бет1/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары
5 билет, Билет жауаптары

Билет № 1


1.Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері
2. Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі
3. Математика пәнін оқытудағы проблемалық оқыту әдісінің іске асырылуы


2. Дамыта оқыту


1. Бүгінгі таңда республикадағы жəне аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Дəстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нəтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай, оқу-тəрбие үдерісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.
Жаңа педагогикалық технология: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру, басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нəтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.
Ынтымақтастық педагогикасы технологиясы.
Мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау. Оқыту мен тəрбиенің бірлікте бірлігін қалыптастыру. Ерекшелігі:

  1. мұғалім де, оқушы да субъект болады;

  2. басымдылық көрсетілмейді;

  3. бірлік одақта қызмет етеді;

  4. мектеп ұжымы арасында өзара ынтымақтастық орнайды;

  5. балаға жеке ізгілік қарым-қатынас тұрғысынан қарау;

  6. қоршаған орта педагогикаланады.

2. Дамыта оқытуды 1950 жылдық аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л В .Зенков)
Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков).Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды. Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететінін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудық оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы жалпы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдеді.
Занков жүйесінің басты міндеті - баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оғанақыл, ой, ерік-жігер, сезіменді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте саңтаудық сенімді негізі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәөрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, баңытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға. Олай болса, мақсат - баланың барлық адамдьщ қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сондықтан дамыта оқытуды қолданған мұғалім оқушыдан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін сұрайды. Себебі Л .В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді.
Л.В. Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің үлес салмағы көп. Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны — сабақ. Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын болып келеді. Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталуы мүмкін. Дәстүрлі оқытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта оқытуда мүғалім баланың өз ойын, өз бақылауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В. Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балаларкім "озат", кім "үлгермеуші" екенінбілмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар.Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының көзқарасымен келісу немесе оған күдіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады. Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым тездететінін көрсетті, балалар - сыншыл.Бастауыштан орта сыныптарға өткенде қиындық болады. Дамыта оқыту рефлексияға қабілеттілік сияңты бағалы сапаны қалыптастырады. Рефлексия - өзінің психикалық жағдайы туралы ойлануы, өзінің толғаныстарын таңдай білуге бейімділік. Бала өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеп отырады. Л.В.Занков оқушыларының ерекшелігі ақыл-ой жұмысына құштарлықтары. Бала өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен алу көңілге жақсы сезім ұялатады. Өзін жақсы көру достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі.
3 Проблемалық оқыту әдісі..Бағдарламаланған оқытумен қатар оқытудың ең жаңа перспективті әдісіне проблемалық оқыту жатады.Егер бағдарламаланған оқытудың негізіне ойлаудың алгоритмдік түрі жатса, проблемалық оқыту, шығармашылық тапқыр ойлауға сүйенеді. Мұндай ойлау әсіресе стандартты емес есептерді шешуде қажет болады. Сонымен қатар проблемалық әдіс математикалық теорияны оқып үйренуде аса тиімді болады. Сондықтанда проблемалық әдіс болашақта орта мектепте математиканы оқытудың негізгі әдісінің бірі болуға тиіс.Проблемалық оқыту теориясы көптеген педагогтар еңбектерінде (Махмутов, Матнишкин, Оконь т.б.) зерттелді. Бұл теорияның ең басты ұғымдары «проблема» (оқулық) және «проблемалық жағдай» (ситуация) ұғымдары болып табылады. Проблемалық жағдай оқушыны жаңа білім алуға итермелейтін ойлау әрекетіне бастайды, оған жағдай туғызады.Оқулықтарда математикалық есептер мынадай екі жағдайда проблемалық жағдайға душар етеді:
1)Егер оның шарты мен талабының арасына ойлау субъектісі болып саналатын оқушы адам т.а.2)Ол адам бұл есепті қалай шешуді білмесе. Оқушыларда проблемалық жағдай белгілі бір проблемалық жағдай қоюдың негізгі үй тәсілін көрсетуге болады.
1.Мұғалімнің өзі қоятын проблема.
2.Проблеманы қою және оны тұжырымдау.
3.Проблеманы сипаттайтын шарттарды қарастыру.
4.Қойылған проблеманы шешу.
5.Алынған жауаптың дұрыстығын негіздеу.
6.Проблеманы шешу жолын және оның нәтижесін зерттеу.
7.Жаңа білімді арнайы іріктеп алынған есептерді шешуге қолданылады.
8.Қойылған проблеманы мүмкіндігінше кеңейту.
9.Проблеманың алынған шешуін қарастыру.
10.Жасалынған жұмысқа қорытынды жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет