Дәріс №11 Дәріс жоспары - Судың диссоциациясы.
- Сутектік көрсеткіш.
- Тұздар гидролизі
- Гидролиздену дәрежесі
- Тұздар гидролизінің маңызы
- Таза су электр тогын өте нашар өткізеді, тек сутек иондары мен гидроксид иондарына азғана мөлшерде диссоциацияланады.
- Судың диссоциациялану константасы:
- 2Н2О ↔ H3О+ + OH- немесе Н2О ↔ H+ + OH-
- Судың электр өткізгіштігін өлшеу арқылы сутек және гидроксид иондарының концентрациясы 250С-та 10-7моль/л екендігі анықталған. Қайтымды процес болғандықтан, әрекеттесуші массалар заңын пайдаланып, диссоциация константасын жазуға болады:
- К = [H+] × [OH-] / [H2O]
- Бұл теңдеуді төмендегідей жазуға болады: К × [H2O] = [H+]× [OH-]
- К судың диссоциациялану константасы 22°С температурада 1,8×10-16 екендігі анықталған. Судың диссоциациялануы өте нашар болғандықтан, судың концентрацясын тұрақты деп алуға болады, яғни 1литр суда
- [H2O] = 1000 : 18 = 55,56 моль
- Екі тұрақты шаманың көбейтіндісі Ксу = [H2O] × К жаңа константаға алмастырса
- алынады: Ксу = [H+]×[OH-]
- Су және сұйытылған сулы ерітінділер үшін температура өзгеріссіз болған жағдайда сутек иондары мен гидроксид иондарының шамасы тұрақты мәнге ие. Бұл тұрақты шама судың иондық көбейтіндісі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |